Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Начальные классы / Ғылыми жоба Қазақ жері - жылқының отаны

Ғылыми жоба Қазақ жері - жылқының отаны

Рисунок1Рамкиhello_html_m23d3932e.gifhello_html_5c629a36.gifhello_html_49cd0e85.gifhello_html_m13d3d427.gifhello_html_m4fbe6efe.gif







































Тақырыбы: “Қазақ жері-жылқының отаны”

Кіріспе: Қазақтың байырғы жылқы тұқымдары

Негізгі бөлім:

а) Аттың бабы мен сыны

ә) Ер-тұрман және қамшы

б) Жылқыдан алынатын өнімдер

в) Жылқыға байланысты әдет-ғұрыптар

мен наным-сенімдер

Қорытынды

Аты бардың тынысы бар,

Асы бардың ырысы бар.





















Түйіндеме



Қазақтың асыл тұқымды үй жануары – жылқы малы туралы кеңінен танысу. Қазақтың байырғы жылқы тұқымдары туралы, жылқының бабы мен сыны, ат әбзелдері, жылқыдан алынатын өнім түрлері туралы білу.

Этномәдениетті қайта жаңғырту. Жылқы малының қасиетін ұрпақтан ұрпаққа дәріптеу.







































Кіріспе

Асыл тұқымды жылқылардың шығуы жөнінде әлем халықтарында алуан түрлі аңыздар кездеседі. Араб жылқысының жеті тұқымының шығуы жөніндегі аңызда: Сүлеймен Арабтарға берген айғырды жындар қастандықпен теңізге тастап жібереді, жағаға шыққанда шыққысы келген жануарды қайтадан итеріп түсіргенде, күш қуаты таусылған ол теңіз түбіне бата бастайды. Айғыр су түбіне кетіп бара жатқанда пайда болған толқынмен көбіктен жаралған жеті құлын өсе келе әкесінің барлық қасиетін алады, тіпті асып та кетеді. Сөйтіп жеті құлын Арабтың көне таза қанды тұқымдарының атасы саналады.

Тарихшылар барлық асыл тұқымды, әдемі жылқыларды «Арғымақ» деп жаза берген деп көрсетеді. Қазақ жылқы тұқымдарын мейілінше көп зерттеген Я.Я Полферов. Шын мәнінде мұқият зерделеп қарағанда «Арғымақ» деп жүргендердің 9-10 пайызын қарабайырларға жатқызуға болады.

1890-1892 жылдары орыс мал дәрігерлері Торғай облысының қазақ шаруашылықтарын зоотехникалық зерттеулерінде 14 алтын түсті жылқыларды тіркеген. Алтын түс көбінесе түркімен асыл тұқымды жылқыларында кездеседі. Әрине, қазақтың мыңдаған жылқы табындарында мұндай түстің табылуы теңізге тамған тамшыдай ғана, бірақ осы фактының өзі қазақ шаруашылықтарында арғымақтың таңсық емес екенін көрсетеді.

Арғымақтың шығу тегі, ешбір басқа тұқыммен араласпаған таза қандығы жағынан түркімен жылқысы болғанымен қазақ даласындағы табиғи ортамен климат, қазақ тұрмысының қиын жағдайлары, төзімділікпен шыдамдылыққа, алыс қашықтықтарға шабуға, аштыққа төзуге бейімдеп үйреткен.

Арғымақ жайында орыс зерттеушісі ХІХ ғасыр аяғында қазақтардың табыныда бұл асыл тұқымның мүлде азайғанын, құрып бара жатқанын қынжыла жазады.

hello_html_m4b5ed9a0.gif

Шекті жылқысы қазақ жылқыларының ішіндегі шомбал, кесек тұрпатты жылқыларының бірі.

Адай жылқысының пайда болуы тарихи әңгіме аңыздарда қазақтың басқа жылқы тұқымдарымен салыстырғанда денесінің құрғақтылығымен және етсіздігімен ерекшеленеді. Басы етсіз, құрғақ және ұзын, маңдайы жетілген, шығыңқы, көздері өте үлкен. Адай жылқысының жалпы мініске арналған, салт жүруге сатып алынады.

Қазанат – қазақи биелерге асыл тұқымнан шыққан айғырларды салудан шыққан будан. Шын мәнінде қазақтардың бұрын білетін «Асыл тұқымды» деп отырғаны Араб пен Түркімен жылқылары.

Қазмойын- қазанаттың 3-ші ұрпағы. Мойны қаздың мойнындай иілген, бойы биік, сирақты, қамыс құлақ, ботагөз, түркімен тұқымына жақындау, салт жүріске жарамды жылқылар.

Бор-мәстек(қоныс аударушы орыс шаруаларының жылқылары ) пен қазақ жылқысының буданы.

Найман- жылқысы туралы тарихи деректер орта ғасырларда кездеседі.

Жүген-найман мемлекетін бағындырудың белгісі, ал найман жылқысының тұруы Шыңғысқан мемлекетінде наймандардың алатын орнын көрсетеді.

Алтай- жылқысы моңғол жылқысына қарағанда анағұрлым биік, басының ұзындығы мен көлденеңі өте үлкен, омырауы кең,кебеже қарын, кең, кебеже қарын,кең құрсақ, қабырғалары қайқы, дене тұрқы шұбалаңқы сияқты көрінгенімен жинақы, қысқалау аяқтарының бұлшық еттері білемденіп көрініп тұрады.

Берік-күшті, еті тығыз жылқылар.Бұл түрге жататын жылқылардың бітімі қораштау,семіз, еті нығыз,кебеже қарын, кең құрсақ, аяқтары жуан болып келеді. Жылдам жүріске, шабысқа жарамсыз, бірақ жай жүріспен кез келген қашықтыққа мойымайды. Мінез жуас болады.

Жүрдек-күшті мығым, берік пен бәйге аттарының арасындағы салт жүріске арналған аттар

Жүйрік-шабыс аттар.

Аяңшыл- тек салт мінуге арналған, әдемі аяң жүрісі бар, адамға жүрісі жайлы аттар.



Жабы-Қазақстанның көпшілік жерінде ұшырасқанымен негізінде оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста шоғырланған. Парсылар ябы деп тұқымы тексіз, бірақ күшті, керуенде күш-көлік есебінде пайдаланылатын қораш жылқыларды айтады.

Қазақ жылқы тұқымдары үлкен кішілі, сан алуан, әрқилы тармақтарға бөлінген. Жылқы тұқымдарын мынадай топтарға бөлінеді.

  1. Көне заманнан келе жатқан жылқы тұқымдары: арғымақ, қарабайыр, қазанат

2.Рулық белгі сипатына қарай аталуы бойынша: адай, шекті, найман

3.Жүрісіне, пайдалану мақсатына қарай: жүрдек, жүйрік, берік, желгіш, аяңшыл, жорға.

4.Жылқыларды жер атымен атау:Сауран сойы, Алтай, Жетісу жылқылары.

5.Рулық, елдік ерекшелігі мен аттың жүрісі бірдей айтылады: “найман жүрдек”, “шекті жүйрік”,”адай берік”.





















Негізгі бөлім

Ат шаппайды,

Бап шабады.

Бап шаппайды,

Бақ шабады.

Қазақтың ат баптау өнері-білімділікті, қажымай-талмай еңбексүйгіштікті талап ететін бірнеше сатыдан тұрады.

1.Құлын, тай кезінен жүйрікті тану.

2.Құнанында үйретіп құнан бәйгеге қосу.

3.Дөненінде пішіп, табынға қоя беру.

4.Бестісінде жарату.Жаратудың өзі үш құрамдас бөлімінен тұрады.

а ) әртүрлі дәрілер қосылған жеммен күш- қуатын молайтып жемдеу.

ә)жаттығулар жасау (аяң,қара жарыс,шабу)

б)терін алу.

Жүйрікке бие сүтін беріп баптау қазақтың атам заманнан келе жатқан әдісі,бие сүтімен қоса қара сұлы беріп отыру да ежелгі дәстүр.Ақтөбе облысында жаз бойы 2 айдан астам уақыт түйе сүтін беріп отыру, жүйрікті тыңайтудың жақсы әдісі болған.Шыңжаң атбегілері күні бүгінге дейін жас биенің бір шелек сүтіне 10-15 тауық жұмыртқасын араластырып береді.Жетісуда аламан бәйгеден әбден шаршап келген атты дамылдатқаннан соң бір тегене қымызға “сұр қазыны ерітіп ішкізу кездеседі”. Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі дегендей, биенің сүті жүйріктерге ерекше дәру.

Адам баласының атты ауыздықтап мінуі және ер-тұрманды ойлап табуы шын мәнінде ұлы жаңалық болды. Ердің шығуы жайында Орта Азия халықтарында мынадай аңыз бар. “Бірнеше мың жыл бұрын мұсылман патшасы Жәмшид ұзаққа созылған атты жорықтан соң, артын жарақаттап алады, ауырған жерін жеңілдету үшін, атының арқасына иленген нан (қамыр) салғызып мінеді. Ауырған жері жазылып, қамырдың аттың арқасына келісті формаға келіп қатая бастағанын байқаған патша, аяғының талғанын қойдыру үшін, ат үстінен тұзақ тастап, оған аяғын салады,аяғының талғаны қояды. Сонда патша жайма нанның формасындай етіп, ағаш пен былғарыдан зат жасауды бұйырады. Сөйтіп бұл нәрсені ер деп атайды. ”



Қамшы

Қамшы-ер жабдықтарының ішіндегі ажырамас бөлігі және көнеден келе жатқан құралдардың бірі.

Қамшының түрлері:

1.Тобылғы сапты қамшы

2.Мүйіз сапты қамшы

3.Ырғай сапты қамшы

4.Орама сапты қамшы

5.Сылдыр қамшы

6.”Қасиетті (киелі) “қамшы

7.Жыланбауыр қамшы

8.Шыбыртқы қамшы

9.Дырау қамшы

10.Дойыр қамшы

11.Күмістелген қамшы

12.Алтындалған қамшы

13.Ат қамшы (ат жүргіш)



Жылқыдан алынатын өнімдер:

Қазақтың көшпенді өмірінде жылқы түлігінен барлық өнімдер кәдеге асады. Жылқының басты өнімдері сүті мен еті, терісін былай қойғанда қылына, сүйегіне, тұяғына, тіпті тезегіне дейін пайдаланған. Бие сүтінен қымыз ашытылады. Қымызға жоғары баға бергендердің бірі –орыстың атақты ғалымы В.И.Даль. Ол былай дейді : “Қымыз ішуде әдетке айналдырсаң, басқа сусындардан гөрі оның артықшылығын сезінесің. Осынау шипалы сусын аштық пен шөлді бірден басады, денені салқындатады. Егер қымызды үзбей ішсең бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің. Денсаулығың түзеліп, тынысың жеңілдейді , жүзің жарқырап шыға келеді. Мен бұл тұрғыда қымыздың қыс айларында адам денсаулығын сақтап, ұзақ мерзімді ораза ұстауға септігін тигізетіндей қасиетіне тәнтімін. Оны басқа қорек түрлерімен ешбір салыстыруға болмайды.

Биені алғаш байлағанда ашытатын қымызды-уыз қымыз, алғаш рет құлындаған қулық биенің сүтінен ашытылатынды-қысырақ қымыз,немесе ту қымыз, қымыздың үстіне саумал құйылып келесі күні қотарылатынды-түнеме қымыз, ашып кеткен қымыздың үстіне үстемелеп саумал құйып жуасытқанды- жуас қымыз, сабадағы мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып бірнеше күн жинаған қымызды-қорабалы қымыз деп атайды.”

Саумал”-сабаға құйылған жаңадан сауылған бие сүті, аздап пісілген, бірақ аши қоймаған түрі. Якуттар да мұндай қымызды “саамал қымыз”деп атайды.

Піспек-қымыз және іркіт пісуге арналған құрал. Қымыз пісетін піспек пен сиыр ірікітін пісетін піспекті бір-біріне ауыстырмайды. Піспектің сабы талдан, басы теректің безінен, қайыңның топшысынан істеледі.

Торсық –қарапайым ,терінің жұмсақ түрінен тігіледі, ешқандай ою-өрнек болмайды, қойшылар жаяу және көлікпен жүргенде белдеріне байлап алады.Торсықтар; шимай торсық,мүйіз торсық,өрме торсық,жан торсық деп бөлінеді.



Қымызбен емдейтін ауру түрлері:

  • Зат алмасу

  • Бауыр

  • Қаны аздық

  • Гастрит

  • Жүрек

  • Қан- тамыр

  • Туберкулез

  • Ас қорыту жолдарының бұзылуы.

  • Қазақтың жылқыға байланысты әдет-ғұрыптары көне замандарда қалыптасқан. Жылқыға қатысты әдет-ғұрыптар адам өмірінің кезеңдерімен астасып жатады.Әйел толғағы қатты болғанда, босана алмай қиналғанда,үйдің сыртына әкеліп ат байлаған немесе атпен тасырлатып шауып өткен.Қазақ арасында жылқымен емдейтін бақсылар болған. 19 ғасырдың аяғында Семей облысында өмір сүрген Берікбол бақсы ауруды емдеу үшін түрлі қимылдар жасап,жындары мен аруақтарын шақырып шегіне жете ойнаған кезде, арнайы үйретілген ақбозатын шақырған.

  • Жылқы жүрген жерде жын-шайтан болмайды ”дейді қазақ мақалы.

  • Бала дүниеге келгенде ер баланың кіндігін айғырдың жалына, не қошқардың мүйізіне түйіп байлап жібереді.Онысы бала малсақ, мал тапқыш болсын дегенді білдіреді.

  • Қыз баланың кіндігін кесте тігетін ісмер болсын деп, сандыққа сақтайды.

  • Періштенің ізі”деп жылқы тұяғының ізі түскен топырақты бесіктегі баланың жастығының астына жастап қояды. Кейде ізінің орта шетінен бір шөкім топырақ алып, оны шүберекке түйіп, бесіктің басына жастайды, не сол топырақты суға қосып, баланы шомылдырады. Бала шошыса да осындай шаралар қолданады.

  • Жылқыны бауыздағанда ырысым кетіп барады деп бауыздау қанын жумаған, әдетте басқа малдарды бауыздап болған соң, басын кесіп,етін бұзарда таза болу үшін қанын жуып тастайды. Асқа сойылған жылқының басын бұзбай тұтас күйінде асады,”малдың басы бұзылса-ел бүлінеді”деген ырымжан баспасын деп биік жерлерге қораның төбесіне, ағаштық бұтағы бар. Бас сүйекті жерге тастамай, мал- на іледі.

  • Басқа халықтар маймылдан жаратылды деген Дарвиннің іліміне таласпаймын, бірақ тап осы қазақтың жылқыдан жаратылғанына күмәнім жоқ”. Қазақ пен жылқының тәні де, жаны да бір, жылқымен біртұтас болып кеткенбіз.

hello_html_7e7792a.gif



























Қорытынды:

Қазақ жері жылқының-отаны. Осыдан 6 мың жылдар шамасы бұрын Ботай жылқышылары жылқыны әлемде алғашқылардың бірі болуға үйреткен,етін тағам,сүтін сусын еткен.Жылқы қазақ шаруашылығы ішіндегі басты да, жетекші саласы. Ең алдымен жылқы күй талғамайтын, жыл он екі ай бойы жайылымда бағылатын –түлік. Жылқы –ішетін ас, жейтін тамақ. Қазақтың сүйікті сусыны-қымыз, жейтін еті-қазы-қарта, жал-жая.Сүті түрлі ауруларға ем. Жылқының терісінен киім, ыдыстар,қылынан арқан дайындайды. Мінсең көлік.

Жылқы шаруашылығының ерекшеліктері мен аймақтық кейбір айырмашылықтары жылқы тұқымдарының атауларынан жылқышы құрал-саймандарынан, жылқы өнімдері қымыз бен етті дайындау және сақтау технологиясынан, жылқының сүйегі, қылынан жасалатын бұйымдардан көрінеді.

Қазақта байлық жылқының санымен бағалаған, салтанат пен сұлулықтың өлшемі де жылқы болған. Қалың малға, ат бәйгеге, адамның құнына, сондай-ақ айыпқа ат-шапанмен қоса жылқы төленген.

Қазақ жері жылқының – отаны.













Ұсыныстар:

1.Жылқы етін мемлекетке сату бағасын анағұрлым арттыру,қазір жылқы етінің бағасын қой, сиырды былай қойғанда шошқа етінен төмен. Жылқы еті нің бағасы жоғары болса.Жылқы малын көбейтсе.

2.Жылқының халық медицинасындағы ролі айрықша. Сондықтан қазіргі медицина ғылымына бұл тақырыпта тыңғылықты зерттеулер жүргізіп, халықтың сынағынан ғасырлар бойы өткен емдер, дәрі-дәрмектерді фармокологиялық өнеркәсіпке енгізіп, халық қолданып жүрген денсаулыққа кері әсері бар химиялық препараттарды алмастырса.

3.Ежелден қымыз сабаларда ашытылып, сақталғаны белгілі. Саба жасау мүлдем ұмытылды. Қымызды алюминий,шыны, темір және басқа да металл ыдыстарда дайындалуы сапасын түсіреді.Нағыз қымыз дайындау үшін жылқы терісінен жасалатын саба немесе ағаштан жасалатын ыдыстар жасалса.

4.Жылқымен байланысты ғойындар,құс салу, ит жүгірту, аңшылық т.с.с. Осыларды қалпына келтіретін республикада бір этнографиялық жылқы заводын ашу қажет.

5. Осы күнгі шопанға, шаруақор фермерге соңғы стилді трактор емес. Резина дөңгелекті қарапайым арбалар қажет. Мұндай арбалар біріншіден жанармайға үнем, екіншіден экологиялық таза болар еді.











Қолданылған әдебиеттер:

1.”Қазақ жылқысының тарихы”.Алматыкітап баспасы- 2010ж

2.Қазақтың ер-тұрман жабдықтары. Арғынбаев Х

Алматы.Ғылым 1969ж

3.Жылқы түстерін кім көп біледі? 1991ж Ұлан газеті Тоқтабаев А































  • Начальные классы
Описание:

guyiuikui  u ituii tuitui tu itu t ttytu tyi tyi ityityityityity ti yi ityi tyi tyii t tyitii  i i ittit i i yity ytityry iri  i rirtuetue  tetuet u tutu tu tu tu u ru rtu rur rtu rtuytr ur ryu ruru t jhjh yj j yjyuj yjjgjghj hj hjgjtyujyr dth ghfgjhry njff yjyj fghrty ghfg t ghfgjrj jhjyj yj yjhj juyj hjhjyj hjh j fjfgjyjj hj hj j fjfhj fgj fj fgj gj ffgj fgj  j gfgj  jgj   hg fg h  h fh  hf h f h f ug yg h gh gyf  yg hg hg yg ghghgygy h g yguy gh g yg g hgkk gh g jh g gh gg ghg y gy gy fy fy f yf h h y hj g yfy gh yf h ffy fh fh fhf   gjk gj gh gf hf fg fgf hg hg gg yj gy gy gygygy g yg  yg  iy y y8 787u tyugu y ryghfdf df gf gfg fg ft dfd gh ghj hjk h kguy g ghguygyg ygg gh guy g ug y guy gh g ygygy gy gygy   y fyfy fyfy fy fyfy fy fy fyyfyfyfyf y fy ff yf yfyfy fy ffyfyfyfy f f ffy fy fy f  fyf fy fyf 

Скачать материал
Автор Дүйсенбаева Айгүл Келдібаевна
Дата добавления 16.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 7931
Номер материала 59735
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Нет результатов.