Инфоурок Химия Другие методич. материалыҒылыми жұмыс "Мектеп боры жəне оның адам денсаулығына əсері" 9 сынып оқушысы Каримжанова Мөлдір

Ғылыми жұмыс "Мектеп боры жəне оның адам денсаулығына əсері" 9 сынып оқушысы Каримжанова Мөлдір

Скачать материал

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

Зеленобор – мектеп гимназиясы

 

 

Каримжанова Мөлдір

 

10 сынып

 

Мектеп боры және оның денсаулыққа әсері

 

 

Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі

 

Секция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

 

Жетекшісі: Турганбаева Макпал Бердибековна, химия пәні мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау, 2014

 

Мазмұны

Абстракт                                                                                                        3-4

Кіріспе                                                                                                             5

I. Негізгі бөлім                                                                                               

1.1   Бордың химиялық құрамы және табиғатта кездесуі                            6     

1.2   Бордың денсаулыққа әсері                                                                             6

1.3   Бордың сапасының негізгі көрсеткіштері                                             7

1.4   Борды қолдану                                                                                         7

II. Зерттеу бөлімі

2.1 Сауалнама                                                                                                 10

2.2 Кальций ионын анықтау (Са2+)                                                               11                                                                                   

2.3 Карбонат - аниондарды (СО32- ) анықтау.                                              12                                       

2.4 Крахмалды анықтау.                                                                                12

2.5 Гипсті анықтауға микрокристалдық реакция.                                       13

2.6 Ауыр металдардың иондарын анықтау                                                  13

 

ІІІ. Қорытынды, ұсыныстар

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Абстракт

Зерттеудің өзектілігі

Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Мектеп боры және оның денсаулыққа әсері».        Қазіргі уақытта шығарылатын бор құрамы талаптарға сәйкес келмейді, -  қолды бүлдіреді, қатты үгітіледі, тақтаны сырады, адамның бойында жағымсыз әсерлер туғызады. Себебі неде? Барлық уақытта бордың сапасы адам денсаулығының қауіпсіздігімен байланысты ма? Сондықтан да мектеп борының құрамын, сапасын және оның адам денсаулығына әсерін зерттеу өзекті деп ойлаймыз.

Мәселе: сапасы төмен мектеп боры мектептің мұғалімдері мен оқушыларының денсаулығына зиян келтіру мүмкін. 

Болжам: егер мұғалімдер бордың құрамын және олардан пайда болатын жағымсыз әсерлер туралы білсе, онда олар сапасы жоғары борларды таңдар еді.

Мақсаты: Мектеп борының құрамын, сапасын және оның адам денсаулығына әсерін зерттеу.

Міндеттері:                                            

·        Әдеби оқулықтармен жұмыс;

·        мұғалімдер мен оқушылардың күнделікті бормен жұмыс істеуі олардың денсаулықтарына қалай әсер ететіні туралы  әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы анықтау;

·        мектеп борының әртүрлі түрлеріне сапалық және сандық тәжірибелер жүргізу;

·        бордың адам денсаулығына әсерін бағалау.

Зерттеу заты: әртүрлі мектеп борлары

Зерттеу әдістері: әдебиеттік шолу, сауалнама, тәжірибе, презентация.

Жұмыстың нәтижесі

Осы жұмысты жасау барысында бордың құрамына, кальций және карбонат иондарына сапалық талдау, ауыр металдардың иондарын, крахмал, гипс сияқты қоспа заттарды анықтауға зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мұғалімдердің арасында бордың ағзаға әсері туралы білу мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. 

Жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде біз бордың кальций карбонатынан және әртүрлі қоспалардан (желім, крахмал) тұратынына көз жеткіздік. Алынған үштүрлі бордың ішінде дөңгелек пішінді бор (Dolpine) басқаларына қарағанда қолды бүлдірмейтінін, тақтаға жақсы жазатынын байқадық. Бордың басқа екі түрі шаңдатып, тақтаны сырып, қолды қатты бүлдіретінін көрдім. Сонымен қатар сатылымдардағы борлардың барлығы бірдей сапалы емес. Ағзаны бордың жағымсыз, кері әсерлерінен сақтау үшін тазалықты сақтап, әртүрлі сіңімді, қол терісін жұмсартатын кремдер жағып, сонымен қатар дамып жатқан заманда бормен жазатын тақталарды орнына магнитті-маркерлі тақталарды пайдалану сияқты ұсыныстар ұсынылды.

 

Abstract

The aim: School chalk and his influence on health

Urgency of a theme

Often used chalke does not correspond  to the requirements, that is strong dirty of a hand, tears off boards. The urgency of job consists in that that chalke used by the consumer differ on quality. And whether always quality is connected to safety for health?

Problem  School мел of poor quality to harm to health of the teachers and schoolboys.

Hypothesis If the pupils and teacher will know about structure and influence chalke on health, then they would choose high-quality chalke

The purpose of job  To study structure chalke his influence on a body

The goal of research:

·        to study the literatures

·         interviewing, asking questions;

·        the recommendations and offers

Subject of research: Different kinds chalke

Methods of research: the qualitative analysis, solution of environment. Our research includes some parts: studying of the references on  given theme, sociological interrogation, biological and chemical experiences.

The results of the project:    

Studying this job we spent experiments on definition calcium, starch, plaster and on heavy metals. Spent social interrogation among the teachers to reveal influence chalke on health. At realization of experimental jobs in structure chalke were found out  calcium, glue, starch. From three chalke taken on experiment round chalke does not leave on a hand of white traces and well writes on a board. And others two chalke dirty a hand, scratch a board and badly writes on a board.  To protect a body from harmful substances included in structure chalke I recommend to use protective, nutritious creams and instead of usual boards to get modern-markering  of a board.

Кіріспе

Әр адам әдеттегі мектептің борын жақсы біледі және тек қана біле қоймай оны бір рет емес сабақ уақытында өз қолымен ұстады. Ал осы бір түйір бордың көмегімен қаншама ақиқат ашылған,қаншама ашылулар істелген!Әлі күнге дейін мұғалімдер байқаусыз, сонымен қатар баға жетпес борды қолына ұстап,көптеген ғажап нәрселерді істеуде. Ал мектеп боры соншалықты таптырмас па? Соңғы жылдары көбінесе интерактивті, маркермен жазатын тақталардың артықшылығы айтылуда. Әрине,біздің ауылымызға да мұндай жаңалық жетті,бірақ біз бормен жұмыс істеуді жалғастырудамыз.Сондықтан да бордың сапасы бізге өте қажет.Неге дейсіз бе?Біз байқадық, қазіргі кезде тақтада бормен жазу қиынға соғады.Тіпті, жаңа тақталарда да. Біреуі үгітіліп, шаң болып кетсе,екіншісі-тақтаны сырады, ал үшіншісі- тақтада көрінбей қалады. Енді не істеу керек? Мүмкін бұл біздің мектеп мұғалімдерінің пайдаланатын бордың сапасы төмен болуынан? Сондықтан да мектеп борының құрамын, сапасын және оның адам денсаулығына әсерін зерттеу өзекті деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Негізгі бөлім

1.1 Бордың химиялық құрамы және табиғатта кездесуі    

Бор (тау жынысы) – көбінесе кокколитофор мен фораминифер сияқты микроорганизмдердің ізбесті (90-99% кәлсит) қаңқаларынан құрылатын борпақ (40-49% дейін), ұсақдәнді (<0,01мм) тау жынысы. 

Бор — түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс. Бордың құрамындағы бір клеткалы әктасты балдырлардың — кокколито-форидтердің қалдықтары 10 — 75%-ке, фораминиферлер 5 — 6%-ке, кейде 40%-ке дейін жетеді. Аздап моллюскілердің, белемниттің, аммониттің, мшанканың, теңіз лаласы мен кірпілерінің, маржандардың, т.б-дың қалдықтары кездеседі. Бор химиялық шөгуден және органикалық қалдықтардың ыдырауынан түзіледі. Бордың қаттылығы 1-ге жуық, меншікті салмағы 2,2 — 2,8 г/см3. Бор құрамында кварц, монтмориллонит, каолинит, гидрослюда, опал, глауконит, халцедон, цеолиттер, пирит, барит, темір оксидтері болады. Бор жылы климат жағдайында тұзды қалыпты теңіздерде ондаған метрден жүздеген метрге дейінгі тереңдіктерде тұнады. Геосинклинальдік аймақтарда бордың шөгінділері қатайып, әктасқа айналады. Бор мезо-кайнозой шөгінділерінде кең тараған. Ол қағаз, шыны, цемент, парфюмерия өндірісінде, косметикада, медицинада қолданылады.

Әктас-Австралиядан басқа, барлық материктерде кездеседі.Олар әр түрлі геологиялық дәуірлерге қалыптасқан. Жазықтың қуаты бірнеше сантиметрден жүздік метрлерге дейін түрлендіреді. Бүгінгі күні бор өндірісі ТМД аумағының ішінде Қазақстанда,Ресейде,Беларуссияда жане Украинада бар.

1.2 Бордың денсаулыққа әсері.

Қазіргі уақытта адам денсаулығын сақтау мен нығайту маңызды мәселелердің бір болып табылады. ДЖДСҰ айтуы бойынша 21 ғасырда кеңінен тараған  аллергендік, астма, қан тамырлар жүйесінің аурулары болып табылады.

Ең алғаш рет мектепке барған күннен балалар борды пайдаланып, жазады. Себебі мектеп боры балаларды бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін, ал мұғалімдер борды тұрақты түрде пайдаланады.  Қазіргі уақытта борға қойылатын талаптар экологиялық таза және сапалы болуы қатаң бақыланады. Бірақта борды пайдаланып бастағаннан шаңдатып, мұрын бітеліп, қол бүлінеді.  Кейбір оқушылар бор жегенді ұнатады, бірақ та бор таза зат емес. Себебі оның құрамында әктас, гипс, крахмал, бояғыштар, байланыстырғыш заттар (ПВА желімі) болады.

Бордан шығатын шаң- аллерген зат. Бұл аллерген астма ұстамасын туғызуы мүмкін.

1.3 Бордың сапасының негізгі көрсеткіштері

  Осы тақырыпқа әдеби шолу жасау барысында мектепте қолданатын бор төмендегідей қасиеттер болуы керек:  

        1.  Байқалатын:

o   жазу барысында үгітіледі;

o   қолды бүлдіреді;

o   тазалығы (ақ);

o   қаттылығы .

2. Байқалмайтын:

o   ПВА желімінің болмауы;

o   Таза судың қолданылуы;

o   Бояғыштардың сапасы;

o   Ауыр металдары бар қоспалардың болмауы

 

1.4 Борды қолдану

Жылына дүниежүзінде ұсақталған, бөлінген, түйіршікті табиғи борды 150 млн. тоннадан астам тұтынады.

Бор — баспа жұмыстарында қолданылатын сапалы қағаз шығаруға қажетті борланған қағаздың бір бөлігі. Үгітілген бор сылау, әктеу сияқты құрылысы жұмыстарының арзан материалы ретінде кеңінен қолданылады. Борды бояу өндірісінде, резеңке жасауда, қағаз шығаруда, сонымен қатар қант өндірісінде қызылша шырынын тазалау үшін, шыны, сіріңке  өндірісінде қолданылады. Бұл жағдайларда негізінен кальцилі минералдарды химиялық жолмен алып, тұндырылған борды қолданады.

Ауыл шаруашылығында борды топырақты әкпен қанықтыру үшін қолданады.  Өндірістерде борды цемент, әктас, пластмасса, бояғыш материалдары, мектеп үшін пайдаланатын түрлі-түсті бор алу үшін қолданады.

Ағзаға кальций жетпегенде медициналық борды тағамға қоспа ретінде  жазып береді. Тұндырылған бор медицинада емдегіш препарат ретінде, сағызда, косметикада (тіс пастасының, опаның негізгі бөлігі) пайдаланылады. Ақ және қара бор (италия қарындашы) сурет салу материалы ретінде қолданылады.  


 


 

 

 

 


Борды дайындау ылғал түрдегі  бор жіңішке шұжық түрінде  ет тартқыш тәрізді машинаға түседі. Алынған шұжық тәрізді борлар кесіліп, пешке кептіріліп, ұсақ дөңгелек пішінді бор пайда болады. Борлардың негізгі технологиялық ерекшелігі оларды байланыстыратын желім. Көбінесе желім ретінде ПВА желімі қолданылады. Мұндай борлар ұстағанда жағымды, ұолды бүлдірмейді.

«Алгем» - Россиядағы фирма

 «Алгем»          Клим

Бордың сапасы ұнтаққа байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

II. Зерттеу бөлімі

2.1 Сауалнама жүргізу

Біз мектеп мұғалімдері арасында бордың құрамы, оның денсаулыққа әсері туралы анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 26 мұғалім қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Күнделікті жұмысыңызға пайдаланатын бордың жағымсыз әсерлері бар ма?

 а) қол терісіне:

1.қолды бүлдіреді

2.қол терісін құрғатады

3.қол жарылады

4.ешқандай жағымсыз әсері жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бормен жұмыс жасау кезінде тыныс алу жүйесінде қандай жағымсыз әсерлер сезесіздер?

 1.жөтел

 2.тамақ ашиды                                                                                                   

 3.түшкіру

4. астманың пайда болуы

5. жағымсыз әсері жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Кальций ионын анықтау (Са2+)

Борды кішкене бөлщегін алып, спиртшамының жалынында қыздырамыз. Спиртшамының жалыны ашық қызыл түске боялды.

Қорытынды: барлық алынған бор үлгілерінде кальций иондары бар екенін анықтадым.

 

 

 

     Бор үлгілері

        Са2+

Жалынның түсі

Алгем (Россия)                   

бар  

ашық қызыл

2  Дельфин (Корея)

бар    

ашық қызыл

3  Парасат(Астана)

бар    

ашық қызыл

2.3 Карбонат - аниондарды (СО32- ) анықтау.

Сынауыққа бірнеше бөлшек борды алып, оған сұйылтылған тұз қышқылын HCl құямыз. Сынауықты жылдам газөткізгіш түтікшесі бар тығынмен жабамыз. Түтікшенің  екінші ұшын ішінде 2 – 3 мл әк суы бар сынауыққа саламыз. Бірнеше уақыт әк суында көмірқышқыл газының көпіршектері пайда болғанын байқадық. Әк суы лайланды. Яғни бордың құрамында карбонат - аниондары (СО32-) бар екенін білдіреді.

СаСО3 + 2HCl → СаCl2 + СО2↑ + Н2О

СО32- + 2Н+ → СО2↑ + Н2О

СО2 + Са(ОН)2 → СаСО3↓ + Н2О

Зерттеу нәтижесі

     Бор үлгілері

Көмірқышқыл газының бөлінуі

Алгем (Россия)                   

ақырын

2  Дельфин (Корея)

шапшаң

3  Парасат(Астана)

Ақырын

 

2.4 Крахмалды анықтау.

Крахмалды біз иодтың спирттік ерітіндісінің көмегімен анықтады. Зерттелетін бордың кішкене бөлшегін алып, оған  2 – 3 тамшы йод ерітіндісін тамызамыз. Иод ерітіндісінің түсінің өзгеруімен крахмал бар екенін білуге болады.

 

 

     Бор үлгілері

Иод ерітіндісінің түсіне әсері

Алгем (Россия)                   

қоңыр

2  Дельфин (Корея)

көгерді

3   Парасат(Астана)

қоңыр

2.5 Гипсті анықтауға микрокристалдық реакция.

Зерттелетін бордың әрбір үлгісін ұсақтап үгітіп, 1 грамын 2 мл дистилденген суда еріттік. Алынған ерітіндіні шыны таяқшамен мұқият араластырып, сүздім. Сүзгіден өткізілген ерітіндіні заттық шыныға салып, микроскоппен қарадым. Кебу барысында  пайда болған тамшылардан ине  және әртүрлі пішіндегі гипс кристалдарын көруге болады. (егер бордың құрамында гипс болса)

Зерттеу нәтижесі

Бор түрлері

Гипс қоспасына тексеру

1 Алгем+

Гипс бар

2 Дельфин

Аздаған мөлшерде

3 Парасат(Астана)

гипс

 

2.6 Ауыр металдардың иондарын анықтау әдістері.

а) Hg+2 иондарын анықтау

Зерттелетін бордың үлгісін ұсақтап,  1 грамын  2 мл дистилденген суда ерітеміз. Осы ерітіндінің 1 мл –не  тұз қышқылын  (HCl)құямыз. 60°-80 ° градусқа дейін қыздырамыз. Натрий тиосульфатының  Na 2S2 O3 ерітіндісін құйып, 1-2 мин қайнаттық. Ерітіндінің қара түске өзгеруі Hg2+ ионын бар екенін көрсетеді. Реакция нәтижесінде қара түсті тұнба түзілмеді. Бұл бор үлгісінде сынаптың жоқ екенін білдіреді.  

                                             Hg2++S2-=HgS¯

б) Pb2+ иондарын анықтау

Зерттелетін бордың үлгісін ұсақтап,  1 грамын  2 мл дистилденген суда ерітеміз. Алынған ерітіндіге 4-6 мл  дистилденген су қосамыз. Тұнбаны сүзіп, алынған сүзіндіге 1-2 мл KJ ерітіндісін қостық. Сүзіндіні кран астында суық суда суытамыз. Егер де қорғасын иондары болса, онда сарғыш жасыл түсті қорғасын иодиді (PbJ2) пайда болады. Сынап және қорғасын иондарын анықтауға өткізілген сапалық реакциялар нәтижесінде ауыр металдардың иондары жоқ екенін көрсетті

Pb2++2KJ=PbJ2¯+2K+

 

Зерттеу нәтижесі

    

Бор үлгілері

        Pb2+

   Hg2+

Алгем+                     

жоқ    

жоқ    

2 Дельфин

жоқ    

жоқ    

№ 3 Парасат(Астана)

жоқ    

жоқ    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 


Қорытынды

Осы жұмысты жасау барысында бордың құрамына, кальций және карбонат иондарына сапалық талдау, ауыр металдардың иондарын, крахмал, гипс сияқты қоспа заттарды анықтауға зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мұғалімдердің арасында бордың ағзаға әсері туралы білу мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. 

Жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде біз бордың кальций карбонатынан және әртүрлі қоспалардан (желім, крахмал) тұратынына көз жеткіздік. Алынған үштүрлі бордың ішінде дөңгелек пішінді бор (Dельфин) басқаларына қарағанда қолды бүлдірмейтінін, тақтаға жақсы жазатынын байқадық. Бордың басқа екі түрі шаңдатып, тақтаны сырып, қолды қатты бүлдіретінін көрдім. Сонымен қатар сатылымдардағы борлардың барлығы бірдей сапалы емес.

Барлық үлгідегі борлардың  химиялық құрамын зерттей келе, олардың мұғалімдердің, оқушылардың  денсаулығына қандай да болса кері әсері бар екені анықталды.

 

Ұсыныстар

-         бормен жұмыс істегеннен соң қолды жұмсартқыш сабынмен жуу («Глицеринді»,   «Вазелиновое», «Молочное»);

-         қолға нәрлендіретін крем жағып тұру;

-         тек қана жоғары сапалы борды қолдану.

Мектеп борымен жұмыс істеу қауіпсіз емес. Мектептерде бормен жазатын тақталарды магнитті-маркерлі тақталарға ауыстыру қажет.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Аналитическая химия, С.Д.Бесков, Учпедгиз, 1956г, Москва.

2. Большая советская энциклопедия (I и II том),г.Москва

3. Большая серия знаний (химия), Соврем. педагогика, Москва,2002г.

4. Интернет.

6. Химия. Новое учебное пособие, Издательство Феникс, Ростов на Дону,2004г.

7. Энциклопедия юного химика, Москва.

8. Я познаю мир (химия), «Издательство АСТ», Москва,1999г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жұмыс "Мектеп боры жəне оның адам денсаулығына əсері" 9 сынып оқушысы Каримжанова Мөлдір"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл оқушымен жасалған ғылыми жұмыс. Ауданнан бірінші орын алып, облысқа жолдама берілді.                                                                                                                                                

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 178 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2015 1621
    • DOCX 962 кбайт
    • 42 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турганбаева Макпал Бердибековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 11085
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по химии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 656 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе