Главная / Биология / ғылыми жұмыс 4сынып "Бөлме өсімдіктері"

ғылыми жұмыс 4сынып "Бөлме өсімдіктері"

hello_html_m485cb429.gifhello_html_m73016861.gifhello_html_c51516a.gifhello_html_m3319096b.gifhello_html_549cbe9e.gifhello_html_18a4cfb.gifhello_html_4d81f1da.gifhello_html_m190e41b9.gifhello_html_m54482c01.gif Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы





Бағыты: Таза табиғи орта-Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін қалай өсіреді?



Секция: Биология



Авторы: Садыков Алишер Бауртаевич

4 «А» сынып оқушысы

Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білі беретін мектеп

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы



Жетекшісі:Баяхметова Гулдан Солтановна

Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін

мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы









Семей қаласы 2014 жыл

АННОТАЦИЯ

Секция:биология

Аты: Алишер

Фамилиясы: Садыков

Мектеп: Т.Ы.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп

Қала: Семей

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін қалай өсіреді?

Зерттеу мақсаты:

Бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу. Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихын білу. Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау. Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу. Бөлме өсімдіктерінің адам өмірімен тікелей байланыстығын ашу.

Зерттеу әдістері:

Бөлме өсімдіктерінің кең тараған түрлерімен таныстыру.бөлме гүлдерін күтудегі кеңестерді пайдаланып, көрсету.

Жобаның өзектілігі:

Бөлме өсімдіктерінің қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы туралы айтылған.

Бөлме гүлдерін өсіру тек әдемілікке ғана емес, сонымен қатар үйдің ауасын тазартудағы маңыздылығын дәлелдеу.

Нәтиже мен тұжырымдар:

1. Тәжірибелер арқылы, дәлелдеп көрсету

2. Өсімдіктерге адамның көңіл-күйіне байланысты, өсіп жетіледі.

3. Осы кішкене ғана жобамен үлкен жобаларға аяқ басу арқылы, Отанымыздың көркеюіне өз үлесімді қосу.



Мазмұны.

Кіріспе............................................................................................................4

  1. Өсімдіктер тарихы...................................................................................5

  2. Ғалымдардың зерттеулері.......................................................................5

  3. БӨЛМЕ ГҮЛДЕРІ

    1. Гүлдің өсуіне қандай жағдай керек?........................................5

    2. Жайқалудың сыры неде?.............................................................6

    3. Бөлме гүлдерін күтудегі кеңестер............................................7

  4. ГҮЛДЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ

    1. Гүлдер қасиеттері........................................................................7

    2. Жанжал туғызатын гүлдер..........................................................9

    3. Қай гүл табыс әкеледі............................................................... .9

    4. Кептірілген гүлдің кері әсері.....................................................10

    5. Жатын бөлмеге арналған өсімдіктер.......................................10

    6. Ауаны жақсы тазартатын бес гүл.............................................11

  5. БӨЛМЕ ӨСІМДІГІНІҢ КҮТІМІ

5.1 Қысқы күтім................................................................................13

5.2. Гүлдерді шаңнан тазарту...........................................................13

5.3. Суару............................................................................................13

5.4. Ыдыс............................................................................................14

6.ТОПЫРАҚ

6.1. Үй өсімдіктерінің топырағы......................................................14

6.2. Өсімдікті көшеттеу және топырағын алмастырып отыру....15

6.3. Тыңайтқыш..................................................................................15

7. ЗИЯНКЕСТЕР МЕН АУРУЛАР

7.1. Үй өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары...........................15

7.2. Өсімдік биті.................................................................................16

7.3. Өсімдік кенесі.............................................................................16

7.4. Трипстер.......................................................................................17

7.5. Аққанат..........................................................................................17

Тәжірибе №1 «Ет жуылған судың гүлге әсері»................................................18

Тәжірибе №2 «Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді суару».....................19

Тәжірибе №3 «Жарық сүйгіш өсімдікті суару»...............................................20

Тәжірибе №4 «Ала көлеңке жерде өсетін өссімдіктерді суару».............. ....21

Тәжірибе №5 «Бөлме өсімдіктеріне шаңның жиналуы»................................22

Қорытынды..........................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................24



Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешілігі жоқ, олар да адам сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті және дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырымдап отыр. Әрине біз үшін бұл үлкен жаңалық. Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «жәндктердің көздің орнына ақуыздары бар, оларға кез келген электр күштері әсер етеді. Ал тамырында дәм ферменттері анықталған, өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қоректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми түрғыдан дәлелденген» сондықтан гүлмен сөйлесуге болады. Нәтижесінде гүлдер сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз.

Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы бөлме өсімдіктері қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы бар екенін біле бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз бөлме өсімдіктеріне саяхат жасаймыз.

Бұнда оқушылардың бөлме өсімдіктері жайлы білімдерінің артуы арқылы өсімдік құпиясын, пайасын, оны қалай күтк керек екенін білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы осында жатыр.

Жұмыстың мақсаты.

Оқушыларға бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындаймыз:

  • Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихын білу;

  • Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау;

  • Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу;

  • Бөлме өсімдіктерінің адам өмірімен тікелей байланыстығын ашу;

  1. Өсімдіктер тарихы

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің бірі өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсысының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертедегі Египеттіктерде алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесіндегі, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын Үндістандықтар 760дәрілік өсімдіктерді пайдалана біліп, гулдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйіне, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алған.

  1. Ғалымдардың зерттеулері

Гүлдер де адам сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп жетіледі екен.

Ғалымдар гүлдердің классикалық баяу әуендерді «тыңдаса», жақсы өсетінін, ал рок, поп секілді даңғаза музыкаларды үнемі қосып қойсаң, оларды бірте-бірте солып қалатынын әлдеқашан дәлелдеген. Адам гүлге қалай қарым-қатынас жасайды, оны өсіруге қалай ықыластанады, гүл де сол адмға дәл солай «жауап беретін» көрінеді. Үй өсімдіктеріне дұрыс қарамасаң, уақытында тыңайтып, суарып тұрмасаң, сөйлеспесең, ол «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттарды бөліп шығарады екен. Мәселен ғалымдар қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсең, түнімен дөңбекшіп, ұйықтай алмайтынын айтады.

Ал кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол сол бойда құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді. Ал бұл улы заттар адамды ішімдікке итермелейді.

Фикус гүлі қожайынын басқа адамдардан қызғанады екен. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты ол басқа жаққа кетсе, сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді. Ертеде адамдар зығырды еккенде жалаңаштанып жұмыс істеп: «көрдің бе, сен өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын»,-деп айтады екен.

  1. Бөлме гүлдері

    1. Үй гүлдерінің түрлері



Күнді жақсы көретін













Үй гүлдері

Гүлдейтін гүлдер

Әдемі жапырақты гүл







Ала көлеңке жерде өсетін











    1. Гүлдің өсуіне қандай жағдай керек?

жылу

су

жарық











топырақ







3.3.Жайқалудың сыры неде?

Бөлме ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махабатта. Гүлдерменде тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатында білдіріп, баптап, күтіп махабатпен қарап, еркелетіп тұру

қажет. Олар да өздерінше қуана да, мұңаяды да алады екен. Және жақсылап баптауға тырысу керек.

3.4.Бөлме гүлдерін күтудегі кеңестер

Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейді».

Желөті. Гүлдер желөтінде (сквозняк) тұрып қалмау керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді.

Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны теледидиардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысу керек, себебі вибрацияның да гүлдерге кері әсері бар.

Жылу әсері. Гүлдерді жылу жүргізілген батарейкадан алысырақ ұстаған жөн.

Белгі.құмыраңыздың күнге қараған бетіне белгі қойып кою керек. Өйткені гүлді көп айналдыру, оның жайқалуына кері әсерін тигізеді.

Салмақ. Жапырағы үлкен бөлме гүлдерін төменге, еден үстіне қою керек. Салмағын көтере алмай морт кетуі мүмкін.

Суару. Гүлді таңертең суарып отыру керек, бұл қолайлы уақыт.

Зиян емес сарғайған жерін кесіп тұру қажет.

  1. ГҮЛДЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ.

    1. Гүлдер қасиеттері

Зерттеушілердің пікірінше, ең

жағымды гүлдердің бірі-қызтамақ (герань).C:\Users\Admin\Pictures\Geran.jpg

Ол тұрған бөлмеде қеріс-керіс болмайтын

көрінеді. Ұрыс-керіс бола қалса, өсімдік

адамның жүйкесін тыныштандыратын зат

бөле бастайды да, ренжіскендер тез

татуласып кетеді. Қызтамақ гүлінің қасында 15 минут отырсаңыз, жаныңыз тынышталып, көңіліңіз бірленеді екен.

Өйткені, бұл өсімдік эфир майларын бөліп

шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу

процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты

бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың

бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасының қалыптасуына әсер етеді,

Шегіргүл (фиалка) –балалар бөлмесінде

өсіреген жөн. Олардың жеткіншектің өсіп жетілу уақытындағы көңіл-күйін

бірқалыптылыққа бейімдейді



Егер үй ішінде ұры-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болса, гүлдер солып, сарғайып, ауруға шалдығуы мүмкін. Лала гүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді екен. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға раушан гүлдері, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктері көмектеседі.

images (1).jpg


Алоэ-үйге аурудың бактерияларының

енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады.



images (2).jpg


Аспарақұс-ауадағы кері әсерлерді

жояды. Адамның көңіл-күйін жақсартып, сенімділік сезімін қалыптастырады. Белсенді, тынымсыздарға өсірген жөн.

Қынагүл-айналадағы келеңсіз, шешімсіз жүрген мәселелерге душар болған адамдарға жақсы әсер етеді.бөлмеге ұуат шашып, адамның еңсесін көтереді.

Традесканция-көре алмаушылық қасиетін жояды. Сондықтан жаныңда қызғаншақ адамдар барларға жақсы көмектеседі. Қызғаншақ , көре алмаушылық сияқты жаман әдеті бар адамдарды сабасына түсіреді.

Фикус-шаңсорғыш сияқты жұмыс

жасайды. Ауадағы шаңды сіңіреді, бөлмедегі

адамды қобалжуынан, ашуынан, көңілсіздігінен арылтады. Сыртынан келетін кері әсерлерге кедергі жасайды.



Ficus-ben-rCustomb.jpg

Хризалидокарпус-арекоптар отбасының мүшесі ауаны барлық токсиндер мен зиянды заттардан тазартады. Дұрыс күтілген жағдайда, жапырақтары бөлмеге көрік беріп, үй атмосферасын жақсарта түседі.



000028_01.jpg


Әйел бақыты-экзотикалық өсімдік Гавай аралдарынан қоныс аударған. Оны кейде Лилия

деп те атап жатады. Ол ауадан спиртті ацетонды,

формальдегидті, бензолды жоя алады. Аса күтімді

талап етпейді.





images (4).jpg

Финик пальмасы-көптеген бактерияларға

қарсы тұрады, әсіресе, ксилолды жоя алады. Баяу өсетіндігімен, аса көп күтімге мұқтаж емес.



finik.jpg Мамандардың айтуынша, гүлді әркімнің өз

қолымен егіп, күтіп баптағаны дұрыс. Гүлді шын

ықыласыңмен күтіп-баптасаң, ол өскен соң денсаулығына, отбасыңа оң әсерін тигізетін көрінеді. Ал гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаң, көңіл күйің көтеріліп, барлық жаман ойдан арылады екенсің.



    1. Жанжал туғызатын гүлдер.


Тік жапырақты гүлдер жанжал туғызады.


Жапырақтардың тікенек, тік (кактус, алоэ) болғаны адамға жағымсыз қолайсыздықты туғызуы мүмкін. Әсіресе отбасында ұрыс-керіс шақырады. Оның үстіне дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, алоэны кез келген дәріханадан сатып алуға болады.


    1. Қай гүл табыс әкеледі?

Бөлмеңізде гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсірген жөн. Олар үйге табыс, ақша әкелуіне әсер етеді.




    1. Кептірілген гүлдің кері әсері.

Егер сүз тыныш ұйықтағыңыз келсе, гүлдерді жатын бөлмеңізге қоймағаныңыз жөн.

Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысуыңыз керек.

Кейбір адамдар кептірілген гүлдерден әдемі композицияларды жасауды ұнатады. Олар солған, өлген гүлдер деп есептеледі. Ондай гүлдер адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы мүмкін. Сол себепті оларды сақтамау керек. Тіпті сізге қатты ұнайтындары болса, жыл сайын ауыстырып тұру қажет.



    1. Жатын бөлмеге арналған өсімдіктер.

Мына жасыл достар үй ішіне әрі сән береді, әрі үй ішіндегі ауа ағымын ретке келтіріп отырады.

Көбінесе үй ішінде өсетін өсімдіктер өз үйіңізде еш кедергі жасай қоймайды. Өйткені олар ауаны жақсы тазартады. Ауаға таралған химиялық заттарды жапырақтарына сіңіретін оларды қараусыз қалдыруға тағы болмайды.


C:\Users\Admin\Pictures\20141115_211739.jpg


Жапырақтарын жуып, сүртіп, уақытылы су құю керек. Өсімдіктер кереует пен үстелге тым жақын орналампауы керек. Олар жатын бөлмелердегі кереуеттерден бір, не екі метр қашықтықта тұрғаны жқн. Әйтпесе олардың тез өсуі сіздің тыныш ұйқыңыздың шырқын бұзуы мүмкін. Өсімдіктер үй ішіндегі басқа бөлмелерге қарағанда, жатын бөлмеде аз болғаны дұрыс.


Хлорофитум. Бұл өсімдік ауаны ылғалдандырып, таза ауаны қалыпты деңгейде сақтайды.


Спатифиллум. Терезелер арқылы сырттан келіп кіретін шаңдар мен микробтардан бөлмеңізді тазартқыңыз келсе, осы өсімдікті бүйрегіңізді бұрғаныңыз дұрыс.

Бұл гүлді бөлменің кез келген жеріне қоюға болады, тек жатын бөлмесінде тұрса одан да жақсы болар еді. Өйткені ол тыныш әрі тәтті ұйқыға кепілдік береді.

Алоэ. Алоэ тұрған бөлмеде түн мезгілінде көп мөлшерде оттегі бөлініп, көмірқышқыл газы жұтылады.


Каланхоэ. Бұл да түнде оттегіні қарқынды түрде бөледі де, күйзелістен шығуға жәрдемдеседі.


Бегония. Зиянды заттарға қарсы тұрады. Отбасындағы татулық пен сүйіспеншіліктің символы болып саналатын бұл үй өсімдігі депрессияны басады. Көбіне қартаң тартқан жандар мен аурушаң адамдардың жатын бөлмесіне қойылады.


Герань. Микробтарды өлтіреді. Ауаны озонға айналдырып, ішкі күйзелісті басады. Көбіне әйел адамдарға пайдасы мол бұл өсімдік ұйқысыздық кезінде де көмегін аямайды. Бірақ абай болыңыз, аллергия тудыруы мүмкін.


Сансевиерия. Жатын бөлмеге арналған тамаша үй өсімдігі. Көбіне түн кезінде оттегі мөлшерін көп шығарады.


Кактус. Микробтардыжойып ауаны тазартады.


Лавр. Көбіне балалар бөлмесіне «жайғасатын» бұл өсімдіктер күшкентай балалардың тыныш ұйқысын күзетеді.

4.6. Ауаны жақсы тазартатын бес гүл.

    1. Хлорофитум –бөлменің ауасын тазартуда ең басты орын алатын ғажайып гүл. Ол оттегі, фитонцид бөлуімен бірге, ауадағы зиянды бактерияларды жояды. 10-12 шаршы метрлік ас бөлмесінде газ окисі мен жағымыз иістерді керемет деген ауа тазалағыш құралдардан жақсы әрі тиімді тазалайды. Антибактериялық қасиеттері жоғары болғандығынан болар, хлорофитум ешқашан зиянкестермен зақымданып ауырмайды. Күтімі көбейтілуі өте жеңіл

    Бөлме гүлдерін таңдауда олардың тек әдемілігіне емес, сонымен қатар үйдің ауасын тазартудағы маңызызна да назар аударған жөн.ауаны шаңнан микробтар мен токсиндерден тазартатын, жиһаздардан бөлінетін формальдегид, фенол сияөты улы заттарға, жылу құбырлары мен көгілдір газдан шығатын ксилен, трихлорэтилен, бензол тәрізді денсаулыққа зиянды газбен ауыр металдарға қарсы қауқары бар гүлдерді өсіреген абзал. Барлық гүлдерде осы қасиет белгілі бір дәрежеде болады.бірақ солардың ішінде төменгі бес бөлме гүлі ауаны ерекше тазартатын қасиеті бар.

000028_01.jpg


Хлорофитум бізге осындай пайдалы қызмет жасауы үшін,жапырақтарына күнделікті су бүркіп ылғалдандырып әрі шаңнан тазартып тұру керек. Суды топырағын кептіріңкіреп барып, молынан суғару керек. Алакөлеңкеде өседі мұртшаларының ұшындағы балапандарын ылғалды топыраққа батырыңқырап қадап қойса, тез тамырланып кетеді.


2. Фикус. Фитонцидтік қабілеті өте жоғары. Ауаны токсиндерден жақсы тазартады, сондықтан да оны ас бөлмеге немесе терезесі автокөліктер көп жүретін жол жаққа қараған бөлмеге қойған дұрыс. Жапырақтарыауадағы зиянда заттарды, шаңды бойына сіңіріп алуымен бір бөлмені ылғалдандыра алатындығымен ерекше бағалы. Ол бізге жақсы қызмет етуі үшін күнделікті су бүркіп немесе жұмсақ матамен жуып, сүртіп жапырақтарын таза ұстау керек. Үлкен, жылтыр, жалпақ жапырақтары еш қиындықсыз жуып, сүрткенге ыңғайлы. Күннің көзі тік түспейтін жарық немесе алакөлеңке жерде жақсы өседі.суды топырағын кептіріңкіретіп барып, молынан суғару керек. Қыста күнделікті су бүркіп тұрған жағдайда, айына бір рет суғарса жетеді.



Ficus-ben-rCustomb.jpg







3. Қазтамақты жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын пайдалы қоспалар мазасыздықты жеңуге көмектеседі. Ауаны стафилококк, стерептококк бактерияларынан залалсыздандырады. Оны тексеру үшін ғалымдар стафилококк бактериясынің 1-2 тамшысын қазтамақтың жапырағына тамызғанда, 3 сағатта бактериялар өліп қалған. Сонымен қатарм шыбын-шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Бөлмені жаман иістерден тазартады. Сондықтан ас бөлмеге де қазтамақтың пайдасы зор.



Geran.jpg






4. Дәмжапырақ мәңгі жасыл бұталы өсімдік. Жапырағынан құрамындағы эфир майының иісі адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болуына әсер етеді. Дәмжапырақтың антисептік, бактерицидтік

Күтімі жеңіл жарықсүйгіш. Жазда молынан, қыста суғаруды азайтады. Күшті бактерицидтік қасиетінің арқасында, аурулар мен зиянкестерге ұшырамайды.


C:\Users\Admin\Pictures\picresized_1286288400_1_laurus-nobilis.jpg

вирусқа қарсы қасиеттері инфекциялы тыныс ауруларына қарсы көмектеседі. Тәбет ашатын қасиеті үшін, жапырақтарын тағамға қосады. Күтімі жеңіл, шыдамды, аураларға шалдыға бермейды. Ағаш секілді үлкен болып кететіндіктен, сабақтарын кесіп, бойының биіктігін белгілі бір қалыпта ұстап тұруға болады.

5.Жүзжылдық. Түнде оттегі бөліп, көмірқышқыл газын сіңіреді, сіңіреді

оны жатын бөлмеге орналастырған абзал. Ауадағы зиянды бактерияларды жүзжылдық бөлетін фитонцидтер, сарымсақтың бөлетін фитонцидтерінен қарағанда тезірек жойып, бөлме атмосферасын тез арада залалсыздандырады. Шырынында бактерицидтік қасиет жоғары болғандықтан, медицинада үлкен қолданыста. Күтімі өте жеңіл. Суккулентке жататындықтан, артық суғарғаннан шіріп кету қаупі бар.














  1. БӨЛМЕ ӨСІМДІГІНІҢ КҮТІМІ

5.1. Қысқы күтім

Қыс кезінде үйге от жатқандықтан, бөлме ысып кетеді. Сондай уақытта аптасына бір-екі рет гүл жапырақтарына су бүркеп отыру керек. Гүл ашып тұрған болса, суды гүліне тигізбей бүрку қажет.

5.2. Гүлдерді шаңнан тазарту

Гүл жапырақтарын шаң басып кетсе, оның өсуі тежеледі әрі оттегіні бөле алмай қалады. Ауа тазартамын деп гүл өсіріп, онысын шаң басып тұрса, одан еш пайда жоқ. Дегенмен кейбір гүлдерге, оның ішінде гіргүл, бегония, жүсіптің сұлулығына су бүркуге болмайды. Суарғанда жапырақтарын көтеріп, топырағына су кұю керек.

Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, аураға тез шалдығады.

Әрбір гүлге ерекше бап керек. Кейбір гүлдерге желтоқсан, қаәтар айларында мүлдем су құймай демалдырады.

5.3. Суару.

Қарапайым үй жағдайында өсімдіктерді өсіру үшін олардың өсуіне өажетті

жағдайларды (жарық ,температура, ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған сіды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Өсімдікке құятн судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбырсуын хлорынан тазартып алу үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс.

Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онды топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Гүлге су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп тұруы қажет. Өсімдіктері әсіресе күн ыстықта су бүркіп суары қажет



5.4 Ыдыс

Үй өсімдіктері үшін ең өолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тарелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дизенфекциялайды. Гүл отырғызылатын ыдыстың міндетті түрде суағары болуы шарт.

ТОПЫРАҚ

6.1. Үй өсімдігінің топырағы

Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты өажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және құм араласқан топырақ пайдаланылады.

6.2. Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу.

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан олардыәлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дқрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін

шырмалағанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызаралдында кесек топырақ жібігенше, су құюкерек. Өсімдікті қыш құмырадай топырағымен қоса қопарып алып, сілкілегеннен кейін, оныкөшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің кқлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс.

Көшеттеп отырғызу жұмысын,әдетте, көктемде (наурыз, сәуір) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Күшкен қыш тостақ түбіне дөңес жағын жоғары қаратылған шынының сынығын, ал үлкендеріне шыны сынығы немесе үсақ тас салады.оның үстіне туралған шымтезек мүгін жайып тастайды, ол қыш құмыраның түбіндегі тесіктердің топырақпен бітеліп қалмауын болдырмайды. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлап, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыстарға көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақтытаяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдіке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйге) құяды.



6.3. Тыңайтқыш

Шикі етті жуған су өсімдікке жақсы тыңайтқыш болып табылады.

  1. ЗИЯНКЕСТЕР МЕН АУРУЛАР

7.1. Үй өсімдіктерінің зиянкестері мен аурулары

Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болып табылады. Жарықтық жеткіліксіздігі, өлшеусіз суару немесе мерзімді суармай қуратып алу, желдің өті, температураның күрт өзгеруі, сондай-ақ артық-кем қоректендіру-өсімдікті әлжуаздандырып, зиянкестер мен аурулардың өршуіне әкеп соқтырады. Дұрыс күтіп баптаған үй өсімдіктері аураға шалдықпайды. Бірақ инфекцияның немесе зиянкестердің жаңа кесінділермен немесе өсімдіктермен бірге келіп, таралыуы да мүмкін. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі,

сондықтан мұндай жәндіктер өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді. Үй өсідіктеріне ең көп зиян келтіретін жәндіктер-өсімдік биті, кенелер т.б.

7.2. Өсімдік биті

Тұрқы 2мм болатын ашық көк немесе сары түсті жәндіктер. Олар өсімдіктің жапырағаны, сабағына, қуашағына, жас өркендерге жабысады. Қанатты және қанатсызболып келеді. Қанаттылары ұшып, қонып басқа өсімдіктерге ауру жұқтырады. Өсімдік биті зияндаған жапырақтар жиырылып, бүріседі, сарғаяды. Гүл түйнектерінің дұрыс өсуіне зиян келеді. Өсімдік биті, әсіресе, көктеммен ерте жаз кезінде пальмадан басқа барлық өсімдіктерге зиян келтіреді.

Күресу шаралары: фитонцидті қасиеті бар кейбір өсімдіктердің тұнбасымен діәрілейді. Ол үшін жазда тагатестің, қызанақтың, петунияның, дельфиниумның, пиретрумның жапырақтары мен сабақтарын және тамырларын кептіре алады. Пиретрумның тұнбасын:10г.үнтаққа 1л. Су құйып дайындайды. Ерітіндіге сабын езіп (10г.сабынға 1л.су) қосады. Өсімдік битін жоюға темекі тұнбасын да қолданады: темекінің (махорканың) үгіндісіне су құйып (1:10) бір тәулік қояды, одан кейін сүзгіден өткізеді. Пайдалану алдында тұнбанысумен араластырып (1:3), оған иісті сабын немесе күр сабынын (1л.-ге 10г.) қосады, содан кейін ауруға шалдыққан өсімдікке бүркеді. Сондай-ақ өсімдікті дәрілеу үшін пияздың, оның қабығының сарымсақтың, қызанақ жапырағының тұнбасын пайдалануға да болады. Дәрілеуді арасына 8-10 күн салып 3 рет қайталау керек. Онша ірі емес өсімдікке бит көп түссе, оны тұнбаға матырып алады.

7.3. Өсімдік кенесі

Тұрқы 0,3-0,4 мм бітімі сопақша ақшыл сары түсті, денесін әредік түк басқан жәндіктер. Олар жапырақтың астыңғы жағына орналасады, бірақ өсімдікке өте көп түскенде өсімдік сабағының тұла бойына қаптап жабысып алады да, доп-домалақ, жартылай мөлдір жұмыртқаларын салады. Кене түскенг өсімдік жапырақтары мрамор тәрізді түске еніп, үстін нәзік тор қаптайды, содан сарғайып мезгіліне жетпей түсіп қалады. Өсісдік нашар жетіліп, сәнін жоғалтады. Үй жағдайында кенелер өсімдікті жыл бойы залалдайды. Кененің пайда болуына температураның жер тарлығы мен ауаның құрғақтығы қолайлы жағдай туғызады. Кенелер азалия, пальма, гортензия, аспидистра, райхан гүлін, гелиотроп, фукция, орхидея, кактустер т.б. өсімдіктерді зияндайды.

Күресу шаралары: суға ерітілген пиретрумды арасына 7күн салып 5рет (1л.суға 2-3г.)бүркеді. Өсімдікке сі бүркіп алып, оған пиретрумның немесе күкіртті үнтағын себуге, сондай ақ пияздың немесе сарымсақтың 1тәулік тұрған тұнбасын (ұсақталған 1ас қасық пиязға немесе сарымсаққа 1 стакан су құяды) бүркуге болады. Ал бүркіп дәрілеуге келмейтін өсімдіктер үшін төмендегідей тәсіл ұсынылады: туралғпн сарымсақты немесе скипидар құйылған банканы өсімдік жанына қойып, полиэтилен қалтамен өсімдікті бірнеше сағат бойы тұмшалаулы қалпында қалдырады.



7.4. Трипстер

Ұзындығы 1-1,5мм денесі сопақша, қара немесе қоңыр, личинкалары ақ ұсақ жәндік. Жапырақтың астыңғы жағына өзегін бойлай орналасады. Залалданған жапырақтардың астыңғы жағында қоңыр, қызыл қоңыр, ал жоғары бетінде ақшыл даудақ пайда болады. Кейін, жапырақтар қоңырланып түсіп қалады. Трипстер жәндіктер аралияны, азалия, драцендер, аспидистер, фикустер, цикломендерді, лимондар мен т.б. өсімдіктерді залалдайды.

Күресу шараралары: кенеге қарсы қолданылатын шаралардың бәрі триптерге де жарайды.



7.5. Аққанат

Ұсақ ұшпа жәндіктер тұрқы, 1-1,5мм, денесі сарғыш, қанаты ақ. Личинкалары сопақша келген, ашық көк түсті. Әдетте жапырақтың төменгі жағын жағалайды. Олар әсіресе жаз айларында райхан гүлін, фуксияны, пеларгонияны, жасминді көп залалдайды. Аққанат уға төзімді келеді.

Күресу шаралары: иіс сабын ерітіндісін (1литр суға 10-15 г) арасына 6-7күн салып жапырақтың астыіғы жағына 3-5рет бүркеді.







Тәжірибе №1

Ет жуылған судың гүлге әсері



Зерттеу әдісі: Гүлді аптасына 2рет суару (дүйсенбі және бейсенбі).

Мақсаты: Гүлге ет жуылған судан тыңайтқыш жасап, суарғанын нәтижесінде гүлде болған өзгерісті бақылау.

Уақыты: 1апта

Зерттеу объектісі: әйел бақыты гүлі

Қорытынды: Зерттеу объектісіне екі «әйел бақыты» гүлін алдық.

Екеуінде жас ерекшеліктері бірдей және екеуіде гүл

ашайын деп тұрған кезінде алдық. Сөйтіп біз бірінші

гүлді шикі ет жуылған сумен аптасына 2 рет (2стакан)

тыңайтқыштан құйып отырдық. Ал 2 гүлге кәдімгі

ауыз сумен 2 рет (2стакан) суарып отырдық.

Нәтижесінде шикі еттің суы мен суарылып отырған

бірінші гүлдің гүлдері бірінші болып ашылды және

гүлдері ірілеу болды.ал кәдімгі гүлмен суарылған екінші

гүлдерін кейінірек ашты және ашылған гүлдері кішілеу болды,

C:\Users\Admin\Pictures\20141117_223226.jpg

Тәжірибе №2

Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді суару

Зерттеу әдісі: Ала көлеңке сүйгіш өсімдіктерін неше күн сайын суаруын білу.



Уақыты: 1апта

Зерттеу объектісі: «Пальма» гүлі

Қорытынды: «Пальма» гүліне 10 наурызда (дүйсенбі) 1л су құйылды.

Топырақтың ылғалдығы 5күнге шыдады. Сөйтіп 6 күнінде

топырақ құрғап қалды. 7-ші күні гүлді қайта

суардық. Сонымен ала көлеңке сүйгіш өсімдіктерді

аптасына бір рет суарса жеткілікті. Өйткені, өсімдік

көлеңке жерде тұрғандықтан ылғалдылықты жақсы сақтайды.

20141117_224740.jpg

Тәжірибе №3

Жарық сүйгіш өсімдікті суару

Зерттеу әдісі: терезе алдында тұрған бөлме өсімдігін суару.



Мақсаты: жарық сүйгіш өсімдікті неше күн сайын суару керек екендігін білу.

Уақыты: 4күн

Зерттеу объектісі: «Фикус» тәріздес тікенді гүл.



Қорытынды: «Фикус» тәріздес тікенді гүлге дүйсенбі күні 1л су

құйылды. Сөйтіп топырақтың ылғалдығы 2күнге

шыдады. 3 күні топырақ құрғап қалды. 4-ші күні

таңертең гүлді қайта суардық. Сонымен, жарық сүйгіш өсімдіктерді әр 4күн сайын суарып тұру керек.

Өйткені терезе алдында күннің жарығы

жақсы түсетіндіктен топырақтың ылғалдығы көп сақталмайды.

20141117_230112.jpg

Тәдірибе №4

Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді жарық жақсы түсетін жерге қойғанда өзгерісті байқау.

Зерттеу әдісі: Гүлді жарық түсетін жерге қою.

Мақсаты: Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді күннің тікелей түсетін жерге қою барысында, өсімдіктегі өзгерісті байқау.

Уақыт: 1күн

Зерттеу объектісі: «Әйел бақыты» гүлі, «Пальма» гүлі

Қорытынды: «Пальма» гүлі:дүйсенбі күні жарық жақсы түсетін

терезенің алдына қойылды. Гүлде 2күн өзгеріс

байқалған жоқ. 3-ші күнінде жапырақтары жұмсарып,

1 жапырағы түсіп қалды. Жапырақтардың түсі

ақшылдана түсті.

«Әйел бақыты» гүлі: дүйсенбі күнімтаңертең жарық

жақсы түсетін терезенің алдына қойдық. Өсімдік

өзгеріссіз 7 сағат тұрды. 8сағатта жапырақтары әлсіреп,

жұмсақ болып, салбырай бастады.

20141117_231443.jpg

Тәжірибе №5



Бөлме өсімдіктеріне шаңның жиналуы



Зерттеу әдісі: Бақылау



Мақсаты: сыныптағы барлық бөлме өсімдіктеріне шаң неше күнде басатынын білу.

Уақыт. 15күн

Зерттеу объектісі: «Әйел бақыты», «Пальма», «Фикус» тәріздес тікенді гүл.

Қорытынды: Осы 3 бөлме гүлдерінінің жапырақтарын шаң 15 күнде

басты. Сонымен, бөлме өсімдіктерін әр 15 күн сайын, яғни бір

айда 2 рет сүртіп отырса жеткілікті.





















Қорытынды

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаны био аумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл-күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескнін көрдіңіз бе? Гүлдер де адам сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп, жетіледі. Егер үй ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайған аураға шалдығуы мүмкін.

Осы ғылыми жобаны зерттеп жазу барысында мен бөлме гүлдері туралы, оның шығу тарихын, ғалымдардың зерттеген жұмыстарын, гүлдің түрлерін, олардың қасиеттерін, қалай күту керектігін және тағы да басқа фактілер мен материалды жинастыру барысында өзіме үлкен жаңалықтар аштым. Бұрыннан бері мен өсімдіктер жайлы көп мәліметтер білгім келген. Міне осы жобаны зерттеу барысында барлық білмеген сұрақтарыма жауап таптым.

Бұл жұмыстан менің түйгенім гүлді өсіріп, баптауда адам ерекше сезімге бөленеді екен. Менің көңіл-күйім жақсарды. Өзім еккен гүлге қарап, тамсанатын болдым. Әсіресе, гүлдер үйдің шаңын жұтып, бізге таза ауа бөлетінін білгенімді таң қалдым. Үйдегі басқа да гүлдерге өзім қарап, суғаруды өз мойныма алдым. Менің бұл әрекетім ініме үлгі болатын болды деп ойлаймын. Және де өз достарымды да гүлді жұлмай, оларды аялауға шақырамын.

Енді мен тек осы білгеніммен шектеліп қалмай зерттеу жұмысымды ары қарай жүргізгім келеді. Оқушыларды, достарымды бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтуге баулу үшін, арнайы «Бөлме өсімдіктері» атты кітап жазып, шығарғым келеді.











Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Паркер С., Уильямс Б., «Сұрақ және жауап», Алматы қаласы. «Алматыкітап» баспасы, 2006жыл (114-117бет)

  2. Мухаметбекович К.А., «География возникновения жизни», Алматы қаласы, «Атамұра» баспасы, 2008жыл (60-64жыл)

  3. Иващенко А.А., «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы 2008жыл (60-64жыл)

  4. Мұсақұлов Т., «Ботаника», Алма-Ата, «Мектеп» баспасы, 1975жыл (8 бет)

  5. Көкенов Т., Әдекенов С.М.,Рақымов К.Д., Исамбаев Ә.И., «Қазақстанныңдәрілік өсімдіктері мен оның қолданылуы», Алматы қаласы, «Ғылым» баспасы, 1998жы (89-91бет)

  6. Баталов Э.Н., «Қазақстан өсімдіктер әлемі», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы, 2004жыл(100бет)

  7. Иващенко А.А., «Қазақстанның өсімдіктерінің асыл қазынасы», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы, 2006жыл (72-74бет)

  8. Бірмағамбетұлы Ә., Жүнісқызы К., «Табиғаттану» Алматы қаласы, «Рауан» баспасы, 1998жыл, 2001жыл (206бет)

























28


ғылыми жұмыс 4сынып "Бөлме өсімдіктері"
  • Биология
Описание:

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

         Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешілігі жоқ, олар да адам сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті және дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырымдап отыр. Әрине біз үшін бұл үлкен жаңалық. Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «жәндктердің көздің орнына ақуыздары бар, оларға кез келген электр күштері әсер етеді. Ал тамырында дәм ферменттері анықталған, өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қоректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми түрғыдан дәлелденген» сондықтан гүлмен сөйлесуге болады. Нәтижесінде гүлдер сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз.

Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы бөлме өсімдіктері қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы бар екенін біле бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз бөлме өсімдіктеріне саяхат жасаймыз.

 Бұнда оқушылардың бөлме өсімдіктері жайлы білімдерінің артуы арқылы өсімдік құпиясын, пайасын, оны қалай күтк керек екенін білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы осында жатыр.

Жұмыстың мақсаты.

Оқушыларға бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындаймыз:

-         Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихын білу;

-         Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау;

-         Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу;

-         Бөлме өсімдіктерінің адам өмірімен тікелей байланыстығын ашу;

                                                     

                                                       

1.     Өсімдіктер тарихы

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің бірі өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсысының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертедегі Египеттіктерде алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесіндегі, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын Үндістандықтар 760дәрілік өсімдіктерді пайдалана біліп, гулдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйіне, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алған.

2.     Ғалымдардың зерттеулері

Гүлдер де адам сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп жетіледі екен.

Ғалымдар гүлдердің классикалық баяу әуендерді «тыңдаса», жақсы өсетінін, ал рок, поп секілді даңғаза музыкаларды үнемі қосып қойсаң, оларды бірте-бірте солып қалатынын әлдеқашан дәлелдеген. Адам гүлге қалай қарым-қатынас жасайды, оны өсіруге қалай ықыластанады, гүл де сол адмға дәл солай «жауап беретін» көрінеді. Үй өсімдіктеріне дұрыс қарамасаң, уақытында тыңайтып, суарып тұрмасаң, сөйлеспесең, ол «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттарды бөліп шығарады екен. Мәселен ғалымдар қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсең, түнімен дөңбекшіп, ұйықтай алмайтынын айтады.

Ал кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол сол бойда құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді. Ал бұл улы заттар адамды ішімдікке итермелейді.

Фикус гүлі қожайынын басқа адамдардан қызғанады екен. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты ол басқа жаққа кетсе, сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді. Ертеде адамдар зығырды еккенде жалаңаштанып жұмыс істеп: «көрдің бе, сен өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын»,-деп айтады екен.

Автор Баяхметова Гулдан Солтановна
Дата добавления 03.01.2015
Раздел Биология
Подраздел
Просмотров 5281
Номер материала 21537
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓