Главная / Начальные классы / йлайық та, ойнайық!

йлайық та, ойнайық!

Тақырыбы: Ойлайық та, ойнайық!



Мақсаты:


1. Білімділік:

Сынып оқушыларының пәндер бойынша білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, ең білімді оқушыны анықтау.


2. Дамытушылық:

Оқушылардың ой - өрістерін кеңейту, шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, болашаққа өз үлесін қоса алатын ізденімпаз, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Әдісі: Сұрақ жауап, ой қозғау, болжау


Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз:


Жас жүректе жанған шақ,
Талаптың аты арындап.
Әр қиямға салған шақ,
Жастықтың оты жалындап


- деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған.

Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң деген үлкен үміт бала кезден бастау алады да, ұласады.

Құрметті ұстаздар « Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» дегендей интеллектуалдық «Ойлайық та, ойнайық!» ойынымызға хош келдіңіздер!

Сайысқа қатысатын оқушыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер:

Сынып оқушыларынмен таныстыру.

/ Әр оқушы өзін 1 шумақ өлеңмен таныстырады және өмірдегі ұранын айтады. Сынып оқушылары өздері туралы айтқанда, тақтадан суреттері шығады./


Бүгін 1 в сыныбының білімді, алғыр оқушылары сайысқа түсіп, сыныптың ең тапқыр оқушысын анықтамақпыз.

Қарағым оқу оқы, босқа жүрме,
Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме.
Жолама шақырса да, қасына ерме,
Кідірме, аялдама, ұмтыл алға!

Балалар, сендерді ойынның кезеңдерімен таныстырмай тұрып, бағалау жүйесін айтып өтейін. Әр оқушының жанында қорапшада дайын ұпайы жазылған шеңберлер тұр. Дұрыс жауап берген оқушы өз қорабынан өз ұпайын алып отырады. Әр кезең аяқталғанда ұпай сандарын есептеп отырамыз.

Сонымен, балалар дайын болсақ, мен сендерге бүгінгі ойынның кезеңдерін айтып өтейін.

І айналым «Тездет, бірақ қателеспе!» ІІ айналым «Тіл өнері немесе Мен көп тіл білемін»

Ойын шарттарымен таныс болдық , ендеше «Тездет, бірақ қателеспе!» І айналымға кезек берейік.



І айналым «Тездет, бірақ қателеспе!»

Шарты:

«Тездет, бірақ қателеспе!» айналымындағы сұрақтар біз өткен тақырыптар бойынша берілген. Оның астында А, Ә, Б нұсқасында жауаптары шығады. Сендер ойланып, тек дұрыс жауабында ғана қолдарындағы белгілерді көтересіңдер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Қане, ойын шарты түсінікті болса, бастайық. Барлықтарына іске сәт тілеймін.



Сұрақтар:



1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

А. Дыбыстар 3 – ке бөлінеді: қатаң, ұян, үнді Ә. Дыбыстар 2 – ге бөлінеді: дауысты, дауыссыз Б. Дыбыстар 2 – ге бөлінеді: жуан, жіңішке

hello_html_m29667a17.gif

2hello_html_317b54d4.gif. Бұл қандай фигура?

А. Қисық сызық Ә. Кесінді Б. Түзу сызық

3. Табиғат нешеге бөлінеді?

А. Табиғат 2 – ге бөлінеді: тірі және өлі Ә. Табиғат 2 – ге бөлінеді: тірі және жасанды Б. Табиғат 3 – ке бөлінеді: тірі, жасанды, өлі

4. Кітапхана деген сөзде неше буын бар?

А. 3 буын Ә. 4 буын Б. 5 буын

5. Қосудың компоненттері қандай?

А. Қосылғыш, қосылғыш Ә. Қосылғыш, қосылтқыш Б. Қосылғыш, азайғыш

6. Көкжиектің неше тұсы бар?

А. 3 тұсы солтүстік, оңтүстік, батыс Ә. 2 тұсы солтүстік, оңтустік Б. 4 тұсы солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс

7. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

А. Дауысты дыбыстар 3 – ке бөлінеді: қатаң, ұяң, үнді Ә. Дауысты дыбыстар 2 – ге бөлінеді: дауысты, дауыссыз Б. Дауысты дыбыстар 2 – ге бөлінеді: жуан, жіңішке

8. Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам?

А. Юрий Гагарин Ә. Тоқтар Әубәкіров Б. Талғат Мұсабаев

9. Түйе атасы кім?

А. Ойсылқара Ә. Зеңгі баба Б. Шопан ата

10. Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер:

А. Үй, киім, көлік, теледидар Ә. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу Б. Ойыншық, киім, компьютер



Жарайсыңдар балақайлар, ендеше бұл айналымның ұпай сандарын қорыта кетейік.



ІІ айналым «Тіл өнері немесе Мен көп тіл білемін»

Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер. Шешуін 2 тілде айту керек: орысша және қазақша.

1 тілде айтсаңдар – 5 ұпай, 2 тілде айтсаңдар – 10 ұпай

1. Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады. Мысық – кошка



2. Ыржаяды, күледі,
Басқан ізді біледі.
Таусылмайтын шабысы,
Жұртқа мәлім жүрісі. Түлкі - лиса





3. Қабат – қабат қаптама, Ақылың болса аттама. Кітап – книга

4. Мұрны насос, кран да
Таң қаламын бұл аңға Піл - слон



5. Қыста киімін тастайды
Көктемде киіне бастайды Ағаш - дерево

6. Жазу жазып жалықпаған, Жаза – жаза арықтаған.





12.Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы (түлкі)





Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 3 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.

ІІІ кезең «Ғажайып төртеу»

Біздің сайысымызда 4 негізгі пән ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі. Қалған 4 ойыншымен ойынымызды жалғастырамыз. Мына қатардағы 4 пәннен сұрақ нөмірін таңдаймыз. Әр оқушы әр пәннен 1 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.

Математика:

1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 3 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (999+1=1000)
4. Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (24 ертегі)

Қазақ тілі:

5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)

Дүниетану:
9. Бұл түрлерін ата? (будақ, шарбы, қабат)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Неге глобустың көпшілігі көк бояумен боялған? (жер шарының 3/1 бөлігі су)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)

Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. «Азаттық жолында» Зейін Шашкиннің әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? (Тоқаш Бокин)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

IV кезең «Сөз шебері»

Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң
Үйренерсің іздеп көрсең, қоймасаң
Қу өнерді, бу беліңді жігер сал
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң

Шарты:

Әр ойыншы өз қалауы бойынша 1 өлеңді мәнерлеп жатқа оқып беруі керек. Әділқазы ұпай саны аз 2 ойыншыны атайды. Олармен де қоштасуға сәт туды. Ешқашан мойымаңдар, Қайса болыңдар. Жеңіс пен жеңіліс алма – кезек болады.

V кезең «Жорға»

Соңғы кезеңде әр ойыншыға жеке 15 сұрақ қойылады соларға тез нақты жауап беру керек. 1 минут ішінде.

1. Қыс айларын ата?
2. Қазақ алфавитінде неше сұрақ?
3. Нота сызығындағы ноталарды ата?
4. Күй атасы кім?
5. Суретші ата?
6. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс? (У)
7. 6 х 9 =
8. 4 түлікті ата?
9. Біздің облысымызды ата?
10. Ұлы Отан соғысы қай жалдары болды?
11. Біздің ауылдың әкімі кім?
12. «Менің атым Қожа» – ны кім жазды?
13. Қазақтың Ұлы Отан соғысындағы қаһарман қыздары?
14. Зиянды заттарды ата?
15. Қазақстандағы көмір өндіретін ең ірі қала?

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Әділқазылар ұпай санын анықтап жеңімпазды белгілесін.

Білікті бірді
Білімді мыңды жығады
- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

ІІІ. Қорытындылау. Марапаттау


йлайық та, ойнайық!
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы: Ойлайық та, ойнайық!

Мақсаты:

1. Білімділік:

Сынып оқушыларының пәндер бойынша білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, ең білімді оқушыны анықтау.

2. Дамытушылық:

Оқушылардың ой - өрістерін кеңейту, шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу, болашаққа өз үлесін қоса алатын ізденімпаз, білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Әдісі: Сұрақ жауап, ой қозғау, болжау

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз:


Жас жүректе жанған шақ,
Талаптың аты арындап.
Әр қиямға салған шақ,
Жастықтың оты жалындап


- деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған.

Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң деген үлкен үміт бала кезден бастау алады да, ұласады.

Құрметті ұстаздар « Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» дегендей интеллектуалдық «Ойлайық та, ойнайық!» ойынымызға хош келдіңіздер!

Сайысқа қатысатын оқушыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер:

Сынып оқушыларынмен таныстыру.

/ Әр оқушы өзін 1 шумақ өлеңмен таныстырады және өмірдегі ұранын айтады. Сынып оқушылары өздері туралы айтқанда, тақтадан суреттері шығады./


Бүгін 1 в сыныбының білімді, алғыр оқушылары сайысқа түсіп, сыныптың ең тапқыр оқушысын анықтамақпыз.

Қарағым оқу оқы, босқа жүрме,
Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме.
Жолама шақырса да, қасына ерме,
Кідірме, аялдама, ұмтыл алға!

Балалар, сендерді ойынның кезеңдерімен таныстырмай тұрып, бағалау жүйесін айтып өтейін. Әр оқушының жанында қорапшада дайын ұпайы жазылған шеңберлер тұр. Дұрыс жауап берген оқушы өз қорабынан өз ұпайын алып отырады. Әр кезең аяқталғанда ұпай сандарын есептеп отырамыз.

Сонымен, балалар дайын болсақ, мен сендерге бүгінгі ойынның кезеңдерін айтып өтейін.

І айналым «Тездет, бірақ қателеспе!»ІІ айналым «Тіл өнері немесе Мен көп тіл білемін»

Ойын шарттарымен таныс болдық , ендеше «Тездет, бірақ қателеспе!» І айналымға кезек берейік.

І айналым «Тездет, бірақ қателеспе!»

Шарты:

«Тездет, бірақ қателеспе!» айналымындағы сұрақтар біз өткен тақырыптар бойынша берілген. Оның астында А, Ә, Б нұсқасында жауаптары шығады. Сендер ойланып, тек дұрыс жауабында ғана қолдарындағы белгілерді көтересіңдер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Қане, ойын шарты түсінікті болса, бастайық. Барлықтарына іске сәт тілеймін.

Сұрақтар:

1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

А. Дыбыстар 3 – ке бөлінеді: қатаң, ұян, үнді Ә. Дыбыстар 2 – ге бөлінеді: дауысты, дауыссыз Б. Дыбыстар 2 – ге бөлінеді: жуан, жіңішке


2. Бұл қандай фигура?

А. Қисық сызық Ә. Кесінді Б. Түзу сызық

3. Табиғат нешеге бөлінеді?

А. Табиғат 2 – ге бөлінеді: тірі және өлі Ә. Табиғат 2 – ге бөлінеді: тірі және жасанды Б. Табиғат 3 – ке бөлінеді: тірі, жасанды, өлі

4. Кітапхана деген сөзде неше буын бар?

А. 3 буын Ә. 4 буын Б. 5 буын

5. Қосудың компоненттері қандай?

А. Қосылғыш, қосылғыш Ә. Қосылғыш, қосылтқыш Б. Қосылғыш, азайғыш

6. Көкжиектің неше тұсы бар?

А. 3 тұсы солтүстік, оңтүстік, батыс Ә. 2 тұсы солтүстік, оңтустік Б. 4 тұсы солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс

7. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

А. Дауысты дыбыстар 3 – ке бөлінеді: қатаң, ұяң, үнді Ә. Дауысты дыбыстар 2 – ге бөлінеді: дауысты, дауыссыз Б. Дауысты дыбыстар 2 – ге бөлінеді: жуан, жіңішке

8. Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам?

А. Юрий Гагарин Ә. Тоқтар Әубәкіров Б. Талғат Мұсабаев

9. Түйе атасы кім?

А. Ойсылқара Ә. Зеңгі баба Б. Шопан ата

10. Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер:

А. Үй, киім, көлік, теледидар Ә. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу Б. Ойыншық, киім, компьютер

Жарайсыңдар балақайлар, ендеше бұл айналымның ұпай сандарын қорыта кетейік.

ІІ айналым «Тіл өнері немесе Мен көп тіл білемін»

Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер. Шешуін 2 тілде айту керек: орысша және қазақша.

1 тілде айтсаңдар – 5 ұпай, 2 тілде айтсаңдар – 10 ұпай

1. Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады. Мысық – кошка

2. Ыржаяды, күледі,
Басқан ізді біледі.
Таусылмайтын шабысы,
Жұртқа мәлім жүрісі. Түлкі - лиса

3. Қабат – қабат қаптама, Ақылың болса аттама. Кітап – книга

4. Мұрны насос, кран да
Таң қаламын бұл аңға Піл - слон

5. Қыста киімін тастайды
Көктемде киіне бастайды Ағаш - дерево

6. Жазу жазып жалықпаған, Жаза – жаза арықтаған.

12.Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы (түлкі)

Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 3 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.

ІІІ кезең «Ғажайып төртеу»

Біздің сайысымызда 4 негізгі пән ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдерің тексеріледі. Қалған 4 ойыншымен ойынымызды жалғастырамыз. Мына қатардағы 4 пәннен сұрақ нөмірін таңдаймыз. Әр оқушы әр пәннен 1 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.

Математика:

1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 3 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (999+1=1000)
4. Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (24 ертегі)

Қазақ тілі:

5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)

Дүниетану:
9. Бұл түрлерін ата? (будақ, шарбы, қабат)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Неге глобустың көпшілігі көк бояумен боялған? (жер шарының 3/1 бөлігі су)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)

Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. «Азаттық жолында» Зейін Шашкиннің әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? (Тоқаш Бокин)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

IV кезең «Сөз шебері»

Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң
Үйренерсің іздеп көрсең, қоймасаң
Қу өнерді, бу беліңді жігер сал
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң

Шарты:

Әр ойыншы өз қалауы бойынша 1 өлеңді мәнерлеп жатқа оқып беруі керек. Әділқазы ұпай саны аз 2 ойыншыны атайды. Олармен де қоштасуға сәт туды. Ешқашан мойымаңдар, Қайса болыңдар. Жеңіс пен жеңіліс алма – кезек болады.

V кезең «Жорға»

Соңғы кезеңде әр ойыншыға жеке 15 сұрақ қойылады соларға тез нақты жауап беру керек. 1 минут ішінде.

1. Қыс айларын ата?
2. Қазақ алфавитінде неше сұрақ?
3. Нота сызығындағы ноталарды ата?
4. Күй атасы кім?
5. Суретші ата?
6. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс? (У)
7. 6 х 9 =
8. 4 түлікті ата?
9. Біздің облысымызды ата?
10. Ұлы Отан соғысы қай жалдары болды?
11. Біздің ауылдың әкімі кім?
12. «Менің атым Қожа» – ны кім жазды?
13. Қазақтың Ұлы Отан соғысындағы қаһарман қыздары?
14. Зиянды заттарды ата?
15. Қазақстандағы көмір өндіретін ең ірі қала?

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Әділқазылар ұпай санын анықтап жеңімпазды белгілесін.

Білікті бірді
Білімді мыңды жығады
- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

ІІІ. Қорытындылау. Марапаттау

Автор Кайракбаева Айнура Сериковна
Дата добавления 22.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 523
Номер материала 58145
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓