Инфоурок Технология Другие методич. материалыҮйірме жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

Скачать материал

Үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

 

Білім беру бағдарламасының басты мақсаты – әрбір оқушыға  түбегейлі білім беру, дәстүрлі  мәдениеттің негіздерін үйрете отырып,  оларға  қолайлы жағдай жасау. Мектептегі жүргізілетін  технология сабақтарының  міндетті бір саласы өскелең жас ұрпақтын  келешекте  бір  кәсіпті меңгеруіне бағытталады. Қазіргі өркениетке ұмтылған  қоғам  талабына сай еліміздің  дамыған  елдермен қатар  тұруы  және  ұлтымыздың болашағы үшін  зерделі, білімді,  өз бетімен  іс-әрекет ете  алатын, қоғамда  өз орны  болатын  шәкірттерді  дайындау  ұстаздың  міндеті.

Технология пәнінің  мұғалімі  өзінің  лауазымдық  міндеттеріне сай  еңбекке баулудың, тәрбиелеудің әдістемесі мен бағдарламасына  сәйкес  балаларды  оқыту жұмыстарын жүргізеді. Білім  алушылардың  еңбекке икемділігі мен  дағдысын,  оларды  практикада қолдануға дайындығын  қалыптастыру. Мемлекеттік білім  стандартына  сәйкес технология пәнінің  оқу  жоспары мен  үйірме  материалдарын  құрастырады. Сонымен  қатар,  оқушылардың  техникалық  шығармашылыққа , ұтымды еңбек  етуге және  өнертапқыштыққа  ұмтылысын  дамытып отыруы  қажет. Үйірме жұмыстарының  міндеттері негізінен  оқушының бойындағы біліктілік пен  танымды, еңбексүйгіштікпен  қарым-қатынасты  тәрбиелеу, үнемділік пен  еңбек өнімділігіне  жетуді  үйрету, шығармашылық пен оған деген белсенділікті арттыру, конструкторлық-технологиялық ой-өрістерін дамыту болып табылады.

Ұстаздың  міндеті – оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт-бағдар  беру, үйрету, қызықтыру  және  нәтижеге  қол жеткізу, ынталандыру.  Қажет  кезінде  ата-анамен  тығыз  байланыс  орнатып, үйірмеге қатысып  жүрген  оқушының  жұмыстарын көрсетіп, бағыт  беріп,  ақылдасуға  болады. Үйірме  сабақтары  басқа  пәндер  сияқты  толық  дидактикалық  кезендерді қамтымай,  мұғалім шеберлігіне  қарамай  негізге  үш кезең: кіріспе  негізгі  және  қорытынды болып жоспарлануы мүмкін. Әсіресе үйірмеге  қатысатын  оқушыларға  таным  мен  дағдыны  қалыптарстыру  барысында тек  олардың  техникаға  байланысты сапалық білімдеріне  сүйеніп  қана қоймай, басқа  пәндер  бойынша  білімдерін  дамытуға  ықпалын  тигізеді. Мысалы металдардың ыстық немесе суық  күйндегі көлемінің  өзгеретіндігі, үйкелісі, тозуы, т.б. физика пәніне қызығушылығын арттырады. Ағаштардың түрлері, олардың өсуі, қасиеттері биология пәнің жетік  білуге алып келеді.

Үйірме  жұмыстарының тиімді  өтуіне  көбіне  көп  шеберхананың материалдық-техникалық базасы мен  мұғалімнің  әдіскерлік  жағдайдағы сапалы даярлығы  өте  маңызды. Дайындықсыз өтілетін  сабақтарға оқушыңың қызығушылығы  бірінші  күні-ақ төмендеп кетеді. Оқушылардың  өз бетімен бос жүрісі  көбейеді. Берілген  жүктеме  бомағандықтан, олардың түрлі әрекеттермен  іс-қимыл  көрсеткіштерінің сапасы болмайды. Осыдан  жасалатын қорытынды және мұғалімге  қойылатын  басты талап жан-жақты  талап.

Жұмысты тиімді  ұйымдастыруға  ең  бірінші  даярлық типтік  оқу  бағдарламасына сай  жасалатын  өздік  күнтізбелік  жоспардан басталуы шарт. Жоспардағы  әрбір өтілетін  тақырыпқа  жете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктеріне  сәйкестігі, теориялық сағаттарының  мөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімнің  қосатын  іс-әрекеттері мен  жаттығулары, оқу шеберханасының материалдық-техникалық базасы, оқу көрнекіліктерінің және құралдарының жеткіліктігі   т.с.с. жағдайлар кеңінен зерделеніп барып жоспарға  енуі  тиіс.

Сонымен  қатар  қанша бала тақырыпты немесе іс-әрекетті игере алады, топтағы баланың құрамы белгілі болғандықтан, неше балаға мүмкіндікке қарай қосымша практикалық сағат, уақыт бөлу жағдайлары ескерілуі тиіс. Осылайша мұғалім шығармашылық  тұрғыда өзіне қажетті әдістемелік  құралдардың тізімін жасай отырып, преспективалық-тақырыптық жоспар құрады. Сапалы жасалған жоспар келешек атқарылатын жұмыстарға жеңілдік әкеледі, нәтижеге қол жеткізе алады.

Нақты жоспар бойынша жасалған  жұмыстар қандайда болмасын еңбек түрін, жұмыс тәсілін үйретіп, оқушыларға терең меңгертіп қана қоймай, осы іске деген үлкен құрметпен  қарауға да көмегін тигізеді.

Жалпы  баланың  ақыл-ойын дамытып, адамгершілікке, іскерлікке баулу, жеке  адамның  дамып жетілуіне қолөнердің әсері мол. Қолөнер арқылы баланы болашақ кәсіперлікке де  даярлауымыз керек. Жастайынан іспен  айналысқанды  ұнататын  балаларды өнерге  баулу, олармен жүйелі жұмыс жүргізіп отыруымыз негізгі  міндетіміз.

Қолөнерге  деген қасиет – оқушының бойындағы дамыған сана белсенділігі, туа біткен қабілеті. Осы қабілет мектептегі үйірмелер арқылы сан  алуан ғылыми салалардан білім алу және  тәжірибелі ұстаздардың  көмегі арқылы  ашылады. Үйірме жұмысының нәтижесінде  үйірмеге қатысатын оқушылар басқа оқушыларға қарағанда анғұрлым  толық мағлұматтарға  қанығып, шеберлігі  шындалып, ой-өрісі кеңи түседі. Үйірмеде оқушы  тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп  қоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын  айтуға  дағдыланады. Осылайша  балалар әр түрлі шығармаларды зерттей  отырып, баға  берумен өз бойларында келешек  кәсіби ісіне  қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық бағалы  қасиеттерді қалыптастырады.

Қазіргі өмір талабы-оқу  тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Білім жүйесінің жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгертуі мұғалімдердің  кәсіби  шеберліктерін жаңартуды, шындауды талап етеді. Дамудың жаңа сатысына бағыт  алған мектептің ең  негізгі  өзегі  мұғалімнің жеке  басының ізденімпаздығы мен  білімділігіне  көп  жағдай  тәуелді.

Дүниетану, білімге талпыну – әрбір  адмның  түбегейлі ісінің бірі. Егер  әрбір  адам білімге  талпынбаса, еңбектенбесе  ілгері  басу, прогрес те болмас  еді. Сондықтан, ұлттық  мәдениетті көтеретін, ұлттық  педагогикалық  әдеп-ғұрыптарын,  намысты, имандылық пен ізгілікті, жат  әрекеттерге сын  көзбен қарайтын, ақпаратты жинап,  саралай,  тұжырымдай  алатын  оқушыларды  дайындауымыз қажет. Олар жаңа  ойларға, идеаларға толы, күтпеген жерден пайда  болған  мәселелерге мағына  беріп, қажет ақпараттарды айта білулері  керек. Оқушылар  кез-келген  жалпыға  танымал  ақпараттарды сын тұрғысынан  шығармашылықпен  қарап,оның  ұтымды  жақтарын  тиімді  қолдануға  тиісті. Мектеп  қабырғасында  үйірмеде жинақтаған іс-тәжірибесі  келешек  өмірінде көп  пайдасын тигізе  алатындығын  оқушы  жете түсінгенде  ғана өз  қабілетін  ашып  көрсете алады.  Қазір  кез-келген  баланың  қолынан  ұялы  телефон, ноутбук,  сандық  фотоапарат   жаңа  техниканы  игеріп  қана  қоймай,  оны  жөндеуге,  қалпына  келтіруге  де тырысады. Бұл  баланың  ойлау  қабілетін  жан-жақты  дамытуды,  шығармашылық  ізденіс  дағдыларын  сыни  тұрғыдан қалыптастыруды  қажет  етеді. Қабілетті бала  барлық  күрделі  істерді  өзі  шеше  алатын, өзін-өзі  дамыта  алатын дәрежеге  жете  алады. Ол  бос  уақытты  тиімді  пайдалана  білетін  болады, пайдасыз,  жағымсыз әрекеттерден  тартынады,  өзіне  қажет  ақпараттарды,  құрал-жабдықтарды  жинақтай  бастайды,  соның  нәтижесінде  аз  да  болса  табыс  таба  алатындығына  сенеді.

Қазіргі  қоғамымызда  рухани бай, терең  білімді,  өнерді  бағалап,  зерттей  білетін, оны  әрі  қарай  жалғастыра  білетін,  танымдық  белсенділігі  жоғары  балаларды  тәрбиелеп  шығару  мектептің  міндетті.

Танымдық  белсенділік - жас  ұрпақтың  оқуға, өнерді  тани  білуге  деген  ынта-ықыласының  көрінісі. Баланың  өнерді үйренуіне негізгі  түрткінің  бірі – қызығуды  туғызуды  үшін оқушыларға  берілетін  білімнің  мақсаты  мен  қажетін  түсіндіріп,  оларға  нақты  өнердің сатыларын  үйрету  керек. Үйренуге, оқуға  білуге  деген   қызығушылық – танымдық  белсенділіктін  қозғаушысы. Әрбір  ұрпақты  жеке  тұлға етіп  тәрбиелеу  үшін білім  мен білігіне  сай  оқу  бағдарламасын  тандай  отырып,  олардың  жеке  шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту  керек. Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы  маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. Мектептегі үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден байқауға болады. Мектепте балаларды халықтық өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде қолданбалы өнер, ісмерлік үйірмесі үлкен еңбек етуде. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Асқан шеберлер көркем қолөнеріне басқаша шығармашылық көзбен қарап әдемі және де пайдалы заттарды жасай алады. Осы үйірмелер арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Осы  мақсаттарды жүзеге асыруда «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі ретінде оқушылардың білімі мен шеберлігін қалыптастырамын.

Үйірме  жетекшісінің  негізгі  мақсаты – өз  бетінше  дами  алатын  жеке  тұлғаның  белсенділігін  қалыптастыру,  оқушыларға  өз  бетінше  танымдық  іс- әрекет  әдістерімен  дағдыларын  меңгерту, ақыл  -ой  қабілетін  жетілдіру. Оны  мақсатты жүзеге  асыру  үшін  төмендегі  міндеттерді  шешу  керек.

-әр оқушының  шығармашылық  арнайы  ерекшеліктерін  ескеру;

-оқушының белгілі бір  өнер  түріне  деген  қызығушылығын  арттыру;

-имандылыққа, инабаттылыққа,  ізеттілікке  тәрбиелеу  бағыттарын  жүзеге  асыру;

-оқушының  жас  ерекшелігін  ескеру;

-техникалық  білім мен  біліктілікті  қалыптастыру.

Үйірме  жұмысындағы  нәтижеліктің  басты  белгілері  мұғалімнің  жеке  басының  білімділігі,  шеберлігі, өмір  танымы, өз  пәніне  шәкірттерін  иландырып,  қызықтыра  білуінде. Менімше, әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек.Оқушының сол уақытта ғана пәнге деген қызығушылығы артып, тіпті нашар оқитын оқушының бойында да бір қозғалыс болатынын байқадым. Өз әдістерімде қосымша әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, интернет ақпараттарын кең пайдаланамын. «Еңбектен аянбасаң, еңбегің жанады» деп ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін жерге тастамай, бағалауға оқушылардың сезіміне сіңіру, оқушыны табысқа жеткізу мұғалімнің еңбегі. Шығармашылық жұмыстардың білік деңгейіне көтерілуіне үйірме жұмыстарының қосар үлесі мол.Үйірмеде оқушылар өздері құрастырып жасалған еңбектері бағаланады  . Бұдан әр тұлғаның өз жетістіктері көрінеді. Жұмыстар ай сайын өтетін сайыстарға ұсынылып, көрмелерге қойылады.Бұл жас таланттың әрі қарай қанат жаюына үлкен жол ашады.                                                                                                                                    Альберх  Дюрер  айтқандай: «Сенің алдында  өнер  көп, соның  өзіңе  пайда  әкелетін  біреуін танда, оны  зертте,  қиындықтарына  бас  имей,  шыдамдылықпен  үйрен,  өзіңе  қуаныш  сезімін  алып  келетін  нәтижеге  қолың  жеткенше еңбектен». Осы  тұрғыдан  алғңанда  бір  өнерді игеру, оны  түсіну  жаңа  технология  бойынша  оқушылардың  білімі  мен  шеберлігін  арттыруға,  ой- санасының  дамуына  мүмкіндік  жасайды.

       Қазіргі  өркениетке  ұмтылған  қоғам  талабына  сай  еліміздің іргетасын  нығайтып, келешігін  жалғастыратын,  көкірегі  ояу,  саналы,  арманшыл  жастар  екені  даусыз.  Шығармашылық  қабілеті  дамыған,  өнер  тілін  түсінген, өмірде  бір  мақсатқа  қол  жеткізіп  үйренген  оқушы кез  келген  істе осы  қабілеттерін  қолданатын болады. Мұғалімдерден  қоғамның  талап  етіп  отырған  азаматтары  осындай қабілетті,  жан-жақты,  ұлтының  тарихын  білетін,  озық  ойлы  болуы қажет  деп  ойлаймын. Әр баланың ізденіс еңбегі жетістікке жеткізеді. Сондықтан да үйірме жұмыстарында олардың қызығушылығы мен ізденісі – бірінші орында және технология сабағында осы оқушылар әрқашанда кез келген тақырыпты бірден іліп әкетеді.

«Шебер қолдар» үйірмесіне қызығушылық танытып жүрген оқушылар көп. Шәкірттерімнің әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін.

     ШҚО Тарбағатай ауданы

    «Өкпеті» орта мектебінің

           технология пәнінің мұғалімі

                                   Башахов Болат Орынғазыұлы

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Үйірме жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруБілім беру бағдарламасының басты мақсаты – әрбір оқушығатүбегейлі білім беру, дәстүрлімәдениеттің негіздерін үйрете отырып,оларғақолайлы жағдай жасау. Мектептегі жүргізілетінтехнология сабақтарыныңміндетті бір саласы өскелең жас ұрпақтынкелешектебіркәсіпті меңгеруіне бағытталады. Қазіргі өркениетке ұмтылғанқоғамталабына сай еліміздіңдамығанелдермен қатартұруыжәнеұлтымыздың болашағы үшінзерделі, білімді,өз бетіменіс-әрекет етеалатын, қоғамдаөз орныболатыншәкірттердідайындауұстаздыңміндеті.Технология пәнініңмұғаліміөзініңлауазымдықміндеттеріне сайеңбекке баулудың, тәрбиелеудің әдістемесі мен бағдарламасынасәйкесбалалардыоқыту жұмыстарын жүргізеді. Білімалушылардыңеңбекке икемділігі мендағдысын,олардыпрактикада қолдануға дайындығынқалыптастыру. Мемлекеттік білімстандартынасәйкес технология пәнініңоқужоспары менүйірмематериалдарынқұрастырады. Соныменқатар,оқушылардыңтехникалықшығармашылыққа , ұтымды еңбекетуге жәнеөнертапқыштыққаұмтылысындамытып отыруықажет. Үйірме жұмыстарыныңміндеттері негізіненоқушының бойындағы біліктілік пентанымды, еңбексүйгіштікпенқарым-қатынастытәрбиелеу, үнемділік пенеңбек өнімділігінежетудіүйрету, шығармашылық пен оған деген белсенділікті арттыру, конструкторлық-технологиялық ой-өрістерін дамыту болып табылады.Ұстаздыңміндеті – оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт-бағдарберу, үйрету, қызықтыружәненәтижегеқол жеткізу, ынталандыру.Қажеткезіндеата-анаментығызбайланысорнатып, үйірмеге қатысыпжүргеноқушыныңжұмыстарын көрсетіп, бағытберіп,ақылдасуғаболады. Үйірмесабақтарыбасқапәндерсияқтытолықдидактикалықкезендерді қамтымай,мұғалім шеберлігінеқарамайнегізгеүш кезең: кіріспенегізгіжәнеқорытынды болып жоспарлануы мүмкін. Әсіресе үйірмегеқатысатыноқушыларғатаныммендағдынықалыптарстырубарысында теколардыңтехникағабайланысты сапалық білімдерінесүйеніпқана қоймай, басқапәндербойыншабілімдеріндамытуғаықпалынтигізеді. Мысалы металдардың ыстық немесе суықкүйндегі көлемініңөзгеретіндігі, үйкелісі, тозуы, т.б. физика пәніне қызығушылығын арттырады. Ағаштардың түрлері, олардың өсуі, қасиеттері биология пәнің жетікбілуге алып келеді.Үйірмежұмыстарының тиімдіөтуінекөбінекөпшеберхананың материалдық-техникалық базасы менмұғалімніңәдіскерлікжағдайдағы сапалы даярлығыөтемаңызды. Дайындықсыз өтілетінсабақтарға оқушыңың қызығушылығыбіріншікүні-ақ төмендеп кетеді. Оқушылардыңөз бетімен бос жүрісікөбейеді. Берілгенжүктемебомағандықтан, олардың түрлі әрекеттерменіс-қимылкөрсеткіштерінің сапасы болмайды. Осыданжасалатын қорытынды және мұғалімгеқойылатынбасты талап жан-жақтыталап.Жұмысты тиімдіұйымдастыруғаеңбіріншідаярлық типтікоқубағдарламасына сайжасалатынөздіккүнтізбелікжоспардан басталуы шарт. Жоспардағыәрбір өтілетінтақырыпқажете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктерінесәйкестігі, теориялық сағаттарыныңмөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімніңқосатыніс-әрекеттері менжаттығулары, оқу шеберханасының материалдық-техникалық базасы, оқу көрнекіліктерінің және құралдарының жеткіліктігіт.с.с. жағдайлар кеңінен зерделеніп барып жоспарғаенуітиіс.Соныменқатарқанша бала тақырыпты немесе іс-әрекетті игере алады, топтағы баланың құрамы белгілі болғандықтан, неше балаға мүмкіндікке қарай қосымша практикалық сағат, уақыт бөлу жағдайлары ескерілуі тиіс. Осылайша мұғалім шығармашылықтұрғыда өзіне қажетті әдістемелікқұралдардың тізімін жасай отырып, преспективалық-тақырыптық жоспар құрады. Сапалы жасалған жоспар келешек атқарылатын жұмыстарға жеңілдік әкеледі, нәтижеге қол жеткізе алады.Нақты жоспар бойынша жасалғанжұмыстар қандайда болмасын еңбек түрін, жұмыс тәсілін үйретіп, оқушыларға терең меңгертіп қана қоймай, осы іске деген үлкен құрметпенқарауға да көмегін тигізеді.Жалпыбаланыңақыл-ойын дамытып, адамгершілікке, іскерлікке баулу, жекеадамныңдамып жетілуіне қолөнердің әсері мол. Қолөнер арқылы баланы болашақ кәсіперлікке дедаярлауымыз керек. Жастайынан іспенайналысқандыұнататынбалаларды өнергебаулу, олармен жүйелі жұмыс жүргізіп отыруымыз негізгіміндетіміз.Қолөнергедеген қасиет – оқушының бойындағы дамыған сана белсенділігі, туа біткен қабілеті. Осы қабілет мектептегі үйірмелер арқылы саналуан ғылыми салалардан білім алу жәнетәжірибелі ұстаздардыңкөмегі арқылыашылады. Үйірме жұмысының нәтижесіндеүйірмеге қатысатын оқушылар басқа оқушыларға қарағанда анғұрлымтолық мағлұматтарғақанығып, шеберлігішындалып, ой-өрісі кеңи түседі. Үйірмеде оқушытек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліпқоймай, сонымен бірге оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына да өз ой-пікірлері мен ұсыныстарынайтуғадағдыланады. Осылайшабалалар әр түрлі шығармаларды зерттейотырып, бағаберумен өз бойларында келешеккәсіби ісінеқажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық бағалықасиеттерді қалыптастырады.Қазіргі өмір талабы-оқутәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Білім жүйесінің жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгертуі мұғалімдердіңкәсібишеберліктерін жаңартуды, шындауды талап етеді. Дамудың жаңа сатысына бағыталған мектептің еңнегізгіөзегімұғалімнің жекебасының ізденімпаздығы менбілімділігінекөпжағдайтәуелді. Дүниетану, білімге талпыну – әрбірадмныңтүбегейлі ісінің бірі. Егерәрбірадам білімгеталпынбаса, еңбектенбесеілгерібасу, прогрес те болмаседі. Сондықтан, ұлттықмәдениетті көтеретін, ұлттықпедагогикалықәдеп-ғұрыптарын,намысты, имандылық пен ізгілікті, жатәрекеттерге сынкөзбен қарайтын, ақпаратты жинап,саралай,тұжырымдайалатыноқушылардыдайындауымыз қажет. Олар жаңаойларға, идеаларға толы, күтпеген жерден пайдаболғанмәселелерге мағынаберіп, қажет ақпараттарды айта білулерікерек. Оқушыларкез-келгенжалпығатанымалақпараттарды сын тұрғысынаншығармашылықпенқарап,оныңұтымдыжақтарынтиімдіқолдануғатиісті. Мектепқабырғасындаүйірмеде жинақтаған іс-тәжірибесікелешекөмірінде көппайдасын тигізеалатындығыноқушыжете түсінгендеғана өзқабілетінашыпкөрсете алады.Қазіркез-келгенбаланыңқолынанұялытелефон, ноутбук,сандықфотоапаратжаңатехниканыигеріпқанақоймай,оныжөндеуге,қалпынакелтіругеде тырысады. Бұлбаланыңойлауқабілетінжан-жақтыдамытуды,шығармашылықізденісдағдыларынсынитұрғыдан қалыптастырудықажететеді. Қабілетті балабарлықкүрделіістердіөзішешеалатын, өзін-өзідамытаалатын дәрежегежетеалады. Олбосуақыттытиімдіпайдаланабілетінболады, пайдасыз,жағымсыз әрекеттердентартынады,өзінеқажетақпараттарды,құрал-жабдықтардыжинақтайбастайды,соныңнәтижесіндеаздаболсатабыстабаалатындығынасенеді. Қазіргіқоғамымыздарухани бай, тереңбілімді,өнердібағалап,зерттейбілетін, оныәріқарайжалғастырабілетін,танымдықбелсенділігіжоғарыбалалардытәрбиелепшығарумектептіңміндетті.Танымдықбелсенділік - жасұрпақтыңоқуға, өнердітанибілугедегенынта-ықыласыныңкөрінісі. Баланыңөнерді үйренуіне негізгітүрткініңбірі – қызығудытуғызудыүшін оқушыларғаберілетінбілімніңмақсатыменқажетінтүсіндіріп,оларғанақтыөнердің сатыларынүйретукерек. Үйренуге, оқуғабілугедегенқызығушылық – танымдықбелсенділіктінқозғаушысы. Әрбірұрпақтыжекетұлға етіптәрбиелеуүшін біліммен білігінесайоқубағдарламасынтандайотырып,олардыңжекешығармашылықмүмкіндіктеріндамытукерек. Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. Мектептегі үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден байқауға болады. Мектепте балаларды халықтық өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде қолданбалы өнер, ісмерлік үйірмесі үлкен еңбек етуде. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Асқан шеберлер көркем қолөнеріне басқаша шығармашылық көзбен қарап әдемі және де пайдалы заттарды жасай алады. Осы үйірмелер арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізіп жатырмыз.Осы мақсаттарды жүзеге асыруда «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі ретінде оқушылардың білімі мен шеберлігін қалыптастырамын.Үйірмежетекшісініңнегізгімақсаты – өзбетіншедамиалатынжекетұлғаныңбелсенділігінқалыптастыру,оқушыларғаөзбетіншетанымдықіс- әрекетәдістерімендағдыларынмеңгерту, ақыл-ойқабілетінжетілдіру. Онымақсатты жүзегеасыруүшінтөмендегіміндеттердішешукерек.-әр оқушыныңшығармашылықарнайыерекшеліктерінескеру;-оқушының белгілі бірөнертүрінедегенқызығушылығынарттыру;-имандылыққа, инабаттылыққа,ізеттіліккетәрбиелеубағыттарынжүзегеасыру;-оқушыныңжасерекшелігінескеру;-техникалықбілім менбіліктіліктіқалыптастыру.Үйірмежұмысындағынәтижеліктіңбастыбелгілерімұғалімніңжекебасыныңбілімділігі,шеберлігі, өміртанымы, өзпәнінешәкірттеріниландырып,қызықтырабілуінде. Менімше, әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек.Оқушының сол уақытта ғана пәнге деген қызығушылығы артып, тіпті нашар оқитын оқушының бойында да бір қозғалыс болатынын байқадым. Өз әдістерімде қосымша әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, интернет ақпараттарын кең пайдаланамын. «Еңбектен аянбасаң, еңбегің жанады» деп ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін жерге тастамай, бағалауға оқушылардың сезіміне сіңіру, оқушыны табысқа жеткізу мұғалімнің еңбегі. Шығармашылық жұмыстардың білік деңгейіне көтерілуіне үйірме жұмыстарының қосар үлесі мол.Үйірмеде оқушылар өздері құрастырып жасалған еңбектері бағаланады . Бұдан әр тұлғаның өз жетістіктері көрінеді. Жұмыстар ай сайын өтетін сайыстарға ұсынылып, көрмелерге қойылады.Бұл жас таланттың әрі қарай қанат жаюына үлкен жол ашады.Альберх Дюрерайтқандай: «Сенің алдындаөнеркөп, соныңөзіңепайдаәкелетінбіреуін танда, онызертте,қиындықтарынабасимей,шыдамдылықпенүйрен,өзіңеқуанышсезіміналыпкелетіннәтижегеқолыңжеткенше еңбектен». Осытұрғыданалғңанда бірөнерді игеру, онытүсінужаңатехнологиябойыншаоқушылардыңбіліміменшеберлігінарттыруға,ой- санасыныңдамуынамүмкіндікжасайды. Қазіргіөркениеткеұмтылғанқоғамталабынасайеліміздің іргетасыннығайтып, келешігінжалғастыратын,көкірегіояу,саналы,арманшылжастарекенідаусыз.Шығармашылыққабілетідамыған,өнертілінтүсінген, өмірдебірмақсатқа қолжеткізіпүйренгеноқушы кезкелгеністе осықабілеттерінқолданатын болады. Мұғалімдерденқоғамныңталапетіпотырғаназаматтарыосындай қабілетті,жан-жақты,ұлтыныңтарихынбілетін,озықойлыболуы қажетдепойлаймын. Әр баланың ізденіс еңбегі жетістікке жеткізеді. Сондықтан да үйірме жұмыстарында олардың қызығушылығы мен ізденісі – бірінші орында және технология сабағында осы оқушылар әрқашанда кез келген тақырыпты бірден іліп әкетеді.«Шебер қолдар» үйірмесіне қызығушылық танытып жүрген оқушылар көп. Шәкірттерімнің әлі талай жетістіктерге жетіп, шығармашылық шыңынан көрінеріне сенімдімін.ШҚО Тарбағатай ауданы«Өкпеті» орта мектебініңтехнология пәнінің мұғаліміБашахов Болат Орынғазыұлы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 150 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2020 12719
    • DOCX 19.5 кбайт
    • 205 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Брыляева Наталия Егоровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Брыляева Наталия Егоровна
    Брыляева Наталия Егоровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 90098
    • Всего материалов: 212

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 969 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 570 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 085 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек