Главная / Музыка / Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А

Білім беру саласы: Шығармашалық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка

Тақырыбы: «Менің туыстарым»

Мақсаты: музыкалық шығарманы тыңдап, қабылдауға, айырмашылықтарын ажыратуға үйрету. Әуенге әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке үлкен-кішіге деген сыйластыққа баулу.

Көрнекілік: Отбасындағы туыстар бейнеленген суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: алтыбақан, ұшбұрыш, қоңырау, металофон, бубен аспаптар.

Алдын ала орындалатын жұмыс: өз туыстары туралы әңімелеу, өлең-тақпақтар жаттау, жылы лебіз-тілектер айтуды үйрену. Туыстарына арнап қолдан сыйлықтар жас ау.

Сөздік жұмыс: алтыбақан.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық-

қозғаушылық

«Кел, билейік» әуеннің ырғағына еркін би қимылдарын жасайды. Би барысында секіртпелі қимылды, орын ауыстыру, бір қырымен бір аяқты келесі аяққа соға секіру қимылдарын қадағалау(боковой галоп). Санамақ айтып, көңілденуге шақырады.

Кел, санайық санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым-атам,

Балаң үйрек-әжем,

Ортан терек-әкем,

Шылдыр шүмек-анам,

Титтей бөбек-мен.

Отбасы туралы әңімелесу. Туыстарына өлең-тақпақтар арнау.

Атам маған әмәнда,

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге сөз берем.

(А.Асылбек)



Мейірімді апалар,

Балалар одан бата алар.

Қалтасына кәмпит сап

Немереге апарар.



Ойын: «Менің туыстарым».

Балалар шеңбер бойымен тұрғызып, бастаушы ортада тұрып, допты кез келген балаға лақтырады. Допты қағып алған бала отбасы немесе туыстары туралы өлең-тақпақ айтып, ән орындауына болады. Ойынға белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар көтеріңкі көңіл күймен би қимылдарын еркін орындап, ырғақты сезіне билейді.













Шеңбер бойына тұрып, санамақты саусақтарымен көрсете, сөздерін анықтап айтады.



































Ойын барысында өздері үйренген, білетін тақпақтарын, әндерін орындайды.

Допты ептілікпен қағып алуға тырысады.

Өз туыстары туралы білетін, жаттаған өлең тақпақтарын, әндерін айтып, ойынды қызықты өткізуге атсалысады.

Ұйымдастырушылық –

ізденістік

Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күншуақ,

Бізге қымбат анамыз.

(Ф.Оңғарысынова)



Ең сүйікті де, бізге ең жақын адам кім?

Неліктен анамызды күнге теңейміз?



Музыка тыңдау: «Жан анам»

Компазитор Е.Өміров туралы әңімелеу.

Шығармаларына тоқталу.

Дауыс жаттығуы: «Әдемі ән»

Жаттығуды орындағанда терең тыныс алып, дауыстарының бірқалыпты шығуын қадағалау.

«анашым» жаттығуында «а» дауысты дыбысын ауызды «дөңгелектете» айту тәсілімен айтқызу, таза айтуларына көңіл бөлу.

Ән үйрену:

«Екеуміз әйбат баламыз»

Әнді орындап, сипатымен көңіл күйі, мағынасы, мазмұны туралы сұрайды.

Ән қалай орындалады?

«Қаракөз»деген кім екен?

Сендер аналарыңа қалай көмектесесіңдер?

Әннің мәтінін үйреніп, әуенін еске сақтау үшін ырғақты шапалақпен көрсетулерін сұрайды.

Әуенді-қимылды ойын «Алтыбақан».

Алтыбақанға қыздарды қошетпен отырғызу, тербету ұлдарға тапсырылады.

Ән-ойынды көңілді, жарқын дауыспен орындауды ұсынады.













Ана















Әнді тыңдап, незік әуенді сипатын ажыратады.

Ән авторлары туралы естіп біледі.

Дауыс жаттығуын орындайды.

Дауысты дыбыстарды тазы және анық айтуға тырысады.

Әннің ойнақы, әрі жүрекпен сезініп, ән мазмұнын түсініп орындауға тырысады.











Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын жеткізеді.

Ән әуенін үйреніп, сөзін жаттауға, ырғақпен әндете үйретеді.

Ұлдар қыздарды алтыбақанға шақырып, отыруға көмектеседі.

Тербетіп, «Еркем-ай» әуенімен әндетеді.

Рефлекциялық-

түзетушілік

Анаң-күнің, жүрегің,

Әкең –өмір тірегің.

Ағаң-қамқор асқарың,

Інің –мөлдір аспаның,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Әжең-асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның,

Қарындасың-қанатың

Ел-Отаның жәннатың,

Сен бақытты ұлансың.

Бәрі саған қуансын.

(М.Қуанышбеков)

Туыстарымызды, ата-анамызды сыйлап, ардақтайық, балалар!

Туыстарына, ата-анасына арнаған жылы лебіздерін қайталайды.



Балалар өлең жолдарын қайталап, жаттап алуға талпынады.



Туыстарына сыйлықтарын дайындайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығармалардың айырмашылықтарын ажыратуды, әнді динамикасын сақтау орындауды.

Игереді: әнді әсерлене орындауды, ырғақтық динамикалық белгілерді қолдануды, ойын шарттарын сақтауды.

Меңгереді: ән мазмұнын тыңдап, әңгімелеуді, әкенге сәйкес мәнерлеп қозғалуды.









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары
  • Музыка
Описание:

Музыка сабағынан балабақшадағы балаларға арналған , Балбөбек, Қуыршақ ересек топтарына арналаған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

Мақсаты:музыкалық шығарманы тыңдап, қабылдауға айырмашылықтарын ажыратуға үйрету. Әуенге әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке үлкен-кішіге деген сыйластыққа баулу.

Автор Аубакирова Жанат Алмазовна
Дата добавления 24.05.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другое
Просмотров 815
Номер материала MA-067059
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓