Главная / Обществознание / Құқық туралы не білеміз?

Құқық туралы не білеміз?

hello_html_m6ec82ac8.gifhello_html_m27aa9155.gifhello_html_7cce02df.gifhello_html_40e69d58.gifhello_html_m1d0323c2.gifhello_html_43da8d71.gifhello_html_mfedc0af.gifhello_html_6d1d0107.gifhello_html_599c20f6.gifhello_html_21e5a43f.gifhello_html_m6976d987.gifhello_html_12e53852.gifhello_html_mea4f08c.gifhello_html_m530cb20.gifhello_html_45b85388.gifhello_html_4afc5b32.gif

Құқық туралы не білеміз?
Мақсаты: оқушыларға құқықтық білім беру,құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру

Түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, мемлекеттік рәміздер, презентация


Жүру барысы:

І.Психологиялық тренинг

ІІ. Құқық туралы жалпы түсінік

ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым (Оқушы құқығы)

IV. «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

V. Жалғасын тап (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)

VI. Қорытынды

Қолыңда болса бір билік,
Қарғаға залым болмаңыз.
Алдыңа келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз.
/Төле би./
«Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану – шөлге жауған жаңбырдай қайырымды» /385 - хадис Мұхамбет Пайғамбар/


І Психологиялық тренинг

Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастар ыңызды ізглендіру мақсатында тренинг өткізгенді дұрыс деп шештім

1.Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, келесі топқа бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.

2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)


ІІ Құқық туралы жалпы түсінік

Кішкене тарихи шегініс жасайық. 15 ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1718) болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.

Қасым ханның қасқа жолы.
- мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);
- қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, -қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);
- елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);
- жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері).

Есім ханның ескі жолы Қасым заңдарының кейбір жеріне толықтырулар енгізген. Кісі өліміне, ұрлық-зомбылық жасағандарға айып салған. Ақсүйектерді кекетсе бәленбай мал төлеген, тағысын тағы сондай...

Сондай - ақ, қазақ даласында Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері арасында бір заманда өмір сүрген және өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Міне, балалар өздерің байқап отырғандай
құқық дегеніміз – заң рұқсат ететін адам табиғатына, жаратылысына сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.
ҚР - ң Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Конституция латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым» деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы - адамның құқықтары, бостандықтары, қадір - қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы.

ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады.

Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. Екі бөлім 54 баптан тұрады.


ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым.

Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді

1. Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

2. Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы

Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.

3.Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

4.Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.

Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер,қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек

(оқушылар өз міндеттерін айтады)

Оқушылар толық мағлұмат алу үшін құжаттар туралы түсінік беру. Оқушылар пікірін білу үшін құжаттар суретін көрсету арқылы тапсырманы орындау

ІҮ. «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

1-жағдаят

Алмат: Айболат бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?

Айболат: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайык, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?

Алмат: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.

Айболат: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.

Алмат: Бекжол, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.

Бекжол: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.

Айболат: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.

Бекжол: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.

Алмат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме.?

Айболат: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?


Ү.Жалғасын тап(мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)

  1. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

  2. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

  3. Ұрлық түбі ... (қорлық)

  4. Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)

  5. Тура биде ... (туған жоқ)

  6. Досы көпті жау алмайды....( ақылы көпті дау алмайды)

  7. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

  8. Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)

  9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

1-топ

Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады, 
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

2-топ

Шыңдық бар жерде өтірік байқап жүреді, 
Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді.

3-топ

Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың, 
Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың.

Қорытындылау

жеке басының бостандығына

еңбек етуге

демалуға

білім алу

Азамат құқығы ар - ожданды сақтау өмір сүру
жеке меншік иесі болуға

денсаулығын сақтауға

тұрғын үй иесі болу

ойды еркін айту

Конституция мен заңдарды сақтау

адамдардың құқығын, бостандығын,

қадір - қасиетін құрметтеу

Азаматтың негізгі міндеттері ҚР - сын қорғау

рәміздерді құрметтеуге

салықтарды төлеуге

табиғатты сақтау


Оқушылар «Көк тудың желбірегені» әнін орындайды









Дөңгелек үстел

Тақырыбы: Құқық туралы не білеміз?















Құқық туралы не білеміз?
  • Обществознание
Описание:

Мақсаты: оқушыларға құқықтық білім беру,құқықтық тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты қалыптастыру, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру

Түрі: дөңгелек үстел

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, мемлекеттік рәміздер, презентация

 

Жүру барысы:

І.Психологиялық тренинг

ІІ.  Құқық туралы жалпы түсінік

ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым (Оқушы құқығы)

IV. «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

V.  Жалғасын тап (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)

VI. Қорытынды

                              Қолыңда болса бір билік,
                              Қарғаға залым болмаңыз.
                              Алдыңа келсе бітпес дау,
                              Әділін айтып қорғаңыз.
                                                                            /Төле би./
    «Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану – шөлге жауған жаңбырдай қайырымды»       /385 - хадис Мұхамбет Пайғамбар/

 

І Психологиялық тренинг

   Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастар ыңызды ізглендіру мақсатында тренинг өткізгенді дұрыс деп шештім

    1.Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, келесі топқа бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.

    2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек) 

 

ІІ  Құқық туралы жалпы түсінік

  Кішкене тарихи шегініс жасайық. 15 ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскери тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оларға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1718) болды. Бұл құқық нормалары жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті жарғысы» деп атаған.

      Қасым ханның қасқа жолы.
- мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);
- қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, -қара қазан, ердің құны, тұлпар ат);
- елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);

Автор Ешпанова Гулдана Орынбасаровна
Дата добавления 04.03.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Планирования
Просмотров 1828
Номер материала 57477
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓