Главная / Информатика / Windows жүйесінің стандартты программалары

Windows жүйесінің стандартты программалары



Оқытушы: С.С.Бекенова

Пән:

ЭЕМ программамен қамтамасыздандыру

Топ:

2аКБ

Уақыты:

25.02.11

Сабақтың тақырыбы:

Windows жүйесінің стандартты программалары

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық: студенттерге Windows жүйесінің стандартты программалары жөнінде білім беру арқылы өз бетімен стандартты программаларда жұмыс істеу білігін қалыптастыру, дәстүрлі (қағаздық) және жаңа ақпараттық технологияларды (электрондық) пайдалану арқылы ақпарат көздерін іздеуге баулу, өз әрекетінде ақпаратты өңдеу, талдауға меңгерту.

Ә) проблеманы шешу: Windows жүйесінің стандартты программаларымен жұмыс істеудегі проблемалардың себебін айқындау, оны шешуде жинақталған білік пен дағдыны пайдалану, өз әрекетін бағалау мен талдау, өз идеясын ұсыну қабілеттерін дамыту, студенттің өзіне деген сенімділігін арттыру, әрбір студенттің шығармашылық әрекеті негізінде өзіндік дамуды жүзеге асыру, практикалық сипаттағы оқу мәселелерін шешу жолымен материалдарды талдауға үйрету

Б) коммуникативтік: қойылған мақсатқа жету үшін өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру, ораторлық қабілеттерін дамыту, студент бойында коммуникативті құзыреттіліктің формаларын қалыптастыру және дамыту, коммуникативтік мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

ұжымдық және топтық оқыту;

ынтымақтастық технологиясы;

интерактивті оқыту технологиясы;

АКТ(интернет-технология, мультимедиа-технология, желілік технология).

Сабақтың әдісі:

әңгімелесу, проблемалық, анализ және синтез, абстрактілеу және нақтылау, салыстыру, ұғымды анықтау және түсіндіру, негізгіні бөлу, интерактивті оқыту әдістері ("өрнекті ара", броундық қозғалыс, карусель, миға шабуыл, есептеу ағашы)

Пәнаралық байланыс:

математика, қазақ тілі, бейнелеу өнері

Оқыту құралдары:

Техникалық: компьютер, интерактивті тақта, видеопроектор, қаламдар

Программалық: MS Windows операциялық жүйесі, MS Windows ОЖ стандартты программалар тобы, MS Office пакеті, ActivStudio

Дидактикалық: үлестірме қағаздар, презентациялық материалдар, видеороликтер т.б.




Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

hello_html_m2a090114.png

  • Амандасады;

  • Жоқ студенттерді анықтайды;

  • Студенттердің сабаққа дайындығын тексереді;

  • Көрнекі құралдар, интерактивті тақта, қаламдар, т.б. дайындығын тексереді.

  • Топты 3-ке бөлінеді.

  • Әрекет ритміне тез қосылады және сабаққа назар аударады;

  • Сабаққа құрал-жабдықтарын дайындайды.







Оқушы сабақта жұмыс істеуге дайындалады, оқушы бойында коммуникативті құзыреттіліктің вербальды емес формалары қалыптасады және дамиды.

ІІ.Өткен материалды қайталау

Өткен материалды қайталау мақсатында тақтада берілген тапсырмаларды орындатады:

hello_html_m2110b9db.pnghello_html_917e34d.png





hello_html_5af00f89.png


hello_html_m2b49ff7c.png

hello_html_78527c60.png

hello_html_m7211d07f.png


Тақтада тапсырмалар орындайды. Оқушының үлгі-жауаптары:

hello_html_m5cefbcd8.pnghello_html_7fc0512d.png


hello_html_54e9933f.png

hello_html_m727654bc.png

hello_html_27c7f7a.png

hello_html_m149a9341.png

Оқушы сөйлемдерді сауатты құрады, өз ойын қарапайым және анық жеткізеді.

Жинақталған білік пен дағдыны пайдалану арқылы өз ойын тұжырымдайды.

Студенттер өзіндегі ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды.


ІІІ. Жаңа материалды оқып-үйрену


Проблемалық жағдай туғызып, оқушыларға жаңа тақырыпты өз бетімен игеруді ұсынады.

hello_html_m219dfa38.png

Жаңа тақырып бойынша ақпаратты берілген ақпарат көздерінен жинайды.

hello_html_m5b7af7a3.png

мәселенің себебін айқындау, терең талдау, өзбетіндік қорытынды шығару деңгейіне шығады, өзіндік даму жүзеге асады.

дәстүрлі (қағаздық) және жаңа ақпараттық технологияларды (электрондық) пайдалану арқылы ақпарат іздей біледі, ақпаратты өңдейді, талдайды.

Қойылған мақсатқа жету үшін топпен жұмыс істей алады.

ІV. Оқылған материалды баяндау

Оқушылардың жинақтаған материалдары бойынша баяндауын талап етеді.

hello_html_m65515f57.png


Берілген сұрақтарға теориялық тұрғыдан жауап береді.

Оқушының үлгі-жауабы:

  • Windows жүйесінің стандартты программалары қарапайым есептеу, жазу, сурет салу, т.б. мүмкіндіктерді жүзеге асырады;

  • Windows жүйесінің стандартты программалары: Блокнот, Калькулятор, Картотека, Сағат, Күнтізбе, Терминал, Медиаплеер, WordPad, Paint т.б.

  • Блокнот – ең қарапайым мәтіндік редактор, кәдімгі блокноттың компьютерлік баламасы.

  • т.б.


Өз ойын қарапайым және анық жеткізеді.

Жинақталған білік пен дағдыны пайдалану арқылы өз ойын тұжырымдайды, ораторлық қабілеті шыңдалады.


V. Машық жұмысы

Машық жұмысына тапсырмалар береді.

hello_html_72dbf500.png


hello_html_m30636131.png


hello_html_m55bd45bf.png


hello_html_m652792dc.png


Машық жұмыстарын орындайды.

hello_html_m6ab781df.png


hello_html_67c3302d.png


hello_html_3ea089fe.png


hello_html_24426a07.png

Студенттің өзіне деген сенімділігі артады.

Ақпаратты өңдейді, талдайды.

Студент өзін басқалармен тең дәрежеде ұстайды, компьютерде жұмыс істеу дағдысы артады.


VІ. Жаңа материалды бекіту

Жаңа материалды бекіту үшін автоматтандырылған тест тапсырмаларын орындауды ұсынады.

hello_html_m1518191b.png

Тест бағдарламасы бойынша тест тапсырмаларын орындайды. Нәтиже автоматты түрде шығарылады.

Студенттің өзіне деген сенімділігі артады.

Ақпаратты өңдейді, талдайды.

Өзіндік бағалау жүзеге асады.



VІІ. Бағалау

Сабақтың әр кезеңінде жиналған ұпайлар арқылы қай топтың жеңгені анықталады. Сол сияқты әрбір студент өз жинаған ұпайы бойынша бағаланады.hello_html_m2f9ccd0a.png


Өз бағаларын есептеп шығарады.

hello_html_m6c7a579e.png

Студент өзін сынай, бағалай білуге үйренеді, өзіне деген сенімділігі артады.

Ақпаратты өңдейді, талдайды.


VІІІ. Үйге тапсырма

Білімді әрі қарай дамыту және әрі қарай оқуға бағытталған үй тапсырмасын хабарлайды, оны орындау әдістемесін түсіндіреді: hello_html_4e5cbf09.png

Үй тапсырмасын жазып алады, оны орындау әдістемесін түсінеді.

Мәселенің себебін айқындау, өзіндік даму жүзеге асады,

ақпарат іздеу көзін жобалайды.

Қарым-қатынастағы адамның коммуникативті әрекетін қабылдау мәдениеті артады.


ІХ. Қорытынды

  • Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама береді;

  • Жетістіктерді марапаттайды, кемшіліктерді ашады, олардың алдын алу жолдарын көрсетеді;

  • Сабақты қорытындылайды: hello_html_78bf5491.png

  • Оқытушы сөзіне назар аударады;

  • Сабақты ойша зерделейді;

  • Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды;

  • Жұмыс орнын жинайды;

  • Оқытушымен қоштасады.

Өз кемшіліктерін мойындау, сынды қабылдау, өзіндік даму жүзеге асады.

өз бетімен ақпараттық әрекеттің түрлерін тиімді жүзеге асырады.

Қарым-қатынастағы адамды тыңдай, сыйлай біледі.




Windows жүйесінің стандартты программалары
  • Информатика
Описание:

А) ақпараттық:студенттерге Windows жүйесінің стандартты программалары жөнінде білім беру арқылы өз бетімен стандартты программаларда жұмыс істеу білігін қалыптастыру, дәстүрлі (қағаздық) және жаңа ақпараттық технологияларды (электрондық) пайдалану арқылы ақпарат көздерін іздеуге баулу, өз әрекетінде ақпаратты өңдеу, талдауға меңгерту.

Ә) проблеманы шешу:Windows жүйесінің стандартты программаларымен жұмыс істеудегі проблемалардың себебін айқындау, оны шешуде жинақталған білік пен дағдыны пайдалану, өз әрекетін бағалау мен талдау, өз идеясын ұсыну қабілеттерін дамыту, студенттің өзіне деген сенімділігін арттыру, әрбір студенттің шығармашылық әрекеті негізінде өзіндік дамуды жүзеге асыру, практикалық сипаттағы оқу мәселелерін шешу жолымен материалдарды талдауға үйрету

Б) коммуникативтік:қойылған мақсатқа жету үшін өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру, ораторлық қабілеттерін дамыту, студент бойында коммуникативті құзыреттіліктің формаларын қалыптастыру және дамыту, коммуникативтік мәдениетке тәрбиелеу.

Автор Бекенова Сандугаш Сагиндиковна
Дата добавления 10.01.2015
Раздел Информатика
Подраздел
Просмотров 865
Номер материала 51675
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓