Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыВоспитательный урок на тему "Отбасы - тәрбие бастауы" (7 класс)

Воспитательный урок на тему "Отбасы - тәрбие бастауы" (7 класс)

Скачать материал

Сабақтың   тақырыбы:  «Отбасы – тәрбие бастауы»

 

Сабақтың мақсаты:   

                                               

1.    Білімділік: Оқушыларға отбасы туралы  мәліметтер бере отырып, ата-ана  мен  мектеп  арасындағы  байланысты  күшейту.

2. Дамытушылық:  Отбасы туралы түсініктерін қалыптастырып, шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.

3.  Тәрбиелілік: Жанұядағы сыйластықты, адамгершілікті, күшейте білуге тәрбиелеу.

 

Мамұны:

І  Кіріспе:

 

ІІ Негізгі  бөлім:
А) «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»

Ә) «Жүректен жүрекке»

Б) «Тығырықтан шығу»

В) «Сергіту  сәті» (мақал-мәтелдер)

 

ІІІ Қорытынды:

 


                                                                Кіріспе

 

Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

  Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

           

 

                    Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – солардан.

 

                      ІІ Негізгі  бөлім:

1. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» (Оқушылар  өз  ойларын  жазады.)

Отбасы
 

 

 


                                                                                                                                         

 

 

 

 

 

 


2.Мектеп туралы ой-пікірлерін айтады.

 


                                                                                                                                                              

Мектеп
 

 

 

 

 

 

 


       

 

 

 

 

                                          Ә) «Жүректен жүрекке»

 

Жақын адам, жанашыр адам. Қандай жақсы ұғымдар.Бұл сұрақ өте оңай,қарапайым сияқты көрінеді.Ойланып,толғанып,нақты жауап іздей бастасаң,бұлардың оңайлығы да,қарапайымдылығы да сағымдай бұлдырып,алуан ойлардың жетегіне әкетеді. Кейде біз жақын,жанашыр адам дегенде айналамызға төңірегімізге қарамай,әлде бір алыстан іздеп,бөгде бөтен жаққа көз тігетініміз бар. Қасымыздағының бәрі қарапайым,елеусіз ешқандай кереметі жоқ дегендей қомсынамыз ба,қайткенде,оны аттап өтуге бейім тұратынымыз бар.Шынында бағдарлап,бағалап көре білсек, әлгі біз іздеп жүрген кереметтердің бәрі тап өзіміздің қасымызда,көз алдымызда болып жатады.

Айтып жүрген жақсы адамдарымыз жанымызда,өз арамызда жүреді. Бұл жерде айтайын деп отырғанымыз-біздің айналамыздың,өміріміздің тамаша адамдарға толы екендігі. Тек соларды көріп,танып,құрметтеп,сүйе білу керек екен. Ендеше біздің қасымызда да мейірімді, қарапайым, адал, жақын, жанашыр азаматтарымыз бар екендігін ұмытпайық.

 (Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін арнайды.)

 

 

 

  

                                           Б) «Тығырықтан шығу»

 

1.     Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

2.     Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?

3.     Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді. Сен не істейсің?

4.     Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

 

                                     В) «Сергіту  сәті»  (мақал-мәтелдер)

 

Атаның баласы болма,

     Адамның баласы бол.

 

     Анаңа ауыр сөз айтпа,

          Артыңа ауыр жүк артпа.

 

     Балалы үй базар,

          Баласыз үй қу мазар.

 

          Ұяда не көрсең,

          Ұшқанда соны ілерсің.

 

Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

 

          Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.

    

Қорытындылау:   Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.  Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Бүгінгі «Отбасы – тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!



 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательный урок на тему "Отбасы - тәрбие бастауы" (7 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: «Отбасы – тәрбие бастауы» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға отбасы туралы мәліметтер бере отырып, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты күшейту. 2. Дамытушылық: Отбасы туралы түсініктерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелілік: Жанұядағы сыйластықты, адамгершілікті, күшейте білуге тәрбиелеу. Мамұны: І Кіріспе: ІІ Негізгі бөлім:А) «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» Ә) «Жүректен жүрекке» Б) «Тығырықтан шығу» В) «Сергіту сәті» (мақал-мәтелдер) ІІІ Қорытынды: Кіріспе Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 614 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2020 232
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бобович Ольга Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бобович Ольга Александровна
    Бобович Ольга Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76477
    • Всего материалов: 206

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 794 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 967 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 118 человек

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека