Главная / Другое / Воспитательный урок на тему: «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»

Воспитательный урок на тему: «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты

1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған

 Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу;

ә) Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту , Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу.

Жүргізілу барысы

Көк Ту - ән.(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)
Залдағы қонақтарды тұрғызу.

Мемлекеттік әнұранын айту.
1-жүргізуші:

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

2-жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
1-жүргізуші:

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
2-жүргізуші:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасыныңеңбегіменнұрлана
Қазағымныңмерейітұраспандап.
1-жүргізуші:

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
2-жүргізуші:

Бүгінгі мереке 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналып отыр. Сөз кезегін тұңғыш президент кабинет меңгерушісі Садуакасова Меруерт Азатовнаға беріледі 1 жүргізуші:

Ең алдымен бізге қонаққа Есік қорғанынан табылған қазақ тарихының «алтын » куәгері Алтын адам келе жатқанын айтамыз.Қазіргі айтылатын мәліметтерге мән беріп отырыңыздар. Алтын адамның сұрақтары да сол туралы болады.

Елбасының  жүрген жолына саяхат жасау –ол әрине, балалық шағынан бастау алады.

2-жүргізуші:

Ендеше, бала Сұлтанның қандай болғанына назар аударайық. Елбасының балалық шағы

Албосынов Назар.1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.(1-слайд)

Тойбек Батырхан.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». (2-слайд)

Талапқызы Мадина.Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. (3-слайд)
Дәулетқасым Шуақ.Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. (4-слайд)
Қалтай Аслан.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. (5-слайд)
1-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
2-жүргізуші:

Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Бүгін біз Елбасымыздың өмір жолы мен қызметтері туралы сөз қозғаймыз. Өздеріңе қосымша дайындалуды тапсырғанмын. Кім қандай мәлімет жинастырды?

Темірбек Аймара..Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Мына табельдерінен метептегі оқу үлгерімін қарауға да болады.

Нәсілбек Меруерт.Ал қандай істермен айналысқанды ұнатты екен?

Кемелханова Бағжан.Ол кісі күрес үйірмесінде болды. Домбырамен ән айтқанды жақсы көреді. Атқа жақсы шабады.

Күзенбай Назерке.1960 жылы Украинада техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын бітірген.

1-жүргізуші. Сонда біздің елбасы темір балқытушы болған ба?

Ғалымжанқызы Ғалия.Ия, дұрыс айтасың 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды,партком хатшысы болды.

2 жүргізуші Партком деген не?

Қозыбайқызы Арай Партия мемлекет пен адамдарды бірлестіретін ұйым. Партком сол партиядағы жұмыс. Сол кезде жақсы жұмысшылар партия хатшылары болған. Ал анау, партия билеті. Түсінікті ме?

1 жүргізуші Елбасымыз Әр түрлі қызметті жақсы атқарып, соңғы жылдары

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. Осы жылы  — Қазақ КСР президенті болды.

2 жүргізуші -Дұрыс айтасыңдар, 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. Бүгінгі сабақ жемісті болды, рахмет.

1-жүргізуші:

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.

1-жүргізуші:Ия, Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды. Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана.

Астана туралы тақпақтар.

Назерке

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Айна

Жаңарып ай,жылдарым, жаңарып күн, 
Жаңғырып есімдері сан алыптың.
Күн шуақты Астана бой көтерді, 
Белгісіндей бейне бір даналықтың. 

Батыр

Астанам - бағы биік асқарымсың, 
Астанам – мәнгі жарық аспанымсың,
Астанам пейіш қалам,ел арманы, 
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым. 

Батырхан

Ғұмыр ойы күресіп қайран бабам, 
Осы күнді аңсаған, армандаған.
Сарыарқаның төсінде бой көтерді. 
Қазақтың Астанасы – арман қалам!

1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

2-жүргізуші:

Біздің Отанымыз қазір қалыптасу кезеңінде. Ал, біз жарқын болашақтың ұрпақтарымыз. Олай болса, біз - «Мен Қазақпын» -, деп  мақтанатын ұрпақтармыз.

«Жаса Қазақстан!» әніне құлақ салыңыздар.

1, 2-жүргізуші:

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын!

Елімнің ел ағасын халқы қолдап,

Қазақстан жеріміз аман болсын!

Ән «Атамекен».                       

1, 2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

  • Другое
Описание:

Автор Садуакасова Меруерт Азатовна
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 301
Номер материала MA-065482
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓