Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыВнеурочное мероприятие на тему "Арайлы алтын күз"

Внеурочное мероприятие на тему "Арайлы алтын күз"

Скачать материал

 

 

Тақырыбы: Күз басы – береке.

Мақсаты:  Оқушылардың санасына  күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін жеткізу. Күз ғажайыптары туралы қосымша мәлімет беру.Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту,

табиғатты аялап қорғауға, ұйымшылдыққа, еңбекке  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер

 

Жүрісі.

Ұйымдастыру

Кіріспе.

    Міне,табиғат ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялып, қамбамыз астыққа толып, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.Молшылыққа толы берекелі «Алтын күз» мерекесі баршаңызға құтты болсын.Бүгінгі біз «Арайлы алтынкүз» атты мерекемізді сайыс түрінде тамашалаймыз.

         Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

         Үлкен кіші жасымыз бәрімізде.

         Төрлетіңдер қадірменді сайыскерлер,

         Гүл- гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Жоспары:

Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)

Күз тапсырмасына көркем сөз оқу (қатысушының екеуі де мәнерлеп оқуы керек)

Өнер сайысы (екеуінің де өнері  тамашаланады)

Мерекелік дастархан мәзірі (күзгі өнімдерден үйден дайындап әкелуі керек)

Үй  тапсырмасы (күзгі жапырақтардан аппликация жасау)

Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)

Білгенге - маржан (сұрақ-жауап)

1-жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.


Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

Келтіретін ардайым сезім күйін,

Көресіздер қызықтың неше түрін

Әншінің анықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.


2-жүргізуші:

    Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық.


 

Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат көрген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн бар ма байлығын ол тегін берген!?

Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,

Кеттік те қызу істі дереу бастап

Астық жеміс, мақтасын …. – бар байлығын


Алып қалдық еңбекке айырбастап.


    Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

1-жүргізуші:

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Әділ қазы алқалармен таныстырып,

Кетейінші осы отырған баршаңа, - дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.

2-жүргізуші:

Қош келдіңіз көрермен,

«Күзгі бал» сын-кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шаткүлкігебөлене.

Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз

Құттыболсынмереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.

1-жүргізуші:

Күз келіп, хан мен ханшайым

Өткізді күзгі бал айын

Ханшайым тапқыр қыз болды,

Ағызар сөйлеп сөз майын

Ал ханымыз ақылды,

Барша жұртты шақырды

Би дебилеп, әнайтты,

Қуаныштан шалқыды.

Ханшаларымыз бен ханзадаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік.

2-жүргізуші:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Хархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі бал мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыздың екеуі де күз тақырыбына көркем сөз оқиды. Құрметті әділ қазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлеу шеберлігіне, жүріс-тұрысына да қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді.  Әділ баға беретін әділ қазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

1-жүргізуші:Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызылмидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпас,

Әрқашан дананымзы

Сол шындықты күнделікті,

Көріп жүрміз өмірден

Өнерімен танысайық,

Тілекші боп көңілден.

2-жүргізуші:Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық біздің мектептің ханшалары мен ханзадаларының арасында әншілер де, бишілерде бар екен. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Көркем сөз оқу бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.

1-жүргізуші:Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақынағаларымыз тебірене жырлаған.

Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып.

Келесі бөліміміз мерекелік дастархан мәзірі деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, ханшаларымыз өз салаттарымен таныстырып өтсін. Саусағынан бал тамған ханшаларымыздың ас мәзірлерімен танысып болсақ, әділқазылар алқасынан өнер сайысының бағасын сұрасақ.

2-жүргізуші:Қараңдаршы көз тоймас, күз деген бір жақсы уақыт

Ой да, қыр да, таудың іші,

Бір молшылық жатқан шалқып,

Ал, балалар, кімбіледі,

Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

«Алтын күз» деп, біз айтамыз сол үшін де,

Сары алтындай сары қауын,

Көп піскен соң бақ ішінде. Ал енді  сайысымыздың бесінші бөліміне кезекберейік.

О заманда қазақ өнер сырын,

«Өнер жастан» жаныңдар

Шақырған сайыстарға бірі-бірін

Өнерпаздар – дарындар

Көрейік тамашалап, көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қол өнерін.

 «Үй тапсырмасы» бөліміде қатысушыларымыз  күзгі жапырақтардан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген жапырақтарымен таныстырсын. Сүйкімді сайыскерлеріміздің қолөнерін тамашалап болсақ, әділ баға беретін әділқазылар алқасынан мерекелік дастархан мәзірінің бағасын көрсетсеңіздер екен

1-жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.

Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.

Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.

Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек, сайыскерлеріміздің жапырақтардан жасаған аппликацияларының бағасын көрсетсеңіздер екен.

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол нәріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

2-жүргізуші:Келесі бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады. Мұнда конверттегі сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)

Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да біржеңіс, жанболсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Күз басы -береке» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеурочное мероприятие на тему "Арайлы алтын күз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Күз басы – береке. Мақсаты: Оқушылардың санасына күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін жеткізу. Күз ғажайыптары туралы қосымша мәлімет беру.Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, табиғатты аялап қорғауға, ұйымшылдыққа, еңбекке тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер Жүрісі. Ұйымдастыру Кіріспе. Міне,табиғат ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялып, қамбамыз астыққа толып, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.Молшылыққа толы берекелі «Алтын күз» мерекесі баршаңызға құтты болсын.Бүгінгі біз «Арайлы алтынкүз» атты мерекемізді сайыс түрінде тамашалаймыз. Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, Үлкен кіші жасымыз бәрімізде. Төрлетіңдер қадірменді сайыскерлер, Гүл- гүл жайнап мына біздің төрімізге. Жоспары: Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады) Күз тапсырмасына көркем сөз оқу (қатысушының екеуі де мәнерлеп оқуы керек) Өнер сайысы (екеуінің де өнері тамашаланады) Мерекелік дастархан мәзірі (күзгі өнімдерден үйден дайындап әкелуі керек) Үй тапсырмасы (күзгі жапырақтардан аппликация жасау) Сән үлгісі (өз шығармашылықтары) Білгенге - маржан (сұрақ-жауап) 1-жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық. Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, Көңілді серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын. Көңіл қойып, құлақ салыңыздар! Үнсіздік орнап тына қалыңыздар! Бүгінгі біздің бағдарламамызда: Келтіретін ардайым сезім күйін, Көресіздер қызықтың неше түрін Әншінің анықтаған әнін естіп, Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп. Осылай бәрі-бәрі болып жатса, Мақсатқа қалар едік біз де жетіп. 2-жүргізуші: Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық. Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген, Жылауық бұлттары бар қанат көрген. Күз келді мезгілінде арқаланып, Күн бар ма байлығын ол тегін берген!? Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ, Кеттік те қызу істі дереу бастап Астық жеміс, мақтасын …. – бар байлығын Алып қалдық еңбекке айырбастап. Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді. 1-жүргізуші: Күз мейрамы құтты болсын баршаға, Күздің сәні келіп қапты ортаға. Әділ қазы алқалармен таныстырып, Кетейінші осы отырған баршаңа, - дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін. 2-жүргізуші: Қош келдіңіз көрермен, «Күзгі бал» сын-кешіне Отырыңыз қол соғып, Шаткүлкігебөлене. Көбейді құт-береке, Астық толы қоймамыз Құттыболсынмереке, «Алтын күзді» тойлаймыз. Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын. 1-жүргізуші: Күз келіп, хан мен ханшайым Өткізді күзгі бал айын Ханшайым тапқыр қыз болды, Ағызар сөйлеп сөз майын Ал ханымыз ақылды, Барша жұртты шақырды Би дебилеп, әнайтты, Қуаныштан шалқыды. Ханшаларымыз бен ханзадаларымызды танып білсек сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік. 2-жүргізуші: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Хархандықты қазаққа дала берген секілді Еркелікті, ерлікті желден алған секілді Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі бал мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыздың екеуі де күз тақырыбына көркем сөз оқиды. Құрметті әділ қазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлеу шеберлігіне, жүріс-тұрысына да қарап отырыңыздар, бағалауға бұл да кіреді. Әділ баға беретін әділ қазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен. 1-жүргізуші:Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын, Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын Ағашта жапырақтар сылдырлайды, Төгілген алтын теңге сансыз жалқын. Сары алтын батсайыдай дала мидай, Үйілген мая-мая қызылмидай Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан, Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер Асыл тастан, өнер жастан, Шығады деп дарынды. Халық айтса, қалт айтпас, Әрқашан дананымзы Сол шындықты күнделікті, Көріп жүрміз өмірден Өнерімен танысайық, Тілекші боп көңілден. 2-жүргізуші:Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық біздің мектептің ханшалары мен ханзадаларының арасында әншілер де, бишілерде бар екен. Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Көркем сөз оқу бөлімінің бағасын берсеңіздер екен. 1-жүргізуші:Алтындай сылдырлайды күздің үні, Жібектей майда шуақ алтын күні. Биылғы мерекелі нұрлы күздің тамаша бірдей сұлу күн мен түні Сондықтан биылғы күз мерекелі, Байлығы өте-мөте берекелі Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол, Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақынағаларымыз тебірене жырлаған. Көрсетеді өнер әр салада сайысып, Қимылдары жүргендей бір жай ұшып Мерекелік ас мәзірін жасапты, Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз мерекелік дастархан мәзірі деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, ханшаларымыз өз салаттарымен таныстырып өтсін. Саусағынан бал тамған ханшаларымыздың ас мәзірлерімен танысып болсақ, әділқазылар алқасынан өнер сайысының бағасын сұрасақ. 2-жүргізуші:Қараңдаршы көз тоймас, күз деген бір жақсы уақыт Ой да, қыр да, таудың іші, Бір молшылық жатқан шалқып, Ал, балалар, кімбіледі, Неге айтамыз «Алтын күз» деп? «Алтын күз» деп, біз айтамыз сол үшін де, Сары алтындай сары қауын, Көп піскен соң бақ ішінде. Ал енді сайысымыздың бесінші бөліміне кезекберейік. О заманда қазақ өнер сырын, «Өнер жастан» жаныңдар Шақырған сайыстарға бірі-бірін Өнерпаздар – дарындар Көрейік тамашалап, көрермендер, Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қол өнерін. «Үй тапсырмасы» бөліміде қатысушыларымыз күзгі жапырақтардан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген жапырақтарымен таныстырсын. Сүйкімді сайыскерлеріміздің қолөнерін тамашалап болсақ, әділ баға беретін әділқазылар алқасынан мерекелік дастархан мәзірінің бағасын көрсетсеңіздер екен 1-жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен, Әр сұлу әсем болар өз жанымен Өз қолынан шығарған киім үлгісін Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі. Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық. Сымбатты қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек, сайыскерлеріміздің жапырақтардан жасаған аппликацияларының бағасын көрсетсеңіздер екен. Білім аққан сел дейді, Бірақ оңай келмейді. Ала білсең білім көп, Ақыл ойға кел дейді Білім ой мен арымыз, Рухани ол нәріміз Сайыскерлер сіздерге, Қол соғамыз бәріміз! 2-жүргізуші:Келесі бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады. Мұнда конверттегі сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады) Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз, Білім мен тәрбие егіз неге дейміз, Әдемі мен тәлімі үндесетін, Жастарды болашаққа жетелейміз. Жеңістер мен жеңілістен тұратын Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын. Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің, Қатысу да біржеңіс, жанболсаң сен ұғатын. Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар, Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Күз басы -береке» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2020 107
    • DOCX 28.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ашеко Кристина Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ашеко Кристина Александровна
    Ашеко Кристина Александровна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 100046
    • Всего материалов: 220

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 997 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 790 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 846 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе