Главная / Классному руководителю / Внеклассное мероприятие "Тәуелсіздік тірегім"

Внеклассное мероприятие "Тәуелсіздік тірегім"

Айтбаева Айнагүл Қатранқызы Ұзынкөл ауданы

Троебрат орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің

жоғары санатты мұғалімі

Тәуелсіздік тірегім

(16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған)

Мақсаты:

а) Ел тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Ғылыми ізденіске баулу, косымша деректерді жинақтап, қоғамдық-саяси қөзқарасын қалаптастыру.

ә) Елін, жерін, Отанын, ұлтын құрметтен білге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

- Армысыңдар, ағайын! Бүгін, міне, біздің төл мерекеміз Тәуелсіздік күніне қош келдеңіздер!

Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұнғыш рет Тәуелсіз Ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи күн – 1991 жылдың 16 желтоқсанынан алыстатып барады.

Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі.

Тәуелсіздік дегеніміз – жалпыға бірдей еңбек.

Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыз көк байрағын нық ұстаймыз, оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата беретін боламыз.

Бұл – біздің мәңгілік ұстанымыз.

(Ән тыңдау. Көк тудың желбірегені)

  1. оқушы. Біз, қазақ, ежелден ел едік жаны бай,

Ор мінез, аққөңіл, мейірбан, қонақжай.

Даналық дарыған ақын ел, батыр ел,

Бабалар мекені – асқар тау, шалқар көл.





  1. оқушы



Ақ бесік, ақ отау мәңгілік,

Жасай бер жаңғырып, жаңғырып.

Достық пен ынтымақ мекені,

гүлденер халқымның ертеңі.

Жасай бер, жері бай,

Егемен елім-ай,

Жасай бер, жері бай,

Тәуелсіз елім-ай

1-жүргізуші Қазақ қандай ел?

2-жүргізуші - Біз қазақтар, ежелден еркіндікті сүйетін елміз.

1-жүргізуші - Қазақтар ор мінез, аққөніл, мейірбан халықпыз.

2-жүргізуші - Қазақтар ақындықты, ән айтуды, күй тартуды ұнайды.

1-жүргізуші - Қазақтар достықты, татулықты қадірлейді.

(Ән «Қазақ осы»)

1-оқушы Жүрегім, жырым сенікі,

Келісті уалам, кең далам.

Тудым, өстім, есейдім,

Ең далам – анам, мен – балаң

2- оқушы Бұлт баспасын Күнімді,

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау туымды –

Қасиетті борышым.

3- оқушы Тәуелсіздік жолында.

Талай – талай тер тамған . . .

Билігім – өз қолымда

Еркіндігім – Елтаңбам.

Жүргізуші: Биыл қазақтың соңғы ханы Кенесары ханның туғанына 211 жыл толып отыр. Совет империясы заманында ұлы қолбасы туралы жақсы пікір айтылмағы белгілі.

Енді теңдік өзімізге тигенде, осы уақытқа шейін есімі ұлы болып аталып өтпеген, халық көзіне қатыгез, шашасынан қан кешкен, найзасыментүйреп өтетін жауыз деген қөзқарасымызды өзгертуге мүмкіндік туды.



4- оқушы Алдына дабыл өңгерген,

Артына сауыт бөктерген,

Қанекелі келді алыстан.

Ақауызы арқырап,

Ақ сауыты жарқырап,

Жауар бұлттай түйіліп,

Найзасын көкке үйіріп

Наркескені нарқылдап,

Жүргізуші: Кенесарының барлық мүддесі қазақ елінің ежелден өсіп - өнген жерінде бейбіт, азат өмір кешу күреске арналды.

5- оқушы Тәуелсіздік бостандық,

Алу үшін алысқан.

Кенесары көксеген,

Елі бүгін егемен,

Ертеңіне бек сенген

Ер есімі еленген.

М. Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясынан үзінді қою

Жүргізуші: Арқадағы елдің игі жақсыларының бас қосып, қазақ

намысын қорғайтын ер деп кенесарыға берген батасы:

Әзірет Әлідей пырақты бол,

Рүстем – Дастандай қуатты бол,

Лұқпанның жасын берсін,

Аплатонның басын берсін,

Сүлейменнің тағын берсін

Ер Шыңғыстың бағын берсін,

Жиреншенің жағын берсін,

Дәулет атаның дәулетін берсін

Абылай ханның сәулетін берсін,

Құлсарының сұсын берсін,

Құлекеңнің күшін берсін,

Қаз дауысты Қазыбектің сөзін берсін,

Үйсін, Төле бидің тезін берсін,

Ер Бөгенбайдың қолын берсін

Жүргізуші: Тарихымыздың алтын парақтарын ақтарсақ, сонау отыз жетінші жылдың қанды қырғына ұшыраған,

Сталиндік зұлматтың зардарбынан қуғын- сүргін көрген қоғам қайраткерлері қатарында ақиық жазушымыз Сәкен Сейфуллинді ел аруақ тұтады.



6- оқушы Кел жігіттер,

Болыңдар ер.

Жүйткіт,

Орғыт тұлпарды!

Жас қанатты,

Сілте қатты,

Ұйтқыт, өрлет сұнқарды!



Жүргізуші: Егеменді еліміздің Елбасы Н.Ә. Назарбаев ақиық дарынды ақынымызға: « С. Сейфуллин халық надында сақталар нан, асылдардың асылы аяулылардың аяулысы Сәкен- біздің ұлттық мақтанышымыз ел үшін еңіреген ер қайтпас күрескер.

(С. Сейфуллин сөзіне жазылған«Біздің жақта» әні орындалады)

Жүргізуші: Қашанда тойдың көркі ән болады, ән мен күй бұл өмірге сән болады демекші кезекті әнге береміз.

1. «Сарыарқа» әні

2. «Жасай бер Қазақстан» әні

3. «Жаса қазақ елі» әні

Жүргізуші: Бүгіндері «Алыптар тобын» құрайтын асылдардың асылы С. Сейфуллин көзі тірі болса, мына отырған ұрпағын не деп сөз қозғар еді?

Жүргізуші: Білмеймін. Байқап көрелік Сәкеннің рөліндегі оқушы «Жеткіншегім, тартынба» өлеңін оқиды және үндеу айтады.

Жүргізуші: Халықтың болашағы үшін толғанып, қабырғасы қайысқан біртуар сөнбес жұлдызымыз ортаға шығып, жас жеткіншектерге үндеу салғанда біздің қол қусырып отыруымыз жөн болмас.

Жүргізуші: Біз кейінгі ұрпақ, сіздерді ешқашан ұмытпаймыз. Сіздердің өмірлік жолдарынызды, халық үшін жасаған игіліктеріңіз жайлы енді кітаптардан оқып көзімізге елестетеміз. Елі үшін туған халқы ыстыққа да, суыққа да бас ұрған сіздерді мәңгі есте сақтаймыз. Арман еткен тәуелсіздік таңы атты. Біз сол таңның куәгерлері, еліміздің бейбіт өмір сүруіне бар күні- жігерімізді саламыз. Сондықтан жақсы оқып, ынталы азамат болуға тырысамыз.

Жүргізуші: Әрқашанда атамыз қазақ өз шақырағында бата – тілекті соңында алады емес пе?

Жүргізуші: Дұрыс айтасың, демек мектебіміз үлкен шаңырақ болса, сол шаңыраққа бата берсін

Жүргізуші: Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет

Екеуі бірге: Сау – сәлемет болыңыздар?













Внеклассное мероприятие "Тәуелсіздік тірегім"
  • Классному руководителю
Описание:

Айтбаева Айнагүл Қатранқызы Ұзынкөл ауданы

Троебрат орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің

жоғары санатты мұғалімі

Тәуелсіздік тірегім

(16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған)

Мақсаты:

а) Ел тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Ғылыми ізденіске баулу, косымша деректерді жинақтап, қоғамдық-саяси қөзқарасын қалаптастыру.

ә) Елін, жерін, Отанын, ұлтын құрметтен білге тәрбиелеу.

Автор Шушантаева Ляззат Дюсеновна
Дата добавления 23.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другое
Просмотров 374
Номер материала MA-062579
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓