Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеклассный урок на тему "Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан"

Внеклассный урок на тему "Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан"

Скачать материал

Тақырыбы: Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан

      Мақсаты:  оқушыларды Қазақстан,оның тәуелсіздігі, егемендігі туралы  мәлімет  бере  отырып өз  тәуелсіз  елін  сүюге,  қадірлеуге,елінің  ұлтжанды   патриоты   болуға  баулу,  өз  елінің   мемлекеттік   рәміздерін  құрметтеуге, ана тілін  сүюге,әдемі сөйлеуге  үйрету.

Көрнекілігі:  әдемі  безендірілген  сахна,  плакаттар,  буклеттер,күйтаспа, кітап көрмесі.

Барысы:   (Құрманғазының  «Сарыарқа»  күйі  ойнап  тұрады,  сөз  сөйлер  алдында  дауысы  аздап  ақырындатылады.)

  Ғазиз: Құрметті  ұстаздар  қауымы,  ата-аналар, оқушылар!   Бүгін  сіздермен  біздер  үшін  өте  қуанышты   да  үлкен  мереке.  Биыл  біздің  Отанымыз  Қазақстан  Республикасының    Тәуелсіздігінің   24- жылдығы. Сіздерді еңсесі  биік  еліміздің  мерейлі   мерекесімен  құттықтаймыз!

Алдарыңызда  осы  мектептің  5- сынып  оқушыларының  тарихи- әдеби   сазды  кешін  қабыл  алыңыздар.

 

Менің  елім-Қазақстан,Отаным

Жырлар жазып,өзіңді  әнге  қосамын.

Мәңгілікке  қымбаттысың  туған  ел

Арта  берсін  абыройың, атағың.

Ән :  «Жаса,Қазақстан»   орындайтын 5 сынып оқушысы Әбдіқали Ерлат

 

Қазақ  десем  қаным  қызып  денемде,

Қайнап  кетем  ғажап  күйге  енем де.

Қазақ  десем Абай  болып  елестеп,

Абай  мені  шақырады  өлеңге.

 

Қазақ  десем  айдарымнан  жел  есіп,

Кетем  ойша  Мұқаңменен кеңесін.

Қазақ  маған  Әлиядай  айбынды,

Мәншүкпенен  жүргендеймін  тең  өсіп.

 

Қазақ  десем қаламымнан  жыр  тамып,

Өткенді  еске ап отырам  бұрқанып.

Қазақ  десем  Тәуелсіз  ел  бүгінгі

Түп  тамыры  жатқан  сонау  тереңде.

 

Қазақ  бүгін  Тәуелсіз  ел, біл  мұны,

Ақиқатқа  айналғандай  шындығы.

Әрбір  түні  ақ  тілеумен  жабылып,

Атар  таңға  айқара  ашып  түндігін.

Ғазиз : Біздер  бүгін  Отан  жайлы  жырлаймыз,

Мерекенің  қарсаңында  текке  қарап  тұрмаймыз.

Бәріңізді,бәріңізді  құттықтап,

Егемен-Қазақстан  деген  ән  сыйлаймыз.

Ән: Егемен –Қазақстан

 

Ғазиз.  Қырмызы  қыздар,

Қызғалдақ  қыздар  құлпырған,

Өздерің жайлы кеудеде  біздің  жыр  тұңған.

Қазақтың  биін  билеңдер  қане  майысып,

Отырған халқым   сүйсініп  тұрсын  сыртыңнан.

 

Би. «Домбыра» Орындайтын  Исламджан Әйгерім,Тұңғышбай  Жазира.

Ғазиз. Құдірет  бар  батырлықта,ерлікте,

Тіршілік  бар  бұзылмаған  елдікте.

Жауларменен  жағаласып  сынға  түскен  сәттерде

Елімізді,жерімізді  сірә қолдан  бердік пе ?

Елін,жерін , халқын  қорғаған халық  батырлары  жайлы  жыр  жолдарына  кезек  береміз.

Алатаудай,  ақ  таудай,

Асып  туды  Бөгенбай.

Болмашыдай   анадан

Болат  туды  Бөгенбай.

Дара бозым-Қабанбай,

Батыр  туған ел  үшін.

Жусатқан  жауды  алабым

Батырдың  асқан  белісің.

Ақыл  тұрмас  қашқанда,

Дегбір  тұрмас  сасқанда.

Баяндай  ерді  көрмейсің,

Бұрылып  жауды  шапқанда.

Батырды  айтсаң  Баянды  айт  Уақтағы,

Басқа  батыр  қайтса да бір  қайтпаған!

Ертеде  болған  екен  ер  Ағыбай,

Ол  кезде  ер  болмапты  Ағыбайдай.

Кешегі  Кенесары  заманында

Ерлігін  көрсетіпті  елге  талай.

Білмеген  Ағыбайды  ел  болмаған.

Теңеліп  қарсыласар  ер  болмаған.

Ағыбай  ешбір  жанға  бас  ұрмаған,

Басынан  дұшпан  ісін  асырмаған.

Қаз  дауысты Қазыбек.

Шақшақ  ұлы  Жәнібек,

Қаракерей  Қабанбай,

Қанжығалы  Бөгенбай.

Кенесары, Наурызбай,

Атағы шықты  аңқылдап,

Жауды  үркітіп  қашырды

Ақ  алмастай  жалтылдап.

Зәресін  алды  дұшпанның

Найзағайдай  шартылдап.

Бөрілі  байрақ  ту  алған,

Жау  көрсе  жағы  суалған

Дос  көрсе  жаны  қуанған,

Далада  көші  шұбалған,

Қазағыңды  Қайрат  деп

Тамсандырған, Қарағым.

Алатауға  әбиүр

Алып  берген , қарағым.

Ерлік  жолын  халқына

Салып  берген , қарағым.

 

Ғазиз.Қос  ішектің  бірін  қатты,

Бірін  сәл-пәл кең  бұра.

Нағыз  қазақ  қазақ  емес,

Нағыз  қазақ  - домбыра!

 

Ғабидолла Тастановтың  Би  күйі.  Орындайтын Теміржанұлы  Алмас.

Ғазиз. Айтып  кетер ақылдар

Өз  Отанын  сүйерін.

Жазып  кетер жазушылар

Тілге  арнаған  тілегін.

Енді  Отан,тіл  туралы   нақыл сөз, өлең жолдарына  кезек берейік.

«Отан» деген не?  Дейсің,ұлым,маған.

Ол- сенің  ғұмырлы  анаң,

Жөргегіңнен  жаныңа сіңіп  қалған

Әнің  мен  жырың,балам!

Отан-мынау өз  үйің, қара,  жаным, ойнаған  дала  , бағың.

Атаң  шыққан  бұл үйден  , әкең  шққан,

Өскен  мұнда  баяғы  бабаларың.

Ұлерсін.  Отаным – алтын  анам  бас  иетін,

Өлшенер  өзіңменен  қасиетім.

Кәдеге  жатпаса  асып  бұл  өмірде,

Бұл  жердің  керек  десең  тасы  жетім.

Отаным- асқар  тауым, күнімдейсің,

Анамның  аялаған   гүліндейсің.

Арқамнан  әкем  болып  қағасың  сен,

Сен  маған  анам  болып  күлімдейсің.

Ғазиз.    Ескендір Хасанғалиевтің әні  «Атамекен» орындайтын  хор.

Ержан.  Мен  сенің  сарқылмайтын  ақ  бұлағың,

Мен  сенің  секілдімін  бақ-құрағың.

Кең  байтақ  өлкем  маған  құрақ  берер,

Келеді  құлының  боп  шапқылағым.

Сұңқарың  боп  келеді  қалықтағым,

Тұлпарың  боп  келеді  шарықтағым.

Отансыз  адам  болмас  бұл  фәниде,

Отансыз  жан  -  мақұлық, бар  ұққаным.

Қазақстан дейтін  менің  бар  елім,

Жатыр  алып  жарты  дүние  әлемін.

Бұл  даланы  көріп  алғаш  қуанған,

Бұл  далада  өскен  жанда  жоқ  арман.

Кең  далада  , кең  пейілді   қазақпыз,

Құл  емеспіз  еркін  жанбыз,  азатпыз.

Қас  тағдырдың   қиқаңына  көнбейміз,

Ел  намысын  ешбір  жауға  бермейміз.

Ұлтарақтай  болса да,

Ата  қоныс  жер  қымбат.

Ат  төбеліндей  болсада,

Туып  өскен  ел  қымбат.

О, туған  тіл!

Өз  тілімдей  тіл  қайда  еркін  басар,

Тілім  барда  еркіме  кім  таласар?!

Туған  тілім  күрмеліп  әлсіресе,

Ыстық  қаным  суынып  сиқым  қашар.

 Жансая:  Ана  тіліңдей  сөйлегенің –

Адам  болып  жүргенің.

Ана  тіліңде  жырлағаның-

Адамша  өмір  сүргенің.

Ана  тіліңде  айта  білсең-

Ардақтауды, құрметтеуді  білгенің.

 

Тілін  ұқпай  қалғаның-

Жанын  жұлып  алғаның.

Тіліңе  тыйым  салғаның-

Обалына  қалғаның.

Тілінен  тіліт  алғаның-

Түбіне  жетіп  болғаның.

Тіл  тамыры  жойылса-

Тірілмей  мәңгі  қалғаның.

 

Расул  Ғамзатов:  «Егер  ертең  туған  тілім  жоғалар  болса, мен  бүгін  өлуге  даярмын».

Шыңғыс  Айтматов : «Тіл  жоқ  жерде  ұлт  жоқ».

Ғабит  Мүсірепов :  «Тілім  білмеген  түбін  білмейді».

Бауыржан  Момышұлы: «Ана  тілін  ұмытқан  адам  өз  халқының  өткенінен де , болашағынан да  қол  үзеді».

 Ерасыл.   О,Шіркін, менің  тілім  тұйық  тұрса,

Күллі  әлем  мен   сөйлесем  ұғып  тұрса.

Жер-жердің  бәрі  көшіп  қазақшаға,

Картаны байырғы ұғым  толықтырса.

 

Ғазиз.  Халқым  менің  ,  саған  қарап  жұбанам,

Тарих  беті  қатар-қатар  бұралаң.

Талай  зардап  қайғы – мұңның  соңынан,

Егем ендік  алғаныма  қуанам.

Қуаныштан  қалай  кеуде  кермеспін,

Бұл  күнімді  бір  ғасырға  бермеспін

Ақ  түйенің  қарны  бүгін  жарылды.

 

Бәрі:   Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

Ғазаз.Жүргізуші:  Осымен  шағын  әдеби  сазды  кешіміз  аяқталды.  Зейін  қойып тыңдағандарыңызға  рахмет!

 

 

 

 

   

                                                                                     

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассный урок на тему "Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл -сыныптан тыс іс шараның жоспары.Сабақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған.Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып,өз Отанына адал қызмет ететін ұл-қыздарды тәрбиелеуге арналған сабақ.Бұл сабақта оқушылар Қазақстан Республикасы туралы,Отан туралы өлеңдерді жатқа оқып,тарихтан сыр шертеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 181 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Методическая разработка по проведению викторины "Мое призвание медицина"
  • Учебник: «Сестринское дело в хирургии. Среднее профессиональное образование», Н.В. Барыкина, В.Г. Зарянская. под общ. ред. Б.В. Кабарухина
  • Тема: История хирургии
  • 02.01.2021
  • 2781
  • 9
«Сестринское дело в хирургии. Среднее профессиональное образование», Н.В. Барыкина, В.Г. Зарянская. под общ. ред. Б.В. Кабарухина

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2020 139
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орлова Лилия Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орлова Лилия Николаевна
    Орлова Лилия Николаевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 96250
    • Всего материалов: 238

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе