Главная / Классному руководителю / Внеклассная работа на тему"Тапқыр достар"

Внеклассная работа на тему"Тапқыр достар"

Тапқыр достар(өзге ұлт өкілдері арасындағы сайыс)

Мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру,мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру,қазақ тілінде ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін ояту.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: Тіл туралы қанатты сөздер,мақал-мәтелдер, плакаттар, шарлар.

Пән аралық байланыс: әдебиет,тарих.


Қуан халқым, күшіне енді Тіл заңы,

«Сүйінші» деп ақын тілмен жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

«Тілім» дейсің жан жүрегіңмен тілініп,

«Тілім» дейсің білмегенге күйініп.

Өз тіліңді, өз ұлтыңды білмесең,

Өзге ұлттар кетеді ғой бұрылып.


Құрметті ұстаздар, оқушылар!Қазақстан Республикасы- тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміздің өз Атазаңымыз, мелекеттік рәміздеріміз, мемлекеттік тіліміз бар. Онымен біз әрқашан мақтан ете аламыз! «22-қыркүйек-Қазақстан халықтары тілдері күні» мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Тапқыр достар» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызға өзге ұлт өкілдерінен құрылған топтар қатысып, өздерінің мемлекеттік тілді қаншалықты білетінін, мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетеді.

Қазақ тілі –дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас,-деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен осы қасиетті тілімізді дәріптеу мақсатында сайысқа түскелі отырған өзге ұлт өкілдерінен құралған топ мүшелерін ортаға шақырайық. Бірінші топ «Болашақ» тобын қарсы алайық. Ал енді ортаға екінші тобымыз «Жас қыран» тобын қошеметпен ортаға шақырайық.

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды

«Халық айтса қалып айтпайды,»

Әрқашан да нанымды,-дей келе сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділқазы алқалары таныстырылады.

1.____________________________________________________

2.____________________________________________________

3.____________________________________________________

Әділқазылар алқасымен таныс болдық. Енді бүгінгі сайсымыздың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. Сөз тапқанға

  3. Сен білесің бе?

  4. Кім жылдам?

  5. Көрерменнің көмегі

  6. Өнерпаз болсаң

Сайыстың шарттарымен таныс болдыңыздар. Енді сайысымызды бастайық.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан –деп Абай атамыз жырлап өткендей, сайыскелерімізбен танысайық.

1.Бөлім. «Таныстыру» деп аталады. Әр топтың өзін таныстыруын тыңдайық. Сөз кезегі «Болашақ» тобында.

Қанекей, Болашақ тобына қошемет көрсетейік! Болашақ тобы өз таныстыруын айтады.

Келесі сөз «Жас қыран» тобына беріледі.Жас қыран тобы өз өнерлерін көрсетеді.

Өте тамаша. Ду қол шапалақтайық.

Әділ қазылар алқасы «таныстыру» бөлімінің бағасын берсеңіздер?Әділқазылар алқасы бағаларын береді.


2.«Тілім» дейсің жан жүрегіңмен тілініп,

«Тілім» дейсің білмегенге күйініп.

Өз тіліңді, өз ұлтыңды білмесең,

Өзге ұлттар кетеді ғой бұрылып.

Екінші бөліміміз «Сөз тапқанға» деп аталады. Бұл сайыстың мақсаты берілген сұраққа жауапты тек өзі алған әріптен бастап жауап беру. Олай болса, сайыскерлерімізді әріп алуға шақырайық. Қане, бірінші кезекте Болашақ, содан кейін ««Жас қыран»» тобы мүшелері. Алынған әріптеріңізді айтып шықсаңыздар.Сайыскерлер алған әріптерін айтып шығады.

Таныс болдық. Ендеше, сайысымызды бастайық.

Әр топқа 20сұрақтан қойылады.

Әділқазылар алқасы бағасын беріп өтсеңіздер.Әділқазылар алқасы бағаларын береді.

3. бөлім.

Отан-тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан-өлкең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын... демекші келесі бөлімімізде қазақ тілі, Қазақстан туралы түрлі сұрақтар беріледі.

Бұл сайысымыз «Сен білесің бе?» деп аталады. Тақтада 6 ұяшық берілген. Әр сайыскер 1 ұяшықтан ашып, егер сұраққа дұрыс жауап берсе, сол ұпайға ие болады.

Қанекей екі топтан 1-1 оқушыдан шақырайық. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

Әділқазылар алқасы бағасын беріп өтсеңіздер.

Әділқазылар алқасы бағаларын береді.


4.Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім. (С.Торайғыров)

Төртінші бөлім «Кім жылдам» деп аталады. Сайыстың мақсаты берілген бір сөзден мейлінше көп сөз құрастыру. Ортаға екі топ мүшелерін де шақырамыз. Сіздерге 3 минут уақыт беріледі.

Әділқазылар алқасы бағасын беріп өтсеңіздер!

5.Бөлім. «Көрерменнің көмегі» деп аталады. Ортаға әр топ жанкүйерлерінен 5-5 оқушыдан шақырайық. Сайыстың шарты топ мүшелері кеспе қағаздардағы берілген сөзді атамай, тұспалдап өз жанкүйерлеріне түсіндіре алса ұпай беріледі. Қанекей «Болашақ» тобын шақырайық. Ендігі кезек «Жас қыран» тобында.

Әділқазылар алқасы бағасын беріп өтсеңіздер.

Көңілге түрлі ой салар

Әсем ән мен тәтті күй,

Әнді сүйсең, менше сүй-деп__________________ ортаға әсем әнімен ортаға шақырайық.

6. Сайысымыздың келесі бөлімі «Өнерпаз болсаң» деп аталады. Сайыстың мақсаты әр топ өз өнерлерін ортаға салады.(Ән айту, би билеу, көрініс құру т.б.) Ортаға «Болашақ» тобының өнерпаздарын шақырсақ. Ал енді «Жас қыран» тобының өнерін тамашалайық.

Ал енді ортаға мың бұралған биші қыздарымызды ортаға шақырып, билерін тамашаласақ.

Әділқазы алқалары екі топтың ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлық беріледі. Сайысқа қатысушыларға, келген қонақтарға рақмет айтылады.

Құрметті ХХІ ғасыр ұландары! Ұлтымыздың болашағы- сендерсіңдер. Осынау жанкештігімен, еңбегімен бізге жеткен тіліміздің қадір-қасиетін түсініп, тілге құрмет көрсетіп, елімізді, жерімізді көркейте берейік!

Сау болыңыздар!

Тапқыр достар. (Өзге ұлт өкілдері арасындағы сайыс).


Сайыс бөлімдері:


  1. Таныстыру.

  2. Сөз тапқанға (әріптерден сөз құрастыру).

  3. Сен білесің бе? (сұрақтар)

  4. Кім жылдам? (Бір сөзден көп сөз құрастыру)

  5. Көрерменнің көмегі.

  6. Өнерпаз болсаң.(Өз өнерлерін көрсету).












Әділқазылар алқасының бағалау парағы


«Болашақ» тобы


р/с

Бөлім аттары

Ұпай (5,4,3)

Қорытынды

1

Таныстыру






2

Сөз тапқанға






3

Сен білесің бе?






4

Кім жылдам?






5

Көрерменнің көмегі






6

Өнерпаз болсаң







Қорытынды















Әділқазылар алқасының бағалау парағы


«Жас қыран» тобы


р/с

Бөлім аттары

Ұпай (5,4,3)

Қорытынды

1

Таныстыру






2

Сөз тапқанға






3

Сен білесің бе?






4

Кім жылдам?






5

Көрерменнің көмегі






6

Өнерпаз болсаң







Қорытынды









Внеклассная работа на тему"Тапқыр достар"
  • Классному руководителю
Описание:

       Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған өзге ұлт өкілдері арасындағымемелекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында  "Тапқыр достар" атты сайыстың жоспары берілген.Сайысқа 2 топ қатысады. Әр топ 3 адамнан тұрады. Топтың өз аты, ұраны болуы тиіс. Жалпы бұл сайыс Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді қаншалықты білетінін, сөздік қорын, ой өрісін тексеру мақсатында өткізіледі.

        Сайыс 6 бөлімнен тұрады. 1. Таныстыру 2. Сөз тапқанға 3. Сен білесің бе?4Кім жылдам 5Көрерменнің көмегі 6. Өнерпаз болсаң. Әділқазылар алқасы әр сайыстан соң топқа баға беріп отыады.  Қазақ тілі туралы өлеңдер оқылып, ән, би орындалады. 

Автор Асилова Алима Туймехановна
Дата добавления 24.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другое
Просмотров 585
Номер материала 54812
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓