Главная / Начальные классы / «Қуыршаққа арналған киім» тақырыбы

«Қуыршаққа арналған киім» тақырыбы


Ұйымдасқан іс-әрекеттің технологиялық картасы.

Мерзімі:

Тобы:ересектер

Білімнің беру саласы: Шығармашылық. Таным

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған киім»

Мақсаты:.балаларды ойыншық қуыршақтың киімін қиюға үйретуді жалғастыру, қол-қимыл әрекеттерінің қозғалғыштығын дамыту, таза жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылық шабыт ахуалын дамыту. Өзіндік ерекшелігін көрсете білуге баулу. Желімді дұрыс пайдалана білу, ұқыпты матыруға, үшіне қатты баспау дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: қуыршақтардың суреттері,түрлі түсті қағаздар желім, қағаз, қайшы, үлестірмелі материалдар

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ,жауап, көркем сөз, жапсыру тәсілдері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: киім түрлері, жыл мезгіліне байланысты киім қию туралы әңгіме өткізу

Сөздік жұмыс : қуыршақ, театр

Билингвальды компонент: киім-одежда,қызыл-красный, көгілдір-голубой

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер.

Қуыр-қуыр-қуыршақ,

Құмды бірге суырсақ,

Балшықты да илесек,

Қалыпты да сүйресек.

Отырғызсақ жемісті

Бітірер ек көп істі,-

Дейді Гүлсім күлімдеп,

Қуыршаққа күнім деп.

Қуыршағы кекілді,

Келісетін секілді.

Б.Айтмухаева

Қуыршақтардың суреттерін көрсету.

Балалар, бізге ойыншықтар не үшін қажет?

Дұрыс. Ойнау үшін,әдемілікті сезіну үшін, бір-бірімізге сыйлау үшін қажет.

Сондай әдемі ойыншықтын бірі-қуыршақ.

Қуыршаққа тапсырма бергендей қимылдар жасайды.

Қуыршақтарына сүйіспеншілікпен күлімдеп қарайды.

Ұйымдастырушылық-ізденіс


Билингвальды компонент: киім-одежда,қызыл-красный, көгілдір-голубой

Бүгін қуыршақтарымызды қонаққа алып баруымыз керек. Ол үшін қуыршақтарды қалай киіндіреміз? Ол үшін бізге неқажет?

Киімдердін дайын сызбасын ұсыну. Балаларға қағазды екіге бүктеу арқылы симметриялы пішінді қию әдісін көрсету.

Жекелеген балаларға көмектесу.

1-жолы. Үлгіге қарап отырып көгілдір түсті бөлікті қиып аламыз.қағазды ортасындағы белгі бойынша бүктеп, сызықтың бір шетінен бастапаяғына дейін қиямыз. Қуыршақтың киімінің кеуде бөлігі дайын болды.

Сергіту сәті:

Ермек Өтетілеуұлы «Әдептілік әлемі»

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жина аяқ-табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле, қабығымен бәрін же.

Саусағынды сормағын,

Салдыр-салақ болмағын

Енді қуыршақтың белдемшесі (юбкасы) қалды.

Қызыл түсті қағазды белгі бойынша бүктеп қиямыз. Белдемшеміз дайын болды.

Балалар бүгінгі қиған киімдеріміз қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Енді қуыршақты киіндірейік

Желімді жағып орын-орнына жапсыру.

Міне қуыршағымыз қонаққа дайын.

киім-одежда,қызыл-красный, көгілдір-голубой сөздерін балалар қайталайды.


Әдемі, сәнді.

Қайшы,желім

Балалар қайшымен жұмыс істеу кезендігі қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіреді.

. үлгі бойынша қияды.




Балалар тәрбиешінің көмегімен өлең жолдарындағы тағылымдарын қимылдармен көрсетеді.







Қызыл түсті белдемшені сызық бойынша екіге бүктеп қиып алады.

Төртбұрышқа құсайды.

Балалар болған кофта мен белдемшені жапсырады.

Рефлексивті-түзету


.балалардың жұмысын мадақтау. Жасалған жұмыстары көрмеге қойылады.

Балалардың жауабы.






Күтілетін нәтиже:

Жасайды:киімді үлгі бойынша қияды;.

Түсінігі қалыптасты: қонаққа сәнді киініп бару керектігі

Айта қолдана алады:қеңістікте орналастыру, салыстыруды.

Тәрбиеші А.Т. Құсайынова



«Қуыршаққа арналған киім» тақырыбы
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы: «Қуыршаққа арналған киім»

Мақсаты:.балаларды ойыншық қуыршақтың киімін қиюға үйретуді жалғастыру, қол-қимыл әрекеттерінің қозғалғыштығын дамыту, таза жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылық шабыт ахуалын дамыту. Өзіндік ерекшелігін көрсете білуге баулу. Желімді дұрыс пайдалана білу, ұқыпты матыруға, үшіне қатты баспау дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: қуыршақтардың суреттері,түрлі түсті қағаздар желім, қағаз, қайшы, үлестірмелі материалдар

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ,жауап, көркем сөз, жапсыру тәсілдері.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: киім түрлері, жыл мезгіліне байланысты киім қию туралы әңгіме өткізу

Сөздік жұмыс : қуыршақ, театр

 

Билингвальды компонент: киім-одежда,қызыл-красный, көгілдір-голубой

Автор Керімбек Шынар Арапбайқызы
Дата добавления 08.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 1816
Номер материала 43252
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓