Главная / Другое / Урок по самопознанию для 4 класса "Шыншылдықтың-Адамдықтың белгісі"

Урок по самопознанию для 4 класса "Шыншылдықтың-Адамдықтың белгісі"

hello_html_m5545a809.gifБасты бет » Статьи » Ашық сабақтар » Өзін өзі тану

Добавить статью ]


ШЫНШЫЛДЫҚ-АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Аставбаева Айтгүл Джайлхановна 
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы 
«№13 жалпы білім беретін бастауыш 
мектеп» мемлекеттік мекемесінің 
бастауыш сынып мұғалімі



Өзін-өзі тану 
Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық-Адамдықтың белгісі. 
Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. 
Міндеттері: 
-шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету; 
-өзара адал қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; 
-шыншыл, адал болуға тәрбиелеу. 
Көрнекі құрал: кітап, интерактивті тақта. 
Шаттық шеңбері: 
Балалар шеңбер құрып, мұғаліммен бірге Қадыр Мырза Әлидің «Болады-болмайды» өлеңін айту.Мұғалім оқиды ,балалар өлең жолдарына « болады» немесе «болмайды» деп қосылып айтады. 
Болады-болмайды (өлеңін айту) 
Қ .Мырза Әли 
Күйші болуға (болады), Пысық болуға (болады), 
Биші болуға (болады). Кішік болуға (болады), 
Ерке болуға (болады), Әкім болуға (болады), 
Серке болуға (болады). Ақын болуға (болады). 
Маман болуға (болады), 
Жаман болуға (болады), 
Айтпақшы, 
Жаман болуға (болмайды)! 
Олай болса балалар, бүгін сендермен Шыншылдық-Адамдықтың белгісі тақырыбын өтеміз. 
Мәтінмен жұмыс 
Мұғалім мәтінді оқу барысында әрбір оқиғадан кейін кідіріс жасап, сұрақ қою арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып отырады.Оқулықтағы «түлкі мен ешкі» ертегісін оқып беру. 
Түлкі мен ешкі 
(ертегісі) 
Бір түлкі жүгіріп келе жатып,абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда ,бір ешкі су іздеп жүріп,әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді. 
-Ей түлкі батыр,не қылып тұрсың?-депті. 
-Ой ,не қыласың,жаным жай тауып тұр.Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім,апанның іші әрі салқын,әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,- депті. 
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар,түлкі шын айтып тұр ма 
Мұны естіп ешкі: « Мен де салқындайын, әрі су ішейін» деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкіекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып апаннан шығып жөніне кетіпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан қалыпты. 
Түлкінің әрекеті дұрыс па? 
Балалардың жауаптары тыңдалады. 
Тыныштық сәті 
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. 
Дәйексөз 
Мұғалім тақтаға « өтірік өрге баспайды» деп жазып қояды және осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. 
-Балалар, адам өтірік атқанда өтірігін біреу біліп қоя ма, деп қиналады. Шындық ашылып қала ма, деп сезіктенеді. Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады да, өтірік айтқан адам ұятқа қалады.Ал шындықты айтқан адамның жүрегі ауырмайды, қашанда жарқын, адамдар арасында сыйлы болады. Сондықтан да дана халық « Өтірік өрге баспайды»,-деп өсиет қалдырған. 
Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазады. 
Тапсырма 
Мұғалім өтіріктің жағымсыз қылық екенін ұғындыру мақсатында тапсырма береді. Тапсырма бойынша балалар оқулықта ұсынылған сөйлемдерді өз ойларымен жалғастырады. 
Өтірікші алдымен өзін... . 
... шын сөзі зая. 
Жағдаяттарды талдау 
Балалар топқа бөлініп, төмендегідей жағдаяттарды өз топтарында талдайды және әр топ өз шешімдерін айтып шығады. 
1-жағдаят. Нұрсәуле анасының жақсы көретін моншағын үзіп алды. 
2-жағдаят. Анасы Айбарға балыққа жем ал деп ақша берді. Ол ақшаны ойыншыққа жұмсап қойды. 
Мұғалім жағдаяттарды таныстырып, мына сұрақ бойынша талдау жасайды: 
Балалардың орнында болсаңдар, не істер едіңдер? 
Дәптермен жұмыс 
Мұғалім дәптермен жұмысты түсіндіреді. 
Дәптер бетінің екі шетіне «Шындық» және «Өтірік» деген сөздер, ал олардың ортасына бақыт, қуаныш, ұят, сенімділік, сенімсіздік, махаббат, реніш сөздері жазылған. «Шындық» неге жеткізеді?, ал «өтірік» ше? Осыларды анықтап, түсу сызық арқылы бағыттап көрсету тапсырылады. 
Жүректен жүрекке 
Мұғалім плакаттағы шың суретінің ең биік жеріне от алауының суретін жапсырып, өзі қорытындылайды: 
-«Шындық шыңында» от лаулап мәңгі жанып тұрады, өйткені ол-шындық. Шындық оты біздің де жүрегімізде лаулап тұр. Қанекей, шеңбер құрып, қолдарымызды көтерейік те, бір-бірімізге алақанымызды жақындатайық,шындық «жалынын» сезінейік.



Урок по самопознанию для 4 класса "Шыншылдықтың-Адамдықтың белгісі"
  • Другое
Описание:

“Грамматикалық категорияның өрісі біркелкі бола бермей, кейбір категориялар тым жалпы, өрісті болса, ал кейбір категориялардың өрісі тым тар, тіпті жалқы бола береді” – деген қай ғалымның пікір А. Ысқақов

“Затты тану жолының ең бастысы – екі заттың біркелкі белгісін біріне – бірін салыстырып барып тану.  Өйткені, шырай болмашы, аз белгі болса да екі не одан көп объектінің ара қатынасындағы біркелкі сапа-сынынан келіп шығады.  Салыстырудың бәрі шырай емес.  Ол затты тану әдісінің бір ғана түрі ” - деген қай ғалым Ғ. Мұсабаев

“Қазақ тілінде мағынасына және  тұлғасына қарай бес түрлі шырай  бар.  Олар: салыстырмалы, бәсең, шағын, күшейтпелі, үдетпелі” - деген қай ғалымҒ. Мұсабаев

… өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған, лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналары басым болу себебінен көбіне әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіретін сөздер қалай аталады  көмекші сөздер

… өздеріне тән лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай, үстеріне әр қилы қосымша реңдер жамап алып, өзге сөздермен әр алуан қарым – қатынасқа түсе алатын дербес сөздер қалай аталадыатаушы сөздер

1974 жылы  шығып, 1991 жылы қайта өңделген “Қазіргі қазақ тілі” атты оқулықтың авторы кім  А. Ысқақов

А. Байтұрсынов “Тіл құралы” атты еңбегінде сөздерді қандай үш топқа бөледі  атаушы сөздер, шылау сөздер, одағай

А. Ысқақов атаушы сөздерді  неше топқа бөлген  3

А. Ысқақов заттың белгісін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын тағы басқа сондай негізгі сын – сипаттарын білдіретін сапалық сынды қалай атаға  жай шырай

А. Ысқақов көрсеткен шырайларды табыңыз жай, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы

А. Ысқақов қазақ тілінде неше сөз табы бар деп көрсетеді  9

А. Ысқақов сын есімнің неше түрлі  шырайын көрсеткен

А.Ысқақовтың еңбегінде барлық сөздер семантикалық жєне морфологиялық белгілеріне қарай неше топқа бөлінеді3

Адамзат есімдерінің анықтамасын табыңыз  адам атауларымен байланысты ұғымдардың аттары мен кісі аттарын атау

Адамнан өзге жан – жануарлардың, заттар мен нәрселердің, заттық ұғымдардың атауларын түгел қамтитын зат есімдер қалай атала  ғаламзат есімдері

Айғақты жєне айғақсыз өткен шақ деп қай ғалым бөлгенТ. Қордабаев

Амалдың басталуын білдіретін формант қайсы  –а баста

Амалдың жол-жөнекей істелуін көрсететін формантты табыңыз–а сал.

Амалдың кенеттен, лажсыздан басқа қалыпқа я күйге көшкенін білдіретіндей реңк қосатын формантты көрсетіңіз –й кет..

Аналитикалық формалы етістікті табыңыз  Кете берді.

Ата-анасы сөзінде неше лексикалық, неше грамматикалық мағына бір лексикалық, үш грамматикалық

Ашық рай және көмекші етістік моделіндегі аналитикалық форманттарды көрсетіңіз–п ал; -п бер; -п бақ; -п сал

Барыс септігін меңгеретін шылауды көрсетіңіз таман.

 

 Бейнелік еліктеуішті  табыңыз борша-борша 

Автор Заиниденова Аруна Кажмухановна
Дата добавления 24.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 277
Номер материала 57028
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓