Инфоурок Логопедия, Дефектология КонспектыУрок по логопедии на тему "Т-Д дыбыстарын дифференциалдау"

Урок по логопедии на тему "Т-Д дыбыстарын дифференциалдау"

Скачать материал

DSC_0374.JPG             Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,

         Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін 

         мектебінің  логопед – мұғалімі  Шукурова  

         Нуржамал   Шариповна

 

 

 

 

 

1-сабақ

Сабақтың  тақырыбы:  Аманат.  А  дыбысы

Сабақтың  мақсаты:         

-ЗЕЙІН ҚОЮҒА ,ӨЗ ІС-ӘРЕКЕТІН БАҚЫЛАУҒА ҮРЕТУ.

-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ  ЕСТУІН  ДАМЫТУ.

-А ДЫБЫСЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІГІН  ТҮСІНДІРУ         

-АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУ.

-ҰСАҚ  МОТОРИКАҒА  АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖАСАУ.

Көрнекіліктер: суреттер, артикуляциялық жаттығулар, слайдтар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

 1) амандасу

2) сабаққа дайындалу кезеңі.

1.АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ  ЖАТТЫҒУЛАР      

 «Терезе»                                        

Ауыз кең ашылған – «А-а-а»

Ауыз ашық

                              

2.«А»ДЫБЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІМЕН  ТАНЫСТЫРУ

 Иектің төмен түсіп, тілдің кейін жылжуы кезінде ауыз қуысының кең ашылуынан пайда болады.

3. ДЫБЫСТЫҚ-ӘРІПТІК  ТАЛДАУ

Аманат, ата, ана, мұра.

4. БУЫН ҚҰРАМЫМЕН ЖҰМЫСТАНУ

 Ас – ас – ас                   асық, ас, бас

Ал – ал – ал                   сал, бал

Аң – аң – аң                  аңыз, таң

5.ФОНЕМАТИКАЛЫҚ  ЕСТУІН ДАМЫТУ

Сөздің басындағы, ортасындағы,соңындағы дыбыстарды айтып бер

ҰСТАЗ, ПАРТА, ТАҚТА, ҚАЛАМ

6. ҰСАҚ МОТОРИКАҒА  АРНАЛҒАН  ЖАТТЫҒУЛАР

«Қайық»

 ЕКІ АЛАҚАНЫМЫЗ

ҚАБЫРҒАЛАРЫНА ҚОЮЛЫ  ЖӘНЕ ОЖАУ ТҮРІНДЕ ҮЛКЕН САУСАҒЫМЫЗ ТУРА ТӨРТ САУСАҚТАРҒА ТАҚАУ ОРНАЛАСҚАН. ЫНТАЛЫ  САУСАҚТАРДЫ 5-10-ҒА ДЕЙІН ҰСТАП ТҰРУ, СОНАН СОҢ СІЛКУ

7. Сергіту сәті

Алатаудың аясында,

Алма терді Алмагүл.

Артта қалмай алда жүр,

Апорт деген алмасынан,

Ал, тәттісін таңдап жүр.

7. Мәтінмен жұмыс

Аманат

        Аманат-(дәстүр). «Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға сен қиянат жасама ( Мұхаммед Пайғамбардың хадистерінен). Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы заттары. «Аманат» - түбірі «аман» деген сөзден шыққан болуы керек. Аманатты сақтау және оны мезгілінде тапсыру зор адамгершілікке жатады. «Аманат –аман сақтайды» - дейді халық. Аманатқа қиянат жасамайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі.

         Аманаттың бұрын ел аралық қатынаста да үлкен мән-маңызы болған. Көбінесе ол бірлік, татулық, бітім жолына қызмет еткен. Тарихымызда «ақ үй аманат алып барған  деректер жиі кездеседі. (Ш.Уәлиханов). Ерте кезде жауласушы екі ел татуласқан кезде аманатқа адам да қалдырып кететін болған.

Тапсырма:

1.     Мәтінді оқы

2.     Мәтінді түсіндір

3.     Мәтінне «А» дыбысы бар сөздерді тап

Қорытынды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әдет. Ә дыбысы

Сабақтың мақсаты:
-ЗЕЙІН ҚОЮҒА ,ӨЗ ІС-ӘРЕКЕТІН БАҚЫЛАУҒА ҮРЕТУ

-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ  ЕСТУІН  ДАМЫТУ

-Ә ДЫБЫСЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІГІН  ТҮСІНДІРУ         

-АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУ

-ҰСАҚ  МОТОРИКАҒА  АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖАСАУ

Көрнекіліктер: суреттер, артикуляциялық жаттығулар, слайдтар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

 1) амандасу

2) сабаққа дайындалу кезеңі.

1.АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ  ЖАТТЫҒУЛАР

«Терезе»

Ауыз кең ашылған – «А – а - а»

Ауыз жабық

«Тісімізді тазалаймыз»

Жымиып аузымызды ашамыз.

Төменгі тісімізді тілдің ұшымен  кезек-кезек шайамыз      

2. Ә-ДЫБЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІМЕН  ТАНЫСТЫРУ

Ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке, ашык, езулік дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады.

4.   ДЫБЫСТЫҚ-ӘРІПТІК  ТАЛДАУ

•Әже – әкесінің шешесі, үлкен шеше.
•Әке – балалы болған ер адам.
•Әлем – жер жүзі, дүние жүзі, жиһаз.
•Әсем – әдемі, керікті, көркем.
•Әуе – жер үстін қоршаған көк күмбез аспан.
•Әдемі – көркем, сұлу, әсем.
•Сәнді – көркі келісті, әдемі.
•Дәмді бабымен дайындалған тәтті, жұғымды тағам.
•Ән – музыкалық шығарманың әуені, сазы.
•Сән – әдемі, жарасымды.
•Әнші – әнді орындаушы адам.
4. БУЫН ҚҰРАМЫМЕН ЖҰМЫСТАНУ

Сә – сә – сә                    сән

Жә – жә – жә                 жәшік

Мә – мә – мә                 мәс

Рә – рә – рә                    рәміз, рәсім

Шә – шә – шә                шәлі
5. ФОНЕМАТИКАЛЫҚ  ЕСТУІН ДАМЫТУ

Сөздің басындағы, ортасындағы,соңындағы дыбыстарды айтып бер

Әлем, әсем, әдемі, әнші әтеш, дәптер, тәртіп, тәулік, жәшік.
6. ҰСАҚ МОТОРИКАҒА АРНАЛҒАН  ЖАТТЫҒУЛАР

«Тамырлар»

Қолымыз алдымызға қоюлы, алақанымызбен өзімізге қарай, саусақтар ажыратулы, ынталы түрінде 5-10-ға дейін ұстап тұру. Сонан соң қолымызды сілкіндіру

7. Мәтінді мәнерлеп оқы

Әдет

         Әдет.  «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен» (мақал). Адамдарда әртүрлі әдет болады. Мысалы: біреу түсте ұйықтауды немесе құлағын шұкып отыруды әдетке айналдырады. Енді біреу өсек, өтірік айтуды, арыз жазуды немесе ұрлық  қылуды әдет қылады. Мұның бәрі халық ұғымында, санасында «әдет» деп аталады. Оның жақсы да, жаман да түрлері бар. Жоғарыда айтылған мақал оның жақсысын үйренуге, жаманынан жиренуге шақырады. Әдет те халықпен бірге келе ұлттық  ғұрпымыздың бір түріне жатады.

Мәтінді дауыстап оқы

Мәтіннен түсінгеніңді айт

Сұрақтарға жауап бер

Қорытынды

 

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бата. Б  дыбысы

Сабақтың мақсаты:
-ЗЕЙІН ҚОЮҒА ,ӨЗ ІС-ӘРЕКЕТІН БАҚЫЛАУҒА ҮРЕТУ

-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ  ЕСТУІН  ДАМЫТУ

-Б ДЫБЫСЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІГІН  ТҮСІНДІРУ         

-АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУ

-ҰСАҚ  МОТОРИКАҒА  АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ЖАСАУ

Көрнекіліктер: суреттер, артикуляциялық жаттығулар, слайдтар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

 1) амандасу

2) сабаққа дайындалу кезеңі.

1. АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ  ЖАТТЫҒУЛАР

         «Қамыр басамыз»

Жымиып, тілімізді кезекпен соғу. – «пя-пя-пя...»

 

 «Тісімізді тазалаймыз»

Жымиып аузымызды ашамыз.

Жоғарғы және төменгі тісімізді тілдің ұшымен кезек-кезек шайамыз                                                     

2. Б-ДЫБЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІМЕН  ТАНЫСТЫРУ

Б дыбысын еріннің бір-біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады

«Кім көп сөз біледі?» ойыны. Балаларға Б дыбысынан басталатын сөздер айтқызу.

Балық, бақа, бөрік, банан, бал, балға, балмұздақ

3. ДЫБЫСТЫҚ-ӘРІПТІК  ТАЛДАУ

Бақа, балық, Болат, бөрік, бақша, бала, бар, баспа, бөлме, балапан

4. БУЫН ҚҰРАМЫМЕН ЖҰМЫСТАНУ

Ба- ба- ба  бақа

Бо – бо- бо бота

Бө – бө – бө бөрік

Бе – бе – бе Берік

Бұ – бұ – бұ бұта
5. ФОНЕМАТИКАЛЫҚ  ЕСТУІН ДАМЫТУ

Сөздің басындағы, ортасындағы,соңындағы дыбыстарды айтып бер

Балға, балта, барабан, банан, буын, бас, балақан, бүркіт, бейбіт, түбіт, бидай
6. ҰСАҚ МОТОРИКАҒА АРНАЛҒАН  ЖАТТЫҒУЛАР

«Тату саусақтар»

Саусақтар алға созылған, түзу төрт саусақ, бас бармақ бір біріне тақап орналасқан. Ынталы түрінде ұстап тұру. Қолымызды сілкіндіру

7. Сергіту сәті

Бота,бұзау,балапан,
Бақ ішінде ойнап жүр.
Бұлақ жақта бақа көп
Бақ-бақ қуып мойнақ жүр.

8.Мәтінді мәнерлеп оқы

Бата

           Бата (бата беру, бата алу), (дәстүр). «Батамен ер көгерер» (мақал). Ақ түлеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұгым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.

1.       Жас талапкерге бата. Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата. Мұндай баталар талапты , халық сүйген, ер азаматтарға ғана берілген.

         2. Дастарқанға бата.   Дастарқаның, мол болсын,

                                              Абыройың зор болсын. (ақ бата)

         Батаның екінші түрі дастарқанға ризашылықпен беріледі. Дұрыс мүшелі  қонақасы берілмесе шешен, өткір тілді адамдар бата арасында сол үйдің сараңдығын да қосып айтып жіберетіндер болған.

        3. Алғыс батасы.      Бақ берсін, бас берсін.

                                       Өміріңе ұзақ  жас берсін! (ақ бата)   

        Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі кызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. Батаны кұрметті, елге сыйлы адамдар береді.

         5. Жаңа айдың батасы.

         6. Наурыз батасы.

Мәтінді дауыстап оқы

Мәтіннен түсінгеніңді айт

Сұрақтарға жауап бер

Қорытынды

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по логопедии на тему "Т-Д дыбыстарын дифференциалдау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мектепте оқитын ересек және мектепке дейінгі жастағы балалардың арасындағы ең көп тарағаны – дыбыстарды айтудағы ақаулықтар. Бұл топтағы есту қабілеті дұрыс балалар жеке дыбыстарды, бір немесе бірнеше ызың және ысқырық, ызың және аффрикатты дыбыстарды мысалы, дұрыс айта алмайтындығы байқалады. Бұл балалардың сөйлеу тілінің дыбыстық жағын мұқият тексерген кезде олардың кейбіреулерінің дыбыстарды айтуының, сөздің құрамындағы буындық ырғақтың дыбыстық түсінігінің барлық элементтерінің жиынтығының қалыптаспағандығын көрсетті. Бұл сияқты ауытқулардың ерекшеліктері баланың оқу мен жазу жағдыларын меңгеруіне әсерін тигізеді. Топтық және жеке сабақтар, өздігінен сөйлеуін байланыстыруын, ерікті есте сақтауы мен назарын дамытуға, сөздік қорын байытуға,фонематикалық қабылдауы мен тілдік анализі мен синтезін дамытуға, қолдардың саусақтарының моторикасы, жазу, артикуляциялық дағдыларын жетілдіруге,психикалық қызметтік жеке жақтарын, ойлау операцияларын және т.б. дамытуға бағытталған.Сабақтар алдын ала өткізілген диагностика мен оқу жылына арналған жеке коррекциалық жоспар негізінде өткізіледі. Логопедиялық сабақтардың басты мақсаты - сөйлеу тілінде ауытқуы бар балардың сөйлеу тілі аппаратының бұлшық етін қалпына келтіруге арналған логопедиялық әдіс-тәсілдер туралы ұғымды игеру, негізгі қимылмен оқыту әдістемесінің, сөйлеуінде патологиялары бар адамдарды – ритмикалық тәрбиелеу және оларды оңалту әдістемесінің комплекстік жүйесінде пайдалану іскерліктерінің жұмыстарының әдістемесі туралы теориялық және практикалық білімді қалыптастыру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 790 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.03.2020 293
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гаджиева Патиматзахра Абдулмеджидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 92961
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Школьные службы примирения и восстановительная медиация

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 494 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 676 человек

Курс повышения квалификации

Теория и методика преподавания основ философии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе