Сынып: 6 сынып
Пән атауы: қазақ
әдебиеті
Сабақтың
тақырыбы: С.Сейфуллиннің «Дала» өлеңі
Сабақтың
мақсаты:
1. Білімділік:
-
С.Сейфуллиннің
өмірі мен шығармашылығына шолу жасау;
-
«Дала»
өлеңінің негізгі идеясын ашу.
2. Дамытушылық:
-
Өлеңді
мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;
-
Оқушылардың
білімін, ой-өрістерін тереңдетіп, жаңа сөздер, жаттығу жұмыстары арқылы
оқушылардың тілдерін машықтандыру.
3. Тәрбиелік:
-
Туған
жерді, елін қастерлеуге, қазақ халқының салт-дәстүрін танып білуге тәрбиелеу;
-
Ақын-жазушылардың
өнегелі сөздері арқылы білімге, тәртіпке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: дәстүрлі
емес сабақ
Сабақтың
типі: аралас
сабақ
Әдіс-тәсілдері:
баяндау,
сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәнерлеп оқу, талдау.
Көрнекіліктер:
Интерактивті
тақтамен жұмыс,
компьютерлік
тапсырмалар.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
Ø
Оқушылармен
сәлемдесу;
Ø
Оқушыларды
түгендеу;
Ø
Ауа-райын,
бүгінгі күнді сұрап тақтаға жазып қою;
Ø
Оқушылардың
зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй
тапсырмасын тексеру:
- Балалар,
біз бүгінгі сабақта саяхатқа шығамыз. Ол үшін бізге билет алу керек.
Сендер менен билет аласыздар. Егер билеттегі сұрақтарға жауап берсеңдер жолға
аттанамыз. Билеттер қымбат, орташа бағамен және арзан бағамен сатылады. Таңдау
өз еріктерінде. Ендеше іске сәт!
- оқушыларға билеттер
тарату арқылы Жамбыл Жабаевтың өмірін қаншалықты түсінгендігін тексеру;
№1 Сұрақ.
Жамбыл
Жабаев кім?(ақын,айтыскер, жыршы)
№2 Сұрақ.
Жамбыл
Жабаев қай жерде дүниеге келді? (Жамбыл облысы Шу өзені бойындағы
Жамбыл тауының баурайында туған)
№3 Сұрақ.
Жамбылдың
әкесінің аты кім?()
№4 Сұрақ.
Жамбыл
Жабаев қай жылдары өмір сүрді?(1846-1945)
№5 Сұрақ. Жамбыл Жабаевтың қандай
шығармаларын білесіңдер?(«Алатау» , «Балама хат», «Менің пірім Сүйінбай» ,және т.б.
№6 Сұрақ.
Жамбыл
Жабаевты неге екі ғасырдың куәгері дейді?
№7 Сұрақ.
Алатау
өлеңінің тақырыбы?
№8 Сұрақ.
Жамбыл
кімнің шәкірті?
-
Билетті
бәріміз алдық енді ұшу бағытымен танысайық.
ІІІ. Жаңа
сабақ:
Ал енді балалар
бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен «Дала» шығармасы. (Интерактивті
тақтадан С. Сейфуллиннің өмірі жайлы бейнефильм көрсету)
С.Сейфуллин 1894
жылы қазіргі Қарағанды облысының Жезқазған өңірінде дүниеге келді.
Сәкен кім?
- Ақын
- Жазушы
- Драматург
- Әдебиет зерттеушісі
- Қоғам қайраткері
Сәкеннің
білімі: -
Молдадан білім
алды,
- Зауыт мектебінде оқыды,
- Ақмоладағы приход мектебінде (1908-1910) оқыды,
- Қалалық училищеде (1910-1913) оқыды,
- Омбыдағы мұғалімдер семинариясында
(1913-1916) білім
алды.
Сәкеннің
шығармалары: - «Көкшетау»
поэмасы,
-
«Наурыз» өлеңі,
- «Алтай» өлеңі,
-
«Далада» өлеңі,
-
«Бандыны қуған Хамит» әңгімесі,
- «Ананың хаты» өлеңі.
- Ал, балалар
тақтадағы мына суреттер жайында не айта аласыздар?
Ал, балалар ендеше
бүгін біз, осы тақтадағы суреттерге тікелей қатысы бар С.Сейфуллиннің «Дала»
өлеңімен танысамыз. Өлеңді бірінші мен оқып шығамын. Содан кейін
өлеңнің соңындағы жаңа сөздермен танысамыз.
«Дала» өлеңі
бойынша жаңа сөздер.
ІV.
Бекіту:
-
Ал
оқушылар тақтадағы ортада жазылып тұрған «Ана» деген сөзді көріп тұрсыңдар. Осы
сөзді естігенде ең алдымен ойларыңа не келеді? Сол жайында тақтаға жазуларың
керек. Қазір аналарыңды қалай жақсы көретіндеріңді дәлелдеу керек.
V. Үй
жұмысы: Ендеше
балалар, үйге тапсырма Сәкеннің өмірін түсініп оқып, «Дала» өлеңін жаттап
келіңдер.
VІ.
Бағалау. Оқушылардың
сабаққа қатысуына қарай бағалау.
VІ.
Қоштасу.
Сау болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.