Главная / Начальные классы / урок по казахскому языку "Ойыншықтар" 2класс

урок по казахскому языку "Ойыншықтар" 2класс

Сабақтың тақырыбы: «Ойыншықтар»

Сабақтың мақсаты: Ойыншық атауларын қайталау. Ойыншықтардың неден жасалғанын айта алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік:ойыншықтарды атай алу, оларға тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғай алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру.

Тұлғалық:өз заттарына, ойыншықтарына ұқыптылықпен қарау.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қоры мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдайларда орынды қолдана алу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

ІІ.Өткен сабақ пен жаңа сабақты салыстыру

Сурет бойынша өткен сабақты қайталау. Сұрақ қою.

ІІІ.Жаңа сабақ

1-тапсырма. Сурет бойынша ойыншықтарды атау, аудиотаспадан тыңдау, қайталау.

2-тапсырма. Берілген мәтін мәнерлеп оқытылады.

«Есте сақта!» айдарындағы сөздерге оқушылардың көңілін аудара отырып, ойыншық, қонжық, қуыршақ сөздері тәуелдік жалғау жалғанғанғанда қалай өзгеретін тағы бір еске салу. Слайд көрсету. Берілген бейнелер арқылы ойыншық атауларын дұрыс,анық атауға дағдыландыру.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен ,

Теріп,теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз

3-тапсырма. Диалогті аудиотаспадан тыңдау, қайталау, оқу. «Неден жасаймыз? Кім не жасайды?» сұрақтарға жауап беру. Суретпен жұмыс.

4-тапсырма. 3-тапсырмадағы суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру.

5-тапсырма. Кесте бойынша сөйлеуге үйрену. «Мен ермексаздан қуыршақ (машина, доп, текше, айдаһар, қоян) жасаймын» деп айта алуы тиіс.

6-тапсырма. Ермексазсөзі мен түстерді қайталауға бағытталған.

Оқушылар «Мен ермексаздан аю жасаймын. Аюқоңыр болады.

Маған қоңыр түсті ермексаз керек», «Мен ермексаздан доп жасаймын. Доп көк болады. Маған көк түсті ермексаз керек», «Мен ермексаздан қоян жамаймын. Қоян ақ болады. Маған ақ түсті ермексаз керек» деп айта алулары қажет.

Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

ІV. Жаңа сабақты қорытындылау:

Сұрақ-жауап

V. Үйге тапсырма : жаңа сөздер , ермексаздан ойыншық жасап әкелу.

VI.Бағалау





урок по казахскому языку "Ойыншықтар" 2класс
  • Начальные классы
Описание:

Бұл сабақ орыс мектептерінің 2 сыныбына арналған. Лексикалық тақырыбы: "Ойыншықтар".Грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғауларын меңгерту, тіл байлықтарын,сөйлесу мәнерлерін қалыптастыру. Тәрбиелік мақсаты: достыққа,татулыққа,ұйымшылдыққа,білікке,ұқыптылыққа баулу.  Сабақ барысында балалар жаңа сөздерді меңгеріп қана қоймай, ойыншықтарды тәуелді түрде қолдануға үйренеді.Сонымен бірге ойын ойнау барысында сөйлем құрап, дыбыстық талдау жасайды. Сабаққа түрлі ойыншықтар мен ойыншық суреттері,үлестірмелер қолданылады.

Автор Шабданова Асия Абаевна
Дата добавления 04.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 590
Номер материала 55636
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓