Главная / Другое / Урок по казахскому языку на тему "Сабақтас құрмалас сөйлем" (8 класс)

Урок по казахскому языку на тему "Сабақтас құрмалас сөйлем" (8 класс)

Сабақтас құрмалас сөйлем

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.[1]

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай түрі

Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:

  1. Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.

  2. Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл)

  3. Себеп бағыныңқылы сабақтас;

  • Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов)

  1. Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін,

  2. мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын,

  3. қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді.

  4. Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. Мысалы, Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді (Ә.Әбішев).

Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы түрі

Сабақтас құрмалас сөйлемның көп бағыныңқылы түрі де кездеседі, олар басыңқыға екі жағдайда қатысты болады:

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы көп бағыныңқылар бірыңғай келіп, бәрі өз бетімен бір басыңқыға бағынады (бірыңғай бағыныңқылы сабақтас);

  2. Бағыныңқылар бір-біріне қатысты тізбектеледі де, бәрі жиналып бір басыңқыға бағынады (сатылы бағыныңқылы сабақтас).

[2]

Дереккөздер

  1. Жоғарыға көтеріліңіз Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

  2. Жоғарыға көтеріліңіз Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9



Урок по казахскому языку на тему "Сабақтас құрмалас сөйлем" (8 класс)
  • Другое
Описание:

“Грамматикалық категорияның өрісі біркелкі бола бермей, кейбір категориялар тым жалпы, өрісті болса, ал кейбір категориялардың өрісі тым тар, тіпті жалқы бола береді” – деген қай ғалымның пікір А. Ысқақов

“Затты тану жолының ең бастысы – екі заттың біркелкі белгісін біріне – бірін салыстырып барып тану.  Өйткені, шырай болмашы, аз белгі болса да екі не одан көп объектінің ара қатынасындағы біркелкі сапа-сынынан келіп шығады.  Салыстырудың бәрі шырай емес.  Ол затты тану әдісінің бір ғана түрі ” - деген қай ғалым Ғ. Мұсабаев

“Қазақ тілінде мағынасына және  тұлғасына қарай бес түрлі шырай  бар.  Олар: салыстырмалы, бәсең, шағын, күшейтпелі, үдетпелі” - деген қай ғалымҒ. Мұсабаев

… өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған, лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналары басым болу себебінен көбіне әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіретін сөздер қалай аталады  көмекші сөздер

… өздеріне тән лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай, үстеріне әр қилы қосымша реңдер жамап алып, өзге сөздермен әр алуан қарым – қатынасқа түсе алатын дербес сөздер қалай аталадыатаушы сөздер

1974 жылы  шығып, 1991 жылы қайта өңделген “Қазіргі қазақ тілі” атты оқулықтың авторы кім  А. Ысқақов

А. Байтұрсынов “Тіл құралы” атты еңбегінде сөздерді қандай үш топқа бөледі  атаушы сөздер, шылау сөздер, одағай

А. Ысқақов атаушы сөздерді  неше топқа бөлген  3

А. Ысқақов заттың белгісін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын тағы басқа сондай негізгі сын – сипаттарын білдіретін сапалық сынды қалай атаға  жай шырай

А. Ысқақов көрсеткен шырайларды табыңыз жай, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы

А. Ысқақов қазақ тілінде неше сөз табы бар деп көрсетеді  9

А. Ысқақов сын есімнің неше түрлі  шырайын көрсеткен

А.Ысқақовтың еңбегінде барлық сөздер семантикалық жєне морфологиялық белгілеріне қарай неше топқа бөлінеді3

Адамзат есімдерінің анықтамасын табыңыз  адам атауларымен байланысты ұғымдардың аттары мен кісі аттарын атау

Адамнан өзге жан – жануарлардың, заттар мен нәрселердің, заттық ұғымдардың атауларын түгел қамтитын зат есімдер қалай атала  ғаламзат есімдері

Айғақты жєне айғақсыз өткен шақ деп қай ғалым бөлгенТ. Қордабаев

Амалдың басталуын білдіретін формант қайсы  –а баста

Амалдың жол-жөнекей істелуін көрсететін формантты табыңыз–а сал.

Амалдың кенеттен, лажсыздан басқа қалыпқа я күйге көшкенін білдіретіндей реңк қосатын формантты көрсетіңіз –й кет..

Аналитикалық формалы етістікті табыңыз  Кете берді.

Ата-анасы сөзінде неше лексикалық, неше грамматикалық мағына бір лексикалық, үш грамматикалық

Ашық рай және көмекші етістік моделіндегі аналитикалық форманттарды көрсетіңіз–п ал; -п бер; -п бақ; -п сал

Барыс септігін меңгеретін шылауды көрсетіңіз таман.

 

 Бейнелік еліктеуішті  табыңыз борша-борша 

Автор Заиниденова Аруна Кажмухановна
Дата добавления 24.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 919
Номер материала 57031
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓