Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок по Казахскому языку "Астанаға саяхат"

Урок по Казахскому языку "Астанаға саяхат"

Скачать материал

                            Сабақтың тақырыбы:  Астанаға саяхат

Сабақтың мақсаты:  Астанаға саяхат жасау арқылы оқушыларды бас қаламызбен толығырақ таныстыру.

Сабақтың міндеті:  әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматиканы қайталай отырып, сөздерді мағыналарына қарай қолдануға үйрету; шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы танымдық белсенділігін арттыру, сөздік қорын байыту; оқушыларды Отанды сүюге, бас қаламыздың тарихын дәріптей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  интерактивтік тақта, флипчарт, кәртікелер.

Пән аралық байланыс: орыс тілі, география, тарих.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,дайындықтарын тексеру.

-Аптаның қай күні?

«Сәрсенбі сәтті күн » деп, балалар, сабағымызды бастаймыз.

-Үйге қандай тапсырма берілді? (Оқушы жауабы.)

-Рахмет отыр.

-Қазақстанның бас қаласы қай қала? (Оқушы жауабы).

-Жақсы. Бүгін біз, балалар, Отанымыздың бас қаласы – Астана қаласына саяхат жасаймыз. Бүгін нешесі? (Оқушы жауабы)

№1 слайд: (күн жазу)

-Жақсы жаздыңдар ма? Ендеше, автовокзалға барып , қандай автобус керек екендігін анықтайық.

-« Қарағанды- Астана»  автобусына барып отыруымыз керек.

- Дұрыс. Автобусқа отырып, назарларынды тақтаға аударыңдар.

Жолда адасып кетпеу үшін жолымызда кездесетін ауылдар мн қалалардың атауларын есте сақтауымыз керек.

№2 слайд (Карта). Сұрақ-жауап:

Қарағандыдан астанаға барғандағы бірінші аялдамамызқай жер? (Қарағандыдан Астанаға барғандағы бірінші аялдама- Теміртау қаласы).

-         Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, Елбасымыздың өмірінде Теміртау қаласы қандай орын алады?  (Біздің елбасымыз Теміртау қаласында зауытта жұмыс істеді)

-         Автобустың терезесінен қандай ауыл көрінеді? (Автобустың терезесінен біз Батпақты ауылын көріп тұрмыз)

-         Батпақтыдан кейін біздің автобусымыз қайда тоқтайды? (Осакаров ауданына тоқтайды )

-         Осакаров ауданынан кейін, балалар, біз қайда келеміз? (Осакаров ауданынан кейін біз аршалыға келеміз.)

-         Жақсы, балалар, сендер ауызша сұрақтарға жауап бердіңдер, қазір грамматиканы қайталап кетейік. (Аршалы деген сөзге фонетикалық талдау жасайық).

-         Аршалыдан кейінгі аялдамамыз қай қала, балалар?

-         Астана қаласы.

-         Дұрыс балалар, сөйтіп  біз Қарағандыдан Астанаға жеттік. Жолда қандай қала мен ауылдар кездесті? (Теміртау, Батпақты, Оаскаров, Аршалы).

№3 слайд. Астананың суреті.

-Назарларыңды тақтаға аударыңдар. Астана чондай әдемі, гүлденген, тамаша қала.

- қазір біз, балалар, жаңа сөздер арқылы сөздік қорымызды байытамыз.

№4 слайд. Жаңа сөздер. Тыңдаймыз, қайталаймыз

Жаңа сөздер:

Астана - столица;                                               Ғимарат – здание;

Танымастай - неузнаваемый;                           Болашақ - будущее,

Елбасы - Президент;                       ескерткіш – памятник,

Субұрқақ - фантан                          Жастар сарайы - Дворец молодежи

саябақ – парк

-Енді, балалр, қарамен жазылған сөздермен сөйлем құрастырайық. (мысалы).Астана-жас қала. Біздің Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Астанада ескерткіштер көп. Аршалыда Жастар сарайы бар.

№5 слайд. Мәтін

-Балалар, біз мәтін арқылы астананың тарихымен жақынырақ танысамыз.

Тыңдаңдар.Ойланыңдар. Есте сақтаңдар.

Оқимыз.

 

Астанаға саяхат

Астана- Қазақстанның жаңа қаласы. Қазақстанның төрт астанасы болды. Бірінші астанасы- Орынбор қаласы, екінші астанасы – Қызылорда қаласы, үшінші астанасы – Алматы қаласы. Ал 1997 жылдан бастап Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Қазір Астана танымастай өзгерді. Онда әдемі ғимараттар көп. Жастар сарайының алдында гүлзар орналасқан, оның қасында ескерткіштер, субұрқақтар бар. Астана – болашақтың қаласы.

 

-         Жақсы, балалар,. Мәтін не туралы? Мәтіннен не білдіңдер? Балалар, осы мәтінде көмекші есімдер бар ма?Қане, еске түсірейік.

Көмекші есімдер: алды, арты, қасы, жаны, үсті, асты.

Тақтаға шығып, мәтіннің ішінен көмекші есімдерді тауып, астын сызыңдар.

Мәтінмен жұмыс істей отырып, балалар, келесі тапсырманы орындайық.

Ойланып, аудармасын табамыз.

Там много красивых зданий.

Астана – город будущего.

№6 слайд.  Астаналарды рет- ретімен қою.

-         Мәтіннен  Қазақстанның 3 астанасы болғандығын білдік, енді келесі тапсырма арқылы астаналарды дұрыс рет-ретімен қойыңдар. Осы тапсырманы орындау үшін тақтаға оқушы шақырылады.

№7 слайд. Деңгейлік  тапсырмалар.

-Балалар, біз Астана қаласының танымастай өзгергендігі туралы көп айтып келеміз. Қандай тамаша ғимараттар, ескерткіштер бар екендігін сендер айттыңдар. Ал, бүкіл әлемге белгілі монумент туралы не айта аласыңдар?

№8 слайд. Бәйтерек. (Биіктігі 97 метр, салмағы 1000тоннадан астам, 2002 жылы орнатылған).

-         Бәйтерек деген сөзді септеудің алдында, балалар, үндестік заңын еске түсіріп кетейік:  1. Егер сөз тек қана жіңішке дауысты дыбыстардан тұрса, қосылатын жұрнақ пен жалғаулар да жіңішке болады. 2. Егер сөз тек қана жуан дауысты дыбыстардан тұрса, оған  қосылатын жұрнақ пен жалғау  да жуан болады.

№9 слайд. Қайталаймыз, септейміз.

-Балалар, сендердің астанадағы ескерткіштер туралы білімдерің өте жақсы, ал, Қарағанды қаласындағы ескерткіштер туралы не аласыңдар? (Қарағандыда Кеншілер ескерткіші, Ғ.Мұстафин, Бұқар жырау, Абай, Қасым Аманжолов, т.б ескерткіштер бар ). Назарларынды тақтаға аударыңдар, келесі тапсырманы орындаймыз.

№10 слайд. Ескерткіштер. Келесі тапсырманы диалог ретінде орындаймыз. Тақтадан сұрақтарды бізге Илона оқып береді. Сендер ойлана отырып , бүгінгі сабақта алған білімдерің арқылы  жауап бересіңдер.

-Қазақстанның неше астанасы болды?

- Астанада нелер бар?

- Астана  қай жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды?

№12 слайд. Кластер. Сабағымызды бекітеміз.

-         Астана сөзін естіген кезде көз алдарына не елестейді, балалар? Соны жазыңдар.

Үйге тапсырма: эссе.

№13 слайд. «Туған қаламның мәдени орындары» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Бағалау.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по Казахскому языку "Астанаға саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Астанаға саяхат жасау арқылы оқушыларды бас қаламызбен толығырақ таныстыру. Сабақтың міндеті: әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматиканы қайталай отырып, сөздерді мағыналарына қарай қолдануға үйрету; шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы танымдық белсенділігін арттыру, сөздік қорын байыту; оқушыларды Отанды сүюге, бас қаламыздың тарихын дәріптей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивтік тақта, флипчарт, кәртікелер. Пән аралық байланыс: орыс тілі, география, тарих.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 093 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2020 231
    • DOCX 20.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Манукян Владимира Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Манукян Владимира Николаевна
    Манукян Владимира Николаевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 70423
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе