Главная / Физика / Урок по физике для 9 класса "Ультрадыбыс. Электромагниттік толқындар. Радиобайланыс."

Урок по физике для 9 класса "Ультрадыбыс. Электромагниттік толқындар. Радиобайланыс."


Күні ___________

Сыныбы _____7_____


28 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

ә)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың техникалық құралы: Компьютер, проекциялық аппарат, интерактивтік тақта, экран.

Сабақтың көрнекілігі: Динамометр, білеуше, әртүрлі денелер Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ.Жаңа сабақ;

IV.Бекіту;

V.Үйге тапсырма;

VI.Сабақты қорытындылау (бағалау).

І.Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, тексеру)

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау

Қозғалысқа келтірілген сурет арқылы салмақсыздықты еске түсіру. (Проекциялық аппарат, компьютер арқылы)

ІІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1)Оқушыларға өздерінің өмірімен байланысты, күнделікті тұрмыстағы

кездесіп жүрген заңдылықтарға байланысты бірнеше сұрақтар қою.

2)Сұрақтарды проекциялық аппарат арқылы экранға шығарып, жеке-жеке

hello_html_m3603b6dc.gif қысқаша жауап қайтару.

Сұрақтар:



hello_html_m41c1d4c2.gifhello_html_m1dfeaf77.gif

hello_html_7649aef5.gifhello_html_m5294fb0a.gif

ІІ.Бұл үйкеліс күші қандай үйкеліс күштермен әрекеттеседі?

Жауап: Тартылыс күші, Ауырлық күші, Серпімділік күші.

ІІІ.Оқушылар сіздер велосипедпен немесе шанамен Жер бетінде жүру туралы

мәлімет айтыңдар.

IV.Осы қойылған сұрақтарының дұрыс жауаптарын әр оқушы әр түрлі жауап

айтып шығады, дұрысына белгі қойып қысқаша атап өтемін.

Шананы қара жолмен сүйрегенен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік-бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк. әрпімен белгіленеді.

hello_html_1e7d96cf.jpg



















hello_html_m3511eb5e.jpg













Сырғанау үйкеліс күші. Өте жақсы өңделген екі бірдей металл кубты алып, оларды әр түрлі беттерге қояық, біреуін кішкене кедірлі – бұдырлы бетке, ал екіншісін жылытыр бетке. Бет аздап кедірлі – бұдырлы болғанда дененің оңай сырғанайтынын байқаймыз. Ал керсінше екі өте жақсы тегістеліп өңделген беттің бір – біріне сырғымайтынын көреміз. Себебі мұндай беттердің бөлшектері бір – біріне өте жақын орналасады екен, олардың арасындағы үлкен тартылыс күштердің салдарынан олар бір – біріне жабысып қалады екен.

Конкидің жүзі мұзға қысым түсіреді де оның ермеуіне әсер етеді, конкидің астында пайда болған су қозғалысты жеңілдетеді, қысым түсіру тоқталса су бірден қатып қалады. Неліктен сұйық үйкелісті азайтады. Сұйық қабаттарының жанасқан беттерге жабысады да бір – бірімен тайғанауға әкеледі. Сұйықтардың қозғалысы да белгілі тұтқырылық деп аталатын кедергіге әкеледі, бірақ оның шамасы қатты беттердің арасындағы кедергіден әлдеқайда аз болады.

hello_html_2f473c.jpg





















Тыныштық үйкеліс күші. Бұл бір жағынан дененің қозғалуына кедергі жасайтын күш, ал кейде тыныштық үйкелісі қозғалыстың басталуына себеп бола алады. Мысалы: жүргенде аяқ киім табаны жолмен өзара әсерлесе отырып, қызыл стрелка, оны кейін қарай көк стрелка мен көрсетілген бағытта итереді, ал үйкеліс нәтижесінде пайда болған тыныштық үйкелісі адамның аяғына үдеу береді, сөйтіп адам жолды аяғымен итеріп оны кері қарай қозғалуға мәжбүр етеді.

Өзіміздің тәжірибемізге сүйене отырып, біз мұздың үстінен жайлап абайлап жүреміз де, онда ақырындап жылжимыз. Мұздағы тыныштық үйкелісініңінің аздығы сондай, адам табаны тиесімен сырғып кетеді. Бұл тайғанауға әкеледі де, жүруге кедергі жасайды.

hello_html_m64454864.jpg





Демонстрациялық лабораториялық жұмыс. (Проекциялық аппарат, компьютер, экран арқылы көрсетіледі).

Білеушені бірдей күшпен тартайық. Бетке қай жағынан жанасқанын ескермейік. Үйкеліс күшінің жанасушы беттердің ауданына тәуелсіз екенін көреміз.

Білеушені басқа кедір-бұдырлы бетке орналастырайық. Енді оны орнынан қозғалту үшін бұрынғыдан да көп күш жұмсау қажет екенін көреміз. Бұл үйкеліс күшінің өзара әсер етуші беттерге тәуелді екенін көрсетеді.

Динамометрге бекітілген білеушені тарту арқылы берілген уақыт моментіндегі денеге әсер ететін күшті анықтауға болады. Әсер етуші күш белгілі бір шамадан асқанда білеушенің қозғалатынына назар аударыңдар. Сонымен бірге білеушені қозғалысқа келтіріп тұрған күштің әсер етуші күштен аз екенін байқаймыз. Салмағы алғашқыдай тағы бір білеушені қойып, бетке әсер ететін күшті екі есе арттырайық. Динамометр үйкеліс күшінің артқанын көрсетеді.

IV.Бекіту.

Тапсырмалар:

1hello_html_m3fe7c536.jpg.Үш түрлі үйкеліс күшіне оқушыларды үш топқа бөліп тапсырма беремін.


2.Техникада үйкеліс коэффициентін ескеру тақырыбына үш түрлі жағдайға

байланысты тапсырма.

1)Құрғақ асфальтта =0,6. Ылғал асфальтта =0,4.

Fүйк. қай асфальтта артық? Fүйк.құрғақ ..... Fүйк.ылғал

2)Құрғақ бетонда =0,95. Ылғал бетонда =0,85.

Fүйк. қай бетонда кем? Fүйк.құрғақ ..... Fүйк.ылғал

3)Қара жолда =0,5 (0,3). Құм төселген жолда =0,7 (0,5). Мұздақ жолда

=0,15. Fүйк. қай жолда артық немесе кем?

V. Сабақты қорытындылау

Оқушылар біз бұл себептерде қандай күш туралы айтып отырмыз? Әрине үйкеліс күші туралы. Сонымен біз бүгін үйкеліс күшінің маңызымен таныса келе мынадай қорытынды жасаймыз.

Қорытынды: Сырғанау үйкеліс күші үйкеліске түсетін денелердің табиғатына тәуелді болады. Сырғанау үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура пропорционал: Fүйк.=μN

Тәжірибелер үйкеліс коэффициенті жанасушы денелердің аудандарына тәуелсіз, жанасатын денелердің қандай материалдан жасалғанына тәуелді болады. Дененің жылдамдығы аз болса, жылдамдыққа тәуелсіз, ал жылдамдық артқан сайын үйкеліс жылдамдыққа тәуелді артады.

Домалау үйкеліс күші де сол сырғанау үйкеліс күші бағынатын заңға шартты түрде бағынады.

VI.Үйге тапсырма: §41,42 оқулық. 18-жаттығу.

VII.Сабақты қорытындылау (оқушыларды бағалау).







Урок по физике для 9 класса "Ультрадыбыс. Электромагниттік толқындар. Радиобайланыс."
  • Физика
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Ультрадыбыс. Электромагниттік толқындар. Радиобайланыс.

Сабақтың мақсаты:  1. Ультрадыбыс, инфрадыбысқа анықтама беру, электромагниттік толқын тудыру

                                           себептерін түсіндіру.

                                           2. Оқушылардың зейіні мен зердесін, ойлау қабілетін қалыптастыру.                            

                                       3. Зейінділікке, шындыққа, инабаттылыққа, жауапкершілікке  баулу.

                           

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, кітаппен

Көрнекіліктер: 114,115,116 суреттер, 3-кесте.

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.

II. Өткен сабақты игеру барысын тексеру:

1. Акустикалық резонанс дегеніміз не?

2. Камертон орнатылған жәшікті неліктен резонатор деп атайды?

3. Жаңғырық дегеніміз не?

4. Жазық далада жаңғырық пайда болуы мүмкін бе?

5. Неліктен тау баурайында жаңғырық бір емес, бірнеше қайтара естіледі?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Инфрадыбыстардың әсерінен қорғану жолдарының бірі – дыбысты естілетін жиіліктер аймағына көшіру. Ол үшін әр түрлі құрылғылардың қатаңдығы арттырылады, резонанстық, камералық сөндіргіштер пайдаланылады.

Ультрадыбыстар, керісінше, физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданыс тауып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады. Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Ультрадыбыстарды дельфиндер, иттер, жарқанаттар және басқа да тіршілік иелері шығарады.

8 – сынып материалдарын қайталап шығу.

Электр зарядтары айнымалы қозғалғанда, яғни кез келген айнымалы токта электр өрісі де, магнит өрісі де уақыт ағымына қарай өзгеріп отырады. Сонымен қатар, бұл өрістер, Максвеллдің 1865 жылғы теориялық пайымдауынша, өздерін біртұтас электромагнттік өріс түрінде көрсетеді.

Максвеллдің электромагниттік өріс теориясының түйіні мынаған саяды.

  1. Өзгеріп отыратын магнит өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын электр өрісін тудырады.
  2. Өзгеріп отыратын электр өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын магнит өрісін тудырады.

Осылайша, өзгеріп отыратын электр және магнит өрістері әр уақытта да өзара байланыста болады, сондықтан олардың ажырамас бірлігін электромагниттік өріс дейді.

Айнымалы электромагниттік өрістің кеістікте таралуын электромагниттік толқын деп атайды.

 ;                            ;

1888 ж орыс ғалымы А.С. Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми болжамын ұсынды. Теориялық ізденістер мен практикалық зерттеулер ақпаратты алысқа жеткізуде өшпейтін синусоидалық электромагниттік тербелістердің аса маңызды екеніні көрсетті. Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контур шығарады. Мұндай тербелмелі контурда электромагниттік тербеліс пайда болғанымен, олар кеңістікке толқын түрінде тарай алмайды. Себебі электр өрісі конденсатор астарларының арасында, ал магнит өрісі катушка ішінде жинақталады. Сондықтан оларды жабық тербелмелі контурлар деп атайды.           

Электромагниттік тербелістер кеңістікте толқын түрінде таралуы үшін ашық тербелмелі контурлар пайдалынылады. Кез клген электромагниттік сәулелер сияқты радиотолқындар да өздері түскен беттен кері шағыла алады. Бұл құбылысты алыстағы денелерді радиотолқындар арқылы анықтайтын радиолокацияда қолданады.         

IV. Сабақты пысықтауға арналған есеп: есеп шығарумысалдары.

1 – есеп. Балықшы су айдынындағы толқынды бақылай отырып, қалтқысының жанынан 10 с ішінде толқындардың 3 өркеші өткенін байқады. Толқынның ұзындығы мен оның тербеліс жиілігі қандай? Толқынның таралу жылдамдығын 2 м/с-ке тең деп есептеңдер.

 

 

 

Берілгені:                                   шешуі:

 

                                                             

                                        

                 

V. Бекіту сұрақтары:

1. Ультрадыбыс, инфрадыбыс дегеніміз қандай дыбыстар?

2. Электромагниттік өріс дегеніміз не?

3. Электромагниттік толқындардың қасиеттері қандай?

4. Бірінші рет радиобайланыс қашан жасалды?

5. Антенна не үшін керек?

6. Радиолокация не үшін қажет?

VI. ЖБ  тапсырмасы:

2 – топқа бөлініп бір-біріне сұрақ қойып жауап береді.

VII. Үйге тапсырма: §35, §36,  28-жаттығу №1, №2

VIII. Қорытынды.

 Берілген тапсырмаларды орындауларыңа қарай бағалау.

 

 

 

 

 

 

Автор Бектасова Нургуль Тынымовна
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров 1610
Номер материала 5524
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓