Главная / Физика / Урок по физике для 8 класса "Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік. ."

Урок по физике для 8 класса "Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік. ."

hello_html_m2a7690f7.gifКүні

Сыныбы 8 «А»

35 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Электр кедергісінің температураға тәуелділігі.

Асқын өткізгіштік.

Сабақтың мақсаты: 1. Металл өткізгіштер кедергісінің температураға

тәуелділігін түсіндіру;

2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, қабілетін және

пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын

арттыра отырып, көңіл – күйлерінің көтерілуіңе

ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кітаппен.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, бор, су, үлестірмелі тапсырмалар

Құрал – жабдықтар: амперметр, темір сым, ток көзі, реостат, кілт,

өткізгіш сымдар

Пәнаралық байланыс: химия

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сынып журналын толтыру

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Электр кернеуі деп нені айтамыз?

2. Ол қандай бірлікпен беріледі?

3. Кернеуді қалай өлшейді?

4. Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді?

5. Электр кедергісінің анықтамасын беріңдер.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

(Сабақ мақсатын атап өту)

Өткізгіштің кедергісі R оның өлшемдері мен материалына тәуелді екенін білеміз.

Өткізгіштің кедергісі оның температурасына тәуелді бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін мынадай тәжірибені жасайық.

Спираль сияқты иілген темір сымды ток көзі мен амперметрге қосылған тізбекке тізбектей қосамыз. Амперметрдің көрсетуін аныөқтап алып, спиральді шамның жалынына ұстап қыздырамыз. Спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың азайғанын көрсетеді.

Демек, қызғанда темір сымның кедергісі артады. Темір спиральді басқа металдан жасалған өткізгішпен ауыстыра отырып, қыздырған кезде барлық металдардың кедергісінің артатынын байқаймыз.

Кейбір таза металдардың кедергісі әжептәуір, ал қорытпаларда кедергі аз артады. Температура жоғарлағанда кедергісі өзгермейтін арнайы қорытпалар да бар. Оларға константан мен манганин жатады. Оларды эталондарды, реостаттар мен басқа да аспаптарды дайындауға пайдаланады. Қыздырғанда кедергінің өсу себебі, өткізгіштің температурасы артқанда, кристалдық тордың түйіндеріндегі иондар тербелісі күшейеді. Нәтижесінде, электрондар иондармен жиірек соқтығысады. Бұл олардың өткізгіштегі бағытталған қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан кедергі артып, ток кемиді.

Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады:

hello_html_m50621334.gif

бұдан hello_html_51d3e868.gif.

Асқын өткізгіштік деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.

Асқын өткізгіштің үлкен практикалық мәні бар. Асқын өткізгіштік күйінде тұйықталған өткізгіштегі ток күші кедергінің болмауы салдарынан шексіз ұзақ уақыт бойы сақталады. 1925 жылы мыс сақинамен жасалған тәжірибеде, тіпті 2,5 жыл өтсе де, сақинадағы ток күшінің ешқандай кемімегені байқалған.

Қазіргі таңда Күннің магнит өрісінен он мың есе күшті магнит өрісін беретін өте қуатты асқын өткізгішті электр - магниттер жасалған.

IV. ЖБ жұмысы.

Кітап бойынша 86, 87 - суреттер туралы айтып беру.

V. Бекіту сұрақтары:

1. Металл өткізгіштер кедергісінің температураға тәуелділігі қандай? Бұл құбылыстың себебі неде?

2. Асқын өткізгіштік құбылысы туралы не білесіңдер?

VI. Сабақты пысықтауға арналған тапсырма:

Интерактивті тақтада тест тапсырмаларын жасау.

VII. Үйге тапсырма:

§40. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру, 19-жаттығу №5,№6 орындап келу.

VIII. Қорытынды.

Оқушыларды бағалау.

Урок по физике для 8 класса "Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік. ."
  • Физика
Описание:

бұдан                 .

Асқын өткізгіштік деп таза металдардың және бірқатар қоспалардың кедергісінің абсолют нөлге жақын температураларда кенет нөлге дейін төмендеу құбылысын айтады.

Асқын өткізгіштің үлкен практикалық мәні бар. Асқын өткізгіштік күйінде тұйықталған өткізгіштегі ток күші кедергінің болмауы салдарынан шексіз ұзақ уақыт бойы сақталады. 1925 жылы мыс сақинамен жасалған тәжірибеде, тіпті 2,5 жыл өтсе де, сақинадағы ток күшінің ешқандай кемімегені байқалған.

Қазіргі таңда Күннің магнит өрісінен он мың есе күшті магнит өрісін беретін өте қуатты асқын өткізгішті электр - магниттер жасалған.

IV. ЖБ жұмысы.

Кітап бойынша 86, 87 -  суреттер туралы айтып беру.

V. Бекіту сұрақтары:

1. Металл өткізгіштер кедергісінің температураға тәуелділігі қандай? Бұл құбылыстың себебі неде?

2. Асқын өткізгіштік құбылысы туралы не білесіңдер?

VI. Сабақты пысықтауға арналған тапсырма:

Интерактивті тақтада тест тапсырмаларын жасау.

VII. Үйге тапсырма:

§40.  Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру, 19-жаттығу №5,№6 орындап келу.

VIII. Қорытынды.

Оқушыларды бағалау.

Автор Бектасова Нургуль Тынымовна
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров 3207
Номер материала 5591
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓

Похожие материалы