Инфоурок Технология КонспектыУрок по черчению на тему"Сызу аспаптары,материалдары мен жабдықтары"

Урок по черчению на тему"Сызу аспаптары,материалдары мен жабдықтары"

Скачать материал

Пәні:

Сызу

Сыныбы:

9-сынып

Уақыты:

45 минут

Тақырыбы:

Сызу аспаптары, материалдары мен жабдықтары

Құзіреттілікке  жеткізетін мақсат- міндеттер:

Ақпараттық кұзіреттілік:

Коммуникативтік

 құзіреттілік:

Проблеманы шешу құзіреттілігі:

 

 

  

 

Сызу аспаптары және материалдары мен жабдықтары бойынша ақпарат беру  

 

Сызу аспаптарымен жабдықтарын қолдану әдіс тәсілдерін меңгерту

 

Сызуға қажетті құрал жабдықты ережеге сай қолдануға дағдыландыру                                                                                                                                                                

Сабақтын түрі:

Аралас, дәріс, машық

Сабақтың әдісі:

Ауызша, көрнекілік, машықтық.

Пәнаралық байланыс:

Технология, математика, бейнелеу өнері

Қажетті құрал-жабдықтар:

Сызғыш, қарындаш, өшіргіш, А4 форматы, циркуль, транспартер  т.б

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының  қызметі

Күтілетін  нәтиже

I Ұйымдастыру

 бөлімі

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Оқушылармен сәлемдеседі. Оқу құралдарын дайындайды.

 

Оқушылардың зейінін сабаққа аударады.

II.Үй тапсырмасын тексеру

 

Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады.

Оқушылар сабақ айтады.

 

Оқушылар бағаланады.

III.Жаңа материалды       түсіндіру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызбаларды орындау үшін әрбір оқушыда аспаптар мен жабдықтардың жиынтығы болу керек.

Сызғыштар. Түзу сызықтар жүргізу үшін ағантан немесе пластмассадан жасалған ұзындықтары 250- ден 300 мм-ге дейінгі сызғыштарды пайдаланамыз. Сызғышты пайдаланғанда оның жиегінің тегістігін, яғни кедір бұдырдың болмауын міндетті түрде тексеру керек (8- сурет).

Рейсшина. Сызу барысында параллель сызықтарды жүргізу үшін рейсшинаны пайдаланады. Ол бекітілген ролигі бар сызғыш, сондықтан да оны кейде жылжымалы сызғыш деп те атайды. Егер рейсшинаның ұзындығы 300мм болса, онда ол сызғышты алмастыра  алды. Сонымен қатар қазіргі рейсшиналарда әр түрлі диаметрдегі шеңберлер бар, олар сызбаларды орындау барысында циркульдің қызметін атқарады (9- сурет).

Сызба бұрыштықтары. Сызуда екі түрлі бұрыштықтар қолданылады. Олардың біреуінің гепотенузаға іргелес бұрыштары 45̊- тан, ал екіншісің гипотенузаға іргелес бұрыштары 60̊ және 30̊. Бұрыштықтар ағаштан немесе пластмассадан жасалады (10- сурет).

Транспортир. Сызбаларда бұрыштарды өлшеу және салу үшін транспортир қолданылады. Транспортирмен қалай жұмыс істеуді сендер математика сабақтарынан білесіңдер (11- сурет).

Даярша (готовальня). Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы даярша деп аталады (13- сурет). Сызу аспаптарының саны әр түрлі болатын даяршалар бар. Алайда сызбаны орындау үшін бір ғана циркуль- шеңбер сызатын аспап қажет болады. Ең алдымен циркульдің жұмыс істеуге дайындығын тексеру керек (12- сурет). Графит өзек циркульдің ұшынан бір деңгейге келтіріп аламыз. Графит өзек циркульдің ұшынан 5-7 мм шығып тұруы тиіс. Циркульмен жұмыс істеу кезінде ине мен графит өзектің ұштарын бір деңгейге келтіріп аламыз. Графит өзек қағаз бетіне шеңбердің ізін анық түсіруі тиіс. Егер шеңбер дұрыс сызылмаса, онда басқа қосалқы графит өзекті ауыстырып салу керек.

 Қағаз. Сызбаларды, әдетте, тығыз қағазға орындайды және қарындаш сызықтары жақсы өшірілетіндей қағаз таңдап алады. Негізінен алғанда, мектептегі сызу сабақтарында А4 пішіміндегі қағаздар пайдаланылады.

Өшіргіш. Сызбадағы артық сызықтарды, әр түрлі жазулар мен кескіндерді өшіру үшін қолданылады. Өшіргіштің мүмкіндігінше жұмсақ, ақ және таза болғаны, әрі сызу жұмыстарына ғана арналғаны дұрыс.

Лекало. Қисық сызықтарды сызу үшін лекало деп аталатын шаблондар қолданылады (14- сурет). Лекалоның пішіні және өлшемі әр түрлі болады.Олар, негізінен пластмассадан жасалады.

Қисық сызықтарды олардың нүктелері арқылы саламыз. Алдымен осы нүктелерді белгілеп алады. Лекалоны оның жиегі қисық сызықтың үш- төрт нүктесі арқылы өтетіндей етіп орналастырамыз да, қисық сызықтың бөлігін сызамыз. Сонан кейін лекалоны оның жиегі қисық сызықтың осының алдында сызылған бөлігімен дәл келетіндей және қисық сызықтартың жаңа бөлігінің үш- төрт нүктесінен өтетіндей жылжытады да, оның  жиегімен сызық жүргізеді.Осылайша барлық қисық сызықты түгел сызып шыққанша қайталайды.

Қарындаштар. Сызу үшін «Конструктор» маркалы қарындаштар, сондай- ақ сызбаны орындауға арналған басқа да қарындаштар жиынтығы қолданылады (15- сурет). Оларды қатты, жұмсақ және қаттылығы орташа қарындаштар деп бөледі. Қатты қарындаштарда Т, 2Т, 3Т және т. с.с. белгілері болады (Т әрпінің алдындағы цифр негұрлым үлкен болса, қарындаш қаттылау деген сөз). Жұмсақ қарындаштарда М, 2М, 3М және т.с.с. деген жазулар болады (М әрпінің алдындағы цифр неғұрлым үлкен болса, қарындаш соғұрлым жұмсағырақ деген сөз). Қаттылығы орташа қарындаштар ТМ деп белгіленеді. Мұндағы Т- орыстың «твердый», ал М «мягкий» деген сөздерінің бірінші әріптері.

Мектептегі сызу сабақтарында Т, 2Т, ТМ, М, 2М қарындаштарын пайдалану жеткілікті.

Шетелдік қарындаштарда Т, ТМ, М белгілерінің орнына сәйкесінше Н ( қатты), НВ немесе Ғ (қаттылығы орташа), В (жұмсақ) белгілері қолданылады.

Сызбаларды орындау үшін екі түрлі қарындашты қолданамыз, олардың біреуі- қатты қарындаш, ал екіншісі- жұмсақ қарындаш. Қатты қарындаш кескінді жіңішке сызықтармен  салу үшін, ал жұмсақ қарындаш оны қажетті қалыңдықтағы сызықтармен бастыра жүргізіп шығу үшін қолданылады.

Қарындаштарды арнайы ұштағышпен ұштайды. Соннан кейін қарындаштың ұшталған графит өзегін ұсақ түйірлі зімпара қағазбен тегістейді.Қарындаштар екі түрлі тәсілмен ұшталады. Қатты қарындаштар конус тәрізді, ал жұмсақ қарындаштар күрекше тәрізді үшкірленеді. Қарындаштың ұшталған бөлігінің ұзындығы шамамен 20- 25 мм, ал графит өзектің ағаш құндақтан шығып тұрған бөлігінің ұзындығы 5- 8 мм шамасында болуы тиіс (16- сурет).

Жұмыс орынын ұйымдастыру. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру сызбаны орындау уақытын қысқартуға, адамның шаршамауына

және жұмыстық сапасын жақсартуға әсерін тигізеді (17- сурет).

Күндіз жұмыс істегенде жұмыс үстелін жарық сәулесін алдынан немесе сол жақтан түсетіндей етіп қою керек. Ал кешкісін жұмыс істеген кезде жарық көзі шамамен үстелдің ортасынан сол жағында, үстелден 1-2 м биіктікте орналасатындай етіп қойған дұрыс.

Егер сен сызба тақтасын пайдалансаң, оны сәл көлбеу (көлбеулігі 15̊ болатындай етіп) орналастырған жөн.

Барлық сызу құралдары мен жабдықтарын сызба тақтасының оң жағына үстел үстіне (оларды орнынан тұрмай- ақ алып пайдалану үшін) ретімен қою керек. Сызбаларды орындау кезінде еңкеймей тік отыру қажет.

Сызба таза әрі әдемі болу үшін сызуды орындаудың алдында барлық құралдарды құрғақ шүберекпен сүртіп, қолды жуған жөн.

 

   

        8- сурет. Ағаш және   

      пластмасса  сызғыштар     

            

9- сурет. Рейсшина және рейсшинасы бар сызба тақтасы

   

        10- сурет. Сызба бұрыштықтары

 

               11- сурет. Транспортир

             

      12- сурет. Циркульді дұрыс ұстау

   

         13- сурет. Сызу аспаптарының  

                        даяршалары

 

   

 

                   14- сурет. Лекало

 

 

     15- сурет. Қарындаштар жиынтығы

   

      16- сурет. Қарындаштарды

                  ұштау

 

 

             

    17- сурет. Жұмыс орны

 

Оқушылар сызба аспаптарымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба аспаптарын оқушылар дұрыс қолданып үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы даярша деп аталатынын түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сызбаларды, әдетте, тығыз қағазға орындайды және қарындаш сызықтары жақсы өшірілетіндей қағаз таңдап алатынын түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қисық сызықтарды сызу үшін лекало деп аталатын шаблондар қолданылатынын меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар қарындаштың түрлерімен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар қарындашты қалай ұштау керектігін меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызбаларды орындау үшін екі түрлі қарындашты қолданатынын, олардың біреуі- қатты қарындаш, ал екіншісі- жұмсақ қарындаш екндігін түсінеді.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру сызбаны орындау уақытын қысқартуға, адамның шаршамауына және жұмыстық сапасын жақсартуға әсерін тигізетінін түсінеді.

 

IV.Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Үйге тапсырма

 

 

 

1. Сызу аспаптары және материалдары мен жабдықтары

2. Сызу барысында параллель сызықтарды жүргізу үшін не пайдаланылады?   

3. Бұрыштықтардың түрлерін ата 

 

 

 

 

4.Қарындаштардың түрлерін ата   

 

5. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың пайдасы қандай?         

 

Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпты оқып келеді. Келесі сабаққа сызба аспаптарын әкеледі.

 

1. Сызғыштар, рейсшина, сызба бұрыштықтары, транспортир, даярша, қағаз, өшіргіш, лекало, қарындаштар.

2.Рейсшина

3.1)Гипотенузаға іргелес бұрыштары 450 болатын

2)Гипотенузаға іргелес бұрыштары 600 және 300  болатын бұрыштықтар

4.1)қатты

   2)жұмсақ

5. Сызбаны орындау уақытын қысқартады, адамның шаршамауына және жұмыстың сапасын жақсартуға әсерін тигізеді.

Оқушылар үйге тапсырма алады.

 

Оқушылар     сызу аспаптары және материалдары мен жабдықтары байланысты жаттығулар орындап тақырыпты меңгеріп сызу барысын үйренеді.

 

Сабақ аяқталады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по черчению на тему"Сызу аспаптары,материалдары мен жабдықтары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

Сызу аспаптарымен жабдықтарын қолдану әдіс тәсілдерін меңгерту

 



Сызуға қажетті құрал жабдықты ережеге сай қолдануға дағдыландыру                                                                                                                                                               

Сызу аспаптары және материалдары мен жабдықтары бойынша ақпарат беру  

Сызбаларды орындау үшін әрбір оқушыда аспаптар мен жабдықтардың жиынтығы болу керек.Сызғыштар. Түзу сызықтар жүргізу үшін ағантан немесе пластмассадан жасалған ұзындықтары 250ден 300 мм-ге дейінгі сызғыштарды пайдаланамыз.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2015 1071
    • DOCX 3.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жонкарбаева Жанат Жумагереевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10350
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 072 человека

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 575 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек