Инфоурок Другое Рабочие программыУрок по самопознанию

Урок по самопознанию

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: №47 ЖОББМ  Мерзім: наурыз   №26сабақ

Тақырып: «Жақсылықтан жақсылыққа»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік

Мұғалiм:Рахматуллина Г.А  Сынып:4

Сабақ мақсаты: оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңызылығын түсіндіру;

-жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

-имандылыққа, ізгілкке тірбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

 Тыныштық сәтi(баяу әуен)

Тыныштық сәтi «Нұрға  бөлену» (баяу әуен)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:

«Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Сабақ барысын талқылау

 

Үй тапсырмасын тексеру

«Мөлдір бұлақ» ертегі

Сұрақтар:

-Халық неге қатты абыржыды?

-Халықтың сусыз қалуы себебі неде?

-Жалаңбас бала қандай әрекеттер жасады?

Қарлығаштың қандай көмегі тиді?

 

Дәйексөз

«Жақсылыққа жақсылық жаса»

Халық нақылы

 

Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Бұлақ сылдыры

Қиыршық қызыл құм жолаушының бетіне тиеді. Керуеннің шыққанына бірнеше күн болған. Ұзақ жүрістен, ыстықтан, желден шаршаған керуендегілердің бірі ояу, бірі түйе үстінде мүлгіп келеді. Қанша күн жүргенін де есептемейді. Бір күні жолай аштықтан, шөлден әбден қалжыраған адам кездеседі. Ес- түссіз жатыр екен. Бірақ керуеннің алды бұл адамға назар аудармай өте береді. Сонда керуеннің соңындағы бір шал түйесінен түсіп, ессіз жатқан адамның қасына барады. Жатқан адам: «Су...»- дейді. Аспан айналып жерге түскендей ыстық, аңызақ желмен сапырылған қиыршық құм сексеуіл түбіне ұйлығады.

Шал торсығын алып, жатқан адамның беті- қолын жуып, су ішкізеді. Әлгі адам есінг жиған соң, шал оның алақанына қарап: «Сен менің жауым екенсің. Бірақ шөлде бәріміз туыспыз. Мен қартайдым. Сен жассың, су іште, өмір сүр»,- дейді де түйесіне мінгізіп керуеннің соңынан жіберіпті. «Өзіңізі қайтесіз?» десе, «Менің демім санаулы»,- дейді шал. Жолаушы керуенді қуып жетуге ентелейді. Ұясына батып бара жатқан күн де адамның жақсылығы зая кетпесесе екен дегендей  ұзақ аялдайды. Бұл кезде жолаушы керуенді қуып жетеді.

Шал ақ матаға оранып, құмға жата кетеді.

Күндер, айлар өтіп керуен кері қайтады. Жолаушыларға шексіз құмның арасынан шалқыған су көрінеді.  Таяп келсе, көл жиегі көкорай шалғын, қамыс екен. Кереншілер шал оранған ақ жамылғыны ғана байқайды. Бұлақтың нәзік сылдыры жүректі сипағандай сезіледі. Бұлақ адамға адамның жақсылық жасаған жерінен пайда болыпты. Нәзік сылдыры жақсылықтың өшпес үні секілді.

Сұрақтар:

-Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

-Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық болып табылады?

 

Шығармашылық жұмыс

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал- мәтелдерді жазу.

 

Топпен ән айту.

«Аңса жаным»

М.Мақатаев

Мен тілеймін,

Жарқыным, сен де тіле:

Жақсылық орнасын деп жер бетінде.

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.

Мен сағынам.

Сен- дағы сағын жаным,

Адамнан тек жақсылық табылғанын.

Ашусыз, ала көзсіз бауырлардың,

Аңсаймын алқам-салқам қауымдарын

 

Үй тапсырмасы.

 Ә.Табылдиевтің «Атаның өнегесі» мәтінін оқу.

 

Соңғы тыныштық сәтi

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по самопознанию"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

өзін - өзі тану сабағының жоспары. Тақырыбы "Жақсылықтан жақсылыққа". Сабақ тыныштық сәтінен басталады. үй тапсырмасы ретінде "Мөлдір бұлақ" ертегісінің желісі бойынша сұрақтар қойылады. Сабақтың дәйексөзі халық нақылы "Жақсылыққа жақсылық жаса". Мұғалім сыйы ретінде "Бұлақ сылдыры" мәтіні ұсынылады. шығармашылық жұмыс барысында оқушылар көп нүктерің орнына тиісті сөздерді қойып, мақалдарды жазады. сабақ топпен ән айту әдісімен жалғасады. Үйге Ә.Табылдиевтің «Атаның өнегесі» мәтінін оқу тапсырылады. Сабақ соңғы тыныштық сәтімен аяқталады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 928 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.12.2020 197
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гусева Елена Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гусева Елена Александровна
    Гусева Елена Александровна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 80945
    • Всего материалов: 210

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 653 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 518 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе