Инфоурок Другое Рабочие программыУрок по самопознанию

Урок по самопознанию

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп:        № 47 ЖОББМ    Мерзiм:  ақпан    № 24 сабақ

Тақырып:   «Өмірің өз қолыңда»  (1-сағат)

Құндылық:   дұрыс әрекет

Қасиеттер:   мейірімділік, сүйіспеншілік,қамқорлық, сақтық, мәнді өмір сүру

Мұғалiм:     Рахматуллина Г.А   Сынып  6

Сабақ мақсаты: Оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру;

Міндеттері:

-оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;

- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

- еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

 Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін

.Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті             

 Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің      төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 

Үй тапсырмасын тексеру

Абайдың он жетінші сөзі

Сұрақтар:

-          Автор ақыл, қайрат, жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген?

-          Ғылымның «жүрекке билет» дегеннің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-          Абай қандай адамды «қасиетті адам» дейді? Неліктен?

Сабақ барысын талдау

Дәйексөз.

  «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – мінсіз ақыл, адал еңбек, таза жүрек»

Ш.Құдайбердіұлы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 

Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

 Әкенің қызықты тәжірибесі

   Әке мен қызы әңгімелесіп, дерттесіп отырған екен. Қызы өмірінде көп қиналғанын және бұл қиыншылықтарды қалай жеңуге білмейтінін айтып әкесіне мұңын шертеді. Тіпті өміріндегі қиыншылықтары бірінен соң бірі жалғасады екен. Әкесі бәрін тыңдап болғаннан кейін: «Кел қызым, саған бір нәрсе көрсетейін» деп асханаға алып барады. Әкесі әйгілі аспаз екен. Пеш үстіне бірдей көлемді үш ыдыс қойып, үшеуіне бірдей мөлшерде су құйып, үшеуінің астына бірдей мөлшрде от жағады. Бірінші ыдысқа бір дана сәбіз, екінші ыдысқа бір дана жұмыртқа, ал үшіншісіне бір уыс ұсақталмаған кофе дәндерін салады. Жән үшеуін де тура жиырма минут қайнатып, кейін отын өшіреді. Үстелге екі табақ және бір стақан қояды. Алдымен піскен сәбізді алып бір ыдысқа салады. Кейін әбден піскен жұмыртқаны алып екінші ыдысқа салады. Және ең соңында суға жақсылап сіңген және бабына келген кофені алып бір стақанға құяды.

   Әкесі қызынан: «Қызым, не көріп тұрсың?» деп сұрайды. Қызы: «Сәбіз, жұмыртқа, кофе» деп жауап береді. Кейін қызының қолынан ұстап үстелдің жанына апарып, жақынырақ тұрып көрстеді. Сол кезде қызы: «Не көрем басқа, жұмсақ піскен бір сәбіз(бір шанышқымен батырып жұмсақтығын байқап көреді), ал мынау піскені соншалық, іші қатып қалған жұмыртқа (жұмыртқаны қолына алып ұстап көреді, тіпті үстелге ұрып, жарып та көреді) және бір стакан кофе көріп тұрмын (ішіп көріп) дәмі өте күшті. Әке, мұны маған не үшін көрсетіп жатырсыз?» деп сұрайды. Әкесі: «Қара, барлығы бірдей көлемдегі ыдыста, бірдей ыстықта, бірдей уақытта қайнады. Бірақ әрқайсысы әр түрлі әсерленді, әртүрлі деңгейде пісті. Сәбіз алдын қатты, қуатты еді, бірақ қайнатылғаннан кейін жұмсарып, тіпті әлсіз болып қалды. Жұмыртқа әуелде тез сынғыш, ай тисең жарылып кететін еді, бірақ қайнатылғаннан кейін қатайды. Ал бір уыс кофе дәндері алдын қатты, барлығы бір – біріне ұқсайтын еді, бірақ қайнатылғаннан кейін не болды, кофе дәндері жұмсарып, құрамыедағылар суға араласты. Бөлмеге хош иіс, дәм таратты және суды теңдесіз дәмді бір кофеге айналдырды. Қызым сен осылардың қай бірісің?» Деп сұрады. «Қиыншылықтарға тап болған кезіңде қалай қарсы аласың? (Қалай жеңесің?) Сен сәбізсің бе, жұмыртқасың ба, әлде кофесің бе?»

Сұрақтар:

   -Қайсы бірі болғыларың келеді?

 

Шығармашылық жұмыс

Дәптердегі мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру; Абайдың өлеңін оқып,көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылау.

 

Топпен ән айту

«Өмір»

Сол адал шағымның,
Балауса күнін сағындым бәрін.
Сол күндермен мұңсыз,
Қоштасып үнсіз, қолым бұлғадым.
Сол менің мұңлы әнім, 
Менің жырларым, менің жылдарым. 

 

Қайырмасы:
Өмір, өмір заңы қатал, 
Күнім батып, таңым атар,
Сен біреуді ұнатарсың, 
Сені біреу тағы ұнатар.
Өмір, өмір — ақ пен қара, 
Өмір, өмір — бақ пен нала.
Өмір деген қуаныш пен 
Өкінішті сәттер ғана…

 

Мен ашып құшақты, 
Бақытты шақты қарсы алар ма екем?
Сол арманға жетіп, 
Таңдарға жетіп тамсанар ма екем?
Сол аңсаған мекен, 
Жетуге саған қанша қалды екен?

 

Үй тапсырмасы.

Қ.Қайсеновтың «Елдің иесі сендерсіңдер, қарақтарым» әңгімесін оқу

 

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по самопознанию"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

бұл өзін- өзі тану сабағы . сабақ тыныштық сәтінен басталып, тыныштық сәтімен аяқталады. сабақ барысында дәйексөз, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс орындалады.Үй тапсырмасы Абайдың он жетінші қара сөзі. үй тапсырмасын тексеру үшін сұрақтар қойылады. Ш.Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – мінсіз ақыл, адал еңбек, таза жүрек" деген дәйексөзі қолданылады. мұғалім сыйы ретінде "Әкенің қызықты тәжірибесі" мәтіні ұсынылады. кейін шығармашылық жұмыс орындалып, топпен ән айту әдісімен жалғасын табады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 146 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.08.2020 134
    • DOCX 363.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Массорин Владимир Геннадьевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Массорин Владимир Геннадьевич
    Массорин Владимир Геннадьевич
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 62868
    • Всего материалов: 197

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе