Главная / Музыка / Урок по музыке "Дина Нурпеисова"

Урок по музыке "Дина Нурпеисова"

Сабақтың тақырыбы: Дина Нұрпейісова.
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту. Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін айту.
Көрнекілігі: Күйшінің портреті, үнтаспа, тапсырмалар.

Жоспар:

І. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Қызығушылығын ояту

ІV. Мағынаны тану.

Сергіту сәті.

VІ. Күй тыңдау.

VІІ. Ой толғаныс.

VІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Қорытынды.

 Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Сәлемдесу.

-Сынып оқушыларын түгендеу.

-Сыныпты сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы)

Музыкада неше дыбыс бар? (7-дыбыс)

Соль нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықта)

Соль деп не үшін аталған? (өзіндік тональдігі болғасын)

Соль нотасын тақтаға жазып бер.

Ля нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықтың үстінде)

Ля нотасын тақтаға кім жазып береді?

Үйге қандай әнді жаттауға бердім? «Ақ мамам»

ІІІ.Қызығушылығын ояту.

(Сұрақтар арқылы мәлімет алу.)

-Күйші деген кім?

-Кімнің суретін көріп тұрсыңдар?

-Мынаның ішінде күйші кім?

-Неге «Күй анасы» деп атаймыз?

-Дина Нүрпейісова атындағы оркестр қай қалада?

-Қандай күйлерін білесіңдер?

Енді балалар топтастырайық

 Топтасыру

Ана 

Ардақты әже

Күйші                                    Дина кім?

 Күй анасы

 ІV. Мағынаны тану. Дина Нүрпейісова (1861-1955 жж) (Мәтінді 1-оқушыға оқыту)

Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламайсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90-жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады.

1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады.

Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды.

Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған.

Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т.б.

 

Сергіту сәті.

Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарайды.

Шынықтырып денесін,

Қанаттарын қағады.

Кукарику, Кукарику

Оятады баланы.

 

VІ. Күй тыңдау: (Дәптермен жұмыс)

Балалар енді Дина Нүрпейісова Әжеміздің      «Әсемқоңыр»           күйінің тарихымен танысайық тыңдайық.

-Бұл күйдің тақырыбы не жайында?

-Құрманғазы күйлерінен ерекшелігі неде?

-Қандай аспаппен орындалып тұр?

-Екпіні қандай?

VІІ. Ой толғаныс.

Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: Тақтада жазылып тұрған жылдарға үстел үстінен дұрыс жауаптарды тауып, жанына тез орналастыру.

Дина Нүрпейісованың өмір сүрген жылдары?

1861-1953 (1861-1955)

Алматыға тұңғыш қай жылы келді?

1833ж (1937ж)

Қай жылы Орта Азия өнерпаздарының сайысына қатынасты?

1948ж (1944ж)

Дина жайлы С.Бақбергенов қай жылы роман жазды?

1960ж (1963ж)

VІІІ. Үйге тапсырма.

Тақырыпты оқып келу.

ІХ. Қорытынды.

Оқушыларды бағалау



Урок по музыке "Дина Нурпеисова"
  • Музыка
Описание:

Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту. Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін айту.
Көрнекілігі: Күйшінің портреті, үнтаспа, тапсырмалар.

Жоспар:

І. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Қызығушылығын ояту

ІV. Мағынаны тану.

Сергіту сәті.

VІ. Күй тыңдау.

VІІ. Ой толғаныс.

VІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Қорытынды.

Автор Ибраева Гулаим Булебаевна
Дата добавления 15.06.2016
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров 168
Номер материала MA-067275
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓