Главная / Другое / Урок по казакхскому языку на тему "Қарсылықты бағыныңқы сабақтас"

Урок по казакхскому языку на тему "Қарсылықты бағыныңқы сабақтас"

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН №5 ОРТА МЕКТЕП









АШЫҚ САБАҚ


ТАҚЫРЫБЫ: ҚАРСЫЛЫҚТЫ БАҒЫНЫҢҚЫЛЫ САБАҚТАС

(01.03.2013 ж . 8 «В» сыныбында қалалық семинарда өткізілді)





Абай Құнанбаев атындағы

жалпы орта білім беретін №5 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі МАМЫРОВА М.Ы.















БАЙҚОҢЫР, 2013 ж.

Бекітемін Мерзімі 1.02.2013ж.

_________ Уақыты 850

«_____» _______2013ж. Кабинеті 203

Пәні қазақ тілі

Сыныбы 8«В»

Мұғалімі Мамырова М.Ы.

ТАҚЫРЫБЫ: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас


МАҚСАТЫ: сабақтас құрмалас сөйлем туралы оқушылардың

білімін тиянақтап, тереңдету. Бірінші жай сөйлемнің

баяндауышына қарай қарсылықты салалас және

қарсылықты бағыныңқылы сабақтас болуын

ұғындыру.

МІНДЕТТЕРІ:

білімділік қарсылықты салалас және қарсылықты бағыныңқылы

сабақтастың сыртай ұқсастықтарын және іштей

өзгешіліктерін меңгерту.

дамытушылық түрлі әдістер арқылы оқушылардың ойлау

қабілеттерін дамыту, құрмалас сөйлем туралы алған

білімдерін жүйелеу, жинақтау.

тәрбиелік білімге құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне

білуге, дәстүрімізді қадірлеуге тәрбиелеу.

ТИПІ: аралас сабақ

ТҮРІ: дәстүрлі.

ӘДІСТЕРІ: сұрақ-жауап, топтау, салыстыру, сатылай кешенді

талдау.

КӨРНЕКІЛІГІ: кесте – сызба, семантикалық карта.

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: әдебиет.

ТСО: интербелсенді тақта, слайдттар.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі . Ана тіл – асыл қазына, Байлығың білсең, ол сенің.

Жеткізер өмір жазына

Сонымен өсер өркенің, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай, тілдің тазалығын сезінетін кезекті қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Қазақ тілі-семинар\DSC01771.JPGҚызығыушылықты ояту. «Кім жылдам ?» ойыны арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.1. Құрмалас сөйлем неліктен салалас, сабақтас?

2.(Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін) сөйлем құрау негіз болатын қай мүше?

3. Жалаң және жайылма сөйлем. Ал, балалар үйге қандай тапсырма берілді?

II.Үй тапсырмасын тексеру. 1. Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқылы сабақтас. 2. 125–жаттығу. (Берілген ережеге сай ой тұжырымдау.) 3. Шартты бағыныңқылы сабақтастас болып келген мақал – мәтелдер жазу – ішінен бір етістікті сөз құрамына, лексикалық – грамматикалық мағынасына қарай талдау.

ΙΙΙ.Үй тапсырмасын қорыту.

Семантикалық кесте

Мысалдар

Шартты рай

Көсемше

Есімше

1

Ғылым таппай, мақтанба, Орын таппай.




2

Егер осы жақсылығың болмағанда , мен жолда қалатын екенмін.




3

Жақсы ұстаздық етсең , болашақтан тірек табарсың.




4

Оқығандарын әбден біліп алмайынша, ол алға жылжи алмайды.




5

Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.




6

Көшің көрнекті болсын десең, көлігің күтімді болсын.




Қорытындылау сұрақтары:

  1. Шартты бағыныңқы сабақтас ?

  2. Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары ?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру. Слайд кестесі арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашамыз.

Мысалдар

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сызбасы

Жетпіс жыл өмір сүрсе де, аз секілді білгенім.


Шартты рай

- са да

-се де

қайтсе де ?

не етсе де?

/....../ сүрсе де, /-----/

Жарысқа түспегені болмаса, анық ақын екен.


-ған+ы ,-ген+і болмаса

қайткені не еткені болмаса?

/...../ түспегені болмаса, /-----/

Оған сөз бергенмен, ертеңіне уәделі жерге келмеді.




Есімше


-ған,- ген

{ -мен

қайткенмен? не еткенмен?

/...../ бергенмен, /-----/

Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.

-ған,- ген

{ -ша,-ше

қайткенше? не еткенше?

/....../білгенше, /-----/

Күн райының қабағы түйіле түскеніне қарамастан, жолға асығыс шықты.

-ған+ы+на

-с { -тан, -тен қарамастан

қайткеніне не еткеніне қарамастан?

/...../ түскеніне қарамастан, /-----/

Осынша әзірлігі бола тұра, егін оруды кеш бастады.

Көсемше

-а, -е,-й

тұра

Қайте, не ете тұра?

/....../бола тұра, / -----/

Венн диаграмма арқылы қарсылықты салалас және қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың сыртай ұқсастықтарын және іштей

өзгешіліктерін табайық.

hello_html_m4221863b.gif

V. Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату. Жаңа сабақты меңгерту барысында өзіндік жұмыс . Берілген сөздерден қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер құрап жазыңдар. 1.Қараңғы, дабыр; 2.Күн, жаңбыр; 3. Өзен, балық; 4. Кітапхана, кітап; 5. Қыс, мал.

VΙ. Кітаппен жұмыс.

129 – жаттығу. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолын түсіндір. Сатылай кешенді талдау: синтаксистік.

131 – жаттығу. Сатылай кешенді талдау: сөз құрамына, лексикалық-грамматикалық мағынасына қарай .


C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Қазақ тілі-семинар\DSC01768.JPG


VΙΙ. Жаңа сабақты қорытындылау.

Семантикалық карта арқылы оқушылардың білімі өзара тексеріледі, белгі соғылады. Жауабы мультимедиа арқылы көрсетіледі.

Мысалдар

Шартты рай

Көсемше

Есімше

1

Жолдың алыста жатқанына қарамастан, олар кештете атқа қонды.




2

Байқаудың жақын қалғанын біле тұра, оған көп мән бермеді.




3

Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі- үш шақырым бар.




4

Ахмет жаңа үлгіге жаны құмар болса да, алдымен қажеттігіне, беріктігіне қарайтын.




5

Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды.





Не? Қайда? Қашан? Ойыны арқылы жаңа сабақты қортындылаймын


hello_html_4aa79f7e.gif


VΙΙΙ. Бағалау.

ΙΧ. Үйге тапсырма.

  1. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

  1. 130-жаттығу. Сабақтаса байланысқан сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, мағыналық түрлеріне ажыратыңдар.

  2. Бірінші сөйлемді синтаксистік сатылай кешенді талдау.


























Сабаққа өзіндік талдау

5 А.Құнанбаев атындағы мектептің мұғалімі Мамырова Мирамкүлдің қазақ тілі сабағы.

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. Сабақ 8 «В» сыныбында өтілді. Сыныптағы 27 оқушының біреуі - оқу озаты, төртеуі - оқу екпіндісі. Бұл сыныпқа 5 – сыныптан сабақ беремін. Сыныптағы оқушылар өздерін еркін ұстап, ойларын ашық айта алады. 8 «В» сынып оқушыларының пәнге қызығушылығын бір – біріне сұраққа сұрақ қоя отырып, білмеген сұрақты өзі толықтыруынан пәнге жауапкершілігін, ізденгенін көреміз.

Бұл – дәстүрлі сабақ, жаңа білімді игеру сабағы. Құрмалас сөйлем туралы осы 9 сағаты . Өткен сабақтарда салаластың жасалу жолдарын және түрлері туралы түсіндірілген. Жаңа сабақтың мақсаты: Қарсылықты салалас пен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сыртай ұқсастықтарын және іштей өзгешіліктерін меңгерту. Дамытушылығы: түрлі әдістер арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін жүйелеу, жинақтау. Тәрбиелігі: білімге құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге.Сабақта пайдаланған әдістерім: баяндау, сұрақ – жауап, венн диаграмма, семантикалық карта, сатылай кешенді талдау: синтаксистік,сөз құрамына, лексикалық-грамматикалық мағынасына қарай .

«Кім жылдам?» ойыны арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, үй тапсырмасы бойынша мақал – мәтелдерден шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарын ұғындырдым.

Жаңа сабақты түсіндіруді сызбаға салып, интербелсенді тақтадан көрсеттім. Оқушыларға ой қозғайтын сұрақтар қоя отырып, қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарының ерекшіліктерін ұғындырамын. Сабақ барысында жетекші сұрақ арқылы оқушылар жаңа сабақтың маңызды белгілерін венн диаграмма әдісімен өздері тұжырым жасады. Жаңа сабақты меңгерту барысында оқушылар тірек сөздер арқылы қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарына мысал келтіріп, жаңа сабақты игерді. 129- жаттығуда қарсылықты сабақтастың жасалу жолын тауып, синтаксистік сатылай кешенді талдау жасады. 131 – жаттығу, қарсылықты салаласты сабақтас құрмаласқа айналдырып жазу және сөз құрамына сатылай кешенді талдау.

Логикалық сұрақтар арқылы жаңа сабақты қорыту барысында жеңілден күрделі тапсырма арқылы жаңа білімді игерттім. Семантикалық карта арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып, оқушыларды сабаққа қамтыдым. Аз уақыттан дұрыс жауабы көрсетіліп оқушылар өздерін – өздері тексереді.

Оқушылар бағаланды, үй тапсырмасы берілді. 130- жаттығу. Сабақтаса байланысқан сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, қалай жасалғанын айтыңдар. Үй тапсырмасын әдебиет пәнімен байланыстыра отырып, дәстүрімізді қадірлеуге тәрбиеледім.

Оқушылар сабақты толық игерді деп ойлаймын, сабақта жоспардан ауытқу болмады.


















Урок по казакхскому языку на тему "Қарсылықты бағыныңқы сабақтас"
  • Другое
Описание:

Ана тіл – асыл қазына, Байлығың білсең, ол сенің.

Жеткізер өмір жазына

Сонымен өсер өркенің, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай, тілдің тазалығын сезінетін кезекті қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.

Қызығыушылықты ояту. «Кім жылдам ?» ойыны арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.1. Құрмалас сөйлем неліктен салалас, сабақтас?

2.(Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін) сөйлем құрау негіз болатын қай мүше?

3. Жалаң және жайылма сөйлем. Ал, балалар үйге қандай тапсырма берілді?

II.Үй тапсырмасын тексеру. 1. Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқылы сабақтас. 2. 125–жаттығу. (Берілген ережеге сай ой тұжырымдау.) 3. Шартты бағыныңқылы сабақтастас болып келген мақал – мәтелдер жазу – ішінен бір етістікті сөз құрамына, лексикалық – грамматикалық мағынасына қарай талдау.

Автор Танатарова Жупар Тилеповна
Дата добавления 02.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 1183
Номер материала MA-061878
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓