Главная / Другое / Урок по казахскому языку на тему "Сөйлем мүшелері"

Урок по казахскому языку на тему "Сөйлем мүшелері"

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлемді табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
2. Сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту.
3. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, венн диаграммасы, тірек - сызба
Сабақтың әдісі: венн диаграммасы, топтастыру, сұрақ - жауап, тірек - сызба
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, ән - күй, орыс тілі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Амандасу.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызың мәнгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
— Бүгінгі сабағымыздың жоспары тақтада жазылып тұр.

Мына жоспармен жұмыс істейміз.
1. «Қана тасқа бітеді, білім басқа бітеді»
2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
3. «Бойы сергектің ойы да сергек»
4. «Еңбек түбі береке»
5. «Кімнің ойы жүйрік?»
6. «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
7. «Венн диаграммасы»
8. «Аймақ құру»

— Бірінші жоспар «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» дегендей тірек — сызба арқылы өткен тақырыпты қайталаймыз.
— Өткен сабақтарда қандай тақырыптармен танысып едік?
— Сөйлем мүшелері.
— Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
— Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
— Тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелері дегеніміз не?
— Бастауыш дегеніміз не?
— Баяндауыш дегеніміз не?
— Жақсы өткен тақырыптарды қайталадық.

Келесі жоспар:
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Жаңа сабақ.
Жұмбақ жасыру.
Мамықтай ақ,
Қанттай аппақ, Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар)
— Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
— Қар қай кезде болады?
Қыста.
Қыстың жағымды, жағымсыз жақтарын айтыңдаршы?
Слайдпен көрсету.
Қыс
Жағымды ------------------ Жағымсыз -----------------

Суретпен жұмыс. Қыс туралы сурет.
— Балалар суретке қарап әңгіме құрыңдар.
— Осы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.
Қыс келді. Балалар шаңғымен сырғанады.
— Тұрлаулы мүшелері бар сөйлемдерді айта қойындар?
Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді жалаң дейміз.
Бастауыш пен баяндауыш және тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемдерді жайылма сөйлем дейміз.

Сабақтың мақсаты: Сөйлем мүшелерін қайталай отыра, жалаң және жайылма сөйлемдерді табуға үйренеміз.
- Жақсы, тапсырманы орындадық.
Дәптермен жұмыс
— Бүгінгі күннің ретін дәптерге жазыңдар.
— Қыс туралы сөйлемдеріңді тақтаға жазыңдар
— Тақтадағы жазылған сөйлемдерді дәптерлерімізге жазамыз.
— Барлығымыз жұмылып бірге жаңа тақырыпты аш
— Еңбек түбі береке.
Өз беттеріңмен еңбектеніп жаттығу орындайсыңдар. 198 - жаттығу. Жалаң және жайылма сөйлемдерді табу. «Бой сергектің ойы да сергек»
Сергіту сәті
Би: «Қаражорға»

Келесі жоспар: «Кімнің ойы жүйрік?» жеке жұмыс.
Слайд көрсету.
Суретпен жұмыс
Малмен хайуанаттардың қалай дыбыстайтынын жаз.
Ешкі, мысық, ит суреті.
Дарынды оқушыға тапсырма кітапхана суреті.
Осы сурет бойынша әңгіме құру.
Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау. Нашар оқитын оқушымен жұмыс аққу суреті.
Жалаң сөйлем құру.
Осы сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
Ойларың жүйрік екенін көрдік.
Келесі жоспар Білгенге маржан, білмегенге арзан.
Жаттығу
Ұстаздан шәкірт озар.
Күш білімде.
Талаптыға нұр жауар.
Жалаң және жайылма сөйлемнен тұратын мақалдарды көшіру.
Сөйлем мүшелеріне талдау.
Білім туралы мақалдар айту.
Дарынды оқушымен жұмыс.
Берілген сызба бойынша тиісті сөйлем мүшелерін жазу.
Венн диаграммасы

Жақсы бүгінгі біздің жаңа өткен тақырыбымызды қайталадық. Ендеше балалар өткенді қайталай отыра жұмбақ шешеміз. Жұмбақ шешу.
Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын.
Сөйлем
Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін.
Хабарлы сөйлем
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
Сұраулы сөйлем
Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты, Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.
Лепті сөйлем
Балалар сендер қандай сөйлемдер білесіңдер?
Үй тапсырмасы: Ереже жаттау.
Қорытынды: Аймақ құру.
Бағалау

Урок по казахскому языку на тему "Сөйлем мүшелері"
  • Другое
Описание:

Разработка урока снабжена авторской презентацией, которая на разных этапах урока помогает визуализировать учебный материал, а также осуществить разноуровневое обучение в зависимости от подготовленности класса во время объяснения нового материала, во время первичного закрепления и отработки навыков при решении задач путем «дозированной» информации, выводящейся на слайдах поэтапно. Автор опробовал данный урок в двух классах с разным уровнем подготовленности детей. Все необходимые замечания по использованию слайдового материала и дополнительных задач даны в описании хода урока

Автор Жакина Раушан Тулеубаевна
Дата добавления 25.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 420
Номер материала MA-061651
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓