Главная / Другое / Урок по казахскому языку на тему "Сұраулы сөйлем" (8 класс)

Урок по казахскому языку на тему "Сұраулы сөйлем" (8 класс)

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты: Сұраулы сөйлем түсінік беру, грамматикалық белгілерін ажырата білуге, сөйлем ішіндегі сұраулы сөйлем түрін дұрыс қолдануға дағдыландыру. Ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып,ойларын еркін жеткізуге баулу, сұхбат арқылы кері байланысқа үйрету.

Күтілетін нәтижелер: Диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну, сыни ойлау арқылы ой қорытуға үйрету, стратегиялар арқылы сабақтың сапасын көтеру, жас ерекшеліктеріне қарай сөйлеу дағдыларын зерделеу.

Модульдер:

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық».

Стратегиялар: «Қызық сұрақтар» стратегиясы,«Сұрақты тауып ал» » ,«Диалогтік əдіс» стратегиясы , «Жуан-жіңішке сұрақтар» стратегиясы,«Сызбаны сөйлет»,«Сұраулы сөйлем» стратегиясы, «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы

Мұғалімнің іс – әрекеті: Шаттық шеңберінде» тұрғызу. «Қызық сұрақтар» стратегиясы

1. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Төрт/

2.Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/. 3.Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

4. Сол жақтан оқысан да, оң жактан оқысан да бірдей сан қайсы? /Қырық/. Сұрақтар арқылы топқа бөлу.

Оқушы іс әрекеті: «Шаттық шеңберінде» оқушылар тұрады. «Қызық сұрақтар» бойынша оқушылар жауап беріп, жаңа сабаққа бағытталады.Бір сұрақпен байланысты балалар топқа бірігеді.

І.Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің іс – әрекеті:

«Сұрақты тауып ал»стратегиясы.

а) Әбу Насыр Әл- Фараби - философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.

б) Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында туылған. в) Бұл шаһарды араптар Фараб деп атаған.

с) Әл Фарабиді әлемге танытқан, музыка теориясына арналған шығармаларының бірі - « Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі.

Оқушы іс әрекеті:

Тақтадағы «Әл Фараби» тақырыбына бірнеше сөйлемді оқушыларға кезекпен оқиды, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем екенін ажыратады. Бұл сөйлемдер қандай сұраққа жауап беретінін  айтады. Сұраулы сөйлем құрады.

а) Әл Фараби кім?

б) Ол қайда туылған?

в) Бұл шаһарды арабтар қалай атады?

с) Әл Фарабиді әлемге танытқан еңбегі қандай?

Мұғалімнің іс – әрекеті:


ІІІ.Мағынаны ашу.

Жаңа тақырып . Сұраулы сөйлем.


Топтық тапсырмалар

І топ « Диалогтік əдіс» стратегиясы диалог құрастырту.

ІІ топ. «Жуан-жіңішке сұрақтар» стратегиясы

ІІІ топ. «Сызбаны сөйлет» Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдарын сызбасын жасау.

Оқушы іс әрекеті:

Жаттығу жұмыстары. 35-37 – жаттығу жазбаша, 36- жаттығу ауызша орындату.

Сұраулы сөйлемнің анықтамасын өздері айтады. Мәтінмен жеке, жұпта, топта жұмыс жасайды.

І топ .«Диалогтік əдіс» арқылы белгілі бір тақырып бойынша диалог құрады.

ІІ топ. «Жуан-жіңішке сұрақтар» стратегиясы бойынша әр оқушы сұрақ дайындайды. Сұрақтарын стикерге жазып, тақтадағы бөлінген екі бағанға өздерінің сұрақтарын өздері бағалап, саралап жапсырады. Оқушылар тақтада жапсырылған сұрақтарды оқып, өздері жауап беретін сұрақтарды таңдап алады, жауап береді.


Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге? Кімде? қандай сұрақ түрі?

Сұраулы сөйлем сұрақтарының бір-бірінен айырмашылық тары қандай?

Жетек сұрақтар қай шылаудан жасалады ?

Интонация арқылы жасалатын сұраулы сөйлемде дауыс екпіні болады ма?








ІІІ.Рефлексия

Мұғалімнің іс – әрекеті:

«Сұраулы сөйлем» стратегиясы.

«Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем сұраулы сөйлем».

Шешендік сөздерден мысалдар. Тақырыптың формалдық-логикалық моделінің сызбасын жасау.

Оқушы іс әрекеті

«Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы бойынша жүргізілді: Мен бүгін көп нәрсені ......, Мен үшін қиын болды ....., Мен тапсырманы...., Мен түсіндім......., Мен үйрендім....., Алдағы уақытта...., Мені таңғалдырды...... сынды ой-тұжырымдарын жазды.

Урок по казахскому языку на тему "Сұраулы сөйлем" (8 класс)
  • Другое
Описание:

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты: Сұраулы сөйлем түсінік беру, грамматикалық белгілерін ажырата білуге, сөйлем ішіндегі сұраулы сөйлем түрін дұрыс қолдануға дағдыландыру. Ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып,ойларын еркін жеткізуге баулу, сұхбат арқылы кері байланысқа үйрету.

Күтілетін нәтижелер: Диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну, сыни ойлау арқылы ой қорытуға үйрету, стратегиялар арқылы сабақтың сапасын көтеру, жас ерекшеліктеріне қарай сөйлеу дағдыларын зерделеу.

Модульдер:

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық».

Стратегиялар: «Қызық сұрақтар» стратегиясы,«Сұрақты тауып ал» » ,«Диалогтік əдіс» стратегиясы , «Жуан-жіңішке сұрақтар» стратегиясы,«Сызбаны сөйлет»,«Сұраулы сөйлем» стратегиясы, «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы

Автор Калдыбекова Алия Сайпеновна
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 528
Номер материала 59313
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓