Главная / Другое / Урок на тему "Сенім"

Урок на тему "Сенім"

Сабақтың тақырыбы: СЕНІМ


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Инклюзивті білім беру бағытын оқушыларға түсіндіру. Мүмкіндігі шектеулі балаларға сенім арту.

Түзету: Сенім деген сөзге түсінікті терен қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Мейірімділікке, адамгершілікке, тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: бейнеролик «Қартар үйі», «Брейкданс, мүгедек балалар», «Футболшы», слайд.

Сабақтың әдісі: психологиялық тренинг

Сабақтың түрі: дөнгелек үстел

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Қайырлы күн, оқушылар! Бүгінгі сабақ дөңгелек үстел түрінде өтіледіі, ал сабақтың негізгі мақсаты инклюзимвті білім беру бағытын түсіндіру.

ІІ Тренинг «Өрмекшінің торы»

- Сіздермен танысу мақсатында біз қазір «өрмекшінің торы» ойынын ойнаймыз. Мен жіптің басын ұстап , өзімнің аты-жөнімді айтамын да, келесі адамға жіпті беремін. Осылайша кезектесіп жіпті бір-бірімізге береміз.

Біздің жібімізден өрмекшінің торы шықты. Жайлап саусағымыздан жіпті шығарып осы бір команда ретінде сабағымызды бастайық. Бұл сабақтын бір ерекшілігі өз ойынызды ортаға салу, еркін сөйлеу.

ІІІ «Сенім» деген сөзге түсінік беру

- Құрметті оқушылар біздің сабағымыздың тақырыбы «Сенім».

«Сенім» деген сөзді қалай түсінесіз?

- Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласыздар?

- Қандай адам сенімге ие бола алады?

- Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

- Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

- Оқушылар, назарларынызды мына экранға аударайықшы. (қосымша 1)

- Мына адамға сенім артуға болама? Неге?

Бірнеше адамдардың суреттенрін көрсетіп, ойларымызды ортаға саламыз.

IV Бейнероликты талқылау

- Мына кішкентай балаға сенуге болама? (Қосымша 2) Қалай ойлайсыздар, ананың сенімін бұл бала ақтай алама?

- Оқушылар, мына бейнероликті тамашалайық. (Қарттар үйі бейнеролик үзіндісі)

- Қараңдаршы, балалар, бұл кішкентай бала, ешкімге зияны жоқ, бірақ ананың сенімін ақтай алмай, анасын қартар үйіне тапсыруға мәжбүр болды. Неге?

- Енді мына суретте мүмкінді шектеулі балалар көрсетілген. (Қосымша 3) Қалай ойлайсыздар, олар биік дәрежеге жете ала ма? Неге? ( Өз ойларын ортаға салу) Олай болса, балалар, тағы да мына бейнероликті тамашалайық. (Мүмкіндігі шектеулі балалардың брейкданс биі)

- Назарларынызды экрандағы суретке аударайық. (Экранда көзі көрмейтін адамның бейнесі.(Қосымша 4)

- Қалай ойлайсыздар, осы адам футбол ойнай ала ма? Неге?

Олай болса, балалар мына бейнероликті қарайықшы. («Бірге болу») Өз ойларын ортаға салу

- Құрметті оқушылар, егер біз адамдарға сенім артпасақ, бұл адамдар өмірге бейімделе ала ма?

V. Тренинг «Сенім»

Бір оқушыға сенім туралы жақсы әңгіме дайында деп сыныптың сыртыңа шығарамын да, қалғандарына бұл бала әңгіме айтқанда тындамай, шулап, «өтірік айтасын» деп қағаз лақтыруын сұраймын. Бала әнгімесін бастағанда, қалған оқушылар оны тыңдамайды. Әнгіме айтқан оқушыға сұрақ:

- Сен әңгіме айтқанда қандай сезімде болдың?

- Неге өз ойыңды толық жеткізе алмадың?

Міне, балалар, көрдіңіздерме, егерде адамдарға сенім артпаса ол да тап осындай сезімде болады екен және өз ойын ортаға толық жеткізе алмайды, өйткені оны ешкім тындамайды Мүмкіндігі шектеулі адамдарға сенім артсақ, олар өмірге тез бейімделеді.

VІ. Қорытындылау

- Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.

- Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

- Айналадағы адамдарға сенім білдіруі адамның жауапкершілігін артады, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға септігін тигізеді.








Урок на тему "Сенім"
  • Другое
Описание:

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Инклюзивті білім беру бағытын оқушыларға түсіндіру. Мүмкіндігі шектеулі балаларға сенім арту.

Түзету: Сенім деген сөзге түсінікті терен қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Мейірімділікке, адамгершілікке, тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: бейнеролик «Қартар үйі», «Брейкданс, мүгедек балалар», «Футболшы», слайд.

Сабақтың әдісі: психологиялық тренинг

Сабақтың түрі: дөнгелек үстел

Автор Сыбангалиева Марья Мырзахановна
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 249
Номер материала MA-064130
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓