Главная / Иностранные языки / Урок казахского языка в 4 классе по теме "Менің болашақ мамандығым"

Урок казахского языка в 4 классе по теме "Менің болашақ мамандығым"

Панрамалық сабақ жоспары

4-класс

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-комуникативтік технологияларды қолдану.

А.С.Алдиярова қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.


Тақырып: Менің болашақ мамандығым.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық атаулары туралы түсінік беру. Мамандыққа

қатысты сөйлете отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорларын

молайту. Әр мамандыққа сыйластықпен қарау.

Әдістер: сұрақ-жауап, интерактивті тақта, суретпен жұмыс,

Көрнекілік: мамандық атаулының суреттері, интерактивті тақта, графикалық диктант

Сабақтың барысы: I. Өткен тақырыпты бекіту.

ІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Өмірде оқып білім алу өте қажет нәрсе. Әрбір баланың білім алуына

құқығы бар және ол сендердің міндеттерің. Мектеп - әр мамандыққа апарар басты жолы. Мектептен

кейін әр оқушы өз еңбектерінің мамандықтарын алу үшін белгілі бір оқу орнына түседі. Әлемде

көптеген мамандықтар бар. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз осы мамандық атауларына сәйкес «Менің

болашақ мамандығым» деп аталады. Ал енді сөздік жұмысы арқылы мамандық атауларымен

танысайық.

ІІІ. Сөздікпен жұмыс. (Слайд арқылы көрсету)

Мамандық – профессия тігінші – портной

Мұғалім – учитель жүргізуші – водитель

Дәрігер – врач аспаз – повар

Есепші – бухгалтер инженер – инженер

Сауыншы – доярка наубайшы – пекарь

Етікші – сапожник ұшқыш – летчик

Әнші – певец кәсіпкер – бизнесмен

Биші – танцор ғарышкер - космонавт

Спортшы – спортсмен мал дәрігері – ветеринар

ІV. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Берілген сөздерден қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып талдау жасаңыздар.

hello_html_46abe2b0.gif

2-тапсырма. hello_html_30622243.gif

Кім не істейді? сұрағына жауап берелік.

Мысалы: Дәрігер адам емдейді.

Аспаз ас пісірді.

3-тапсырма. «Кім маңызды?» ойыны.(слайд)

Бұл ойында балалар қай мамандықты қалайтынын, соны маңызды деп есептейтінін дәлелдеп

айтулары тиіс.

  • Әр оқушы өз ойларын айтып пікір алмасады.

  • Мұғалім мұқият тыңдап, соңында барлық маманның адам өмірі үшін қажетті екенін, сондықтан да маман иелеріне сыйластықпен қарау керектігін айтып түсіндіреді.

4-тапсырма. Графикалық диктант.

Мұнда, балалар, біз графикалық диктант жұмысын орындаймыз. Бұның не екенін білесіңдер ме? Ендеше тақтаға қаралық. Сендер көріп тұрғандарыңдай, тік сызық бойында мамандық атаулары берілген. Ал көлденең сызық бойында берілген мамандық атауларына қажетті заттардың аттары жазылған. Екі жақтың ыңғайласып байланысатын тұсына нүкте қоямыз, барлық нүктелерді қойып болған соң бірінші тұрған нүктеден бастап соңғы нүктеге дейіңгі аралықты сызықша арқылы байланыстырамыз.



hello_html_46b7dda4.gif


Жасаған жұмыстарыңды көршілеріңмен алмастырыңдар.Енді тақтаға назар аударалық. Егер алдарыңда жатқан парақта дәл парақтағыдай сызба шықса, қосу таңбасын, егер сәл де болса қате табылса минус таңбасын қойыңдар. Енді парақтарды өз иесіне қайтарыңдар. Кімнің парағында қосу таңбасы қойылған? Өте жақсы, жарайсыңдар!

V. Қорытындылау. Сөзжұмбақ.


hello_html_m600cd3fe.gif



VІ. Үй жұмысы.

Урок казахского языка в 4 классе по теме "Менің болашақ мамандығым"
  • Иностранные языки
Описание:

Тақырып: Менің болашақ мамандығым.

Мақсаты: Оқушыларға мамандық атаулары туралы түсінік беру. Мамандыққа

қатысты сөйлете отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорларын

молайту. Әр мамандыққа сыйластықпен қарау.

Әдістер: сұрақ-жауап, интерактивті тақта, суретпен жұмыс,

Көрнекілік: мамандық атаулының суреттері, интерактивті тақта, графикалық диктант

Автор Макарова Елена Геннадьевна
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров 404
Номер материала MA-063935
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓