Главная / Иностранные языки / Урок казахского языка на тему "Күшейтпелі шырай" (7-класс)

Урок казахского языка на тему "Күшейтпелі шырай" (7-класс)

Сабақтың тақырыбы: Күшейтпелі шырай

Сабақтың мақсаты: 

білімділік Сын есімнің күшейтпелі шырайларын түсіндіріп, сын есімнен алған білімдерін кеңейту.

дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, іздене білуге бағыттау.

тәрбиелік: сөздің мағынасына мән беруге, білімін кеңейтуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, өз ана тілін жете меңгеріп, өзге тілді үйретіп, қадірлей білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы, талдау.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген 66-жаттығудың орындалу барысын тексеру.

Сұрақтар қою арқылы өткен сабақты еске түсіру.

  • Сын есімнің түрленуі дегеніміз не?

  • Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Мысал келтір.

ІҮ.Сабақ мақсаты

-Бүгін сабақта сын есімнің күшейтпелі шырайы,оның жасалуы туралы түсінік аламыз.Әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы алған білімді бекітеміз.

ІІІ Жаңа сабақ.

«Суреттер сөйлейді»

Экраннан қызыл алманың,сұлу қыздың,қыран бүркіттің суреттері шығады.Осы суреттер бойынша сапалық сын есімдерді жазғызу:

Қызыл,дәмді,сұлу,әдемі,сыпайы.Осы сын есімдерді күшейтіп айтқызу.

Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық,не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады.

Күшейтпелі шырайдың жасалуы

Сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы

Сапалық негізгі сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңғай, кілең сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесі арқылы жасалады.

Күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітеді: біп-биік, жап-жақсы) негізгі сын есемдеррмен дефис (-) арқылы жазылады.Тек ақ,көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ (ап-ақ емес), көкпеңбек (көп-көк емес) болып бірге жазылады.

ҮІ.Түсінуін тексеру

Оқулықпен жұмыс.71-жаттығу: Сын есімдерден күшейтпелі шырай жасау.


Кім көп біледі ? (ойын) Күшейткіш буындар арқылы құралған сын есімдерді кім көп тауып жазса, сол озып шығады.

1-топ:Тап - (таза, тар тамаша, тақыр ,тұйнақ) 
2-топ:Ап - ( арық,аппақ, аз,аласа,алыс,ашық) 

3-топ:Жап – (жарық,жасыл жаңа,жақын ,жаман,жақсы,жайлы

72-жаттығу

Сөз тіркестерінен сөйлемдер құру

Түп- түзу қайыңдар. Кеп-кең көшелер. Біп-биік үйлер. Өте ұзын көше. Тым ыстық күн. Тұп-тұщы су. Мөп-мөлдір бұлақ. Өте таза жер.

Жеке оқушымен жұмыс:Өлең құрамынан сын есімдерді тап,күшейтпелі шырай жаса:

Ақ киімді денелі ақ сақалды ,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тоңғаны ма тойғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан



ҮІІ.Бекіту

Семантикалық карта

мысалдар

Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім


дара


Күрделі


салыстырмалы шырай

күшейтпелі шырай

қоңыр қызыл







қалпақты







орманды







үлкен-үлкен







тәп-тәтті







ескілеу







жасыл







ап-аласа







кішірек







жігерлі








Сабақты қорытындылау

  • Күшейтпелі шырай дегеніміз не?

  • Күшейтпелі шырай қалай жасалады? Мысалмен дәлелде.

ҮІІІ.Үйге тапсырма:75 жаттығу. Тапсырма: Өздеріңмен бірге жүрген оқушылардың жақсы оқитыны туралы «Өте зейінді оқушы» деген атпен шағын шығарма жазып келу. Бағалау.



Урок казахского языка на тему "Күшейтпелі шырай" (7-класс)
  • Иностранные языки
Описание:

Бұл 7-сыныпқа арналған ашық сабақтың жоспары.Сабақта жаңа технология элементтері қолданылған.Сын есімнің күшейтпелі шырайы туралы оқушыларға жан-жақты түсініктер беріліп,түрлі тапсырмалар орындалады.Сабақ қазақ тілінен жасалынған.Бұл-ашық сабақтың жоспары.Оқушылар сабақ соңында көптеген нәтижелерге қол жеткізеді.Сын есімнің шырай категориясымен танысып,оларды практикалық түрде қолдануға мүмкіндіктер алады.

Автор Тюпеева Акмарал Хусаикызы
Дата добавления 17.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другое
Просмотров 373
Номер материала MA-062370
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓