Главная / Иностранные языки / урок казахского языка "Антонимдер" (5-сынып)

урок казахского языка "Антонимдер" (5-сынып)

hello_html_m2553b54c.gifhello_html_m27a3a6e3.gifhello_html_m1b9bec12.gifhello_html_6d4804bd.gifhello_html_m27100762.gifhello_html_m43904158.gifhello_html_432c20a8.gifhello_html_9d19b4.gifhello_html_m19b51a7c.gifhello_html_3f3d464d.gif

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты: Білімділік - антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,

Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;

Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру.

Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақ барысы.

І.Мотивация. Ұйымдастыру, зейіндерін аудару. Оқушыларды топтарға бөлу. Топ жетекшілерін сайлау /дауыс беру арқылы/. Оқушы білімін есепке алу картасын слайдтан көрсетіп таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

81-жаттығу

Сөздер мен тұрақты тіркестердің синонимдерін табу

ІІІ.Білімдерін тексеру

«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:

1.Лексика деген не, қай тілден шыққан?

2.Сөздің қандай мағыналары болады?

3.Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.

4.Көп мағыналы сөз бен омонимнің

айырмашылығы, ұқсастығы.

5.Синоним. Анықтамасы. Мысал келтір.

ІҮ. Мақсат қою.

-Бүгінгі сабақ тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтаймыз:

  • Баланың басты панасы кім?(Ана)

  • Анамыздың туыстары бізге кім болады? (Нағашы)

  • Өткен өміріміз (Тарих)

  • Ортақ үйіміз (Отан)

  • Ас атасы (Нан)

  • Жеті қазынаның бірі (Ит)

  • Көптің түбі (Мереке)

-Ендеше сабағымыздың тақырыбы-антонимдер.Бүгін сабақта антонимдер туралы түсінік аламыз,оларды омоним,синонимдерден ажыратуды,қолдана білуді үйренеміз.Антонимдердің не үшін қажет екенін білеміз.Түрлі тапсырмалар арқылы алған білімді бекітеміз.

V.Жаңа сабақ.

А) Интерактивті тақтадан биік тау мен аласа таудың суреті, семіз адам мен арық адамның,тәтті бәліш пен ащы лимонның,қыз бен ұлдың,жылау мен күлудің бейнесі бар суреттер шығады.Салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.

-Балалар, антоним грек тілінде anti –қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?

- Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.

Б) антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.

Тақтаға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Антонимдер

Болымды, болымсыздық мағыналар


1.Күштімен алысқан әлсіз өз қолын сындырады. (Сәйф Сарайи).

Піл күшті,

Піл күшті емес, тіл күшті

2.Жаман сөз жылатады,

Жақсы сөз жұбатады.

Көп сөйлеген қалайда жақсы емес. (Құтып)

3.Білімді – алтын көзі ашылатын,

Надан жан – қара бақыр шашылатын.(Йүгінеки)

Білімді білімсіздің мыңын жеңер. (Йүгінеки)


АНТОНИМ




Сын есім

Етістік

Зат есім

Есімдік

Үстеу

ауыр-жеңіл,

кең-тар,

ыстық-суық,

жас-кәрі

артық-кем,

аш-тоқ,

арық-семіз,

оңай-қиын




озу-қалу,

кету-келу,

қону-ұшу,

шашу-жинау,

ашу-жабу,

кіру-шығу,

күлу-жылау,

сату-алу

өтірік-шын,

обал-сауап,

алғыс-қарғыс,

рахат-бейнет,

бақ-сор,

өмір-өлім,

пайда-зиян,

жаз-қыс,

күн-түн

анау-мынау,

әне-міне,

осы-сол

ерте-кеш,

ақырын-шапшаң,

жоғары-төмен,

алыс-жақын,

әрі-бері




В) Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.

ҮІ Түсінуін тексеру

1.Оқулықпен жұмыс:87-жаттығу.

2.Жұмбақтар шешу:

Асты тігілген, үсті сөгілген (Қап)

Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)

Түнде бар, күндіз жоқ. (Жұлдыз)

3.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс:

Мына мақал-мәтелдердің құрамынан антонимдерді тап.

  • Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.

  • Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

  • Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

4.Терме диктант.

1-топ:Зат есімнен,2-топ:сын есімнен,3-топ:етістіктен болған антонимдерді топтап жазу:

Алыс-жақын. Ақ-қара.Айт-айтпа. Күн – түн. Алу-беру. Қыс-жаз. Алғыс- қарғыс. Отыру-тұру. Ұзын-қысқа. Ұл-қыз. Ыстық-ыстық емес. Күлу-жылау. Кіру-шығу. Жақсы-жаман. Ескі-жаңа. Достық-дұшпандық. Бар-кел.



Сергіту сәті :Жаңылтпаштар.

  • Ақ тайлақ ақ па?

Қара тайлақ ақ па?

  • Күн бе, түн бе,

Пілге мінбе.

  • Екеуінің жасы шамалас,

Бірінің шашы – қара шаш,

Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

5.Қабілетті оқушыларға жеке тапсырма:

99-жаттығу бойынша төмендегі сұраққа жауап беру:

Егер сенің қолыңа сиқырлы таяқ түссе,не істер едің? (антонимдерді қолдану)

ҮІІ.Бекіту

1.Шығармашылық тапсырма:

Берілген сөздердің антонимін тауып, қатыстырып сөйлем немесе мақал айт.


Жақсы-... үлкен-... арық-...

Жылай-... дос-... ұл-...

Жаз-... көп-... қорқақ-...

3.Қабілетті оқушылардың тапсырмасын тексеру

2.Топтастыру стратегиясы

Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға антонимдердің негізгі белгілерін анықтау тапсырылады.

мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер


ойды бейнелі түрде жеткізеді



Антонимдер




мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда жарыса қолданылады.


болымды- болымсыздық мағыналары бар




әр сөз табынан болады




ҮІІ. Бағалау.Үйге тапсырма беру

1-топ:90-жаттығу

2-топ:93-жаттығу

3-топ:94-жаттығу












































урок казахского языка "Антонимдер" (5-сынып)
  • Иностранные языки
Описание:

Бұл сабақ 5-сыныптарға арналған.Сабақ кезінде оқушылар антонимдер жайлы толық түсінік алады.Сабақ жоспарына жаңа технология элементтері енгізілген.Оқушылар антонимдерді таба білуге,қолдануға үйренеді.Сондай-ақ түрлі тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ой-өрістерін,таным белсенділіктерін қалыптастыру көзделген.

Автор Аршинова Аклима Хусаинкызы
Дата добавления 17.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другое
Просмотров 290
Номер материала MA-062392
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓