Главная / Математика / Уақыт.Ай.Апта.Тәулік.Таңертең.Сәске.Түс.Бесін.Кеш.Түн.(математика)

Уақыт.Ай.Апта.Тәулік.Таңертең.Сәске.Түс.Бесін.Кеш.Түн.(математика)

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Математика

Тақырыбы: Уақыт.Ай.Апта.Тәулік.Таңертең.Сәске.Түс.Бесін.Кеш.Түн.

Мақсаттары:

а)білімділігі: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру.

ә)дамытушылығы: Уақытты бағдарлай білу қабілеттерін дамыту.

б)тәрбелігі: зейіндерін,байқығыштықтарын,өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Баланың күн режимі суреті

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық

оятушылық


















Ұйымдастырушылық-

Ізденушілік


































Рефлекстік -түзетушілік









Балалардың назарын сабаққа аудару.

«Қайырлы күн!»жаттығуы арқылы психологиялық дайындық.

«Кідірмей,жылдам жауап бер» ойыны

-Жылдың қай мезгілі?

-Тәуліктің қандай бөлігі?

-Бір қолымызда неше саусақ бар?

-Аспанда қанша күн бар?

-Иттің неше көзі бар?

Аспанда қанша жұлдыз бар?

Бұл сабақ "Күн режимі" тақырыбына арналған әңгімеден бастала-ды. Баланың бір тәулік бойына жасайтын іс-әрекеті әңгімеленеді. Іс-әрекет алгоритмін түзу, уақытпен санасу, оны үнемдеу, ұқыпты пайдаланудың пайдасы, уақыт өлшеуіші — тәулік туралы мағлұматтар беріледі. Күн режимін әңгімелеуде: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары пайдаланылады.

Тапқышбек тапсырмасында ағаштардың көлеңкесіне қарай қай мезгіл екендігі ажыратылады. Уақыт өлшеуіштерін білдіретін басқа да суреттер салдыруға болады. Сабақта уақыт өлшеуіші — тәулікпен, бір тәулік ішіндегі: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары-мен, бір тәуліктегі баланың іс-әрекетінің ретімен таныстыру. Тәулік, сағат, апта, ай, жыл жайлы мағлұматтар беріліп, дүние танымын кеңейту, уақытты ұқыпты, үнемдеп пайдалануға үйрету көзделеді.

Уақыт өлшеуіштері: "Күз, қыс, көктем, жаз. Не өзгереді?" сұрағына жауап беру. Ай аттарын үйрету. Әр жыл мезгілінде үш ай болатыны айтылады. Жыл мезгілдерінің ұлттық дүниетаныммен байланысы, адамның төрт саусағы жылдың төрт мезгілі. Сұқ саусақ — көктем, ортаңғы саусақ — жаз, аты жоқ саусақ — күз, шынашақ — қыс. Әр саусақтың үш буыны — үш ай. Аптада жеті күн бар, апта күндерімен таныстыру.

"Апта күндері" ойыны

Мақсаты. Апта күндерін есте сақтау.

Керекті материалдар: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суреті са-лынған 7 және суреті жоқ 1-2 тәж

Сабақтарда уақыт өлшеуіштерін есте сақтау үшін "Бүгін қай күн?" деген сұрақ күнделікті қойылып, оған жауап айтылып отырады.

Балаларды мадақтау

Балалар сұрақтарға жауап беру арқылы ,балалардың назары сабаққа ауады.















Мұқият тыңдайды.


Бір тәулік ішіндегі: таңертең, сәске, түс, бесін, кеш, ымырт, түн ұғымдары-мен, бір тәуліктегі баланың іс-әрекетінің ретімен танысады.











Ойынға бәрі бірге атсалысады.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Уақыт.Ай.Апта күндерін;

Нені игереді : Апта күндерін және Уақытты ажырта білуді;

Нені біледі: өз ойын түсінікті түрде жеткізе алуды ,айтқанын түсіндіріп бере алуды.



Уақыт.Ай.Апта.Тәулік.Таңертең.Сәске.Түс.Бесін.Кеш.Түн.(математика)
  • Математика
Описание:

Тақырыбы: Уақыт.Ай.Апта.Тәулік.Таңертең.Сәске.Түс.Бесін.Кеш.Түн.

Мақсаттары:

а)білімділігі: Жалпы уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру. Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру.

ә)дамытушылығы: Уақытты бағдарлай білу қабілеттерін дамыту.

б)тәрбелігі: зейіндерін,байқығыштықтарын,өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Баланың күн режимі суреті

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету.

Автор Касенова Айгүл Кайрбекқызы
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Другое
Просмотров 888
Номер материала MA-064118
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓