Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТүзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру

Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру

Скачать материал

Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру


            Түзете - дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары.

            «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес». (В. А. Сухомлинский)

Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.

Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.

Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс

Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың елу пайызы психикалық дамуы тежелген /ПДТ/ балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. К. С. Лебединская, В. И. Лубовской, т. б дефектологтар зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі, яғни интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігін ерекше атап көрсетілген.

Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi - сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады өз өзiн төмен бағалауы; қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; өз күшiне деген сенiмсiздiгi.

Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20 - 30% төмен деңгейде. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi. Қазіргі таңда елімізде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы мектептер мен жалпы мектептердің ішінен арнайы сыныптар ашылуда.
Түзете - дамыта оқыту сыныптарына әр түрлі биологиялық, әлеуметтік себептердің салдарынан (орталық жүйке жүйесінің қызметінің жетілмеуі, соматикалық әлсіздік,, педагогикалық қараусыз) оқуда, мектепке бейімделуде қиындық келтіретін балалар оқиды.

Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін психологиялық түзете - дамыту жұмыстарының принциптері:

Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.

Шаршап кетпеуін қадағалау.

Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру

Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;

Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару.

Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру.

Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - тәрбиелеу үдерісіндегі міндеттер:

1. дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабілеттерін шешу және дамыту

жолдары: дайындығын қамтамасыз ететін психофизиологиялық мүмкіндікті қажетті деңгейге дейін дамыту;

2. Балалардың ой - өрісін дамыту;

3. Оқу қажеттілігін қалыптастыру;

4. Баланың әлеуметтік - адамгершілік мінез - құлқын қалыптастыру;
5. Баланы жан - жақты бақылау;

6. Даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру

7. Баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту;

8. Жағымды әлеуметтік орта қалыптастыру;

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту - түзету процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек:

- Жалпы білім беру циклі сабақтарында, сондай - ақ арнайы оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу;

♦ Түрліше әдіс, тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл - ой мен тәжірибелік жұмыстарды алмастырып отыру;

♦ Қызықты және әсемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрліше әдіс тәсілдерін қолдану;

♦ Баланың білім алу іскерлігін барынша белсенді етіп, олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану;

♦ Дайындық (оқу бағдарламаның нақты бір бөлігін меңгеруге) жұмыстарын жүргізу және қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейтуді қамтамасыз ету;

♦ Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде, қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл аудару.

Бiлiм беру мекемесiнде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшелiктерiн ескере отырып, сынып жетекшісі, психолог, логопед, дефектолог және ата - ана тығыз байланыста болып, түзету жұмыстары тиімді жүргізілген жағдайда жұмысымыз нәтижелі болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, балаларды мүмкіндіктеріне қарай дамыту, оларға сеніммен қарап, жеке тұлға ретінде өмірге бейімдеу, оқытудың тиімді тәсілдерін іздестіру, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылады.

Қазіргі кездегі ТДО сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне көптеген жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл – ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту. Сондай - ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді әдістердің бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден - бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. Ойын – оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар, ТДО сынып оқушыларына қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту ойындарды жатқызуға болады.

Ойын терапиясы – күрделі жұмыс. Бала психикасын дәрісіз емдеу, көңіл - күйіне, өзіне, қоршаған ортаға қарым - қатынасын өзгерту, пәнге қызығушылығын арттыру, іскерлік, белсенділік және сөздік қоры мен тіл байлығын дамытудың жолы, тиімді әдісі. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деуге болады. Баланың қиялы ойын арқылы шарықтайды, әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге деген ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын қалыптастыруды көздейді.

Педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес ойын түрлері:

1.      Білім беретін ойындар

2.       Тәрбиелейтін ойындар

3.       Дамытатын ойындар

4.       Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар

5.       Диагностикалық ойындар

Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн.

Психологиялық ойын - жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай - күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Адамдардың бiр бiрiмен қарым - қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған адамдармен қарым - қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады. Сондықтан, баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында танымдық іс - әрекетін қалыптастыру мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Түзете-дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Түзете - дамыта оқыту сыныбында ойын элементтері арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары. «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін емес». (В. А. Сухомлинский)Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс.Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 657 040 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.07.2020 158
    • DOCX 28.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Найденова Олеся Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Найденова Олеся Васильевна
    Найденова Олеся Васильевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 96624
    • Всего материалов: 234

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 562 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 481 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 269 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 592 человека

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов