Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТізбектелген сабақтар топтамасына « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету » модулін енгізу бойынша рефлексивті есеп .

Тізбектелген сабақтар топтамасына « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету » модулін енгізу бойынша рефлексивті есеп .

Скачать материал

Тізбектелген  сабақтар топтамасына   «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп.

                                       

          Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануын дамыту. Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты бұл үдерістің екеуін де дамытуды қарастырады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 12-13 бет).

«Сыни тұрғыдан ойлау» -­­­­сынау емес, шындалған ойлау оқушыға бұл  жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шындалып, дамып белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бұл технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педогогикалық қызметтің, іс-әрекеттік жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.

          Бұл модульде  күтілетін нәтиже:білімнің болашаққа пайдаға асуы қажетке жарауы,көп ақпаратты талдай,жинақтай отырып,ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Жеті модульде кіріктірліген идеялардың барлығы сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған тәсілдер деп білемін.

   Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірбиеде қолданылады деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім  беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да,мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

   Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,баламалы шешімдерді қабылдауға,ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Осы ойлардың дәлелдігіне көз жеткізу мақсатында тізбектелген сабақтар топтамасын өткіздім. Орта мерзімді жоспарлау барысында'' Қазақстанның физикалық география’’ пәні бойынша II тараудың үшінші тақырыбындағы’’Қазақстанның жер бедері’’геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары тарауындағы'' Қазақстанның жер бедері’ Сабақтың мақсаты. Жер бедерінің жазықтармен ойпаттардың теңіз деңгейінең биіктігін тусінулері керке. Каспий маңы ойпаты, Тұран Сібір ойпаттарын талдаулары керек. ’ Оқушыларға қазіргі Сабақ барысында қажетті көрнектіліктер мен әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Сабағымды Джигсо-1 құрастыру әдісі бойынша өттім. Оқушыларға берген тапсырмам жазықтар, ойпаттар, үстірттер, қыраттар топтарына бөле отырып,оқулықтағы мәтінді оқып түсінгендерін атауларына байланысты тұжырым картасына сурет салып, топта талқылап болғаннан соң, үлгерімі орташа Наукебаева Назерке басқа топқа барып түсіндіру керек. Барлық топ бір-біріне түсіндіргеннен кейін, топ спикері үлгерімі жоғары Сағатқұл Алина тақтаға шығып жұмысты топтың атынан қорғайды. Топ спикері арқылы үлгерімі орташа оқушы қалай түсіндіргенін салыстыра отырып, түсіндірген оқушы бағалайтын еді.         Тұжырым картасына сурет салғанда критерий бойынша орналасуы әр топ Қазақстан жеріндегі жазықтар, ойпаттар, үстірттер, қыраттар ерекшелігін анықтап көрсетілу және түсіндіру еді. «Тұжырымдамалық»  картасына сурет салу барысында кейбір топтар бірден кірісе кетсе, кейбір топтар қиналып отырғанын, байқай отырып,қастарына барып нұсқау бердім. Барлық топ айтылған тапсырманы орындап болғаннан кейін,әр топтан білдіртпей енжар отыратын оқушыны тарту үшін,аттарын атап,әр топқа барып түсіндіру керектігін айттым. Жазық тобынан Нәдірқұл Алғатайды атадым. Ойпат тобынан Шөпшекбаева Алинаны, үстірт тобынан Дайрабаева Асел, қырат тобынан Ахметжанов Сәкенді атадым. Ал енді әрқайсысына түсініктеме барысысында оқушылар тақырыптың  мазмұнын  ашып, сабаққа қызығушылығы артты. Екінші сабағым «Қазақстан жеріндегі аласа таулары»  тақырыбында  өттім.  Сабақтың мақсаты: Қаэақстандағы.аласа таулы өлкелерін білуі тиіс.Таулардың арасындағы  айырмашылығынтарын түсінулері керек. Аласа таулардың биіктігін талдаулары керек.

  Оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру ретінде.     Сабақтың басында оқушылардың оқу ортасында оқу әрекетіне деген жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Досыңды тани біл» тренигін  өткіздім. Үй тапсырмасын сұрау барысында  «Адасқан обьектіні табу» ойыны арқылы оқушылар адасқан обьектілерді тауып орындарына қою керек болатын.   Жаңа сабақты бастамас бұрын  оқушыларды реттік саны бойынша 3топқа бөлдім.Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау деп.  Мағынаны тани білу сатысында, әр топ спикерлері берілген тапсырмаларды  қорғайды. 1 топ Сарыарқа тобының  топ спикері Сарсенова Алина мынандай сипаттама   берді.   Сарыарқа солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан басталып, оңтүстігінде Балқаш көліне дейінгі аралықты, батысында Торғай үстіртінен, шығысында  Сауыр  -Тарбағатай таулы  жүйесіне  дейінгі аралықты алып жатыр. Жер бедерінің теңіз деңгейінен биіктігі 250-400м.  Мұнда тегіс жерлер ұсақ шоқылар алмасып отырады. Сондықтан да «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп атаған. Сарыарқаға Ұлытау, Құмтас, Баянауыл, Қарқаралы, Шыңғыстау, Көкшетау таулары жатады.Ең биік нүктесі –Ақсоран1565м.Екінші топ спикері Амангелді Еркебұлан Мұғалжар тауы бойынша  сипаттама  берді. Мұғалжар тауы- Орал тауының жалғасы  Ең биік шоқысы-Үлкен Боқтыбай  657м.Мұғалжар тауы шөгінді  және  магмалық жыныстардан құралған ежелгі тауларға жатады.Үшінші топ спикері Наукебаева Назерке: Маңғыстау тауы Қазақстанның батысында Каспий теңізінің Маңғыстау түбегіне дейінгі аймақта созылып жатыр. Маңғыстау тауының  Қаратау жотасының биіктігі 556 нен ең төмен Таулар  құмтас, кристалды тақтатас, қара әктас Қаратау, ақ әктастардан Ақтау құралған. Маңғыстау тауының оңтүстігінде Қазақстандағы теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері - Қарақия қазаншұңқыры барын айтты. Үшінші  сабағым   «Қазақстан жеріндегі биік таулар» болды.  Сабақтың мақсаты: Қазақстан биік таулы өлкелерін білулері тиіс.Таулардың биіктік белдеулерін және табиғат ресурстарын айырмашылықтарын түсінулері керек. Биік таулы өлкелердің биіктігін талдаулары керек.

    Сабақ бастамас бұрын сыныпта оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру мақсатында  оқушылар шеңберге тұрғызып,  бір-бірлерінің қолдарынан ұстап тұрып, жылы лебіздерін   білдіруін сұрадым. Үй тапсырмасын сұрау барысында «кім көп біледі» ойыны бойынша  тізбектелген сұрақтар арқылы анықтадым. 

Тау дегеніміз не?

Қазақстан жеріндегі тауларды атаңдар

Қандай таудың түрлері бар

Таудылардың ортақ ұқсастықтары мен ерекшеліктерні білесіздер ма?

Сарыарқаға қандай таулар жатады, олардың биіктерін ата.

 Мұғалжар тауынын ең биік нүктесін  атаңдар.

Маңғыстау тауының ең нүктесін атаңдар.

Жаңа  сабақты бастамас бұрын  оқушыларға мақал-мәтелдер беріледі,  соларды құрастыру  арқылы оқушылар 4 топқа бөлінді.

1топ Жетісу Жоңғар Алатауы.

2 топ  Сауыр Тарбағатай.

3 топТянь-Шань.

4топ Алтай тауы.. Қазақстанның физикалық географиясы бойынша электрондық оқулықтан оқушылар бейне ролик көрді. Әр топ А-1 тұжырымдамалық картасы бойынша өздеріне берілген тапсырмаларын қорғап шықты. Бірінші топ спикері Жабықбаева Алина Жетісу Жоңғар Алатауыны  солтүстік – батыс бөлігі Қазақстан жеріне қарай  тармақталып еніп тұрғаны жайлы түсініктеме бере отырып,  Жоңғар қақпасы арқылы Қазақстандағы Батыс Қытаймен  жалғастыратын Достық теміржолы  өтетіні туралы атап өтті. Екінші топ спикері  Ермаханбетов Мадияр Сауыр – Тарбағатай тауы жайлы Сауыр жоталардың ішінде ең  биігі .Оның биіктігі  3816м  Тарбағатай  Сауырға қарағанда аласа, бірақ едәуір ұзын. Тарбағатай  тауынын ең биік жері 2992м Үшінші топ спикер Әріпбаева Іңкәр Тянь-Шань тауы Қазақстанның оңтүстік –шығыс бөлігін  алып жатыр Тянь- Шань қытай тілінен аударғанда  тәңір шыңы деген  мағынаны білдіреді. Тянь-Шаньның шыңдары  өте биік. Ең  биік шыңы –Хан Тәңірі  оның биіктігі 6995м  Тянь-Шань таулы өлкесі  Батыс Тянь-Шань,Орталық Тянь-Шань, Солтүстік Тянь – Шань   тауы болып төртке бөлінетіне  толық сипаттама берді. Төртінші  топ  спикеріАхметжанов Сәкен   Алтай тауы  Қазақстан жерінде  оңтүстік батыс бөлігі  кіреді. Алтай  таулы аймағын  Оңтүстік  Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлінеді.  Ең биік жері -\Кенді Алтайдың Мұзтау  Белуха -4506м  Кенді   Алтай  пайдалы  қазбаларға бай екеніні жайлы  толық мағлұмат берді. Әр топ мүшелері өз топтарында ұйымдасқан күйінде жұмыс жасағандарын көрсетті. Ой толғаныс кезеңінде  оқушылар Блиц турнир ойыны арқылы жұмыс жасады.

1Тянь-Шань-биік тау.

2Сарыарқа –аласа тау

3Мұнай – пайдалы қазба

4Мұзтау -4506м

5Қарақия-ойысы

6Хан –Тәңірі -6995м

7Достық- темір жол

8Сауыр-  3816м

Мен бір таудың атын атаймын,  оқушылар ары қарай жалғастырып айтып отырады. Келесі әрекетім. Жаңа сабақты бекітуге оқушылардан географиялық диктант алдым. Мысалы; Алтай таулы өлкесінің Қазақстан жеріне ............................бөлігі кіреді.  Алтай таулы аймағын..........Алтай........... немесеКенді Алтай және .......... жотасы деп үшке бөлінеді. Ең биік жері-

 

Кенді Алтайдың ........ Белуха.....Кенді Алтай пайдалы қазбаларға өте бай.

 Үшінші сабағым. Қазақстанның пайдалы қазбалары .. Сабақтың мақсаты. Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалардың түрлерін білулері керек.Оқушылар пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтарын түсінулері керек. Оқушылар пайдалы қазбалардың Кен орындары туралы талдаулары керек.     . Оқушыларды топқа  бөлу үшін, әр түрлі қызыл, жасыл, сары, көк стикер тараттым, қызыл стикерді алғандар  1  топқа, жасыл стикерді алғандар    2топқа, сары стикерді алғандар 3топқа бөлінді.Стикердің ішіне бір-біріне оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді жазып тілек білдіріп арқаларына жабыстыру  кереектігін ескерттім. Оқушылар 3топқа бөлінді. 1топ Жанатын пайдалы қазбалар.

2 топ Рудалы пайдалы қазба .

3топ Рудасыз пайдалы қазба.

1 –ші  топ мүшелері Қазақстанның пайдалы қазбалары жайлы жалпылама тоқталып. Қазақстан аймағындағы биік және аласа таулар қатты бұзылып, күшті жемірілген сайын кенге бай тереңдегі жатқан тау жыныстары  жер бетіне шығып қалады. Көбінесе бұзылған таулардан кенді қазбалар табылады. Шөгінді жыныстарды көбінесе кенсіз қазбалар қалыптасады. Жанатын пайдалы қазбаларға жататындар, мұнай, газ, көмір.Мұнай мен газ республикамыздың батыс аймағында шоғырланған. Алғаш рет иұнай 1911жДоссор кен орнында өндірілді.Өзен мен Жетібай  кен орнынан мұнай 1250-2500метр тереңдіктен өндіріледі. Бұл ең бағалы мұнай өндіретін кен орнына жатады Қазақстан көмірге өте бай  1833ж шопан  Аппақ Байжановтың  Қарағанды өңірінен кездейсоқ тауып алған «отқа жанатын қара тасы».кейін аңыз емес, шындыққа айналды.Екібастұз көмірі жер бетіне жақын жатқандықтан,мұнда көмір ашық өндіріледі.Оқушылар топта талқылап берілген тапсырмаларын тұжырымдамалық картаға түсіріп,оны топ спикерлері қорғап шықты.Тақта алдында таныстырылым кезінде оқушылар бірін-бірінің қатесін тауып,пікір сайысқа түсіп, ойларын дәлелдеуге тырысты.Таныстырылым кезінде  Еркебұлан  баяу жауап берседе, аяғына дейін тұжырымдамалық карта бойынша мазмұнын айтып беруге тырысты. Бүгінгі сабақта Еркебұлан  сұрақтарға жауап беріп, тақта алдында шығып сөйлегеннің өзі сабаққа қызығушылығының артқаны.Сабақтың соңында мен Еркебұланға бүгінгі сабаққа белсенді қатысып отырдың,өте жақсы дей отырып, сабақтың қай жері сені қызықтырды. –дегенде топпен жұмыс жасағаны,АКТ-ны көрсеткені ұнады деп жауап берді.Яни Еркебұлан осы уақытқа дейін тақта алдында  шығып жауап берген емес еді. Сабақ барысында айналасына  көз тігіп  қана отыратын ,сабаққа жауап берейін деген ойда болмайтын. Еркебұланға әсер еткені сыртқы әлеуметтік фактордың қолдануынан топта  отырған оқушылармен араласып, еркін сөйлксіп, ойын ашық айтуға итермеледі.Міне, сабақ үрдісінде модульдің жаңа – тәсілдердің қолдану арқылы енжар оқушылардың өзі ынталанып, қызығушылығы артқанын байқадым.

          Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін қолдану барысында сөйлемейтін оқушылардың өз ой –пікірін жеткізу үшін маңызы зор болды. Олардың ойлау қабілеті дамыды, көп ізденіс шығармашылық пен жұмыс істеуіне тақырыпты жан-жақты ашуына мүмкіндік тудырады. Осы бағдарламамен оқу кезінде тек оқушы емес оқытушының да өзінің педагогикалық ойлау әрекетіңе деген ой әсерлі мотивацияны қалыптастырады. Алда тұрған жұмыстар, міндеттер көп. Соның кейбір жолдарын, түрлерін, әдістерін әр қарай жетілдіріп жасау біздің қолымызда. Оқушылардың ой өрісін дамытуға топпен жұмыстың тиімділігі.
Оқушылардың сабақты жақсы түсінетін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып ұйымдастыруға тырыстым. Оқушылар алдын ала берген тапсырма бойынша жан-жақты дайындық жасайды.Оқушы толық түсініп өз дәрежесінде ұғып қабылдаса, ол ұмытылмай есте жақсы сақталады. Сондықтан әрбір өтілген тапсырма,тақырыпта топтасып отырып, оқушылар өз білгенін бір-біріне жеткізуге тырысады. Географиялық заңдылықтар, құбылыстар, заттардың қасиеттері т.б сипаттай отырып, өз білімдерін жинақтауға мүмкіндік туады. Схема, сурет, сызбаңұсқа түрінде қорытындылайды.
Оқушыларды топпен жұмыс істете отырып ойлау қабілетін дамыту.
Өзін-өзі тануына,білім алуына жақсырақ ұйымдастыру үшін пайдалы болу керек. Сонымен бірге топтаса отырып бір-біріне көмек жасалады, ақыл ойынның оқушының дамуына мүмкіндік жасайды.
Оқушы топпен жұмыс істеу арқылы оқудағы, еңбектегі, барлық басқа іс-әрекеттегі оның жетістікке ұмтылуына, табанды мағыналы болуына әсерін тигізеді. Әр кездегі қиындықтан шыға біліуіне ықпал етеді.
Топпен жұмыс істеу оқушының болашақ жетістіктерін болжауға көмекші бола алады.  Оқушы  өзін  бағалай  біледі. 

Өзгерістер туралы ойымды ұсынар болсам, келешекте осы әдіс -тәсілдер сабағымызда жүйелі қалыптасып, әріптестеріме осы оқытудың тиімділігін дәлелдеп ұсынар едім. 

Пайдаланған  әдебиеттер:

1.      Мұғалімге арналған нұсқаулық.( 12-13бет)

2.      Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқуту ретінде.  С.Мирсеитова.

3.      Қазақстанның физикалық географиясы. Есназарова.Ұ.Ә.8 Сынып.

4.      Табиғат және география ( Журналы).
                                          

Сын тұрғысынан ойлау туралы  рефлексивтік есеп.

 

  

         Сыни ойлау «сын» сөзімен төркіндес болғанымен сынау, сын айту, мінеу деген түсінікті бермейді. Бұл –шыңдалған ойлау үлгісі. Сыни ойлау- өзіндік және жеке ойлау. Өйткені бұл ойлау барысында әркім өз ойын және пікірін басқалардан тәуелсіз құра алады. Мәселені өз бетінше шешуді қамтамасыз етеді. Сыни ойлау – екінші жағынан әлеуметтік ойлау болып табылады. Себебі бұл деңгейде ойлау үшін белгілі әлеуметтік қатынастар орындалуы тиіс. Мысалы: пікірді ашық айту, сынамау, шыдамдылық, бірлесе ойланып, бірігіп шешім қабылдау т.б. Сыни ойлауды дамыту жобасының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.

  

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

         Ойлау да оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол – белсенді, тұжырымдалған, күрделі, шын ойды айтатын құбылыс. Сыншыл ойлауды мазмұннан тыс үйретуге болмайды. Сын тұрғысынан ойлауды оқушыларға мектеп бағдарламасының мазмұнынан, күнделікті мектеп өмірінен бөлек аса жақсы үйретілмейді. Сын тұрғысынан ойлау оқушы тәжірибесінің белгілі бір мазмұны, күтілген нәтижеcі, күнделікті тұрмыс тіршілігі негізіне қатысты қаралса, онда ол аса ұтымды түрде үйретеді.

Шындығында, сын тұрғысынан ойлауды зерттеу және үйрену тәжірибелерінің ұсыныстары бойынша, оқшауланған дағдылар мен нақты фактілерді үйренуге мән беретін үлгілер сыншыл ойлауды шектеп тастайды. Үйрену мен ойлауды ауқымды етіп түсіндіретін және қолдайтын зерттеу салалары- танымдық психология, философия және әр түрлі мәдени білім орталықтары. Оның негізгі мәні мына төмендегіше:

- ақпараттар мен идеялар туралы қолма-қол ой, пікір айту. Бұл іс-әрекет аса жақсы жасалынады, егер оқушы белсенділікпен үйренсе, талдаса және ақпараттардың соңында, оны, өз тәжірибесінің, білімінің бір бөлігі ретінде айтса;

- егер оқушылар ойлау іс-әрекетінде ылғи тұрақты стратегияны қолданса, онда олардың білімі өсу деңгейінде болады;

- мұғалім ой мен тәжірибенің әр түрлілігін және мәнін түсінсе, сонда ғана сын тұрғысынан ойлау мен үйрену іс-әрекеті болады.

Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта жасау.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету оңай іс емес және ол бір деңгейде үйретіліп ұмытылып қалатын іс емес. Сын тұрғысынан ойлауды үйрететін нақты қадамдар  да жоқ. Бірақ сын тұрғысынан ойлауды қолдайтын сыныпта жасалынатын бірнеше қолайлы жағдайлар мен оқушы түсінігі бар. Сын тұрғысынан ойлауды ынталандыратын  мүмкіндікті туғызатын іс-шаралар төмендегілер:

1. сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру керек, қолайлы мүмкіндік жасау керек.

2. оқушыларға ойланып-толғануға рұқсат берілуі керек.

3. әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау керек..

4. сабақтағы оқушылардың екпінді ісін қолдау.

5. әрбір оқушының жасаған сынына және оның сын көзімен қарау қабілеттілігіне сенім білдіру.

6. сын тұрғысынан ойлауды бағалау

       Сын тұрғысынан ойлау сатылары : Қызығушылықты ояту, мағынаны тану және ой толғаныс. Бұл қүрылым жұмыстың нұсқау бағыты ретінде қызмет атқарып, басқа оқыту әдістеріне түсінік пен  толықтырулар беру үшін бағдарламаның басында көрсетіледі.  Алғашқы сатысы , Қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне  еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге  күш алуларына және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы сатыда оқушылар бірінші рет болашаққа  көз жүгіртіп, ұғынып, жаңадан таныстырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін өз алдарына мақсат қояды.  Қызығушылықты ояту - оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам болып табылады. Олар өз еркімен саналы түрде алға жылжитындықтарын немесе үйретілетін тақырыпқа енетініндіктеріне шешім қабылдайды. Сонымен қатар оқушылардың жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын – болмайтындықтарын шешуі де алғашқы сатыда іске асады.

Дәстүрлі оқытуда Қызығушылықты ояту сатысы көбіне қалып кетіп жатады. Мұғалімдер оқушылар мектепке дайындалып келеді деп ойлаулары мүмкін. Кейде солай болады, бірақ көп жағдайларда ең алдымен не күтілетінін анықтап, оқушының қызығушылығын оятып алып, бұрынғы құрылым мен білімді санасына сіңдіріп, тек сосын ғана ары қарай үйренетіндей орта құру керек. Тіпті, үйренуге дайындықпен келгендері үшін де Қызығушылықты ояту сатысы ұзақ, әрі мағыналы оқудың қажетті психологиялық негізін салады. Бұл  саты  үйрену процесін алға жылжытуға бағытталған.

Ал, Мағынаны тану сатысы болса,  жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай қайсысы болмасын, осы 2 саты  оқушыларды ақпараттар мен мазмұнмен кездестіреді. Бұл сатыдағы оқушының негізгі міндеті – мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы білім мен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен, өзінің түсінгенін бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және оны белсенді басқарумен қатысуы қажет. Мағынаны тану сатысында оқушылар жаңа білімді бұрынғымен  біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет. Ой толғаныс – үйрену процесінің соңғы сатысы болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Оқушылардың алған білімдері ұзағынан мазмұнды болып, шындыққа ұласуы  үшін бұрынғы мәлметтерімен жаңа мәліметті  біріктіре алуда уақытпен  құрылыммен  қамтамасыз ету­-осы сатының мақсаты. Бұл саты  саналы талқылаулар білімді тәжербиеде қолдану, жаңа идеалар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен  немесе келесі бір  зеріттеуге бастауға шақырумен айғақталды. Бұл-үйрену жеке сипатқа ие болатын сәт.    Сын тұрғысынан ойлау технологиясы  жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы ойын ашық айта білуі, пікір айтуға үйрену,  ойлану, ойланып жауап беру, достарының ойын табу, жауаптарын бағалай білу, ойлау әрекетінің белсенділігінің өздігінен қалыптастыру, олардың өмірге бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту, еңбек етуге жаттықтануға тиісті қадамдар жасайды. Сыни ойлаудың технологиясының мақсаты: шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ойлау, елестете алу қабілетін, рольдерге енулерін қалыптастыру, өзінше бағалап, ой түйе білуге үйренеді.

           Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта »  « Сыни тұрғыдан ойлау  – бақылаудың , тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлауға және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды  білдіреді.» (49 бет).

     Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолдансам болады ? деген оймен сабағымда  миға шабуыл кезеңінде : слайдтан пәндердің суретін көрсету арқылы :  мына суретте нені көріп тұрсыңдар ? -  деген сұрақ қойылады. Ой қозғау арқылы сабақтың тақырыбы ашылды.                                                                                              Суретте нелер бейнеленген ?

 -Бұл қай пән ?

-Кім қай пәнді ұнатады ?

- Сурет бойынша шағын әңгіме құрастырту.

- Сен қай пәнді ұнатасың? деген сұраққа жауап алдым.

Сонымен ,  Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты: – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
            -  рухани дүниесін байыту ;
            -  ауызша – жазбаша тіл мәдениетін дамыту ;
            -  ойлау, елестете алу қабілетін қалыптастыру ;
            -  көзқарасын тереңдету ;
            -  өзінше бағалап, ой түйуге баулу ;
            -  ойын жеткізе алу,
            -  танымдық оқу ауқымын кеңейту;
            -  шығармашылық ізденісіне жол ашу .
          Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Мұндай технологияларды қолдануда - біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.

            Жаңа әдіс - тәсілді игере отырып жасаған сабақ жоспарымның барысында осы тұжырым басты бағыт болып, білім алуда оқушылардың басты критерийіне айналды.  Дәстүрлі сабақта мұғалімнің түсіндіруін  қабылдайтын оқушылар, енді тақырыпты өздері оқып игеріп, оның басты мақсатын өздері ашып, талдап, сын тұрғысынан сараптап, түйінді пікірді де өздері қорытындылайтын болды.

   Оқытуды ізгілендіру  –  оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс – әрекеттері арқылы сыни ойлауға қабілеттерін дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Уақыт талабына сай оқушының сыни ойлау қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын қажетті жағдайда пайдаланған жөн деп ойлаймын.

Өз ойын еркін жеткізе алмайтын өздеріне сенімсіз оқушыларға пайдасы шексіз. Атап айтқанда,  оқушылармен жұмыс жасағанда:                                                                                             1. еркін ойлауға мүмкіндік береді;                                                                                               2. ақыл – ойын дамытады;                                                                                                                 3. шығармашылық белсенділігін арттырады;                                                                                4. ұжымдық іс – әрекеткетке тәрбиелейді;                                                                               5. тіл байлығын жетілдіреді;                                                                                                    6. жан – жақты ізденушілігін арттырады.

          Оқушылар өздерінің түсінгендерін  « Бірігіп сурет салу »  әдісі бойынша суретпен толық жеткізе білді. Әсіресе,  топта пәндер дегенде ойларыңа не келді дегенде, оқушылардың барлығы күнделікті өтетін сабақтарын, яғни пәндерді жазып, сурет салды. Топ баяндаушылары ортаға шығып, жасаған жұмыстарын қорғап шықты. Атап айтсам, топтың ішінен Зейнап , Владимир, Ильгар деген оқушылар жұмыстарын қорғап шықты.  Сөйлемді дұрыс, толық жеткізуіне , ойын толық айтуына көмектесіп, жетелеп отырдым. Бұл жұмыс олардың сыни ойлауын жақсы дамытты. Сабаққа қызығушылығы нашар оқушы Хабиб  топтық  талқылауға  араласып жатқан  кезде оның сабаққа деген талпынысы мені таң қалдырды.   Әрине, оқушылардың арасында сабаққа толық қатыса алмай,  тапсырманы игере алмай отырғандары да болды.  Бірақ көбінің білімді меңгеруге талпыныстары бар.  Сондықтан мен уақытты дұрыс пайдалана отырып, нақты жағдайлар мен әртүрлі тәсілдерді дұрыс таңдаудың нәтижесінде оқушылардан үй тапсырмасын сұрап, жаңа сабақты меңгертіп,  формативті бағалауды қолдануда критерийлерді алға тарта отырып, сыни ойлауға да жетелеуге тиіс екендігімді ұқтым.  Балалар топқа бөлудің өзінде қандай да бір сыр бар екенін ұғынып , соңғы сабақтарда топқа бөлуден бастап ойлай бастады . Сұраққа жан  –  жақты ойланып жауап беруге дағдылана бастағаны байқалды. Бірақ осындай ойлауға жеткізудің өзі мен үшін үлкен жұмыс болды. Себебі келесі болатын сабақты жоспарлағанда сабақта оқушыларды сыни ойлауға жетелеу үшін қандай сұрақ қоямын деген ойда жүрдім. Сын тұрғысынан ойлаудың қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі  іздеп табады да сол шешімдерді саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Менің өткен сабақтарымды оқушылар сын тұрғысынан өз көзқарасын білдіруге,  ой түйіндеуге бейім екендіктерін көрсетті. Тек ұстаз тарапынан дұрыс бағыт - бағдар, бағалау, мадақтау  жүргізілсе  болғаны.     Болашақ  ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы. Қорыта айтқанда, Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары оқушылардың қызығушылығын арттырады, білім сапалары көтеріледі, шығармашылықпен жұмыс жасауға,ойлауға, талдау жасап, өз көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді.Стратегияларды қолданғанда мұғалімнің де, оқушының да рольдері өзгереді.

-сабаққа белсенділігі жоғары, өздігінен жұмыс жасауға дағдылана алады.

-          оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы бірлестігі демократиялық сипат алады.

-          оқушы  ойын еркін жеткізеді, өзіне деген сенім артады

жаңаны  тез игеріп дұрыс түсінеді, салыстыра отырып қорытындылайды, болжам

Сыни тұрғыдан  ойлауға оқыту»модуліне рефлекциялық есеп.

 

Cын  тұрғысынан  ойлау  бұл  біздің  ғасырға жетуімізге мүмкіндік  беретін  ерекше қабілет.Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның  ерекше болуы  міндетті емес.біздің  басқа біреудің идеясы мен  нанымын  өзіміздікі етіп  қабылдауымызға  толық  құқығымыз бар.Біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз  керек болады да, бұл  біздің  құқымызды дәлелдейді.Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның  көзқарасымен жиі келісе бермейді. Сыни тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса,әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіp құратын болады.Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды,біз барлығын өзіміз жасаймыз.Ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес,жіберілетін пункті болып табылады.   Білім адамның  сыни  ойлауы  онсыз  мүмкін  болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басыңда  түк  жоқ  болса  ойлау  қиын болады»деп айтып жатады ғой.Терең ойлау үшін  фактілер мен  идеялар,мәтіндер  мен  теориялар, мәліметтер мен концепциялар  секілді  көптеген «шикізаттарды» өңдеу керек болады.Сын тұрғысынан  ойлау  сұрақтар  қойып,шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан  басталады.Жалпы адамзат  баласы  тумысынан  білуге  құмар   болып келеді.

Егер  біз  жаңа нәрсені байқай  қалсақ,оның  не екенін білуге құмартамыз. Ал, егер қызық бір орынды көрсек, оның ішіне  кіргіміз келеді. «Тірі жандар әлемінде,- дейді  химик,  әрі философ  Микаел  Поланый, құрт  құмырсқадан,  тіпті амеба  секілді  қарапайым  формаларынан  бастап  тікелей қажеттілікті  қанағаттандырумен  еш  қатысы  жоқ  мәңгі алаңдатарлық  быжынау мен  таза  зерттеу белсенділігін    және барлық  тірі жандардың өз қоршаған   орталарына интеллектуалды бақылау жасауға  тырысатындықтарын  байқаймыз»    (дәиексөз:Мейерс,41 б)

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлау» деп сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты маңызды педагогикалық модуль. Бұл модуль біздің де, оқушыларымыздың да ойымызды дамытуды, санамызбен және ойымызбен қабылдауымызды көздейді.

   Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған. Ол бойынша көбінесе пікір айтуға, кіші-гірім шешім қабылдауға, ойлауға баулиды.

   Сыни тұрғыдан ойлау негізінен жоғары сыныпта оқитын оқушыларға байланысты болғандықтан, мен алған 11 « А » сынып оқушыларына сай келді деп білдім. Бірақ бұл кіші сыныптардағы оқушыларға қолдануға болмайды деген сөз емес. Ең бастысы, ең оңтайлысы – оқушылардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру, ықпалдастыру.

   Сыни тұрғыдан ойлау мән - мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырдым. Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары төмендегідей сипатталатынын ескердім:

► бақылау

► талдау

► қорытынды

► интерпретация

     Химия  пәнін сыни тұрғыдан оқытуда мынадай үдерістер мен дағдыларды басшылыққа алдым:

● суреттер, фотосуреттер, период бойынша жинақтау, топтастыру;

    « Алкандар » тақырыбында суреттер салынды, фотосуреттер жинастырылды, эссе жазылып, кері әсер парақтары толтырылып , топтастырылды.            

● негізгі тарауды  бағалауды және соларға сәйкес сұрақтар қоюды;

 Негізгі  тарауды оқулықтан, газет-журналдардан және ғаламтор жүйелерінен алынды. Олар оқушылардың көзқарасымен бағаланып, соған сәйкес өзара сұрақтар қойдым.

● негізгі дереккөздерді жағдаяттық қорытындылармен және уақытша жинақтаулармен салыстыру және талқылау;

Алынған мәліметтер бойынша оқушылармен бірлесе отырып салыстыру, талқылау, зерттеу, снтездеу жұмыстарын жүргіздім. Мысалы,  Алканның жеке өкңлі метанды қай жерден табуға болады?

Қалтай Айгерім : « Алканның жеке өкілі метанды шахтадан табуға болады » деді.

Ал, Дәнекер : « Метанды алкандарды реакцияға салу арқылы табуға болады » деп жауап берді.

●тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қамту;

    Александердің (2001, 2008) Диалогтық оқытуына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтық педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым қатынастың дәстүріне күмәнмен қарайды. Осы уақытқа дейін өтіліп келген сабағымыз осы үрдіспен жүріп отырды. Мұғалім сөйлейді, сұрақ қояды, оқушыдан нақты жауап беру талап етіледі, қосымша пікірі назарға алынбайды. Нәтижесінде оқушының сабаққа деген қызығушылық төмендеп, наразылығы артады.

  Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуға тиімдірек және зияткерлік жетістіктері оғары болатыны дәлелденген. Сондықтан мен өз сабақтарымды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ретінде қарастырдым.

Оқушыларды ХХІ қасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – біз үшін ынталандырушы күш болып табылады. Оқушылар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек (Wolfe and Alexander, 2008). Сондықтан сабақ уақытысында диалогты көп қолдану керек екенін ескердім, себебі онда оқушылар өз ойларын дәлелдеді, дәйектеді, талқылады. Александер диалогтың бес үлгісін анықтап берді:

-          Механикалық

Мен тізбектелген сабақтар барысында өтілген тақырыптағы фактілерді, ойларды және күнделікті қайталатып отырдым. Нәтижесінде оларда жаттау қалыптасты.

-          Декламация

Сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіру мақсатында ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтырдым.

-          Нұсқаулық, мазмұндама

Оқушыға не істеу керектігін түсіндірдім, ақпаратты жекіздім, сонымен қатар фактілерді, қағидаттарды түсіндірдім.

-          Талқылау

Ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлістім.

-          Диалог

Қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткіздім.

  Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында оқушыларға балама мүмкіндіктер беріледі, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандырдым. Бұл мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша , диалог пен ауызекі немесе «интерактивті» оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын «диалектика» элементі (Wolfe and Alexander, 2008).

   Идея мен мүмкіндіктерді алга жылжыту және келісу үшін дәлелдемені пайдаландым. Нәтижесінде оқушылар өздерінің құрдастарымен, өзге адамдармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой-әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуіне талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге алатын болды.

 Алкандар, олардың гомологтық қатары, изомерлері, атаулары  тақырыбында өткізілген сабағымда оқушылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылды, сұрақтар туындаған жағдайда, мұғалім ақпарат көзі болуы міндетті емес деген нұсқаулықтағы сөйлемді ескеріп, мен оқушылармен бірлесіп ғаламтор  көмегімен зерттеу жұмыстарын жасадым, оқушыларға табылған ақпараттардан қажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектестім.

Мерсер сыныпта  талқылаудағы дәлелдің үш түрін анықтады, олар:

-          Пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды; Мысалы, Керімбай Айгерім өзге оқушының ойын қабылдамай, өз ойын ұсынып отырады.

-          Кумулятивтік әңгіме, мұнда бір-бірін сынамайды, тек сындарлылыққа негізделеді

-          Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады.

Мен, диалог жүргізудің ережелері туралы келісімді нақтылап, сыныпта диалогтық үлгі құрдым, оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс жасадым. Ол үшін оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастарына, бір – бірімен сөйлесуі  мен эмоцияларына көңіл аудардым.

   Оқушылардың тапсырманы орындағандарын көріп, айтқандарын тыңдап, талдап,  оларға жауап бере отырып, білім алуға қолдау көрсетіп отырдым.

Оқушылардығ  сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін көрсететін ерекшеліктері:

Ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, жауап іздеудің орнына сұрақтар қою, дәлелдерді талап ету. Мысалға Медет деген оқушы берілген тапсырмаға, қойылған сұрақтарға тез, әрі ұтымды жауап беруге тырысады, әсіресе ол ғаламтор арқылы алынған материалдарынан мысалдар келтіреді.

Сол себепті ол сабаққа белсенді араласты. Маған сұрақтар қояды, дәлелдерін талдайды, мағынаны анықтауға тырысады, ештеңеге сене бермейді, жаңашыл идеялар мен келешекке ашық.

  Оқытуда балалардың «тұжырымдаманы» жаттап алуыннегізге аламыз ба немесе осы түсініктермен не істей алатындарын негізге аламыз ба?

Екінші ережені ескере отырып оқушылардың мазмұнға күдік келтіріп және сұрақ қоюы арқылы оларға1 жауап іздеумен айналысуын қамтамасыз еттім.                                                                                                                                           Тапсырмаларды орындауда, қайсы бір мәселелерді талқылауда оқушылардың іс-ірекетін барлық деңгейден өтетіндей етіп ойластырдым.Сабақты талқылау кезінде туған сұрақтар арқылы оқушылардың осы жұмыстарға қаншалықты әдеттеніп, үйренгенін бақыладым. Сұрақтарды  екі деңгейде қарастырдым. Яғни , жоғарғы және төменгі деп. Бірінші деңгей сұрақтарына оқушылардан ойланбастан жауап беруді талап еттім, өйткені оқылған материал жайлы берілді. Мысалға

     - Органикалық қосылыстарға не жатады?

-          Мұнай қай қаладан шығады?

-          Алкандардың жеке өкілі не болып табылады?

Бұл сұрақтардың жауабы ойлануды немесе оқушының оған деген білімі туралы пікірін қажет етпейді. Әрбір жауап нақты жазылып қойған фактілер.

  Ал, жоғары деңгейде сұрақтар, жауап берместен бұрын, оқушылардың ойлауын, талдауын, қажет етті. Және өз ойларымен топ арасында бөлісе алады. Мысалға:

-          Органикалық қосылыстар не үшін қажет?

-          Мұнай жоқ болғанда не болар еді ?

-          Алкандардың жеке өкілі метан емес метил болғанда не болар еді ?

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше. Сыныпта осындай сұрақтар қою үшін оқушының ойын толықтырып ,  үйреттім, сонымен қатар сол ортаны жасадым. Сондықтан мен мына стратегияларды басшылыққа алдым:

Жан-жақты жауаптарды талап ететін сұрақтар қойдым;

Сұрақтар қойылған соң, оқушылар жауаптарын ойланып алу үшін уақыт бердім;

Сіз нені өзгертер алар едіңіз деген жолай, жанама сұрақтар қойдым;

«Қызық екен мен ол туралы ойламаппын» деген түсінікті пайдаланып, естігендерін сынамай және қарсыласпай, өз пікірін айта алу;

Сұрақты басқа оқушыларға бағыттауға мүмкіндік беру;

Тапсырма оқушыларғ  жекелеп немесе топтарға, жұптарға олардың меңгерген білімдеріне негізделген әр түрлі тапсырмалар берілді. Аса қабілетті балаларға айтарлықтай жоғарғы деңгейде ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін проблемаларды шешу қабілеттері мен  зерттеу қабілетін пайдалануды талап ететін күрделі тапсырмалар беруге болады.

Нәтиже: Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес  бір тапсырмамен жұмыс істейді.

Бірақ,  мұалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып , баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Бастапқы ойды немесе үдерісті түсіне алатындай етіп басқаларға қалай түсіндіру керек екенін түйсіну өте күрделі,сонымен қатар өте тартымды  іс болып табылады. Қабілетті баладан басқа балаларға қандай да бір нәрсені түсіндіруді немесе  қандай да бір затты үйретуді өтінуге болады, басқа жастағы балалар үшін бірдеңе жазуды немесе жасауды сұрауға болады.   Балаларға жалпы тапсырма берілді, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың машықтарына қарай анықталады.Қабілетті бала басқаларға қарағанда негізгі міндеттерді жұмсауға аз уақыт жұмсайтынын болжауға болады, ал содан кейін айтарлықтай күрделі жұмысты атқаруға кірісе алады. Көптеген қабілетті балалар қызығушылық пен ұмтылыстың жоқтығынан негізгі тапсырманы өте баяу орындағандықтан , мүмкіндігінің болуына қарамастан қосымша тапсырмаларды орындауға үлгермейді. Кей жағдайларда кейбір балаларға барлық тапсырманы орындамай (тығыздау), қосымша жұмысқа бірден кірісуге рұқсат бердім.

Балалар жалпы тапсырманы орындады, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көп немесе кем қолдау көрсеттім. Қабілетті балаға білімнің кейбір салаларында жеке көмек қажет болуы мумкин екенін ескердім. Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ айтарлықтай дамыған оқу немесе зерттеу машықтарын қажет ететін әр түрлі ресурстар беріледі. Бұл әрекет негізінде қабілетті балаларға өз жұмыстарын таныстыруға көп көмегін тигізді. Балалпрғаәртүрлі ақпарат, немесе қосымша ресурстар мен ойлауды талап ететін көлемді ақпарат бердім. Сабақ жүргізу барысындағы топтастыру, тапсырма орындаудағы табыстылық үшін жасадым. Топтаға әр оқушының рөлі ерекше. Оның бірі топ басшысы немесе орындаушысы бола алады. Үй тапсырма :  сыни берген кезде жекелеген оқушылардың сыныптағы жасаған жұмыстарын ескере отырып бердім. Мен оқушылардың деңгейіне қарай сұрақтар қойдым және өзіме қойылған сұрақтарды саралап отырдым. Өйткені диалог оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру мәселесін шешуде жоғары рөл атқарады.

Сыни тұрғыдан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:

-          Айтқандарын негіздеуге және өзіміздің өмірлік тәжірибемізге қарай оны тәртіпке келтіріп, мәнін құруға әзірлік;

-          Күн ілгері кесіп – пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;

-          Басқалардың өзіңнің пікіріңді сыни бағалауына және өз пікіріңнің қате болуына ашық болу

-          Идеяларды сынау және «шындықты» іздеу.

Балаларға негізделген, әділ сынау сыни тұрқыдан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсеттім. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен үлгілеу дағдыларын жаттықтырдым.

    Болашақта мен өз сабағымда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын арттыру үшін төмендегілерді басшылыққа аламын:

1. Балаларды оқыту үдерісін бақылау нәтижесінде алынған дәлелдемелермен танысамын.

2.Тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініп аламын.

3. Оқу мақсаттары мен ол мақсаттарға жету үшін оқушылар атқаратын жұмыстардың әдістері мен олардың жетістіктері арасындағы қарым-қатынасқа талдау жасаймын.

4.Жеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын салыстырамын

5. Барлық сынып көлемінде жасалынған іс-әрекеттің нәтижесі туралы ойлану үшін зерттеу жасап, ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтаймын.

6.Балаларға білім беруге қатысты қызметтің шартты түрдегі табысы немесе күйреуі туралы қорытынды жасап, бағалаймын.

7. Бұл сыни бағалаудан алған түсініктерімді келесі тапсырмалар мен жобаларды жоспарлауды пайдаланамын.

8.Дәлелерді дамытып, тұжырымдамалар мен қорытындыларды құрастыру үшін, қоғамдық ғылымдарда оқу және оқыту нәтижелерінанықтау үшін сыни тұрғыдан ойлауды пайдаланамын.

 

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп  Кожағулова

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі

    Курс бағдарламасының басты модулінің бірі – сыни тұрғыдан үйрету. Осы модульді меңгеру барысында оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға үйрету стратегияларының теориясы мен  практикасымен таныстық. Оқушы өз ойын ойлайды  немесе сыныптасының ойы жайлы ойланады, сонымен қатар сабақтан алған ақпаратты  жинақтау, ақпараттың маңызы туралы ойлана отырып, басқалардың идеяларымен санаса алады.

    «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта алдым ба?     Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сондықтан болашақта әрекет жасауға негіз етіп алуыма болады.

    Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 49-бет)

  Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.              Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. 

    Сыни тұрғыдан ойлауды  әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда, сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы  ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 48 – бет) ,   яғни,  балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін  түрлі әдіс – тәсілдерді    қолдана білу өзінің септігін тигізеді.

 

 

    Мектептегі тәжірибе кезеңінде дүниетану пәнін таңдадым. Неліктен? Өйткені, сыни ойлауды (менің және оқушылардың) ең  алдымен айналадағы дүние,  қоршаған ортадан бастағым келді. Қиындығы мен қызығы қатар жүрген бұл сәтте мен неге қол жеткізе алдым,  қандай кедергілер болды?

    Дүниетану – адам, табиғат, қоғам деп аталатын үш бөліктен тұратын кіріккен курс.  Табиғат бөлімінің негізгі мақсаттары :

-          Табиғатқа бақылау жасай білуге, зерделеуге, тәжірибе жасауға дағдыландыру;

-          Өзін қоршаған зат, дене, құбылыстардың пайда болу жағдайына мән беріп, олар жайлы түсінігін қалыптастыру.

Осы беріліп отырған әдістемелік мақсаттың өзі маған сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлауға көмек көрсету болып табылды. «Табиғат және адам» бөліміндегі  «Бақылау әдісі», «Тәжірибе жасау» тақырыптары мектептегі тәжірибе кезеңіндегі алғашқы сабақтарым болды. Бұдан кейін орта мерзімді жоспар бойынша оқушылардың толыққанды білім алуы үшін  ұйымдастыру, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру үшін жаңа әдістер мен тәсілдердің көмегіне жүгіндім.

    Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартында оқушыны білімге міндетті түрде дайындаудың екі түрлі талабы бар. Білу және икемділік. (Дүниетану оқыту әдістемесі, Атамұра -   2010 ,3 – бет)

    «Білу керек» деген мақсатта стандарттың талабына сай сабақ барысында мен анықтаймын, ал икемділікке байланысты сұрақтарға оқушы ойын өз түсінігімен дәлелдейді. Сабақ үстінде  негізгі  мақсат, міндет және күтілетін нәтижені белгілегенде, оқушыларды, яғни сабақ үстінде проблемаларды анықтай білуге, зерттеуге, табуға, шешу жолдарын   жасай білуге, дәлелдеуге, пысықтауға, өз  бетінше қорытынды шығара білуге баулып отырдым. Осы жасалған  жұмыстардың бәрінде де оқушылардың жоғары ойлауы мен  сыни тұрғыдан ойлануына жол аштым.

    Сабақтың бұрынғы алгоритмін өзгертіп, үш кезеңнен тұратын модельге көшу барысында Блум таксономиясына сүйеніп өтілген тізбектелген сабақтар топтамасында сұрақ қою үлгілерін өзгерте отырып, жеңілден ауырға бағытталған тапсырмалар сындарлы оқытуға бағытталды.                     «Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу» сабағында көңіл - күйдің тамаша екендігі анықталғаннан кейін оқушыларды уақыт, ұзындық, салмақ өлшем бірліктері арқылы топтастырумен ұласты. Уақыт тобының мүшелері: секунд, минут, сағат, апта, ай, күн, жыл. Ұзындық тобының мүшелері: арақашықтық, биіктік, мм, см, дм, м, км.  Салмақ тобының мүшелері: таразы, мг, г, кг, ц, тонна. Әр өлшем бірлікті алған оқушы өз тобына барып отыруы қажет болды. Осы кезде   өз тобының қайда екенін таппай жүрген оқушыларға сыныптастары көмек берді. Өз тобында кімдер  бар екеніне  оқушылар мән беріп жатты. Неліктен?  Өйткені,  топтасып бұлай сабақ өтуді  кейбір оқушы ойын ретінде, жарыс ретінде қабылдап жатты. Енді бірі суретті жақсы салатын оқушыларды іздестірді. Олардың бұл ойларын аңғарып, лезде оқушыларға бұл жарыс емес екенін, суретті салуда да оқыған дүниені  түсіне білудің қажеттілігін айтып өттім.    Сабақтарымда топтастыру құру, Венн диаграммасы, «Әлемді шарлау» стратегиялары арқылы балалар өз беттерінше тұжырым жасауға, ойларын еркін жеткізуге, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін  таңдай білуге тырысты. Атап айтатын болсам, бақылау мен тәжірибенің ұқсастығы мен айырмашылығын жазуда «тәжірибеден гөрі бақылау қиынырақ болады» дей келе оны   «өйткені, жануар күнде бір орында тұрмайды, өсімдік бірден өсіп кете қоймайды» деген пікірлерімен дәлелдеді. АКТ арқылы сағат түрлерін көрсетіп, олардың қалай жұмыс істейтінін сұрап, миға шабуыл жасау кезінде  оқушылар біразға дейін ойланды. Білсе де үндемей отыра беретін оқушы Болат Сырым күн - сағат, гүл - сағат, құм – сағаттарға тоқталып, олардың қалай жұмыс істейтініне дейін айтып берді. Ал су – сағат туралы Мушенов Берік (бақылауда жүрген оқушының бірі) мынадай болжау жасады: «Бұл сағат су құйып тұру арқылы жұмыс істейді. Су төменге аққан сайын сандар қатары шығады. Ол уақытты білдіреді.» Қашанда бұрын жауап беруге тырысатын Берік ойының ұшқырлығын көрсете білді.

«Ауа райы және оны болжау» сабағымда  шырша, көк  алма, гүл, лимон стикерлері арқылы топтастырып, өз тобының жыл мезгілімен байланыстырып айтуды сұрандым. Топ баяндаушылары  қыс тобы - «Жаңа жыл мерекесінің сәні – шырша. Ол қыс мезгілінде тойланады.», көктем тобы - «Алма көктем мезгілінде тура осындай жап – жасыл болады.», жаз тобы -«Мұндай қызыл гүлдер жаз мезгілінде өседі.» деп жауап берді. Күз тобы лимонның түсін ғана емес, оның қышқыл дәмін де күзбен байланыстыра білді, яғни, «Лимонды жегенде біздің денеміз күздің суық күнінде жаурағанымыздай түршігеді» деп жауап берді. Күз тобының жауабына өзгелері қошемет білдіріп жатты.

«Денелер» тақырыбын өтуде қызығушылықтарын ояту, мағынаны таныту мақсатымен қойылған кіріспе сұрақтарға жауап беру үшін АКТ-ның көмегі зор болды. Онда көрсетілген әрбір слайд жаңа сабақта өткен материалды түсінуі, білуі үшін өте қажет. Осы этап арқылы алдағы жұмысқа оқушыларды біріктіру, жұмылдыру тиімділігін көрсетті. Ой – толғаныс сатысында  РАФТ стратегиясы, Бес жолды өлең, Венн диаграммасы арқылы оқушыларды тереңнен, салыстыра ойлануға жетелеп, Блум сатыларымен жұмыс істеу арқылы қабілетті оқушылардың жұмыс жасау, бірлесе еңбектенуге үйретуге тырыстым. РАФТ стратегиясы бойынша  3 «В» сынып атынан «Табиғи дене мен жасанды денеге» жазған хатта былай делінген: «Құрметті Жасанды, Табиғи Денелер!

Сіздер бізді қоршап тұрсыздар.  Сіздер  болмасаңыздар үйде, ас та, төсек те болмас еді. Сіздерге алғыс жариялауды рұқсат етіңіздер!

3 «В» сынып оқушылары»

Ал бес жолды өлеңді  жазғанда Дененің  табиғатқа қажет екендігін, оны кеуде деп те атауға болатынын келтірген.

Осы  кезде сыни ойлауды дамытатын мына нәрселерді  өзіме, яғни оқушыны  дамытуға шарт  ретінде алдым:

-ойын ашық, қысылмай  айтуға рұқсат беру немесе дағдыландыру;

-басқаның пікірін сыйлауға үйрету ;

-пікірлерді дұрыс қабылдай білу ;

-оқушыға сенім білдіру.

    Келешекте осы шарттың  көбеюін қадағалаймын . Танымал американдық жазушы әрі тарихшы Генри Адамс: «Ұстаз ықпалы мәңгілік» деген екен.
Осыны ойлай отырып, оқушының  дене туралы алған білімдері болашақта қолдана алуына көмек бере алады деп ойлаймын.

    Ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзім жетті. Өйткені, « Денелер» тақырыбындағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ойлау, суреттей алу, еске түсіру,  жұптасу, талқылау,  өлең жазу, салыстыру, рөлге еніп хат жаза білу оқушыларды  жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырды. « Оқу мен жазу арқылы  сыни ойлауды  дамыту» негізіне арналған сабақ оқушының ой – өрісін дамытып, жан – жақты білім алуына жағдай жасайды. Осы өткізілген сабақта сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы көмегінің маңызы зор екенін анықтадым, сонымен қатар оқу - үлгерімі төмен, өзіне  сенім арта алмайтын оқушылардың жұмыс жасай алуына тиімділігін атап айтатын болсам: сөздік қоры молаяды, еркін ойлай алады, шығармашылық қабілетін арттырады және көрсете алады, жұптық, топтық тапсырмалар арқылы ұжымдық әрекеттерге араласа алады. Бұл неден көрініс тапты? - «Заттар. Табиғаттағы құбылыстар» тақырыбын өткенде «Әлемді шарлау» әдісі бойынша мәтінді топтарға бердім. Оқушылар жұп болып оқып шықты. Оқығандарын топта талқылады. Түсінген дүниелерін қағаз бетіне түсіріп, топ баяндаушысын белгіледі. Мен бақылау барысында назарымда жүрген қашанда үндемей отыратын үлгерімі төмен оқушы Сағынбаева Шолпанның жұптық тапсырмада ауызекі сөйлеу тілінің біршама төселіп қалғанын, топтық тапсырмада ойлау және шығармашылық қабілетінің біршама  жоғарылағанын, ұжымдық әрекетте, яғни өзге топқа түсіндіргенде өзінің  табиғаттағы құбылыстар туралы түсінігін өзгелерге жеткізе білді.

Шолпанның бастамасымен салынған сурет

Дастарқанның

соңғы тағамын

 Шолпан қойды.        

 

    Бұл тәсілдер оқушылардың тасада қалмай өз ойын нақты дәлелмен жеткізуге дағдыландырды. Оқушылар еркін, дербес ойын жеткізгенде өз ойының құнды екенін, оның сыныпта естілу құқығына ие екенін, үні, қосар ойы маңызды екеніне көзі жетті. Осындай сыныптастарына сенімділіктен пәнге қызығушылығы да оянды. Сыни ойлауға  дағдыланды. Болашақта осы әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларым сауатты төселіп сөйлеуге машықтанады деп ойлаймын. Көмегі көп бұл стратегияларды  іс-тәжірибемде дұрыс қолдана білу менің де, оқушыларымның да сыни тұрғыдан ойлау қабілетімізді   шыңдай біледі деп білемін. Топтасып жұмыс істеген жағдайда оқушылар бір-бірімен ақпарат алмасуға, бірнеше ойды бір жерге жинақтауға біріге отырып, ортақ шешім шығаруға және жауапкершілікті өз мойнына алуға көмектесе отырып, бақылау мен тәжірибе жасауда жеңілдік тудырады. Мәселен, өлшеуіш құралдарды  пайдалану қажеттілігін білуге арналған тәжірибе жасау сабағында дене температурасын өлшеуіштің (градусник), судың, ауаның температурасын өлшеу құралдарының қалай жұмыс істейтінін оқушылар өздері таба білді. Сондағы түйген ойларын оқу үлгерімі орташа оқушы Пірәлі Ұлдан былай деп келтірді: «Егер  бұндай өлшеуіш құралдары болмаса ауырғанда дененің қызуын, кішкентай балаларды жуындырғанда судың температурасын, ең маңыздысы бөлмеміздің, сынып ішінің ауасын біле  алмас едік. Сондықтан осы мамандық иелерін құрметтеуіміз керек. Жер серіктерін ғарышқа ұшырғандарға, метеорологиялық стансаларда жұмыс істеген адамдарға да рахмет. Өйткені солар арқылы ауа райын алдын - ала біліп отырмыз.»  Бұл сөздерден мен дәстүрлі сабақта тек жаттанды тапсырмалармен ғана шектелетін Ұлданның біршама алға ілгерілеуін байқадым.

       Дәстүрлі сабақта үй  тапсырмасын сұрап алған соң жаңа сабақтың тақырыбын жариялап, жалғасын табатын. Ал енді, көпірше жасап, екеуін байланыстыруда да сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететін болды. «Ішіне, сыртына» әдісімен басталған төртінші сабағымда суреттердің жасандысын тіктөртбұрыштың ішіне жабыстырып, сыртына табиғи денелерді жабыстырып, ішіндегі денелерді тағы қалай атауға болатынын сұрағанда «Заттар» деп жауап берді. Сабақтың барысында  баланың ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар олардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар кейін де қажет бола алатындай етіп үйретуім маңызды екенін түсіндім. Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерін дұрыс жүргізе алу арқылы, оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы  осы ауқымы кең баланың да, өзімнің де көзқарасымды өзгертетін сындарлы оқытудың мәні зор екендігін ұғындым. Бұған дейін саналы тәрбие, сапалы білім беру деген міндетіме баланы шабыттандыратын, заман талабына сай сыни ойлай алатын құзіретті тұлға қалыптастыру деген ұғымды қостым.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін енгізу  бойынша рефлексивті есеп    Қарлығаш        

           Курс бағдарламасына сәйкес сыни ойлауда дамытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің  дайын күйінде берілмеуі. Сыни тұрғыдан ойлау-бұл ерекше қабілет, өзіндік және жеке ойлау, кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп  қорытып , өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.

         Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып , бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты  дағдыларды дамытуды қарастырады.

        Сыни тұрғыдан  ойлау-сынау емес , шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға тән деп ойлау дұрыс түсінік емес. Дұрыс ұйымдастырған жағдайда  балалардың  да өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып , белгілі бір жетістіктерге жетері анық. Бұған дәлел жүргізілген зерттеу сабақтары .

        Сыни ойлауға үйрету модулін  мен сабақтарыма қалай кіріктірдім ?

      Сабақ  жоспарын оқушылардың сыни ойлау  қабілетін дамытатын

жас ерекшеліктеріне сай құрдым. Әр сабақ жоспарын құру барысында әр кезеңге мән беріп, әр сабақта әртүрлі әдістер қолдану арқылы қызығушылықты арттырып отырдым. Ұйымдастыру кезеңіндегі  сергіту сәтінен кейін оқушыларда еркіндік көрінді . Бұл  жерде  шаттық  шеңберінде тұрып бір-бірімен қол алысып амандасып, жақсы тілектерін білдіру сыныпта ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастырды. Оқушылардың бойында еркіндік пен өзіне деген сенім пайда болды. Дьюи тұжырымдамасында  айтылғандай  еркіндік ой " Ақылды бақылау мен талқылаудың көмегімен  дамитын  мақсат ." Ойлау еркіндігін қамтамасыз етуші ол мұғалім , яғни бағыт беруші ролінде.  Оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады.

Сабақта сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін  уақыт  керек, оқушыларға  ойланып толғануға, ойын ашық айтуға  рұқсат  беру, әртүрлі пікірлерді   қабылдау, үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау, бір бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді болуын талап ету, сын тұрғысынан ойлауды бағалау  шарттары орындалды.      

         Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушы өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады , кеңейте түседі.Сыни тұрғыдан ойлаудың маңыздылығы сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» деп  бөлмей, барлық  баланың  дамуы үшін қолайлы. Үлгерімі төмен оқушылардың да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткенше еңбек етуі ойластырылған. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту-күрделі міндет, сондықтан когнитивті психологияның негізгі түсініктері мен тұжырымдамаларына көңіл аударамыз. Осыған байланысты алғашқы топтастырулардың  ішіндегі  ең танымалы  Блум  таксономиясын қарастырамыз және бұдан әрі оған үнемі жүгінетін боламыз. Сонымен бірге, осы деңгейлердің негізінде оқушылардың жаңа сабақты игеруге байланысты міндеттерін анықтау үшін, мәтін немесе берілген өлең мазмұны бойынша сұрақтар дайындап, бағалау кезінде оқушыларға сапалы, әділ баға қою үшін мұғалімнің деңгейлерді көре білуі маңызды. Адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы, танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни, қарапайымнан күрделіге біртіндеп өтеді деп саналады.Сыни ойлау маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды . 

         Мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде жүргізілген сабақтар топтамасына тоқталып өтсем. Алғашқы сабағым, Қ. Мырза Әлидің «Дала» өлеңімен таныстыру. Сабақтың мақсаты: «Дала» өлеңінің  мазмұнын,  мағынасын ашу.  Сабақта оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту үшін , ойлау туралы ойларын  дамыту  мақсатында үй тапсырмасына берілген  Ө.Қанахиннің «Туған  жер» мәтінінінің мазмұнын талдау кезінде  Блум  таксономиясы  бойынша  мынадай сұрақтар қойдым: 1)Мәтінде не туралы  айтылған?(Білім)  2) Мәтінде туған жердің көркі неде  деп көрсеткен? (Түсіну) 3) Неліктен әрбір адам үшін туған жерден  артық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ деп ойлайсыңдар? Қойылған бұл сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары төмендегіше болды. 1.Мәтінде  туған  жер туралы айтылған. 2.Туған жердің көркі оның әдемі табиғатында, таулары, көлдері, талдары өте әдемі.3.Себебі, біз онда туылдық, ата-аналарымыз, туыстарымыз, достарымыз тұрады. Сондықтан туған жер бәріне қымбат. Зерттеуге алған оқушым,(А) Дариға өзінің ойын:»Әңгімеде  жазушы  ауылын көз алдына елестетіп отыр, себебі, ол өзінің кішкентай кезінде балалармен көлге шомылуға барғанын, балық аулағанын, талды сындырып ат қылып мініп, көшені шаңдатып, айналып жүгірген  кездерін есіне алып айтып отыр» деген  жауабы мені қуантты. Себебі, оқушы мәтін мазмұнын саралай отырып, автордың ойын, туған жерге деген сағынышын дәл тауып  бере  алды. Сыныптағы  қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізеді. Александердің(2001,2008) Диагогтік оқытуына сәйкес ,сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және  диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкірдік береді және формалды кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді және мұғалімдер  білім  мен зерттеу үдерістерін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің  рөлдерін қайта қарастыруы керек.

          Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың  оқуы  тиімдірек және зияткерлік  жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды 21- ғасырда және кейінгі ғасырларда да  өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру-мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен-күнге  қолжетімділік  артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға  мүмкіндік  беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander,2008).       

         Сабақтың ой-толғаныс кезеңінде «Дала» өлеңінің мазмұнына байланысты топта топ картасымен жұмыс жасау үшін бірігіп сурет салу тапсырылды. Оқушылар топ мүшелерімен ынтымақтасқан іс-әрекет негізінде бұрынғы білетіндеріне жаңа ақпаратты қоса отырып, өз білгендерімен бөлісу, пікірлерін айту, ортаға салу арқылы ойы ашылды. Бір-бірінің ойын тыңдау, пікірлесу арқылы топ картасынына түсірген ойларын әр топтың баяндаушысы шығып, топ атынан қорғап береді. Мұндағы мақсат оқушының естігенін, көргенің сыни ой елегінен өткізе отырып, қағаз бетіне түсіру, яғни ойды жетелеу арқылы дамытуды жүзеге асыру.  Осылайша  шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасауға үйренді.Топтағы еркін пікір алмасу, сабаққа деген қызығушылықты арттырып, жақсы жұмыс нәтижесін қалыптастыруға көмегін тигізді. Оған себеп, зерттеуге алған (төмен  С) оқушым  Гүлмира ауызша сабақ  кезінде көп сөйлемейтін, сурет салу кезінде қызығушылық танытып, топ картасын қорғауға шыққысы келетінін білдірді. Мұндай әрекет оқушыда өзіне деген сенімділік туған жағдайда қалыптасады.

           Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл-балалардың жеке басының  тәжірибесіндегі дәлелдерге мән бере ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті. Сыни тұрғыдан мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.(Мұғалімге арналған  нұсқаулық,49-бет). Келесі күнгі сабағым, С.Мұқановтың «Көкшенің кеудесінде» мәтінімен таныстыру. Сабақтың мақсаты: «Көкшенің табиғатының сырын тану». Осы қойылған   мақсатқа жетіп, оқушылар мәтін мазмұнын ашу арқылы, Көкше туралы өзінің ой-толғанысын қалай жеткізе алды? Менің  әдіс-тәсілдерді қаншалықты дұрыс немесе орынды қолдануымның  әсері, көмегі болды? Оқушының мәтін мазмұнын берілген жаңа ақпараттар нәтижесінде, сондай-ақ түсініп оқу арқылы меңгеруіне жеңіл әдіс ол- жигсо(құрастыру,бүтінді бөлшектеу) деп таптым.  Себебі, жигсо(құрастыру) кезінде оқушы біріншіден, бір мезетте бірнеше ақпарат ала алады, жеке және бірлескен жұмыс орындау арқылы, өз ойын айтады, өзгенің пікірін тыңдап үйренеді. Екіншіден, өз ойын басқаға жеткізе алмаған кездің өзінде, басқаны тыңдау арқылы жаңа тақырып  жөнінде мәлімет жинайды. Сабақ барысында мен бұл жәйді кездестірдім. Мәтін мазмұнын әңгімелеуде қиналатын оқушым Нүркен топ мүшелерінің «жұмысшы » тобында талдаған әңгімелерінен кейін, »жанұя» тобына келгенде, тыңдағанын  айтып бере алды. Ал сыни тұрғыдан ойлауға  үйрету модулінде  оқушының сыни көзқарасын қалыптастыру, ойлануға жетелеу бұл  сабақтағы  аса қажетті де маңызды әрекет болып табылады. Оқушы өзінің не көргенін, не естігенін ой елегінен  өткізеді. Осы мақсатта сабағымда   ой-толғаныс кезеңінде эссе жазу әдісін қолданып отырдым. Мұнда да әр оқушы өз деңгейінде шығармашылық     белсенділігін  көрсете алды. Қандай болмасын олар өздері шығарған шумақтарын , жазған көркем сөз тіркестерін, шағын мәтіндерін оқып бергісі, айналасындағылардың өзін тыңдағанын көргісі келетінін байқадым . Дариға мен Камиланың жазған ой толғаныстары сөз тіркестерін орнымен, мазмұнды және ұйқасын тауып құрастыруымен ерекшеленді.

     Сабақтың тақырыбы: «Алтай» И.Байзақов.

     Сабақтың мақсаты: Алтай тауының ұзындығы, ең биік шыңы, пайдалы қазбалары, мекендейтін аңдары мен құстары туралы білу.

 Өткен сабақты еске түсіре отырып, жаңа сабаққа өту кезеңінде Блум таксономиясының қарапайымнан күрделіге қарай бағытталған сұрақ қою қағидасын басшылыққа ала отырып, мынадай сұрақтарға жауап алдым.

1.«Көкшенің кеудесінде» мәтінінің авторы кім, ол туралы не білесің?(білім)

Сәбит Мұқанов(1900-1973) Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында туылған. Жазушы,қоғам  қайраткері,академик.Шығармалары: «Ботакөз»,»Аққан жұлдыз»,»Өмір мектебі» т.б.

2.  Мәтінде Көкше табиғаты қалай суреттелген?(түсіну)

Күмбездей таулары алыстан жарқырап көз тартады.Табиғаты ерекше әдемі,кең өлке. Шалғыны, тоғайы, орманы көктемде құлпырып кетеді... 

 

3.  Көкше табиғатын асқақтатып тұрған қандай теңеу сөздерді кездестірдің?(талдау)

Кілегей ақ ұлпа бұлт, толқыған бұйра сағым.(оқулықтан  мәтін ішінен тауып оқиды).

Топтық жұмысты оқушылар «Алтай» өлеңінің мазмұнын , тауларын бірігіп сурет салу арқылы көрсетті. Оқушылардың топ ішіндегі бірлескен жұмыстарының нәтижесі, олардың өлең мазмұнын өз шығармашылықтарында көрсетуі,  ой қорыту белсенділіктерінің     артуына, бейнелеу өнерімен ұштастыра білу қабілетінің дамуына, топ картасын қорғаудағы ынтымақтастық, сөйлей білу шеберліктерінің қалыптасуына көмегін тигізді. Осыдан кейін оқушының  білімін  жетілдіруде сыни   ойлаудың маңыздылығы сол, әрбір оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытады, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуге үйренеді деп айтқым келеді.Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылауға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйренуді үйретуді мақсат етіп қояды.                                           

  Оқушыға  іздену мақсатында берілген  зерттеу жұмысы  қалай орындалды?

  Тапсырма: «Өзің тұратын жердегі көлге сипаттама бер. Қалай аталады? Көлемі қандай? Табиғаты қандай?»

Дариғаның дайындап келген жұмысы: «Біз тұратын ауылдың сыртында көл бар. Оның қазақша қалай аталатынын білмеймін, барлығы «Чистый пруд» дейді.Көлемі үлкен, айналасы қалың  талдар. Жазда ол жерге адамдар көп барады . Балалар көлден балық ұстайды, суға шомылады. Бірақ мен ол суға шомылған емеспін. Себебі, көлдің суы таза емес, бетінде балдырлар көп тұрады. Таза емес суды пайдалануға болмайды, ауырып қаласың».  Осы жұмысты орындау арқылы оқушының көлге сипаттама бере отырып, өзінің ойын  білдіргенін көруге болады. Яғни, мақсатты көздей отырып  берілген  тапсырма  баланы  ойлануға, ізденуге  жетелейді, қызығушылығының  артуына көмегін тигізеді.

           Сонымен,  топтық жұмыс барысында  оқушылар өз білетіндерін еске түсірді,ой бөлісті, пікір алмасты, қағазға  бірігіп сурет салды. Топтық ережені сақтай отырып, бірін-бірі тыңдауға, ынтымаққа, уақытты босқа өткізбеуге ,өзін және өзгенің пікірін бағалай білуге үйренді. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі әдебиет пәнінен жүргізілген сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдіс-тәсілдерін қолдану оқушының берілген тақырып бойынша ой толғаныс жасай білуіне, пікірін айтуына, мазмұнды талдай білуіне, шығармашылық белсенділігінің қалыптасуына негіз бола алды .    Қорыта келгенде сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз – алған білімге сын көзбен қарау, іздену, дәлелдеу. Мектеп тәжірибесі кезіндегі өткізген сабақтарымда белгілі болғаны : " Өзгенің ақыл-ойымен шыңдалмаған білім – білім емес"  дегендей білімнің мұғалімнің  жетекшілігімен ұйымдастырылып, оқушылардың  жеке, топпен  жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген  мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже :

1.      Оқушының оқуға қызығушылығы  артады.

2.      Іскерлік дағдысы дамиды.

3.      Ойлау белсенділігі жоғарылайды.

4.      Өзіне деген сенімі қалыптасады.

5.      Пікір айтуға, алмасуға  үйренеді.

6.      Бірін-бірі сыйлауды үйренеді.        

     Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімге оқушының өзін-өзі дамытуына жасай қолайлы жағдай  жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету арқылы дарындылық қабілеттерінің артуына септігін тигізеді.

Тізбектелген сабақтар топтамасына « Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету» модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп  Дана

Курс бағдарламасының басты модулінің бірі–сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Осы модульді меңгеру барысында балаларға сыни тұрғыдан ойлауға үйрету стратегияларының теориясы мен практикасымен таныстым. Оқушы өз ойын ойлайды немесе сыныптасының ойы жайлы ойланады, сонымен қатар сабақтан алған ақпаратты жинақтау, ақпараттың маңызы туралы ойлана отырып, басқалардың идеяларымен санаса алады.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы элементтері арқылы оқушылардың тұлға ретінде шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген тұжырым береді. Ол бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтезге бағытталған.

Сыни тұрғыдан ойлану Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. (Мұғалімдерге арналған құсқаулық,13бет).[1] Мен оқытушы ретінде сыни тұрғыдан ойланып, оқушыларға қатысты сыни көзқараспен қарап, оларды дамыту жұмыстарын жүргізуім керек екенін негізге ала отырып, мақсат қойдым. Яғни, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі сабақтарымда қалай кіріктіріледі және осы модуль бойынша оқушыларға не үйрете аламын? деген сұраққа жауап іздедім. Осы сұраққа жауапты мен өз сабақтарымды өткізу барысында таптым. Оқушылардың сабақта еркін сезінуін, өз ойларын ашық айта білуін, мысалдар мен дәледемелерді сыни тұрғыдан саралап, бағалап айтуын қамтамасыз етуді міндет етіп, оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін бірнеше сабақтарды алдағы айтылған мәселелерді ескере отырып өткіздім.

SAM_0221«Сілтілік металл-натрий» тақырыбымның мақсаты: Жаңа әдістерді қолдану арқылы оқушылардың сілтілік метал натрий туралы білімдерін сыни тұрғыдан ойлай отырып толықтыру.

Сыни тұрғыдан ойлану әдісін жаңа сабағымның тақырыбын ашуда, оқушыларға интерактивті тақтадан  «Теңіз суы арқылы хат келді. Хатта: Біздер ағайынды бес жігітпіз, бесеуіміз де өткірміз, барлық адаммен тез араласатын ашық-жарқын мінезді жігіттерміз. Кейбір көре алмаған адамдар бізді жүрген жерлерін сілтейді, тындырады деп жамандайды. Мінезі қатты онша маңызды жұмыс атқармайтын Латиф деген ағам азулы бойжеткенге үйленді. Ал екінші ағам Нартай істемеген қызметі жоқ: аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі ініміз Рәнтай және Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, өте қызбалылар қатарынан. Бақтарына қарай жақсы бойжеткендер кездессе, жақсы болар еді. өздері автоматты сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және бес ағайындыларым кім?» деген мәтінді оқуды ұсынып, «Ойлан, жұптас, талқыла» тәсілін пайдаландым.[4] Оқушылар берілген элементтерді табу үшін ойланып жауап қатып және өз ойларын дәлелдеуде екеуара жұптасып, талқыға салуда диалогтік оқыту орын алды. Диалог сабақ кезінде маңызды рөл атқаратынын Мерсер мен Литлтон (2007) айтқандай, ол оқушылардың қызығушылығы мен білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатынын айта кеткен жөн. Жасырынған элементерді табуды нақтылай отырып, жаңа сабақтың мақсатын өздеріне қойдырып, оқушыларға жоғарғы деңгейдегі сұрақтар қойдым. Сұрақтар мына бағытта өрбіді:

1.Сілтілік металдарды атаңыздар?

2.Периодтық жүйедегі орны туралы айтып, периодтық жүйеде орналасуын көрсетіңдер?

3.Сілтілік металдар табиғатта қалай таралған?Кең таралған аймағы туралы не айта аласыңдар?

SAM_02334.Натрий не себептен сілтілік металға жатады? Себебі неде?

2013-05-30 12Жаңа сабақты кубизм тәсілін қолданып, кубиктің әр қырындағы сабақ тақырыптарын оқушылардың өздеріне таңдатып алуым өте сәтті шықты. Яғни таңдау еріктері өздерінде болды және ешқандай бұрмалаушылық болмады. Мысалы, бірінші топтан Тілектес кубикті лақтырғанда натрийдің периодтық жүйедегі орны мен табиғатта тарауы тақырыбын ашып түсіндіру түссе, екінші топтан Санжарға натрийдің физикалық қасиеттерін сипаттау, ал үшінші топтан Назеркеге натрийдің химиялық қасиеттерін сипаттау түсті. Мәтінді оқып болған кейін оқушылар жұптық және топтық талқылауға түсті. Топтық жұмыс барысында бірін-бірі толықтырып отырды. Топ бойынша Тілектес, Санжар, Айтолқын шығып өз тақырыптарын қорғап, реакция теңдеулерін бірінен кейін бірі толықтап, теңестірді.

Бекіту кезінде «бес жолды өлең құрастыруды» іске асырдым. Алу себебім, оқушылардың алған білімдерін жаңа сабақтан алған теориясымен байланыстыру және пәнаралық байланысты жүзеге асыру, натрий туралы алған мәліметтерін синтездейді және жеке жұмыс жүргізеді. Бес жолды өлеңді құрастырғанда ең үздік туынды ретіндегі Гүлдананың өлеңін ұсынамын.

1. Тақырып (зат есім) Натрий

2. Суреттеу (сын есім) белсенді, жылтыр

3. Қимыл (етістік) жүгіреді, тұтанады, әрекеттеседі

4. Сезіну (сөйлем) натрий-суда жүгіретін металл

5. Мәнін қайта айтатын сөз.Сілті

«Натрий қосылыстары» сабағымныңIMG_1207 мақсаты:Натрийдің маңызды қосылыстары жайлы үйрету.

Үй тапсырмасын сұрауда «миға шабуыл» тәсілін пайдалана отырып, ашық сұрақтарды қойдым:

1. Натрийдің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын қандай? Мысал келтіріңдер?

2. Қазақстанда құрамында натрий бар минералды тұздарды өндіретін ең басты облыстарды білесіңдер ме?

3. Натрийдің химиялық қасиеттері туралы не айта аласыңдар?

IMG_13424. Натрийдің алуынуы және қолданылуы туралы не айта аласыңдар?

5.Натрийдің физикалық қасиеттері туралы мысал келтіре аласыздар ма?

Сұрақтарды жалпы сынып бойынша талқылады. Натрийдің физикалық қасиеттері туралы не білесіңдер? деген сұраққа Шыңғыс еш ойланбастан былай жауап қатты: Натрий-сілтілік металл, ол белсенді, жылтыр және жұмсақ деді.Не себептен жұмсақ және жылтыр? деп сұрақ қойдым. Осы кезде Шыңғыс жауап беруге қиналып қалды. Мен осы кезде Шыңғысқа «кім көмектесе алады?» деп қайта бағыттадым, сонда Назерке толықтырып былай жауап берді: Натрийдің жылтыр және жұмсақ болу себептері, металдық байланыс түзуінде оның атомдық кристалдық торларында бос кеңістіктің болуынан электрондар оңай қозғалады деді.

IMG_1416Интеравтивті тақтада натрий қосылыстарына байланысты суреттер көрсетіп, көрсетілу себебін сұрадым. Оқушылар суреттерге байланысты өз ойларын жұппен талқылап, 1 топтан Елдана, екінші топтан Назерке, 3 топтан Жалғас шығып, өз тобының болжамдарымен таныстырды.

Insert немесе «түртіп алу» тәсілін жаңа сабақта алу себебім, оқушылардың өз түсініктеріне мониторинг жасауы. Төрт бөлімі арқылы оқушылар өзіне-өзі баға беріп, өзінің білу, түсіну деңгейі қай дәрежеде екенін, жаңалық болған тұсын, қай бөлімді білмейтінін, жаңа сабақ кезінде қандай сұрақ туындағанын біліп отырады. Кітаптағы мәтінмен жұмыс жүреді. Мұғалім көмегінсіз, өз түсініктері бойынша мәтінді талдап, анализ жасай отырып, мәтінді терең түсінулеріне және айналадағы болып жатқан оқиғалардың арасындағы байланысты ажыратуға көмегін тигізеді. Осы тәсілді орындау кезінде оқушылар жұппен, кейін топпен ұжымдасып жұмыс атқарды. Insert тәсілі интерактивті тақтада жүргізілді және дәптерлеріне түсіріп отырды. Осы тәсілдің орындалу үлгісі ретінде 3 топтың жұмыстарынан үзінді.

V

-

+

?

ас содасының және ас тұзын құрамында нартий болады

ас тұзының формуласы NaCI

Каспий мен Арал теңіздерінде кездеседі

Ас содасының формуласы NaHCO 3 мен

Na2CO3 каустикалық соданың формуласы

сильвинит, каолинит

не себептен натрий қосылыстары тек қосылыс күйінде кездеседі

Неге ас тұзы экологиялық жағдайды тудырады?

Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, білімдерін одан әрі толықтыру үшін мәліметтерді интернеттен іздеуге бағыт бердім.

«Галогендер топшасына жалпы сипаттама» тақырыбы бойынша сабақтың мақсаты:Оқушыларға VII А топ элементтері галогендер тақырыбын үйрету. Үшінші сабағымда сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді «ыстық орындық», БҮҮ кестесі, рөлдік ойын, «бірге сурет салайық», тәсілдер арқылы аштым.

«Ыстық орындық» барысында оқушыны ортаға шақырып, үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар қойылды. «Ыстық орвндық» орындығына Назерке шығып, өзінің оқушылар арасында көшбасшы екенін дәлелдеді

1.Натрий қосылыстары туралы не білесіңдер ?

2.Натрий қосылыстары неліктен тек қосылыс күйінде кездеседі? Себебі неде?

Сен қалай ойлайсың не себептен натрийді сілтілік металл деп атайды? деп оқушының ойлануын қажет ететін сұрақтарды қойдым.Оқушыларға еркіндік беріп, келесі сұрақтарды өздеріне қоюды ұсындым.Олар:

1.Ас тұзы қайда қолданылады? Формуласы қандай?

2.Ас содасының қолданылу саласын ата?

3.Сильвинит дегеніміз не?

4.Химиялық байланыс дегеніміз не? деген сұрақтарды кезекпен қойып отырды және сұрақ қоюда біраз кедергілер туындады, кейбір оқушылар сұрақ қоюға, оны дұрыс қоя білуге қиналып оқулықтың артындағы берілген сұрақтарды қойып жатты.

Жаңа сабақтың мақсатын ашу кезінде суреттер көрсетіліп, галогендердің үлгілерімен таныстырдым. Галогендер туралы оқушыларға сұрақ қойып, оқытушы мен оқушы арасындағы диалогті өрбіттім. Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалім мен балалар бірін–бірі тыңдап, идеяларымен бөліседі және балама көзқарастарды қалыптастырады) және қолдаушы (бала қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір–біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады.

Келесі қолданған «Білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесін жаңа тақырыпты өткен кезде пайдаландым. Оқушылар тақырып бойынша нені білетінін жазып, кестенің бірінші бағанын толтырды. БҮҮ кестесі бойынша зерттеудегі оқушыларым Гүлдананың толтыруы (суретте). Бірінші бағанады толтырғанда галогендердің жетінші топтың негізгі топшасында орналасқанын, галоген деп аталуы олардың металдармен әрекеттесіп тұз түзуінде екенін, галогендер улы болып келетіні жазыпты. Ал екінші бағанды толтыруда мен мәтінді оқуды ұсынып, белгілі бір уақыт бердім. Уақыт мерзімі аяқталып, оқушыларға екініш бағанды толтыртқыздым. Оқушылар мәтіннен өздеріне керек мәліметтерді түртіп алып отырды. Мәтін мағынасын оқыған соң, оқушыларда сұрақ туындады. Яғни оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланды. Үшінші бағанды сабақты бекіту кезінде қолдандым.

«Топтастыру» тәсілі–жаңа материалды графикалық түрге енгізу, ой толғаныстағы негізгі пікірлерді көрнекті етіп жаңа білімді ашуға көмектесті. Топтастыруды «Бірге сурет салайық» деген атпен әр топқа өз тақырыптарын бөліп бердім. Сонда сабаққа қатыспай отырған Дархан сурет салуға ерекше бір құлшыныспен кірісіп кеткен екен. Сонда мен Дарханның сурет салу жағына бейім және оған сабақ сурет салу арқылы қызық екенін ұқтым. Оның топ мүшелеріне «менің ойыма мына бір нәрсе келіп тұр, осымен келісесіңдер ме?» деген сөздерін арасында құлағым шалды. Оны зерттеу обьектімдегі оқушының бірі ретінде алдым. Дарханды алу себебім, топтық жұмыста арнайы рөл бере отырып, оның белсенді және шығармашыл оқушыға айналдыра аламын ба деген сұрақтың туындауы мен оны жүзеге асыру жолдары еді.

SAM_0419«Рөлдік ойын» тәсілін сергіту сәті ретінде сабақтың тақырыбына байланысты қолдану тиімді болды. Себебі, оқушылар тек қана достық, ынтымақтастық қатынаста болған жоқ, олар шығармашылық қабілеттерін дамытты. Топқа галогендер туындылары бойынша көрініс көрсетуді ұйымдастырдым. Өздерінің топ аттарына сәйкес көрініс көрсетулеріне: 1 топқа-құрамында фторы бар тіс пастасын, 2 топқа-құрамында бромы бар жүйкені тыныштандыратын дәріні, 3 топқа–йодтың ерітіндісін бердім. 1-топ құрамында фторы бар тіс пастасын жарнамалаудағы көрініске ерекше мән беріп бар ынтасымен қатысқан Назерке болса, 2-топ құрамында бромы бар дәрігер көрініс көрсету кезеңінде Шыңғыстың  көрініске идея тастап, дәрігер рөлін бірден қолына алды. 3-топ құрамында йод элементі бар йод ерітіндісі бойынша көрініс көрсету барысында Гүлдананың дәрігер рөлін мүлтіксіз орындауы оның әртістік қырынан ашылғанын көрсетіп, өзінің таланты оқушы екенін дәлелдеп өтті. Әр топтың қойған көріністері өте сәтті шықты.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында Жигсо тәсілін пайдаландым, топ басшылары орындарын алмастырып, сол топқа өз тақырыптарын түсіндірді және топ мүшелері түртіп алу стратегиясын қолданып, дәптерлеріне айтылған нәрсені түсіріп отырды.

«Хлордың периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы мен қасиеттері» тақырыбындағы сабақтың мақсаты: Хлордың табиғатта таралуы мен қасиеттерін үйрету. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін «болжау» тәсілі бойынша, 1топқа-ағартқыш, 2 топқа-комет, 3 топқа-тұз заттарын бердім. Оқушылар осы берілген заттардың құрамында хлор бар екенін анықтауда заттарды зерттеп, өзара талдап, бірігіп постер салды.

Сабақты меңгерту кезеңінде «Жигсо» тәсілін пайдаландым.Әр топқа сабақтың тақырыптарын 1топ–хлордың периодтық жүйедегі орын, 2 топ-хлордың физикалық қасиеттері, 3топ-хлордың химиялық қасиеттерін бөліп беріп, мәтінді оқу үшін шектеулі уақыт берілді. Оқушылар жұптық және топтық талқылауға түсіп, өз ойларын постерге салды. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым қатынас оқуда маңызды роль атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша негізделген дәлелдерді әзірлеу және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады» деп көрсеткен.(Мұғалімге арналған нұсқаулық,29бет). Баяндаушы қызметін атқарушы оқушылар Айтолқын, Шыңғыс және Гүлдана әр топқа барып өз тақырыптарын қорғады. Сонда байқағаным, баяндаушы оқушылар өздерін мұғалім ретінде көріп, оқушыларға байыппен түсіндірсе, ал қалған сыныптастары олардың іс-әрекеттерін жақсы қабылдап, керек деген мәліметтерді түртіп алып отырды. Гүлдана өзінің мәтін мазмұнын оқып, әңгімелеу кезінде тез қабылдай алатын, ұғымтал, ойын жанындағыларға жеткізе білетін, талантты, қабілеті бар оқушы екенін көрсетті. Шыңғыс болса, ойын еркін жеткізе алады, жанындағыларды жақсы тыңдайды, топбасшы ретінде ұйымдастыру қабілеті жоғары оқушы.

Сабағымда оқушыларға ноутбук арқылы ғаламтордан хлордың қасиеттерін сипаттайтын тәжірибелерді табуды зерттеу жұмысын орындатқыздым. Осы кезде оқушылар тапсырманы аса қызығушылықпен орындады. Теория жүзінде алған білімдерін практика жүзінде пайдаланып, қолданып, өмірмен байланыстырды. Көрсетілімнен алған білімдерін сынау мақсатында оқушыларға: Хлордың қандай қасиеттерін білдіңіздер? Реакция теңдеулерін жазыңдар? Хлор қандай металдармен әрекеттесе алады? Мысал келтіре аласыңдар ма? деген сынақтан өткізуге арналған сұрақтар қойдым. Оқушыларға көрген көрсетілімдер бойынша бір-біріңмен ой бөлісіңдер деп жұптық жұмыс жасауға бағыттай отырып, оқушылар арасында зерттеушілік әңгімені жүзеге асырдым. Барнс(1976) пен Мерсердің(2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме–мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің бір түрі. Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, бірін-бірі тыңдауы және сөйлесуі арасындағы байланыс анықталады.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,40бет). Осы айтылған сөзді нақтылау үшін мен Шыңғыс пен Дарханның зерттеушілік әңгіме құрғанын айтып кетпекпін. Дархан хлордың натриймен әрекеттесу реакция теңдеуін көріпті, ол өз ойын Шыңғысқа жеткізу кезінде натрий да, хлор да белсенді элементтерге жатады, мүмкін екеуінің арасындағы реакция теңдеуінің жүзеге асуы белсенділіктерінде шығар деген ойын айтып жатқанын естідім.Дархан өз ойын дәлелді түрде жеткізуі оның сыни тұрғыдан ойланып жауап қатуы жетістік деп білемін.

Жалпы жаңа сабақты қорытындылау кезінде «Хлордың тіршілікте пайдасы көп пе, әлде зияны ма?» деген сұрақ қойғанда оқушылардың жартысыSAM_0407 «пайдасы» десе, жартысы «зияны» деп жауап қатты, әр топ өз ойларын дәлелдемелермен, нақты жауапты өмірмен байланыстырып отырды. Яғни, «академиялық дау-дамай» тудырып, оқушылар арасында диалогтық әңгіменің әңгіме-дебат түрін пайдаланып өттім. Оқушылар мұнда бір-бірінің ойын тыңдап, өз ойларын дәлелдейтін мысалдар келтіріп жатты. Мен өзім соңында кез-келген заттың пайдасы мен зияны бар екенін, тек сол заттарды тиімді пайдаланып қана қоймай, пайдалану үшін химиялық білімнің де қажет екенін айтып өттім.

Қорыта келгенде сыни тұрғыдан ойлауды сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтижеге тоқталсам, оқушылардың барлығы жаппай сыни ойлап кетті деп айта алмаймын, себебі уақыттың аздығы, оқу жылының соңындағы оқушылардың шаршағандықдары әсерін тигізді, оқушылар арасында ілгерлеушілік бар және кері байланыс парақшасынан оқушыларыма сабақтың ұнағанын айта аламын. Алдағы келер оқу жылында кездескен қиындықтарды жеңемін, осы бағыттан таймай қызмет атқарамын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.       Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012жыл           

Химия 8 сынып оқулығы. Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина Алматы «Мектеп», 2009

2.         «Оқыту ізденіс ретінде, ізденіс оқыту ретінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері» С.Мирсеитова Қарағанды, 2011 жыл.

3.       www.45minut.kz

 

 

 

 

 

 

 

      

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тізбектелген сабақтар топтамасына « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету » модулін енгізу бойынша рефлексивті есеп ."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тізбектелген  сабақтар топтамасына  « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету » модулін енгізу бойынша рефлексивті есеп .

Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін бастауыш  сынып  балаларымен жұмыс барысында , қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен  дамытуға болады . Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл -  балалардың жеке басының тәжірибесіндегі  дәлелдерге мән беруге ынталандыру . Бізде балалардың қызығушылығын оятып , олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін  қолдануға  болатын  түрлі  мысалдар  жеткілікті . ( Мұғалімге арналған нұсқаулық , 49 бет ) . Курс бағдарламасына сәйкес сыни ойлауда дамытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы , білімнің дайын күйінде берілмейді  Сыни тұрғыдан ойлау - бұл ерекше қабілет , өзіндік және жеке ойлау , кез - келген жағдайдағы мәселені ойлап , зерттеп , қорытып , өз ойын ортаға еркін жеткізе алуы . Сыни тұрғыдан ойлауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда балалардың да даму деңгейіне сәйкес ой - өрісі дамып , шыңдалып , белгілі бір жетістіктерге жетеді .

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың , тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпарат , ойлауға , бағалауға , талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім . Сондықтан болашақта әрекет жасауға негіз етіп алуыма болады . Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға , баламалы шешімдерді қабылдауға , ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді еңгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді . ( Мұғалімге арналған нұсқаулық ) .  Мектептегі тәжірибе кезеңінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауын дамыта алдым ба ? Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету оңай іс емес және ол бір деңгейде үйретіліп ұмытылып қалмайтын іс емес . Сыни тұрғыдан ойлауды ынталандыратын мүмкіндікті тұғызатын іс - шаралар ойластырса болады , олар :  сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін қолайлы мүмкіндік жасау керек , ойды тұдыру үшін уақыт беру керек , оқушыларға ойын жинақтап айтуға мүмкіндік беру керек , сабақта оқушылардың пікірі мен ісін қолдау керек , әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау керек , әрбір оқушының жасаған сынына және оның сын көзімен қарау қабілеттілігіне сенім білдіру , сын тұрғысынан ойлауды бағалау . Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін мен сабақтарыма қалай кіріктірдім ?  Сабақ  жоспарын оқушылардың сыни ойлау  қабілетін дамытатын жас ерекшеліктеріне сай құрдым . Әр сабақ жоспарын құру барысында әр кезеңге мән беріп , әр сабақта әртүрлі әдістер қолдану арқылы қызығушылықты арттырып отырдым . Ұйымдастыру кезеңіндегі  сергіту сәтінен кейін оқушыларда еркіндік көрінді . Бұл  жерде  шаттық  шеңберінде тұрып бір - бірімен қол алысып амандасып , жақсы тілектерін білдіру сыныпта ынтымақтастық  атмосферасын қалыптастырды . Оқушылардың бойында еркіндік пен өзіне деген сенім пайда болды . Дьюи тұжырымдамасында  айтылғандай  еркіндік ой " Ақылды бақылау мен талқылаудың көмегімен  дамитын  мақсат ." Ойлау еркіндігін қамтамасыз етуші ол мұғалім , яғни бағыт беруші ролінде .  Оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап , оларға сеніммен қарап өз ойын , ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады . Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушы өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады , кеңейте түседі . Сыни тұрғыдан ойлаудың маңыздылығы сынып оқушыларын «жақсы» , «жаман» деп  бөлмей , барлық  баланың  дамуы үшін қолайлы. Үлгерімі төмен оқушылардың да өз шамасы келгенше , қабілеті жеткенше еңбек етуі ойластырылған . Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту - күрделі міндет , сондықтан когнитивті  психологияның негізгі түсініктері  мен  тұжырымдамаларына  көңіл аударамыз . Осыған байланысты сабақтың бұрынғы алгоритмін өзгертіп , сабақтың барысын үш кезеңнен тұратын  Блум  таксаномиясына сүйеніп өтілген тізбектелген сабақтар топтамасында сұрақ қою үлгілерін өзгерте отырып , тапсырмаларды сындарлы оқытуға бағыттадым .   Мектептегі  іс - тәжірибе  кезеңінде   жүргізілген   сабақтар  топтпмасына   тоқталып    өтсем . Алғашқы сабағым   «  Қазақстан - көп ұлтты тәуелсіз мемлекет » тақырыбымен  таныстыру .  Сабақтың   мақсаты : 

Қазақстан  - көп ұлтты  тәуелсіз мемлекет туралы  және  халықтарының  достығы  жайлы   түсінік беру . Сабағымды  балалардың  психологиялық  ахуалын  реттеуден  бастадым . Оқушыларды  шеңберге  тұрғызып « Жүректен-жүрекке » тренингін  жүргізіп, қолдарына  қызыл ,сары ,жасыл, көк  фишкалар  тараттым . Фишкалардың  түстері  арқылы  олар  өз  тобына  барып  отыру  қажет  болатын. Бірақ , бұрын  топқа  бөлініп көрмегенінен  және  жас  ерекшеліктеріне  қарай кейбір балалар біраз  тобын  таппай  кідіріп  қалды. Осы  кезде оларға  сыныптастары  көмектесті . Сабақта  оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін  дамыту үшін , ойлау  туралы  ойларын дамыту мақсатында үй тапсырмасына берілген « Отан . Қазақстанның  Туы , Елтаңбасы , Әнұраны, Конституциясы » тақырыптың  мазмұнын  талдау  кезінде  Блум таксономиясы бойынша жіңішке  сұрақтар қойып , төрт топтан кезегімен сұрадым : 1 ) Біз қай Республикада тұрамыз ? 2 ) Біздің еліміздің рәміздері...?  Рәміздердің белгілеріне жеке тоқталып , сұрақтар қойдым . 3 ) Конституция деген не ?  Топ  мүшелері  тез  жауап   беріп  отырды . Еліміздің рәміздерін Конституция туралы біледі. Тудың , Елтаңбаның , Әнұранның  авторларын  атап  айтты . Үй  тапсырмасын  тексеру  кезеңінде ешқандай  қиыншылық  тұған  жоқ .   

Сыныптағы  қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізеді. Александердің(2001,2008) Диагогтік оқытуына сәйкес ,сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және  диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкірдік береді және формалды кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді және мұғалімдер  білім  мен зерттеу үдерістерін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің  рөлдерін қайта қарастыруы керек.

         Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың  оқуы  тиімдірек және зияткерлік  жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ - ғасырда және кейінгі ғасырларда да  өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру-мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен-күнге  қолжетімділік  артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға  мүмкіндік  беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек ( Wolfe and Alexander, 2008 ).

Мағынаны тану кезеңінде  « ДЖИК СО » әдісін  қолданып оқушыларды  санау  арқылы  қайтадан  топқа  бөліп , не  істеу керек екендігін  түсіндірдім . Олардың  топқа  ауысуы  біраз  уақыт  алды, соған  қарамастан  сабаққа  қызығушылығын  көрсетті . Алтын  ережені  еске  түсіріп , бір - біріне тобын  табуға  көмектесті . Балаларға  бөліп  берген  тақырыпты  жылдам  оқытып , топпен  талдауға  үйреттім .  Бұл әдіс ( Slavin , 1994 ) – оқушылардың   бірін -  бірі  оқытуда  көмектесуіне  арналған  жұмыс  түрі . Бұл  жұмыс  оқушылар зерттеу  жүргізгенде немесе мәтінді оқыған кезде пайдаланады . Мұнда әрбір оқушы материалды толық меңгереді . Материалдың өзі қарастырған бөлігін түсіндіргенде , олар сарапшы бола алады . Олардың әрқайсысы басқадан үйреніп , басқаны үйретуде белсенді рөл атқарады . Мерсер (2005) кұрдастар тобындағы өзара қарым - қатынас оқуда маңызды роль атқаратынын көрсетті . Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім - оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс - қимылға қарағанда мейлінше «симетриялы » болатын өзара  іс - қимылға тартылады , осылайша негізделген дәлелдерді әзірлеу және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады» деп көрсеткен. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 29 бет)  Бұл  кезеңде  менің  байқағаным Әлібек, Даниат , Анэля, Ләйла, Бақдәулеттің  көшбасшылық  қасиеттері  байқалды . Тақырыпты  жылдам  оқып , талдау  барысында  ең  алды  болып  басқаларға  түсіндіріп , білмегенін  үйретіп  отырды. «Жанұя»тобына  оралып біліп ,  үйреніп  келгендерін  ортаға  салып , белсенділігін   көрсеткен оқушылар  болды : Дәмелі , Альбина , Сұлтан . Менің   байқағаным, Нұрдәулетке түсінік  айту  қиынға  соқты .   Ол ойын  жинақтай  алмай , жауаптары әлі  де  болса  шашыраңқы , жинақталмаған  сияқты .     Қазақстанда  көп ұлттар турады » деп , ойланап  қалды . Ол  қасындағы отырған Әлібектің  көмегімен айтып  отырды .

 Келесі  кезекте  топтық  жұмыс  жасадық « Бірігіп  сурет салу »әдісін  қолдандық .Мұндағы мақсат оқушының естігенін, көргенін сыни ой елегінен өткізе отырып, қағаз бетіне түсіру, яғни ойды жетелеу арқылы дамытуды жүзеге асыру. А 1  форматты  қағазға « Сенің  қандай  құқығың  бар ? , Саған  не істеуге болмайды ? »деген  сұрақтарға  сурет  арқылы жауап  берді . Сурет салуға  барлығы  қызыға  кірісті . Нұрым, Ақбота, Арина, Мирас , Әлібек , Дәмелі  белсенділігін  көрсетті. Жасаған  жұмыстарын  әр  топтан екі  оқушы  шығып қорғады . Нұрбақыт, Нұрдәулет салған  суреттерін  толық  айта  алмады . Мен  оларға сұрақтар  қойып: Мына  суретте  бала не  істеп  тұр ? , Баланың іс - әрекеті  дұрыс па ? деп  жауаптарын  толықтырдым .  Кейбір  балалар  жауаптарын өмірмен байланыстырып  айтты .  Альбина былай деді  «Біз қыздармен ойнап жүргенде Айша менің құыршағымды алып кетті. Оның алғанын бізге өзінің інісі айтып берді ».Бұл оқиғаға байланысты балалар мынандай шешімге келді «біреудің затын рұқсатсыз алуға болмайды».

Келесі күнгі сабағым  «Қазақтың ұлттық мәдениеті» тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлттық мәдениеті жайлы білімді меңгерту.Сабағымда сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді «Автор орындығы,Миға шабуыл,Топтастыру»тәсілдер арқылы аштым. «Автор орындығы» барысында оқушыны ортаға шақырып , үй тапсырмасы бойынша топтарға сұрақтар таратып бердім: Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? Біздің елімізде қандай ұлттар тұрады?Туған жер,Отан туралы қандай өлең жаттап келдіңдер?  Әр топтан оқушылар « Автор орындығы » отырып сұраққа жауап берді . Әсіресе екінші топтағы Анэляның жауабы балаларға ұнады . Анэля сұраққа толық жауап бере отырып Туған жер туралы өлең , мақалдар жаттап келген . ) Қызығушылығын ояту кезінде ауыз әдебиетінің бір бөлігі ертегілерге тоқталдым , себебі , балалар ертегілерді көп біледі. Суреттер көрсетіп , сұрақтар қойдым : Ертегі қалай аталады ? Қандай ертегілер болады ? Балалардың жауаптарын тыңдай отырып жаңа сабақтың тақырыбын аштым . Қазақтың ұлттық мәдениетінің бірі рухани мәдениет олар: ертегі , жырлар , айтыс , мақал - мәтелдер, жұмбақтар , аңыз , шешендік сөздер екенін анықтадық .Жыршы мен жыраулар деген кімдер ? деген сұрақты талқыладық . Сұлтанның  жауабы мынандай болды: Біз туған жерді қорғаған батырлар жайында аңыздарды тыңдағанды жақсы көреміз . Қаһармандар,халқымыздың тарихы туралы жырларды оқимыз .Арина ағасы оқып берген «Қозы көрпеш-Баян сұлу» жыры мен  «Аққұс туралы» аңызды білетінін айтты. Келесі талдау қолданғаным «Миға шабуыл»тәсілін пайдалана отырып ,  сұрақ қойдым : Мақалдардың мағынасын қалай түсінеді және қалай пайдаланады ? Дәмелі мынандай мақал айтты «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей » . Осы мақалға мысал келтірді.Топтастыру әдісін қолдандым. Балалар Қазақтың ұлттық мәдениетін топтастырды. Оқушының білімін жетілдіруде сыни ойлаудың маңыздылығы сол, әрбір оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытады, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда пайдалана білуге үйренеді деп айтқым келеді.Сондықтан сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылауға,зерттеуге,ойлауға,сөйлеуге,ойын толық жеткізе білуге үйренуді,үйретуді мақсат етіп қояды.

 «Астана-Қазақстан Республикасының елордасы» тақырыбы бойынша сабақтың мақсаты:Астана-Отанымыздың мақтанышы, оның тарихы мен бой көтерген ғимараттар мен кесенелер жайында білімін меңгерту.Бұл сабақта сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді «Блум таксаномиясы,ДЖИК СО,Бірігіп сурет салу »тәсілдер арқылы аштым.Менің әдіс-тәсілдерді қаншалықты дұрыс немесе орынды қолдануымның әсері, көмегі болды? Оқушының мәтін мазмұнын берілген жаңа ақпараттар нәтижесінде, сондай-ақ түсініп оқу арқылы меңгеруіне жеңіл әдіс ол- жигсо(құрастыру,бүтінді бөлшектеу) деп таптым.  Себебі, жигсо(құрастыру) кезінде оқушы біріншіден, бір мезетте бірнеше ақпарат ала алады, жеке және бірлескен жұмыс орындау арқылы, өз ойын айтады, өзгенің пікірін тыңдап үйренеді. Екіншіден, өз ойын басқаға жеткізе алмаған кездің өзінде, басқаны тыңдау арқылы жаңа тақырып  жөнінде мәлімет жинайды. Сабақ барысында мен бұл жәйді кездестірдім. Мәтін мазмұнын әңгімелеуде қиналатын оқушым Нұрдәулет  топ мүшелерінің «жұмысшы » тобында талдаған әңгімелерінен кейін, »жанұя» тобына келгенде, тыңдағанын  айтып бере алды. Ал сыни тұрғыдан ойлауға  үйрету модулінде  оқушының сыни көзқарасын  қалыптастыру, ойлануға жетелеу бұл  сабақтағы  аса қажетті де маңызды әрекет болып табылады. «Алматы» тақырыбының мақсаты:Оқушыларға Алматы-ірі ғылым,мәдениет білім жәнеиөнеркәсіп орталығы жайлы түсінік қалыптастыру.Сабағымда Топтастыру,Автор орындығы ,Венн  диограммасы стратегиялар арқылы балалар өз беттерінше тұжырым жасауға,ойларын еркін жеткізуге  тырысты . Венн  диограммасына балалар Астана мен Алматыны салыстырды . Астана - жаңа қала, үлкен , сәнді қала ,астаналықтар тұрады .Алматы - ежелгі қала ірі ғылым ,мәдениет білім және өнеркәсіп орталығы ,алматылықтар тұрады . Мирас екі қаланы дұрыс сипаттап берд і. Айырмашылығын тапты. Сонымен ,  топтық жұмыс барысында  оқушылар өз білетіндерін еске түсірді ,ой бөлісті , пікір алмасты, қағазға  бірігіп сурет салды. Топтық ережені сақтай отырып, бірін-бірі тыңдауға, ынтымаққа, уақытты босқа өткізбеуге ,өзін және өзгенің пікірін бағалай білуге үйренді. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі дүниетану пәнінен жүргізілген сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің әдіс - тәсілдерін қолдану оқушының берілген тақырып бойынша ой толғаныс жасай білуіне, пікірін айтуына , мазмұнды талдай білуіне, шығармашылық белсенділігінің қалыптасуына негіз бола алды . Қорыта  келгенде сыни тұрғыдан ойлауды сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтижеге тоқталсам, оқушылардың барлығы жаппай сыни ойлап кетті деп айта алмаймын, себебі уақыттың аздығы, оқу жылының соңындағы оқушылардың шаршағандықдары әсерін тигізді , оқушылар арасында ілгерлеушілік бар және кері байланыс парақшасынан оқушыларыма сабақтың ұнағанын айта аламын. Алдағы келер оқу жылында кездескен қиындықтарды жеңемін, осы бағыттан таймай қызмет атқарамын .

 

Мен өз сабағымда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын арттыру үшін басшылыққа мынаны аламын: оқушылардың қызығушылығын  дамытамын , тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініп аламын ,жеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын салыстырамын.    

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 917 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.12.2014 7585
    • DOCX 1.2 мбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсебаева Галия Абдрамановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсебаева Галия Абдрамановна
    Сарсебаева Галия Абдрамановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 97693
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 521 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции