Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәуелсіздік символы – ұлттық теңге (6-сынып)

Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге (6-сынып)

Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге (6-сынып)"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • «Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуел...

    1 слайд

    «Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны»

    Н.Назарбаев


  • Тәуелсіздік   нышандарыТуӘНұранЕлтаңба

    2 слайд

    Тәуелсіздік нышандары
    Ту
    ӘНұран
    Елтаңба

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
Елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Шаңырақ...

    3 слайд

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
    Елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Шаңырақ —
    мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi.
    Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң
    қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң
    күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың,
    отбасының бейнесi.
    Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, жел-
    дей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жi-
    гердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың,
    тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұл-
    пар —қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, сам-
    ғаған таңға- жайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бетбейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
     

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – 
Қазақстан Республикасының  мемле...

    4 слайд

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы –
    Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң
    бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның
    ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бей-
    неленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен
    кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-
    өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең.

  • сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі
Алты...

    5 слайд


    сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
    әні: Шәмші Қалдаяқовтыкі
    Алтын күн аспаны, 
    Алтын дән даласы, 
    Ерліктің дастаны, 
    Еліме қарашы! 
    Ежелден ер деген, 
    Даңкымыз шықты ғой. 
    Намысын бермеген, 
    Қазағым мықты ғой!
    Қайырмасы: 
    Менің елім, менің елім, 
    Гүлің болып егілемін, 
    Жырың болып төгілемін, елім! 
    Туған жерім менің – Қазақстаным!
    Ұрпаққа жол ашқан, 
    Кең байтақ жерім бар. 
    Бірлігі жарасқан, 
    Тәуелсіз елім бар. 
    Қарсы алған уақытты, 
    Мәңгілік досындай. 
    Біздің ел бақытты, 
    Біздің ел осындай!
    Қайырмасы: 
    Менің елім, менің елім, 
    Гүлің болып егілемін, 
    Жырың болып төгілемін, елім! 
    Туған жерім менің – Қазақстаным!
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны

  • Тәуелсіздік символы
 – ұлттық теңге

    6 слайд

    Тәуелсіздік символы
    – ұлттық теңге

  • Көгілдір түс нені білдіреді?Сары алтын 
түс ненің 
белгісі?             Ненің...

    7 слайд

    Көгілдір түс нені білдіреді?
    Сары алтын
    түс ненің
    белгісі?
    Ненің суреті бар?
    Қандай?
    Қалықтаған қыран кұс нені білдіреді?

    ҚАЗАҚСТАН
    ТУЫ

  • Реңдік бейнесі қандай?ЕЛТАҢБАНенің қанаттары көмкеріп тұр?Шаңырақты айнала  н...

    8 слайд

    Реңдік бейнесі қандай?
    ЕЛТАҢБА
    Ненің қанаттары көмкеріп тұр?
    Шаңырақты айнала нелер шаншылған?
    Не бейнеленген?

  • Теңгенің  шығу  тарихы

    9 слайд

    Теңгенің  шығу  тарихы

  • Ақшаң көп болсын десең...

    10 слайд

    Ақшаң көп болсын десең...

  • Балада 1 және 5 тиындық 23 монета бар. Ол қолын-
дағы ақшасын санағанда  57 т...

    11 слайд

    Балада 1 және 5 тиындық 23 монета бар. Ол қолын-
    дағы ақшасын санағанда 57 тиын болды. Бала қате-
    лескен жоқ па?
    1-есеп:


    2 -есеп:

    3-есеп:


    4-есеп:



    5-есеп:












    Егер 1 кг кәмпит үшін 225 теңге төленген болса,
    10 кг кәмпит қанша тұрады?
    1,2,3,... 9 цифрды жазыңдар. Осы цифрлардың орна-
    ласу ретін өзгертпей, олардың «+» не «-» таңбасын
    (барлығы үш таңба) қойыңдар, сонда

    Аңшы бір маусымда 48 аңның терісін дайындады.
    Ол 4 теріні бір қап бидайға, 2 теріні – 8 тағаға
    айырбастады. Аңшының жинаған терілері 4 атты
    тағалауға және 3 қап бидай алуға жете ме?

    Екі түптеуші 180 кітапты түптеді. Біріншісі күніне
    5 кітаптан барлығы 75 кітап түптеді. Егер екі
    түптеуші бірдей уақыт жұмыс істеген болса, екін-
    ші жүмысшы күніне неше кітап түптеген?

  • ТӨЛ ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІГIМIЗДІҢ СИМВОЛЫАқшаның күші мен қасиетін білдіретін 7...

    12 слайд

    ТӨЛ ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІГIМIЗДІҢ СИМВОЛЫ
    Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін 7 ереже

    1. Мал - баққанға, ақша – адалдан тапқанға бітеді.

    2. Ақша туралы арам ой да - зиян.
    3. Алаған қолым – береген. Үстемелеп берсеңіз,
    үстемелеп аласыз.
    4. Қайырымдылықпен айналыссаңыз, шығынның
    қайрымы мол болады.
    5. Басы артық дүниеңізді басқаларға беріңіз.
    Алғысының күші ақша болып қайтады.
    6. Жанашырлық жасағанды Жаратқан Ием жарыл-
    қайды. Біреуге міндетті түрде көмектесетін бол.
    7. Фәнидегі басты парызың – қайырым, садақа. Оны
    ұмытсаң, өзің де ұмытыласың.


  •                     ІІІ бөлім: 
Мақал -мәтелдер

    13 слайд

    ІІІ бөлім:
    Мақал -мәтелдер

  • Тамшыдан тама берсе дария боларЕскі киімді баптағаның 
жаңа киімді сақтағаның...

    14 слайд

    Тамшыдан тама берсе дария болар
    Ескі киімді баптағаның
    жаңа киімді сақтағаның

    Базары жақын-байымас

    Ақша кетуге тырысады,
    Есеп ұстауға тырысады
    Судың да сұрауы бар

  •                     ІV бөлім: 
Сөзжұмбақ шешіп көрелік

    15 слайд

    ІV бөлім:
    Сөзжұмбақ шешіп көрелік

  • Сөзжұмбақ шешу   
1.   Тәуелсіздік үшін күрескен батыр  кім?
 
2.   Қазақстан...

    16 слайд

    Сөзжұмбақ шешу

    1.   Тәуелсіздік үшін күрескен батыр кім?

    2.   Қазақстанның елордасы қай қала?

    3.   Қазақстанның елбасы кім?

    4.   Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

    5.   Қазақстанның жергілікті халқы қай
    тілде сөйлеседі?

    6.   Қазақстанның рухани астанасы қай
    қала?
    7.   Қазақстанның ұлттық валютасы не?
    8.   Қазақстанның көршілерінің бірі?

    9.   Қазақстан неге бай?

  •                     V бөлім:
 Блиц-сұрақтар

    17 слайд

    V бөлім:
    Блиц-сұрақтар

  •                     VІ бөлім:
Кім көп біледі?

    18 слайд

    VІ бөлім:
    Кім көп біледі?

  • 1993 жылғы банкноттар үлгісіДаналарды атаӘл- ФарабиАбайҚұрманғазыШоқанӘбілқай...

    19 слайд

    1993 жылғы банкноттар үлгісі
    Даналарды ата
    Әл- Фараби
    Абай
    Құрманғазы
    Шоқан
    Әбілқайыр хан
    Сүйінбай
    Абылай хан

  • 1993-2003 жылдар банкноттар үлгісі

    20 слайд

    1993-2003 жылдар банкноттар үлгісі

  • Қазақстан картасының 
контуры, алдыңғы жағында
 Қазақстан Республикасы Презид...

    21 слайд

    Қазақстан картасының
    контуры, алдыңғы жағында
    Қазақстан Республикасы Президен-
    тінің Ақорда резиденциясы,
    Қазақстан картасының
    контуры, Алматықаласында
    орналасқан Тәуелсіздік монумен-
    тінің төбесі, «Қазақстан» қонақ
    үйі алдыңғы көрініс, артқы көрі-
    ністе Іле Алатауының таулары.
    Қазақстан картасының контуры,
    алдыңғы жағында Алматы қаласын—
    дағы Абай атындағы опера театры,
    артқы жағында тау өзені.
    Қазақстан картасының
    контуры, алдыңғы жағында
    Президент мәдени орталығының
    үйі, артқы жағында таулар.
    Қазақстан картасының контуры,
    алдыңғы жағында ҚР Көлік және
    коммуникация министрлігінің үйі
    және Астанада Есіл өзені
    арқылы көпірде орнатылған қанатты
    барыстың біреуі, артқы жағында
    ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау
    2006 жылғы банкнотар үлгісі
    Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі, Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала.

  • 2012 жылғы банкноттар үлгісі

    22 слайд

    2012 жылғы банкноттар үлгісі

  • Естелік банкноттар

    23 слайд

    Естелік банкноттар

  • XXI-ші ғасырға ақ тілек
(төмендегі сөздерді пайдалана отырып              ті...

    24 слайд

    XXI-ші ғасырға ақ тілек
    (төмендегі сөздерді пайдалана отырып тілек айту)
    1. Заман
    2. Ел
    3. Елбасы
    4. Заң
    5. Қыз
    6. ҰЛ
    7. Қазақстан
    8. Ата-ана
    9. Ту
    10. Әнұран
    11. Астана
    12. Тіл
    13. Жер
    14. Байлық
    15. Теңге
    16. Мектеп
    17. Білім


  • Сайысқа қатысқындарыңызға
 көп рахмет!Амандықпен   жүздескенше

    25 слайд

    Сайысқа қатысқындарыңызға
    көп рахмет!
    Амандықпен жүздескенше

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге

Мақсаты:

1.  Оқушыларды  тәуелсіз еліміздің ең  бірінші  айрықша  белгісі  теңгемен  таныстыру,төл

     теңгеміздің  шығу  тарихы,  айналымға  ену кезі  туралы  мағлұматтар  беру.

2.  Қазіргі нарықтық экономикалық дағдарыс жағдайындағы іс-әрекеттерді   реттеуге  

     үйрету;  экономикалық терминдерімен таныстыру, өз бетімен жұмыс істеуге

     дағдыландыру.

3.      Оқушылардың  бойына елімізге  деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты  сіңірту

үнемділікке, барды қадірлеуге баулу,ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету,тілді

      құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Компьютер, есептер жазылған слайд жиынтығы,сөзжұмбақ  , Ұлттық валюта теңге, әртүрлі  валюталар, буклеттер мен шарлар

Барысы:

                      Сап  тузеу  / Слайдтар  шығып отырады /

1- оқушы:     Мектеп,түзел,тік тұр!     ҚР Мемлекеттік әнұраны айтылсын!

2-оқушы:      Қайырлы  күн, құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар!

3- оқушы: Әрбір  елдің  тарихында үлкен  шежіре,тарих жатыр. Ал  біздің еліміз  үшін ХХ  ғасырдың  маңызы  зор. Себебі, еліміз  тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне  ие  болды.

Мұғалім: Тәуелсіздігіміз бен елдігімізді бүкіл елге паш етіп тұғған біздің еліміздің қандай нышандарын білесіздер. /Елтаңба, Әнұран мен Ту/

       Нышандар туралы сұрақтарға жауап:

- Көгілдір түс нені білдіреді?

- Сары алтын түс ненің белгісі?            

- Ненің суреті бар?Қандай?

- Қалықтаған қыран кұс нені білдіреді?

-Реңдік бейнесі қандай?

-Ненің қанаттары көмкеріп тұр?

-Шаңырақты айнала  нелер шаншылған?

-Не бейнеленген?

       6б сыныптар дайындаған «Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге» аттысайысымызды  ашық деп жариялаймыз.

І  бөлім:    «Теңгенің  шығу  тарихы»

4- оқушы: Біздің  ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды         көрсететін   рәміздеріміз бар.  Елтаңба, Әнұран мен Туымызбен бірге  тағы  бір белгі  – ұлттық теңгеміз бар. Теңге 1993жылы  15 қараша күні  дүниеге келді.

5- оқушы : Теңгенің  авторы  болу  бақыты дизайнерші  Тимур Сүлейменов, қылқалам  шеберлері  Қайролла  Ғабжалилов, Мендібай  Әлин мен  Ағымсалы  Дүзелхановтың  үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның  дымқыл ауасын жұтып, үлкен  еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді.

6 – оқушы : Алғашқы теңге « Харрисон  Санс » фирмасында бір жыл ішінде өңделіп, басылды. Демек, теңгенің алғашқы  нұсқасы  Англияда шықты.

7- оқушы: Ұлттық теңгеміздің  шеттері қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген.Бірінші бетінде қазақ халқының  әйгілі  ұлы  тұлғалары бейнеленген. Екінші  бетінде  ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз  салынған.

8- оқушы: Ұлттық  валюта – теңге банкноты  және монета  түрінде айналысқа енгізілді. Банкнота – Ұлттық Банктің  Алматы  қаласындағы Банкнот фабрикасында , ал монета Өскемендегі  монета сарайында  дайындалынып шығарылады.

9- оқушы:       Күні нұрлы,ақ  таңы

  Жері гүлдей бақтағы

  Ел ырысы – тайқазан

  Төл теңгеміз  қақпағы

  Қазынамыз  толығып,

  Болсын дәйім жолы құт!

  «Төл теңге  – ел тірегі!»

  Деп құрметтер оны жұрт.

                                          Ән « Қазақ  елі » / хормен айтады /

Тапсырмалар:

1. Ребус шешу арқылы  топтың атын құрау.

                    « Теңге»                 « Тиын»

ІІ  бөлім: Ақшаң көп болсын десең...

      Әрбір топ  өзінің қоржынына дұрыс жауап  үшін берілген ақшаны жинайды.Кімнің ақшасы көп болса, сол топтың жеңгені.

      1-есеп: Балада 1 және 5 тиындық 23 монета бар. Ол қолындағы ақшасын санағанда

                    57 тиын болды. Бала қателескен жоқ па?

Шешіуі: Бала қателесті, өйткені 1 тиындық – 15,5 тиындық - 8 болса, барлығы 55 тиын

               болады.

2 -есеп: Егер 1 кг кәмпит үшін 225 теңге төленген болса, 10 кг кәмпит қанша тұрады?

Шешуі: 2250 теңге.

3-есеп: 1,2,3,... 9 цифрды жазындар. Осы цифрлардың орналасу ретін өзгертпей,

              олардың «+» не «-» таңбасын (барлығы үш таңба) қойыңдар, сонда

Шешіуі: 100 =123-45-67+89

4-есеп:Аңшы бір маусымда 48 аңның терісін дайындады. Ол 4 теріні бір қап бидайға,

             2 теріні – 8 тағаға айырбастады. Аңшының жинаған терілері 4 атты тағалауға

             және 3 қап бидай алуға жете ме?

Шешіуі: 4 атқа 16 таға – 4 тері қажет, 3 қап бидайға 12 тері кетсе, барлығына 16 тері

                қажет, ендеше аңшының терілері қажеттілікті қанағаттандырады.

5-есеп. Екі түптеуші 180 кітапты түптеді. Біріншісі күніне 5 кітаптан  барлығы 75 кітап

             түптеді. Егер екі түптеуші бірдей уақыт жұмыс істеген болса, екінші жүмысшы

              күніне неше кітап түптеген?

        Жауабы: 75/5=15                 180-75=105             105/5=21

 

ІІІ  бөлім: Үнемділік  пен үнемсіздік тақырыбына арналған мақал-мәтелдерді  өкілдер жаттап алыпты.Соларды тыңдайық.

1.      Тамшыдан тама берсе дария болар.

2.      Ескі киімді баптағаның

жаңа киімді сақтағаның

3.      Түстік өмірің болса

 кештік мал жина

4.      Қасықтап жинағанды

 шөміштеп төкпе.

5.      Алыстан арбалағанша

жақыннан дорбала.

6.      Саумал ішсең қымыз жоқ

байтал мінсең құлын жоқ.

7.       Есептемегенге бәрі түгел

8.      Үзіп жеген-үнемге жатпайды.

9.      Базары жақын-байымас.

10.  Шашу оңай-жинау қиын.

11.  Қолдағының құны жоқ.

ІV бөлім:Сөзжұмбақ шешіп көрелік

1-сөзжұмбақ

Тігінен:

            1.Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)

2.Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)

Көлденеңінен:

1.      Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)

2.      Төлемді растайтын қағаз. (Чек)

 

 

 

 

К

Б

А

Н

К

О

М

А

Т

А

 

Р

 

Н

Т

К

О

 

Ч

Е

К

К

 

А

 

                 

 

2-сөзжұмбақ

V бөлім: Блиц-сұрақтар Ендігі кезекте бірнеше  блиц-сұрақтарға жауап беріп кетейік.

3   1 теңгеде неше тиын бар?                                  /100/

1.      Әлемнің неше кереметі бар?                                    /7/

2.      Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-ң нешінші президенті? /1/

3.      Қырғыз  елінің валютасы қандай?         /сум/

4.      360 теңгеге киллограмы 80 теңгеден  неше кг картоп келеді?

                                                                         /4кг және 40тенге артық қалады/

5.      Жапонияның валютасы қандай?      /иена/

6.      Американдық доллардың  ең үлкен банкноты    / 100$/

VІ бөлім: Кім көп біледі?/Даналарды атау , теңге бетіндегі/

  10-оқушы:  Қазақстанның ұлттық валютасы теңге 1993ж. 15 қарашада шықты. Алғашқы теңгелерде  қазақтың қоғамдық мәдени өміріндегі ерекше тұлғалар Әл- Фараби, Абай, Құрманғазы, Шоқан,Әбілқайыр хан бейнелері көрініс тапты . Олар 1,3,5,10,20, 50,100, 500, 1000,2000,  теңгелік билеттерде шығарылды. 2007 жылдан бастап жаңа нұсқалар шықты.

11-оқушы: Қазақстан Республикасында ақша шығару,олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады.

12- оқушы: Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар  мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды,олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді,қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тіртібін белгілейді.  Ұлттық банктың ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар.

13-оқушы: Онда қағаз ақшалармен қатар ,арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады.Таза салмағы 24 гр.,37гр тағы басқа әртүрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді.Мысалы,қазіргі уақытта айналыста жүрген қазақтың көне саз аспабына арналған «Домбыра»,ұлттық аңшылық кәсібінің құрметіне «Бүркітші», «Ғасырлар пернесі» сияқты ір түрлі тақырыптарда шығарылған күміс ақшалар бар. Бүгінде оларды Қазақстанның Ұлттық банкілерінен алуға болады

Қорытынды:

Мұғалім: Иә,балалар, сонымен «Ақша – құн өлшемі ,айналыс құралы ,қазына жинау,төлем құралы» ғана емес Тәуелсіз еліміздің елдігінің белгілерінің бірі төл теңгеміз екен.

      Тәрбиелік шарамызды мына сөздерді пайдаланып елімізге жақсы тілек айтып аяқтасақ

1. Заман

  2. Ел

     3. Елбасы

       4. Заң

           5. Қыз

              6. ҰЛ

                 7. Қазақстан

                      8. Ата-ана

                           9. Ту

                                10. Әнұран

                                      11. Астана

                                            12. Тіл

                                                  13. Жер

                                                      14. Байлық

                                                            15. Теңге

                                                                 16. Мектеп

                                                                     17. Білім

Жеңімпаз топ марапатталады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2015 3388
    • PPTX 1.7 мбайт
    • 171 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманиязова Замзагуль Токтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31280
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 786 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 977 человек

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 630 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов