Главная / История / "Тәуелсіз елдің ұрпақтары" атты интеллектуалдық сайыс

"Тәуелсіз елдің ұрпақтары" атты интеллектуалдық сайыс

hello_html_1546484c.gifСолтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

«Егінді-Ағаш орталау мектебі» КММ


















Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұрпақтары»










Өткізген: Кожабеков М.Д.

7/8 сынып жетекшісі









2015-2016 оқу жылы

Интеллектуалдық сайыс


Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұрпақтары»

Сыныбы: 7/8

Күні: 15.12.2015 ж.

Мақсаты:

  • Еліміздің Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай еліміздің тарихы, рәміздері, салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру;

  • Оқушыларға зияткерлік сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту, білімдерін нығайтып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;

  • Оқушылардың бойында ұлтжандылық, адамгершілік, тәртіптілік, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: карта, қанатты сөздер, иллюстрациялық материалдар, слайд-шоу.

Барысы:

Жоспар:

  • Сәлемдесу.

  • Бәйге.(сұрақтарға кім бірінші жауап береді, соған ұпай)

  • «Тіл шебері»

  • Көкпар. (саны бар ұяшықтарды таңдап, жауап беріп, тиісті баллын алады)

  • Терминдер.

  • Логикалық сұрақтар.(көрермендер)

  • Жорға.(капитандар сайысады)

  • «Туған жер – тұнған шежіре» (Облыстар)

  • Көрермендерге сұрақ.

  • «Егер де мен . . . болсам»


Мұғалім сөзі: Құрметті сайысқа қатысушылар, ұстаздар мен көрермендер! Еліміздің Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты интеллектуалдық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Сайыс басталмай тұрып, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.


Сайысқа кіріспес бұрын әділқазылар алқасын сайлап аламыз.


1 кезең. Сәлемдесу.

ІІ топ қатысады:

1. «Нұрлы Жол» - Нәзкен (капитан), Камиля, Батырхан.

2. «Мәңгілік Ел» - Аяжан (капитан), Меруерт, Ақтоты.

Мұғалім: «Нұрлы жол» мен «Мәңгілік елді», халайық 
Ду-қол соғып, қуанып қарсы алайық! 
«Нұрлы жол» тобы: 
«Нұрлы жол» атыменен топ жарып, 
Барша жұртқа нұрлы сәлем береміз. 
Сайыстардан жоғары баллды мол алып
Алғырлықпен қарсыласты жеңеміз!
Біздің ұран: Нақты жауап, саналы шешім таба біл! 

«Мәңгілік ел» тобы: 

Ұран етіп тапқырлық пен білімді

Сұрақтардан сүрінбей біз өтеміз
«Мәңгілік ел» жастарымыз бүгінгі
Бұл сайыста тек жеңіске жетеміз!

Біздің ұран: Қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашанда ұмтыла біл жеңіске. 

2 кезең. Бәйге. (5-10 балл аралығында)

  1. Тәуке ханның зандар жинағы (Жеті жарғы)

  2. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнар көзі (халық)

  3. Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей)

  4. Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)

  5. Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор)

  6. Бала туғанда қазақтар қандай той жасайды (шілдехана)

  7. Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада орналасқан (Түркістан)

  8. Ұлы Отан соғысында қазақ арасында ең жас болған Кеңес одағының батыры кім? (Ж. Елеусізов)

  9. «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім болды? (О. Сүлейменов)

  10. ҚР Жаңа Конституциясы неше баптан тұрады? (98)

  11. Қазақтың тұңғыш академигі (Қ. Сәтбаев)

  12. Отырар қаласы басында қалай аталды (Фараб)

  13. Астана қай өзеннің жағасында салынған (Есіл)

  14. Тың игеру жылдары (1954-1956 ж.)

  15. «Алаш» партиясы құрылған жыл (1917 ж.)

  16. Малдың жаппай қырылуы (жұт)

  17. Алғашқы қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)

  18. Түйенің сүтінен жасалған сусын (шұбат)

  19. 1929-1997 жж. Қазақстанның астанасы (Алматы)

  20. Алашахан күмбезі орналасқан жер (Орталық Қазақстан)

  21. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық (Р. Қошқарбаев)

  22. Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар)

  23. Қазақстанда Наурыз қай жылдан бастап тойлана бастады? - 1989 жылдан бастап тойланады.

  24. Тәуелсіздік монументінің биіктігі - 28 метр


3 кезең. «Тіл шебері». (5-10 ұпай аралығында)

Оқушыларға ақ қағаздар таратылады.

1)Туған жердей жер болмас...

(Туған елдей ел болмас). Ел-страна-country


2)Тіл тас жарады,

(Тас жармаса, бас жарады). Тас-камень-stone


3)Ел елдің бәрі – жақсы,

(Өз елің бәрінен – жақсы). Жақсы-хороший-good


4) Жері байдың –

(Елі бай) бай-богатый-rich


5) Ұстамен жақын болсаң, іс-дело-work

Ісің бітер.


6) Жеті рет пішіп,

Бір рет кес бір-один-one


7) Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы ұстаз-учитель-teacher

8) Өнер алды - қызыл тіл қызыл-красный-red

9) Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің. су-вода-water

10) Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар. сөз-слова-word


4 кезең. «Көкпар»


10-1. Қазақстандағы ең ыстық жер (Қызылқұм шөлі)

10-2. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)

10-3. Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист-ғалым (Әбу Насыр Әл -Фараби) 

20-1. Ежелгі Баласағұн қаласында туған, ортағасырлық ғалым, «Құтты білік» атты дидактикалық поэманың авторы? (Жүсіп Баласағұн)

20-2. Тұңғыш қазақ мультфильмінің аты қалай және авторы кім? («Қарлығаштың құйрығы неге айыр», авторы - суретші әрі режиссер Әмен Қайдаров)

20-3. Қазақ спортшылары арасынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған кім? (Балуан Жақсылық Үшкемпіров)

30-1. Біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағашты қай жерден кездестіруге болады? (Бұл тораңғы ағашы. Алтынемел ұлттық паркінен кездестіреміз.)

30-2. Қызыл кітапқа енгізілген грейг жауқазыны қай қорықтың эмблемасы болып табылады?   ( Ақсу-Жабағылы қорығы)

30-3. Қазақстанда сирек кездесетін дала қойы «муфлон»  қандай қорықта кездеседі?   (Үстірт қорығы)


5 кезең. «Терминдер»

Ақылдасуға уақыт беріледі. Әр жауап 1-5 ұпай аралығында бағаланады.

  1. Би — дау-жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы.

  2. Революция — қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.

  3. Диаспора — басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан тысқары жерлерге қоныстанған адамдар.

  4. Дуал — балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау.

  5. Арыс – бірнеше рудың бірлестігі. Оны би басқарған.

  6. Медресе — Ислам дінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.

  7. Президент (лат. – алда отырған, бастауыш) – а) басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып қойылған мемлекет басшысы; ә) қайсыбір қоғамдық мекемелердің жетекшісі.

  8. Демократия – халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы.

  9. Декларация – мемлекеттер, үкіметтер, партиялар, ұйымдар атынан жасалатын мәлімдеме; негізгі ұстанымдарды ресми түрде жариялау, сондай-ақ олар баяндалған құжаттардың жалпы атауы.

  10. Конституция (лат. Constituto-құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.


6 кезең. Көрермендерге қойылатын логикалық сұрақтар.

  1. Күрекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)

  2. Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)

  3. Есік пен терезенің арасында не тұрады? («пен» тұр)

  4. Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай? (Май - үш әріптен тұрады)

  5. Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)

  6. Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)

  7. Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)

  8. Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)

  9. Қар жауады, күн жылынып, ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты тұрса, не байқалады? (көктайғақ болатындығы)

  10. Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)

  11. Қазақтандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда?  (Талдықорған облысы,    

        Тентек өзені.) 


7 кезең. Жорға.

Нәзкен:

  1. Ежелгі сақтардың ел билеген атақты әйел патшаларының бірі (Томирис)

  2. Қазақ қобызының түп нұсқасын кім жасаған ? (Қорқыт ата)

  3. «Диуани лұғат ат -түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы кім? (Махмұд Қашқари)

  4. «Тарихи Рашиди» кітабының авторы кім?  (Мұхаммед Хайдар Дулати)

  5. Еліміздегі ең биік тау шыңы (Хан тәңірі)

  6. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл (Каспий)

  7. Дүние жүзіндегі ең биік шың – Джомолунгманы (Эверест) бағындырған (8848 м.) қазақ альпинисі кім? (Қазбек Уәлиев)

  8. Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш)

  9. Қазақтардың ежелгі рулық белгісі (таңба)

10. «Қара сөздердің» авторы (Абай)

11. Ғұндардың көсемі, аты аңызға айналған әскери қолбасшы? (Аттила)

12. Шыңғысханның кезінде Отырар қаласының әміршісі болған хан (Қайырхан)

  1. Қазақ даласының музыкалық символы «Сарыарқа» күйінің авторы? (Кұрманғазы)

  2. Абайдың шын есімі? (Ибраһим)

  3. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған хан? (Жәңгір Бөкейұлы)

  4. ҚР - да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер? (Тоқтар Әубәкіров)

  5. ҚР - да ұлттық валюта – Теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)

  6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 - дай)

  7. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім? (М. Дулатұлы)

  8. Орыс империясына қарсы қазақ халқының біртұтас ұлт - азаттық көтерілісінің қолбасшысы кім болды? (Кенесары Қасымұлы)

  9. Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

  10. Тасқа салынған сурет қалай аталады? (петроглиф)

  11. Үйсіндердің билеушісінің титулы қалай аталды? (гуньмо)

  12. 1975 жылы Алматыда шыққан «Азия» кітабының авторы? (О. Сүлейменов)

  13. Қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіби биші қыз? (Шара Жиенқұлова)

  14. 31 мамыр қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)

  15. Мұсылмандардың жыл санауы қалай аталады? (хижра)

  16. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен1 - ші орын алған қай әнші? (Р. Рымбаева)

  17. «Ленинградтық өренім» деп бүкіл кеңес халқын рухтандырған қай ақын? (Ж. Жабаев)

  18. 1883 – 1897 ж. ж. Кіші жүз территориясында болған көтерілісті басқарған кім? (Сырым Датұлы)


Аяжан:

  1. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? (Ә. Қашаубаев)

  2. «Балқадиша» әнінің авторы (Ақан сері Қорамсаұлы)

  3. Шахматтың Отаны (Үндістан)

  4. І-ғасырда пайда болған әлемдік дін- (Христиан)

  5. Бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы - (Текемет )

  6. Сопылық бағытты дамытқан ғұлама - (Ахмет Яссауи)

  7. 24 жасында КСРО халық әртісі атағын алды. «Қазақтың бұлбұлы» аталған әнші. (Күләш Байсейітова )

  8. Абай Құнанбаевтың анасы. - (Ұлжан)

  9. Ислам діні нешінші ғасырда пайда болды.( 7)

  10. ХІІ ғасырда Қарахан салдырған Тараз қаласындағы ескерткіш-күмбез. (Айша Бибі кесенесі.)

  11. Грек медицинасының даңқын шығарған дәрігер – ( Гиппократ)

  12. Қазақ ғалымдарынан Аттила туралы алғаш жазып,ғылымға еңгізген (Ш.Уалиханов)

  13. «Диуани Хикмет» кітабының авторы ( Ахмет Яссауй)

  14. Рухани ұстазы Арыстан бабты пір тұтқан сопы ( Ахмет Йассауи)

  15. «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы ( Ж.Жабаев)

  16. Өзбек әдебиетінің негізін салушы ( Әлішер Науай)

  17. Исламның қасиетті кітабы (Құран)

  18. Ұлы Жібек Жолы қай жерден аяқталады. ( Рим)

  19. «Еділ» патшаны европалықтар қалай атаған (Аттила)

  20. Ұлы Жібек Жолының ұзындығы (7000-шақырым)

  21. Түйенің пірі (Ойсылқара)

  22. «Мона Лиза» туындысының авторы – ( Леонардо Да Винчи)

  23. Тарихтың атасы - (Геродот)

  24. Қазақ хандығының даңқты қолбасшыларының бірі, әйгілі Қабанбай батырдың жорыққа мінген тұлпарының аты (Қубас).

  25. Арыстанның баласы? (абдан)

  26. «Семей полигоны» атты кітаптың авторы? (К. Бозтаев);

  27. Гений болу үшін - 1 % шабыт және 99 % еңбек ету керек деп айтқан өнертапқыш? (Томас Эдисон)

  28. Ауыл шаруашылығына орасан зор зиянын тигізетін жәндік (Саранча).

  29. М.Х. Дулати: «Жошыдан кейін бұл жұртта (Дешті Қыпшақта) одан ұлы хан болған емес»- дейді. Ханның әскер саны 300 мың деп көрсетеді. Бұл мәлімет қазақтың қай ханы жөнінде айтылып тұр? (Қасым хан 1511-1518 (1523) жж).

  30. Н. Назарбаевтың 11.11.2014 жылдағы жолдауының атауы («Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол»)




8 кезең. «Туған жер – тұнған шежіре» (Облыстар) (1-5 ұпай)

Оқушыларға ақ қағаздар беріледі.

1. Ақмола облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі - 146,2 мың км2, халқы - 733426, орталығы – Көкшетау қ.

2. Алматы облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 224,0 мың км2, халқы - 1953352, орталығы – Талдықорған қ.

3. Батыс Қазақстан облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 151,3 мың км2, халқы - 618656, орталығы – Орал қ.

4. Жамбыл облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 144,3 мың км2, халқы - 1072862, орталығы – Тараз қ.

5. Павлодар облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 124, 8 мың км2, халқы - 749860, орталығы – Павлодар қ.

6. Шығыс Қазақстан облысы - ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 283, 2 мың км2, халқы - 1394234, орталығы – Өскемен қ.




9 кезең. Көрермендерге арналған сұрақтар:

Сұрақтар «Егер де мен . . . болсам» кезеңі уақытында қойылады.

  1. Қазақстанның монет сарайы орналасқан қала? (Өскемен).

  2. Қандай кәсіптің мамандары Гиппократ антын қабылдайды? (дәрігерлер)

  3. Шығыс елдерінде кеңінен тараған сауда орталықтары қалай аталады?(Базар)

  4. Компьютерде ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі (бит)

  5. Бұғының баласы (Бұғышақ).

  6. Ауыл адамдарының бір-біріне сатусыз көмегі (Асар)

  7. Отбасылық қымбат заттардың біреуге белгілі бір уақытқа сақтауға берілуі. Оны сақтау үлкен адамгершілік белгісі ретінде саналған (Аманат)

  8. Садақтан немесе мылтықтан атпен бар пәрменімен шауып келе жатқан күйде тігілген тиынды атып түсіру ойыны? (Жамбы ату немесе Алтын қабақ деп атайды.)

  9. «Қазақ вальсінің королі» (Ш.Қалдаяқов)

  10. «Алгебраның атасы» ( Мұхамед Әл-Харезми)

  11. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)

  12. Қамшыгер деген кім?(қамшының қожасы)

  13. Маңғыстау облысында қандай байлық бар? (мұнай)


10 кезең. «Егер де мен . . .болсам»

Бұл турда әр оқушы бір-бірден шығып, берілген тақырып төңірегінде әділқазыларға өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі. Тақырыптар жеребе арқылы беріледі. Ең жоғары ұпай 10.


  1. Егер де мен білім министрі болсам.

  2. Егер де мен денсаулық министрі болсам.

  3. Егер де мен кәсіпкер болсам.

  4. Егер де мен спорт министрі болсам.

  5. Егер де мен полиция қызметкері болсам.

  6. Егер де мен әкім болсам.



Қорытынды:

Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділқазылар алқасына сөз береміз.

Бүгінгі «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты интеллектуалдық тарихи танымдық сайысы аяқталды. Құрметті көрермендер, сайысымызға келгендеріңізге, белсенді қатысқандарыңызға көп рахмет!

Сөз сөйлеп, өз ойын айтамын деген адамдар болса, рұқсат етіледі.

Алдағы күндерде баршаңызға сәттілік тілеймін! - деген сөздермен біз сіздермен қоштасамыз.









ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫҢ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ


1990 жыл, 25 қазан – «Қазақ КСР-нің Егемендігі» туралы Декларация қабылданды.

1991 жыл, 1 желтоқсан - Ел жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.

1991 жыл, 16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларация» қабылданды.

1992 жыл - Қазақстан БҰҰ-на мүшелікке қабылданды.

1992 жыл, 4 маусым - ҚР Мемлекеттік нышандары – Елтаңба, Ту, Әнұран қабылданды.

1992 жыл, қазан - Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

1992 жыл, 29 қыркүйек - Алматыда Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өтті.

1993 жыл, 15 қараша - Ұлттық валютамыз - Теңге жарыққа шықты.

1994 жыл, 30 маусым - Қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.

1993 жыл, 28 қаңтар - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды

1995 жыл, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1996 жыл - Алматының Орталық алаңында, ел тәуелсіздігінің 5 жылдығына орай «Тәуелсіздік» монументі ашылды.

1997 жыл - ҚР Президентінің бұйрығымен «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.

1997 жылы - елдің астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы Президент жарлығы шықты.

1997 жыл - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жолдады, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасына қол қойды.

1998 жыл - «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болып бекітілді.

1998 жылы 10-маусымда - Астана қаласының жаңа астана мәртебесіндегі ресми тұсаукесері өтті.

1999 жыл - «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

1999 жыл 10-қаңтар – Қазақстандағы жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 79,78% дауыс алып, жеңіске жетті.

2000 жыл - «Мәдениетті қолдау» жылы болды.

2000 жыл - Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде тойланды.

2001жыл - Ел Тәуелсізігінің 10 жылдығы аталып өтілді.

2002 жыл - «Денсаулық» жылы болды.

2002 жыл, 8 тамыз - Елімізде «Балалар құқығы туралы» Заң қабылданды

2003 жыл - Ресейдегі Қазақстан жылы.

2004 жыл - Қазақстандағы Ресей жылы.

2003-2005 жылдар - Қазақстандағы ауыл жылдары.

2006 жыл, 7 қаңтар - ҚР жаңа Әнұраны қабылданды.

2010 жыл - Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ төрағалық етті.

2011 жыл - Қазақстан Республикасы ИКҰ төрағалық етті.

2012 жыл - «Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасы қабылданды.

2015 жыл, 26 сәуір - Қазақстан Республикасының Президентін сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев басым дауысқа ие болып, жеңіске жетті.



Егер де мен білім министрі болсам.

_____________________________________________________________________________


Егер де мен денсаулық министрі болсам.

_____________________________________________________________________________


Егер де мен кәсіпкер болсам.

_____________________________________________________________________________


Егер де мен спорт министрі болсам.

_____________________________________________________________________________


Егер де мен полиция қызметкері болсам.

_____________________________________________________________________________


Егер де мен әкім болсам.

_____________________________________________________________________________





















Ақмола облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

__________________________________________________________________________

Алматы облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

__________________________________________________________________________

Батыс Қазақстан облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

__________________________________________________________________________

Жамбыл облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

__________________________________________________________________________Павлодар облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

__________________________________________________________________________

Шығыс Қазақстан облысы - ауданы, орталығы, халық саны.

__________________________________________________________________________



















3 кезең. «Тіл шебері». (5-10 ұпай аралығында)



1) Туған жердей жер болмас...

Туған елдей ел болмас. ел-страна-country


2) Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады. тас-камень-stone


3) Ел елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен жақсы жақсы-хороший-good


4) Жері байдың - елі бай бай-богатый-rich

5) Ұстамен жақын болсаң, іс-дело-work

Ісің бітер.


6) Жеті рет пішіп,

Бір рет кес бір-один-one


7) Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы ұстаз-учитель-teacher


8) Өнер алды - қызыл тіл қызыл-красный-red


9) Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің. су-вода-water


10) Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар. сөз-слова-word























5 кезең. «Терминдер»

Әр жауап 1-5 ұпай аралығында бағаланады.

  1. Би — дау-жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішіндегі әділ қазы, рубасы.

  2. Революция — қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.

  3. Диаспора — басқа мемлекеттің аумағында тұратын халықтың шағын бір бөлігі, бұрынғы өз Отанынан тысқары жерлерге қоныстанған адамдар.

  4. Дуал — балшықтан қаланып биік етіп салынған қоршау.

  5. Арыс – бірнеше рудың бірлестігі. Оны би басқарған.

  6. Медресе — Ислам дінің оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны.

  7. Президент (лат. – алда отырған, бастауыш) – а) басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып қойылған мемлекет басшысы; ә) қайсыбір қоғамдық мекемелердің жетекшісі.

  8. Демократия – халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдасу формасы.

  9. Декларация – мемлекеттер, үкіметтер, партиялар, ұйымдар атынан жасалатын мәлімдеме; негізгі ұстанымдарды ресми түрде жариялау, сондай-ақ олар баяндалған құжаттардың жалпы атауы.

  10. Конституция (лат. Constituto-құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.



























Би

_______________________________________________________________________________________

Революция

_______________________________________________________________________________________Диаспора

_______________________________________________________________________________________Дуал

_______________________________________________________________________________________

Арыс

_______________________________________________________________________________________

Медресе

________________________________________________________________________________________Президент

_______________________________________________________________________________________Демократия

_______________________________________________________________________________________Декларация

_______________________________________________________________________________________Конституция

_______________________________________________________________________________________











8 кезең. «Туған жер – тұнған шежіре»

(Облыстар) (1-5 ұпай аралығы)

1. Ақмола облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі - 146,2 мың км2, халқы - 733426, орталығы – Көкшетау қ.

2. Алматы облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 224,0 мың км2, халқы - 1953352, орталығы – Талдықорған қ.

3. Батыс Қазақстан облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 151,3 мың км2, халқы - 618656, орталығы – Орал қ.

4. Жамбыл облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 144,3 мың км2, халқы - 1072862, орталығы – Тараз қ.

5. Павлодар облысы – ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 124, 8 мың км2, халқы - 749860, орталығы – Павлодар қ.

6. Шығыс Қазақстан облысы - ауданы, орталығы, халық саны.

Көлемі – 283, 2 мың км2, халқы - 1394234, орталығы – Өскемен қ.





"Тәуелсіз елдің ұрпақтары" атты интеллектуалдық сайыс
  • История
Описание:
  • Еліміздің Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай еліміздің тарихы, рәміздері, салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру;
  • Оқушыларға зияткерлік сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту, білімдерін нығайтып, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;
  • Оқушылардың бойында ұлтжандылық, адамгершілік, тәртіптілік, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: карта, қанатты сөздер, иллюстрациялық материалдар, слайд-шоу.

Барысы:

Жоспар:

  • @Сәлемдесу.
  • @Бәйге.(сұрақтарға кім бірінші жауап береді, соған ұпай)
  • @«Тіл шебері»
  • @Көкпар. (саны бар ұяшықтарды таңдап, жауап беріп, тиісті баллын алады)
  • @Терминдер.
  • @Логикалық сұрақтар.(көрермендер)
  • @Жорға.(капитандар сайысады)
  • @«Туған жер – тұнған шежіре» (Облыстар)
  • @Көрермендерге сұрақ.
  • @«Егер де мен . . . болсам»

Мұғалім сөзі: Құрметті сайысқа қатысушылар, ұстаздар мен көрермендер! Еліміздің Тәуелсіздігінің 24 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты интеллектуалдық сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Сайыс басталмай тұрып, ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Сайысқа кіріспес бұрын әділқазылар алқасын сайлап аламыз.

Автор Кожабеков Мирас Дюсембекович
Дата добавления 03.01.2016
Раздел История
Подраздел Другое
Просмотров 963
Номер материала MA-063533
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓