Главная / Информатика / «Тұсаукесер туралы мәлімет» шеберлік сынып

«Тұсаукесер туралы мәлімет» шеберлік сынып

Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік

емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер”

                       Жүсіпбек Аймауытов

Ақмола облысы

Бұланды ауданы










Аудандық І ғылыми-практикалық конференция

«Оқыту қадамдарын жетілдіру – білім мазмұнын жаңартудың қажетті шарты»




Шеберлік сынып

«Тұсаукесер туралы мәлімет»










Өткізген:

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің

информатика пәні мұғалімі

ТЕҢСЕЛ ҮМІТКЕР










2014-2015 оқу жыл


Шеберлік сынып жоспары


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Теңсел Үміткер

2 мектеп-гимназия

24.04.2015


33-дәрісхана

Сабақтың атауы

Тұсаукесер туралы жалпы мәлімет. Безендіру шаблондары.

Сілтеме

Оқулық, слайд, интернет беттері, интерактивті тақта, компьютер

Жалпы мақсаты


Тұсаукесер құру жолдары мен безендіруді үйрету, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, достарымен қарым-қатынаста қолдана алу, ой-өрісін дамыту.

Міндеттері


а) Тұсаукесер туралы білімнің алғашқы негізін қалау;

ә) Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу, сыни тұрғыдан ойлау арқылы әр оқушыны қамтуға жағдай жасау;

б) Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Оқушының өмірдегі білімі мен білетіне сүйену, жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже


- сабақта өздерін еркін ұстау, көңіл күйін басқара алу, белсенділік таныту

- нақты ойын жеткізе алу

- теорияны практикамен ұштастыра білу

- бірін-бірі бағалаудағы әділдік

Тапсырмалар

- жеке жұмыс, топтық жұмыс, практикалық тапсырмалар (СТО, АКТ, диалогтық оқыту)

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары

а) сыныпта атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыру (7 мин)


«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.


ә) сыныпты топқа бөлу (информатика терминдері арқылы бөлу)

1-топ (Ақпаратты қорғау): Антивирус, зақымдаушы, вирус,емдеу

2-топ (Интернет): Ғаламтор, модем, браузер, е-mail

3-топ (Компьютер): монитор, сканер, терте, тінтуір

б) сабақ жоспарымен таныстыру (бағалау парағы бойынша)

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?


- оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу

- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

- тәжірибені теориямен байланыстыра алады


Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

І. Қызығушылығын ояту (10 мин)

Топтық жұмыс, өзін – өзі реттеу, бірін – бірі оқыту

- слайд көрсету

а) Бұл қандай бағдарламада жасалған?

ә) Ерекшелігі неде?

«Тұсаукесер» деген не?


Барлық топқа ортақ сұрақ қойылады, әр топ өз ойларын постерге түсіріп, қорғайды.

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

ІІ. Мағынаны тану (5 мин)

  1. Әр топқа жаңа тақырып бойынша парақшалар таратып беру

Тұсаукесер туралы мәлімет

Тұсаукесер (ағылш. presentation, лат. praesentatio; сөзбе-сөз - ұсыну) – жаңа, жақында пайда болған, жарияланған, жасалған «лденені (кітап, фильм, ұйым, туынды)  көпшілікке таныстыру.

Тұсаукесер – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін ұсыну.

MS Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме – Сіздіңқандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы.

PowerPoint-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

MS Power Point  программасының  әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.

Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі, оған жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтінді енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның (тұсаукесердің) негізгі сәттерін және оларға қатысты жағдайларды түсіру үшін қолданылады. Жазбалар беттерін слайдтардың кез келген саны үшін құруға, мысалы, оларға презентацияда сүйемелдейтін сценарийді жазуға болады.

Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді. Power Point интерфейсін іске қосу:http://www.compobuch.kz/docs/book_kaz/10.1.jpg

Бастау – Бағдарламалар - MS Officce - Power Point.

Презентацияны әзірлеу кезінде төмендегідей ережелерді сақтау керек:

  • презентацияны алдын ала жоспарлау қажет – оның мақсаты мен жалпы мазмұнын нақты білу керек;

  • презентацияның әрбір слайды мазмұнды әрі есте сақталатындай болуы тиіс;

  • слайдта ақпарат ықшам және қарапайым болуы керек

  • импортталатын бейненің қалыбын (форматын) таңдау кезінде көрсетілім құралының мүмкіндігін ескерту қажет

  • бейнелеудегі объект фоннан түсі бойынша ерекшелеуі тиіс;

  • фотобейнені редакциялау үшін арнайы программаны пайдалану қажет;

  • слайдты безендіру үшін констрастілік және үйлесімді түсті таңдап алу керек;

  • аудиторияны презентацияның жекелеген сәттеріне назарын аудару үшін анимациялық ауысулар, бейне дыбыс және басқа құралдар пайдалану ұсынылады;

  • кейбір жағдайларда дайын материалдарды пайдаланған жөн, өйткені, бейне материалды және анимациялық клипті әзірлеу қиын әрі қымбат.
    Слайдтарды безендіру

Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады.

Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар үстелі қолданылады.

Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді.

Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.

  • Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал бөлектеу қалады), Пішімдеу құралдар үстелі әмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет:

  • недәуір ірірек өлшемді таңдау (Қаріп өлшемі батырмасы)

  • ежелерге бөлу (әр жолдың аяғында пернесін басу);

  • ежелерге қатысты нөмірлеуді немесе байрақшаларды орнату (Нөмірлеу және Байрақшалар батырмалары)

  • жақтау ішіндегі мәтінді сол жақ, оң жақ немесе ені бойынша туралау;

  • қаріп түсін таңдау және т.б.

PowerPoint слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды – Өзкескіндерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялыққарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жұлдызшалар, таспалар, тілше деректер және т.б. жатады.

Бұл элементтерді слайдқа кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстеліндегі Өзкескіндер батырмасын басып, ашылған тізімде қажетті кескінді таңдап, слайдты шерту керек. Пайдаланушы сондай-ақ Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен олардың көлемін, орналасуын, түсін, т.б. өзгерте алады.

Кескін сызықтарының түсін өзгерту үшін Сызық түсі , ал ішкі аумағының түсін өзгерту үшін Бояу түсі батырмалары қолданылады.

Көлем батырмасы кескінге үш өлшемдік мән үстейді. Сызықтың жуандығын өзгерту үшін Сызық мәнері батырмасы, ал егер тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыру қажет болса – Штрих мәнері батырмасы қолданылады.

Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет не фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

  1. Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің – Сурет – Файлдан әмірлерін де қолдануға болады.

  2. Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз. Кірістіру әмірін орындаңыз.

Жан бітірімді баптау

PowerPoint көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиалық нысандарды – бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстықүзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.

PowerPoint қарапайым нысандарға жан бітіруге мүмкіндік береді. Өзгертпелі жан бітірім тапсырмалар аймағының көмегімен көрмені көрсету кезінде слайдтағы қай элемент қай кезде және қалай шығуы керек екенін – мысалы, тінтуірді шерткен кезде сол жақ жиектің артынан ұшып шығуын таңдауға болады. Жан бітірім параметрлерінің көбісі өзіне сәйкес пәрмендер қатарын қамтиды. Мысалы, тақырып бірден емес, жеке-жеке әріптер түрінде пайда болады.

Бұл үшін Слайдтарды көрсету мәзірінің Жан бітірімді баптау әмірін таңдаңыз. Тапсырмалар аймағында түрлі жан бітірім пәрмендерінің сан алуан нұсқасын ұсынатын Өзгертпелі жан бітірім құралдар үстелі пайда болады.

Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын таңдап, содан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Файл дыбысы әмірін таңдап, осы файл сақталып тұрған қалтаны табыңыз да, қажетті файлды екі рет шертіңіз.

  • Суреттер жинағының дыбысы әмірін таңдап, айналдыру сызығының көмегімен қажетті клипті тауып, оны слайдқа үстеу үшін шертіңіз.

  • Сұхбат терезесі пайда болған кезде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:

Слайдты көрсету кезінде музыка немесе дыбыс өз бетімен ойнатылуы үшін Өзмәтіндік батырмасын басыңыз. Музыка не дыбысты дыбыс белгішесін нұқу бойынша ойнату үшін Нұқу бойынша батырмасын басыңыз.

Көрмелерді көрсету

Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысанды нұқығанда, дыбыстықсүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.

Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс әмірініңқажетті параметрлерін баптау қажет. Осы үстелде Сіз сондай-ақ слайдтардың тінтуір нұқуымен немесе өздіктік ауысуын, слайдтар ауысуы жылдамдығын белгілеуіңізге болады.

Шындап келгенде, слайдтағы әрбір нысанды слайдтар ауысуын басқарушы батырмаға айналдыруға болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірді ашып, Әрекеттер баптаулары әмірін таңдап, қажетті параметрлерді баптау қажет.

Егер Сіз ағымдық слайдты көрсеткіңіз келсе, Слайдты көрсету (ағымдық слайдтан) батырмасын басыңыз. Ол кішірейтілген слайд белгішелері бар үстелдің төменгі жағында орналасқан.

Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты көрсету – Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе <Ғ5> пернесін басу керек.

Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін, яғни, слайдтарды көрсетуді тоқтату үшін пернесін басуға болады.


  1. Тұсаукесер жасау туралы видео көрсету

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу, жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды (10 мин)

Практикалық жұмыс

Іскерлік (жарнама дайындау).

  1. Бағдарламаны іске қосып, бірнеше слайдтан тұратын тұсаукесер жасаңдар. Слайдқа тақырыпқа сай фон таңдаңдар

  2. Жобаның мақсаты мен міндетін енгізіңдер.

  3. Жоба мақсатына қарай суреттер қойыңдар.

Жаңа заман талабына орай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі техника құралдары күн сайын дамып, жаңарып отырады. Міне, осыған байланысты қазір мен сіздерге бірнеше заттардың атын атаймын. Сол заттарға 4 - 5 секундтық жарнама ролигін дайындайсыздар.
1. Ұялы телефон
2. Компьютер
3. Шаңсорғыш
4. Үтік
5. Қысқа толқынды пештер
6. Автокөліктер

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Бағалау парағы (5 мин)

Топтардың өзара бірін бірі бағалауы


1-топ

2-топ

3-топ

Өз бетімен білім алуы




Дербес жұмыс жасауы




Жұпта жұмыс жасауы




Информатикалық білімі




Информатикалық терминді пайдалану





Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

Үй тапсырмасы

Кез келген тақырыпта шағын жоба дайындау


Кері байланыс (2 мин)


Мұғалімнің сабағы туралы пікір және ұсыныс




«Тұсаукесер туралы мәлімет» шеберлік сынып
  • Информатика
Описание:

Тұсаукесер туралы мәлімет

Тұсаукесер(ағылш.presentation, лат.praesentatio; сөзбе-сөз - ұсыну) – жаңа, жақында пайда болған, жарияланған, жасалған «лденені (кітап, фильм, ұйым, туынды) көпшілікке таныстыру.

Тұсаукесер– ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін ұсыну.

MS Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме – Сіздіңқандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы.

PowerPoint-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.

Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі, оған жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтінді енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның (тұсаукесердің) негізгі сәттерін және оларға қатысты жағдайларды түсіру үшін қолданылады. Жазбалар беттерін слайдтардың кез келген саны үшін құруға, мысалы, оларға презентацияда сүйемелдейтін сценарийді жазуға болады.

Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді. Power Point интерфейсін іске қосу:

Бастау – Бағдарламалар - MS Officce - Power Point.

Презентацияны әзірлеу кезінде төмендегідей ережелерді сақтау керек:

-презентацияны алдын ала жоспарлау қажет – оның мақсаты мен жалпы мазмұнын нақты білу керек;

-презентацияның әрбір слайды мазмұнды әрі есте сақталатындай болуы тиіс;

-слайдта ақпарат ықшам және қарапайым болуы керек

-импортталатын бейненің қалыбын (форматын) таңдау кезінде көрсетілім құралының мүмкіндігін ескерту қажет

-бейнелеудегі объект фоннан түсі бойынша ерекшелеуі тиіс;

-фотобейнені редакциялау үшін арнайы программаны пайдалану қажет;

-слайдты безендіру үшін констрастілік және үйлесімді түсті таңдап алу керек;

-аудиторияны презентацияның жекелеген сәттеріне назарын аудару үшін анимациялық ауысулар, бейне дыбыс және басқа құралдар пайдалану ұсынылады;

-кейбір жағдайларда дайын материалдарды пайдаланған жөн, өйткені, бейне материалды және анимациялық клипті әзірлеу қиын әрі қымбат.
Слайдтарды безендіру

Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады.

Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар үстелі қолданылады.

Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді.

Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.

-Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал бөлектеу қалады), Пішімдеу құралдар үстелі әмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет:

-недәуір ірірек өлшемді таңдау (Қаріп өлшемі батырмасы)

-ежелерге бөлу (әр жолдың аяғында <Enter> пернесін басу);

-ежелерге қатысты нөмірлеуді немесе байрақшаларды орнату (Нөмірлеу және Байрақшалар батырмалары)

-жақтау ішіндегі мәтінді сол жақ, оң жақ немесе ені бойынша туралау;

-қаріп түсін таңдау және т.б.

PowerPoint слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды – Өзкескіндерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялыққарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жұлдызшалар, таспалар, тілше деректер және т.б. жатады.

Бұл элементтерді слайдқа кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстеліндегі Өзкескіндер батырмасын басып, ашылған тізімде қажетті кескінді таңдап, слайдты шерту керек. Пайдаланушы сондай-ақ Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен олардың көлемін, орналасуын, түсін, т.б. өзгерте алады.

Кескін сызықтарының түсін өзгерту үшін Сызық түсі , ал ішкі аумағының түсін өзгерту үшін Бояу түсі батырмалары қолданылады.

Көлем батырмасы кескінге үш өлшемдік мән үстейді. Сызықтың жуандығын өзгерту үшін Сызық мәнері батырмасы, ал егер тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыру қажет болса – Штрих мәнері батырмасы қолданылады.

Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет не фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

1.Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің – Сурет – Файлдан әмірлерін де қолдануға болады.

Қажетті суретті қамтитын
Автор Теңсел Үміткер
Дата добавления 09.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другое
Просмотров 1139
Номер материала MA-061140
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓