Главная / Начальные классы / Тұрлаулы мүшелер Қазақ тілі

Тұрлаулы мүшелер Қазақ тілі


Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақтың тақырыбы:  Тұрлаулы мүшелер.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
 оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
ә) дамытушылық: оқушылардың ой — өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылықа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қозғау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: семантикалық карта, тест тапсырмалары, төр түлік мал төлдерінің суреттері, сұрақтар, сөйлемдер жазылған парақтар.
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

Психологиялық ахуал қалыптастыру

- Иә, балалар, біз әрқашанда келген қонақтарға қуаныштымыз.

ІІ. Ми гимнастикасы. Ширату.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше өтеді

2) Ой қозғау.

- Абай деген кім ?

- Абай – ұлы ақын.

- Ыбырай деген кім ?

- Ыбырай – алғашқы ұстаз.

- Жамбыл деген кім ?

- Жамбыл – халық ақыны. (сөйлемдерді оқушыларға көрсету)

- Бұл сөйлемде нені байқадыңдар, балалар ?

- Сөйлемдегі екі сөздің арасына сызықша қойылған. Ол екі сөз де бастауыш.

- Дұрыс айтасыңдар.

Бұдан қандай ереже шығады ?

- Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, баяндауыштан кейін сызықша қойылады. Абай – ұлы ақын.

- Дұрыс айтасыңдар, кеше біз «Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша» деген тақырыпты өткен болатынбыз.

3) Өткенді қайталау.

1. Бастауыш дегеніміз не ?

2. Баяндауыш дегеніміз не ?

3. Бастауыштан кейін қай кезде сызықша қоямыз ?

2) Семантикалық картамен жұмыс. ( әр балаға жеке беріледі)




 

Сөздер

Бастауыш

Баяндауыш

Айжан

+


Оқыды


+

Биші

+


Жазды


+

Секірді


+


ІҮ. Жаңа сабақ.

- Жақсы, балалар, енді жаңа сабағымызды бастайық. Дәптерді ашып, бүгінгі күнді және жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып қойыңыздар.

- Балалар, айтыңдаршы, қазір қай жыл мезгілі ?

- Күз, бірақ біздің жақта қыс ерте басталады. Сондықтан да қар жауып, борандар да басталды.

- Ал енді, мына екі сөйлемге назар аударыңдаршы:

1. Қар жауды.

2. Бүгін жапалақтап қар жауды.

- Осы екі сөйлемде қандай ұқсастық бар ? Қандай өзгешелік бар ? (балалардың жауабы)

- Өте дұрыс. Екі сөйлемде де қар туралы айтылып, оның жауғанын білдіріп тұр. Айырмашылығы – бірінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан ғана тұрады. Ал екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған.

- Демек, балалар, бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Түсінгенімізді бекіту үшін оқулықтағы 61 – жаттығуды ауызша орындайық.


1) Оқулықпен жұмыс. 76 – бет. 61 – жаттығу.   (1-топ)

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісірді. Балалар үзілісте асханаға келді.

76 – бет. 62 – жаттығу. (2-топ)

Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

Сергіту сәті

 Сергіту сәті

3) Оқулықпен жұмыс. 77 – бет, 63 – жаттығу.

Мақалдарды жатқа жаз. Мұндағы тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңдар. Мақалдардың мағынасын түсіндіріңдер.

1.     Әкеге қарап ұл өседі,

     Шешеге қарап қыз өседі.

2.     Жаман жолдас жолда қалдырады.

 

Ү. Қосымша тапсырма. Ойын «Кім тапқыр ?».

Электронды оқулықтағы тапсырманы орындау

Өз бетімен жұмыс

Мысалы: Абай өз өлеңдерінде жастарды білімге шақырады. Ыбырай ең алғаш рет мектеп салған адам. Жамбыл – жүз жасаған ақын.

 

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Тест

1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін:

А)Зат есім            Ә)Бастауыш            Б)Баяндауыш

2. Қандай жағдайда сызықша қойылады ?

А)Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса;

Ә)Бастауыш та,баяндауыш та етістіктен жасалса;

Б) Бастауыш та,баяндауыш та сын есімнен жасалса.

3. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:

А)Сөз таптары дейміз    Ә)Сөйлем мүшелері дейміз

Б)Сөз дейміз

4. Баяндауыштың сұрақтарын тап:

А)Кім? не? кімдер? нелер?              Ә)Қандай? қай?

Б)Не істеді? не қылды?  қайтты?

5. Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөзді тап:

А)Етістік         Ә) Зат есім                 Б)Баяндауыш

6. Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай? қай?      Ә)неше? нешіші?         Б)Кім? Не? кімдер? нелер?

Жауабы (болашақ МАБ-қа дайындық ретінде):

дұрыс жауаптың ішін қарамен боя.

 

ҮІІ. Үйге тапсырма. 91 – бет. 65 – жаттығу.

ҮІІІ. Бағалау.



Тұрлаулы мүшелер Қазақ тілі
  • Начальные классы
Описание:

Оқушылардың бастауыш пен баяндауыш жөніндегі білімдерін жетілдіре отырып,тұрлаулы мүшелер туралы мағлұмат беру.Тұрлаулы мүшелерді ажырата білуге дағдыландыру.

Топпен, жұппен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгере білуге үйрету.

Бағалау әдістері арқылы бірін-бірі бағалай білуге үйрету.

Оқушылардың ынтымақтастық ахуал қалыптастыра білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.Сауатты жазуға дағдыландыру.

Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Автор Сабирова Айнагул Базарбаевна
Дата добавления 21.11.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 715
Номер материала 4550
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓