Главная / Другое / Тұрлаулы мүшелер (6 класс)

Тұрлаулы мүшелер (6 класс)

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifКүні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тұрлаулы мүшелер туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа жіктеледі.

Сөйлем мүшелері






Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты айтамыз

Тұрлаусыз мүшелер деп өздігінен сөйлем құрай алмайтын,тек сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін анықтауыш, толықтауыш,пысықтауыштарды айтамыз







Жаттығумен жұмыс: Бірнеше мақал –мәтел айтып синтаксистік талдау жүргізеді.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы қарастырады?

  2. Сөйлем мүшелерін нешеге бөлеміз?

  3. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  4. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Бес сөйлем жазып, синтаксистік талдау жасап келеді.



Тұрлаулы мүшелер (6 класс)
  • Другое
Описание:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тұрлаулы мүшелер туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.

Дамытушылық: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

Автор Калшабеков Мухитжан Керимкулович
Дата добавления 18.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 289
Номер материала 59512
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы