Главная / Начальные классы / "Өтірік өрге баспайды"- ашық тәрбие сағаты

"Өтірік өрге баспайды"- ашық тәрбие сағаты

Өтірік өрге баспайды

Өтірік айтпағаның-өзіңді сыйлағаның.

Халық даналығы

Мақсаты: «Шындық» адамгершілік ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

-шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;

-өзара адал қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал:оқулық.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрып, мұғалімге ілесіп, Қадыр Мырза Әлидің «Болады болмайды» өлеңін айтады. Мұғалім оқиды, балалар өлең жолдарына болады немесе болмайды деп қосылып айтады.

Болады болмайды

Күйші болуға (болады),

Биші болуға(болады),

Ерке болуға(болады),

Серке болуға(болады),



Пысық болуға (болады),

Кішік болуға (болады),

Әкім болуға (болады),

Ақын болуға (болады),



Маман болуға (болады),

Жаман болуға (болады),

Айтпақшы,

Жаман болуға (болмайды)!

Әңгімелесу

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушылармен әңгімелеседі.

  • Жақсы баланың қандай қасиеттерін білесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалып түйінделеді.

-Жарайсыңдар,балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады.

Сондай жақсы қасиеттердің бірі-шыншыл болу, өтірік айтпау.

Сендерге адамның қандай қасиеттері ұнамайды?

-Дұрыс айтасыңдар, әдепсіздік, қайырымсыздық, жауапсыздық, қызғаншақтық, ашушаңдық-адамға жат қасиеттер. Сондай адамға жат қасиеттердің бірі-өтірік айту. Біз бүгінгі сабақта шындық пен өтірікті ажыратуға үйренеміз.

Әңгімелеу

Мұғалім «Өтірікші» атты ертегіні айтып береді, ой түйінделеді.

Ертегі

Өтірікші

Бір бала қой бағып жүріп:

-Ойбай, құтқар!Қасқыр! Қасқыр!-деп айқай салды.

Үлкендер жүгіріп келсе, онысы өтірік екен. Бала осылайша жұрттыекі-үш рет алдады.

Бірде шынымен-ақ қасқыр шапты.

- Ойбай, құтқар!Қасқыр! Қасқыр!-деп айқайлайды бала.

Үлкендер бала әдеттегідей өтірік шақырып жатыр екен деп, бұл жолы сөзіне құлақ аспады.

Қасқыр бүкіл отарды қырып кетті.

  • Адамдар өтірікшінің шын айтқан сөзіне неліктен сенбеді?

  • Балалар, өтірік адамға қандай зиян келтіреді?

Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім өзі қорытындылайды.

  • Өтірік айтып үйренсең, әдетке айналады да, өтірікші атанасың.Ал, өтірікшінің шын сөзі заяға кетеді, яғни өтірікші кейде шынын айтып тұрса да, «тағы да, өтірік айтып тұр»-деп ешкім сенбейді.Өтірік адамды сенімнен шығарады. Сол себепті өтірік айтпау керек.

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім мәтінді оқу барысында әрбір оқиғадан кейін кідіріс жасап, сұрақ қою арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып отырады. Мұнда оқушылардың жұптасып немесе топтасып жұмыс жасап, шешімдерін ортаға салуларына мүмкіндік беріледі.

Түлкі мен ешкі

Ертегі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда ьерең бір апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

-Ей, түлкі батыр, не қылып отырсың?-депті.

-Ой, не қыласың,жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім,апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,-депті.

  • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, түлкі шын айтып тұр ма?Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін»деп ойлап, секіріп апанға түсіпті.Сонда түлекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып апаннан шығып, жөніне кетіпті.



«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан қалыпты.

  • Балалар, түлкінің әрекеті туралы не айта аласыңдар?

  • «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам өтірік айтқанда өзін қандай сезінуі мүмкін?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Өтірік айтпағаның-өзіңді сыйлағаның»-деп жазып қояды және осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

-Балалар, адам өтірікм айтқанда өтірігін біреу біліп қоя ма, деп қиналады.Шындық ашылып қала ма, деп сезікттенеді. Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады да, өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Ал шындықты айтқан адамның жүрегі ауырмайды, қашанда жарқын, адамдар арасында сыйлы болады. Сондықтан да дана халық: «Өтірік айтпағаның- өзіңді сыйлағаның»,-деп өсиет қалдырған.

Балалар дәптердің соңың нда берілген«Менің дәйек сөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйек сөзді жазады.

Жағдаяттарды талдау

Балалар үш топқа бөлініп, төмендегідей жағдаяттарды өз топтарында талдайды және әр топ өз шешімдерін айтып шығады.

1-жағдаят.

Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты математикадан есеп шығаруға уақыты қалмады. Мұның себебін сұраған мұғалімгеЖандос«Басым қатты ауырып, есепті шығара алмадым»-деп айтты.

  • Жандостың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?

2 –жағдаят.

Анар таңертең бақтағы қызыл жасыл гүлдерді ұзақ қызықтап жүріп қалады да, балапандарды қорадан шығаруды және оларға жем шашуды ұмытып кетеді. Мұның себебін сұраған апасына «Мен сағат неше болғанын байқамай қалыппын» -деп айтты.

  • Анардың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?



3 -жағдаят.

Қуатты анасы дәріханадан дәрі әкелуге жұмсады. Қуат аулаға шыға салысымен достарын кездестіріп, олармен бірге ойнап кетті. Анасының тапсырмасы үйге кіргенде есіне түсті.Ол анасына«Дәріхана жабық тұр екен» -деп айтты.

  • Қуаттың орнында сендер болсаңдар не деп жауап берер едіңдер?

Тыныштық сәті

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын түсіндіреді.

Дәптер бетінің екі шетіне «Шындық»және«Өтірік»деген сөздер,ал олардың бақыт, қуаныш, ұят, сенімділік, сенімсіздік, махаббат, реніш сөздері жазылған.«Шындық»неге жеткізеді?, ал«өтірік» ше? Осыларды анықтап, сызық арқылы бағыттап көрсетіңдер.

Қорытындылау

Балалар сабақта үйренгендерін өздері қорытындылайды:

Өтіріктің адамға еш пайдасы жоқ.Ол саған уақытша ғана қуаныш әкеледі де, өмір бойы атыңа «Өтірікші»деген сөз ергізеді. Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, ауыр сөз есітетін болсаң да шындықты айтып арды таза ұстаған дұрыс. Шындық саған өмірде адал адам болып өсуіңе көмектеседі және өмірлік қуаныш сыйлайды. Шындықты айтқан адамға бәрі сенеді.

Жүректен-жүрекке

Балалар мұғаліммен бірге қосылып өлеңді айтады.

Шыншыл болсаң қол жетпес,

Шыңда өскен шынарсың.

Адал болсаң аңқылдақ,

Ізгілікке құмарсың.



"Өтірік өрге баспайды"- ашық тәрбие сағаты
  • Начальные классы
Описание:

 

Өтірік өрге баспайды

 Өтірік айтпағаның-өзіңді сыйлағаның.

Халық даналығы

Мақсаты: «Шындық» адамгершілік ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

-шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;

-өзара адал қарым қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал:оқулық.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрып, мұғалімге ілесіп, Қадыр Мырза Әлидің «Болады болмайды» өлеңін айтады. Мұғалім оқиды, балалар өлең жолдарына болады немесе болмайды деп қосылып айтады.

Болады болмайды

Күйші болуға (болады),

Биші болуға(болады),

Ерке болуға(болады),

Серке болуға(болады),

 

Пысық болуға (болады),

Кішік болуға (болады),

Әкім болуға (болады),

Ақын болуға (болады),

 

Маман болуға (болады),

Жаман болуға (болады),

Айтпақшы,

Жаман болуға (болмайды)!

Әңгімелесу

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушылармен әңгімелеседі.

·        Жақсы баланың қандай қасиеттерін білесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалып түйінделеді.

-Жарайсыңдар,балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады.

Сондай жақсы қасиеттердің бірі-шыншыл болу, өтірік айтпау.

Сендерге адамның қандай қасиеттері ұнамайды?

-Дұрыс айтасыңдар, әдепсіздік, қайырымсыздық, жауапсыздық, қызғаншақтық, ашушаңдық-адамға жат қасиеттер. Сондай адамға жат қасиеттердің бірі-өтірік айту. Біз бүгінгі сабақта шындық пен өтірікті ажыратуға үйренеміз.

Әңгімелеу

Мұғалім «Өтірікші» атты ертегіні айтып береді, ой түйінделеді.

Ертегі

Өтірікші

Бір бала қой бағып жүріп:

-Ойбай, құтқар!Қасқыр! Қасқыр!-деп айқай салды.

 Үлкендер жүгіріп келсе, онысы өтірік екен. Бала осылайша жұрттыекі-үш рет алдады.

Бірде шынымен-ақ қасқыр шапты.

- Ойбай, құтқар!Қасқыр! Қасқыр!-деп айқайлайды бала.

Үлкендер бала әдеттегідей өтірік шақырып жатыр екен деп, бұл жолы сөзіне құлақ аспады.

 Қасқыр бүкіл отарды қырып кетті.

·        Адамдар өтірікшінің шын айтқан сөзіне неліктен сенбеді?

·        Балалар, өтірік адамға қандай зиян келтіреді?

Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім өзі қорытындылайды.

-          Өтірік айтып үйренсең, әдетке айналады да, өтірікші атанасың.Ал, өтірікшінің шын сөзі заяға кетеді, яғни өтірікші кейде шынын айтып тұрса да, «тағы да, өтірік айтып тұр»-деп ешкім сенбейді.Өтірік адамды сенімнен шығарады. Сол себепті өтірік айтпау керек.

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім мәтінді оқу барысында әрбір оқиғадан кейін кідіріс жасап, сұрақ қою арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып отырады. Мұнда оқушылардың жұптасып немесе топтасып жұмыс жасап, шешімдерін ортаға салуларына мүмкіндік беріледі.

Түлкі мен ешкі

Ертегі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда ьерең бір апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

-Ей, түлкі батыр, не қылып отырсың?-депті.

-Ой, не қыласың,жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім,апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,-депті.

·        Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, түлкі шын айтып тұр ма?Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін»деп ойлап, секіріп апанға түсіпті.Сонда түлекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып апаннан шығып, жөніне кетіпті.

 

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан қалыпты.

·        Балалар, түлкінің әрекеті туралы не айта аласыңдар?

·        «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» дегенді қалай түсінесіңдер?

·        Адам өтірік айтқанда өзін қандай сезінуі мүмкін?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөз

Мұғалім тақтаға  «Өтірік айтпағаның-өзіңді сыйлағаның»-деп жазып қояды және осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

-Балалар, адам өтірікм айтқанда өтірігін біреу біліп қоя ма, деп қиналады.Шындық ашылып қала ма, деп сезікттенеді. Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады да, өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Ал шындықты айтқан адамның жүрегі ауырмайды, қашанда жарқын, адамдар арасында сыйлы болады. Сондықтан да дана халық: «Өтірік айтпағаның- өзіңді сыйлағаның»,-деп өсиет қалдырған.

Балалар дәптердің соңың нда берілген«Менің дәйек сөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйек сөзді жазады.

 Жағдаяттарды талдау

Балалар үш топқа бөлініп, төмендегідей жағдаяттарды өз топтарында талдайды және әр топ өз шешімдерін айтып шығады.

1-жағдаят.

Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты математикадан есеп шығаруға уақыты қалмады. Мұның себебін сұраған мұғалімгеЖандос«Басым қатты ауырып, есепті шығара алмадым»-деп айтты.

·        Жандостың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?

2 –жағдаят.

Анар таңертең бақтағы қызыл жасыл гүлдерді ұзақ қызықтап жүріп қалады да, балапандарды қорадан шығаруды және оларға жем шашуды ұмытып кетеді. Мұның себебін сұраған апасына «Мен сағат неше болғанын байқамай қалыппын» -деп айтты.

·        Анардың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?

 

3 -жағдаят.

Қуатты анасы дәріханадан дәрі әкелуге жұмсады. Қуат аулаға шыға салысымен достарын кездестіріп, олармен бірге ойнап кетті. Анасының тапсырмасы үйге кіргенде есіне түсті.Ол анасына«Дәріхана жабық тұр екен» -деп айтты.

·        Қуаттың орнында сендер болсаңдар не деп жауап берер едіңдер?

Тыныштық сәті

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын түсіндіреді.

Дәптер бетінің екі шетіне «Шындық»және«Өтірік»деген сөздер,ал олардың бақыт, қуаныш, ұят, сенімділік, сенімсіздік, махаббат, реніш сөздері жазылған.«Шындық»неге жеткізеді?, ал«өтірік» ше? Осыларды анықтап, сызық арқылы бағыттап көрсетіңдер.

Қорытындылау

Балалар сабақта үйренгендерін өздері қорытындылайды:

Өтіріктің адамға  еш пайдасы жоқ.Ол саған  уақытша ғана қуаныш әкеледі де, өмір бойы атыңа  «Өтірікші»деген сөз ергізеді. Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, ауыр сөз есітетін болсаң да шындықты айтып арды таза ұстаған дұрыс. Шындық саған өмірде адал адам болып өсуіңе көмектеседі және өмірлік қуаныш сыйлайды. Шындықты айтқан адамға бәрі сенеді.

Жүректен-жүрекке

Балалар мұғаліммен бірге қосылып өлеңді айтады.

Шыншыл болсаң  қол жетпес,

                                              Шыңда өскен шынарсың.

                                              Адал болсаң аңқылдақ,

                                              Ізгілікке құмарсың.

 

 

Автор Базарбаева Айгуль Оразалиновна
Дата добавления 03.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 1689
Номер материала 55547
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓