Главная / Школьному психологу / тренинг по профилактике вредных привычек

тренинг по профилактике вредных привычек

"Психоактивті заттар: аңыз бен ақиқат"

Тренинг

7-11 сынып оқушылары

Өткізген: педагог-психолог С.Р.Мазанова

Мақсаты:
А) Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына зияны туралы түсінік беру.
Ә) Балалардың рухани қабілетін дамыту.
Б) Оқушыларға эстетикалық-этикалық тәрбие беру.
Барысы:

Қазақстандемократиялықұқықтық және әлеуметтік мемлекет.Оның қазынасыадам және адамның өмірі. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл- ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген. Қазіргі таңда есірткіні пайдалану және тазалықтың сақталуынан ғасыр дерті болып отырған СПИД ауруы бүкіл дүние жүзіне тарап, СПИД індетін тудырып отыр. ВИЧ инфекциясы адамда жүре пайда болатын иммунотапшылық тудыратын синдром.
СПИД эпидемиясының таралғаны соншалық, жұқтырғандар саны 42 млн. Оның ішінде 3,8 млн. 15 жасқа дейінгі жасөспірім балалар болып отыр. Егер жасөспірім 14 жасында ВИЧ инфекциясымен зақымданса тек 25 жасында ғана белгілері байқала бастайды.
Ол 7 жыл ВИЧ инфекциясын жұқтырушы адам болып келеді.
СПИД ауруы жер бетіндегі адамдардың басына түскен үлкен қатерлі кесел.Қазіргі таңда СПИД –тің алдын алу және оны болдырмаудың бірден-бір шарасы бұл ауру туралы әрбір адам мағлұмат, білім болу керек.
Егер білім болса, адам өзін-өзі қорғану, сақтану шараларын пайдаланып, бұл аруға қарсы күресу іс-шараларына қатысады.
Бүгінгі тренингімізде СПИД-тің алдын алу мақсатында өз үлесімізді қосайық. Тренингке қош келдіңіздер! Тренингте біз психоактивті заттарға қандай заттар жататындығын айтып, оларға тиісті аңыз бен ақиқатын айтамыз. Сонымен бүгін біз темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің аңызын анықтайық. Ол үшін төрт топқа бөлінейік. Топқа бөліну үшін «Атом және Молекула» ойының ойнайық. –
«Атом және молекула» ойыны.

1 жаттығу «Аңыз»

Бірінші топ «Темекі», екінші топ «Арақ», үшінші топ «Есірткі», төртінші топ «СПИД» жөнінде аңыз жазу. Бұл заттар адам үшін қандай «пайда» береді. 5 минут уақыт беріледі. Топ өз жұмысымен таныстырады.

2 жаттығу «Ассоцияция»

Бұл ойында қатысушылар шеңбер бойымен тұрып берілген сөзге ассоцияция айтады. Бірінші сөз «Ақиқат».

3 жаттығу «Ақиқат»

Шеңбер бойымен 1,2,3,4 бөлініп, бірінші нөмерлі қатысушылар «Арақ», екіншілер «СПИД», үшіншілер «Темекі», төртіншілер «Есірткі» туралы ақиқат-ақпаратты ұсыну.

4 жаттығу «Көрініс»

  • Әр топтан бір оқушыдан келесі топқа ауысады. Топтарға берілетін тапсырма: алдында жатқан сөздерге қатысты көрініс қою.

5 жаттығу «Ситуация»

- Әр топтан бір оқушы келесі топқа ауысады. Топтарға тапсырма: қарама-қарсы топтың көрініс- ситуация ретінде алып, сол ситуациядан онтайлы шығу жолын қарастыру.

Қорытындылау: психоактивті заттарға қатісті қандай аңыздардан сақ болуымыз қажет, қандай ақиқатты естен шығармауымыз қажет.

«Джунглидегі жаңбыр» ойыны.

Рефлексия: не ұнады? Не ұнамады? Қандай ұсыныстар бар?

Тренингке қатысқандарына РАХМЕТ.

тренинг по профилактике вредных привычек
  • Школьному психологу
Описание:

цель тренинга: профилактика вредных привычек среди учащихся. занятие проводится  в форме тренинга на казахском языке. Тренинг направлен на сплочение коллектива учащихся, а также возможность застенчивым учащимся работать в группе и проявить свои возможности. на данном тренинге формируются  у учащихся навыки умение выйти из сложившейся ситуации. проявить свои актерские навыки, творческие спобности. выработать позитивный настрой. умение слушать других, высказать свое мнение. формировать среди учащихся здоровый образ жизни. в тренинге участвуют учащиеся 9-11 классов. 

Автор mazanova sofia rahanovna
Дата добавления 09.01.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел
Просмотров 762
Номер материала 47379
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓