- 03.10.2020
- 314
- 0
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі нің
бастауыш сынып мұғалімі Кукенова Нуржамал
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жігіт сұлтаны
Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру, ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге, өнерде, өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз жігіттің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакаттар, мақал-мәтелдер, шарлар
Байқауға қатысушылар: 7б сынып оқушылары
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.
2-жүргізуші: Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1-жүргізуші: Уа халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Ұлдар шықсын ортаға
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыс қырандарынымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыс қырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші әділқазылар алқасымен таныс болайық.
1-жүргізуші: Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық,
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауымды сайыстың барысымен таныстырып өтейін:
I бөлім. «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
II бөлім.« Тілдер марафоны»
III бөлім. «Сән үлгісі» үй тапсырмасы
IV бөлім. «Ұтыссыз лотерея» ойыны
V бөлім. «Ең үздік шаштараз»
VI бөлім. Қорытынды
2-жүргізуші: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрге гой сыр мен сымбат.
Арзан, жаған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып, «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1-жүргізуші: Ақыл-көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді,- деп, сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
2-жүргізуші: Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені,еліменен.
Барлығыда ақындар көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
1-жүргізуші: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер күлімде, - деп «Тілдер марафоны» деп аталатын сайсымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің тек қана қазақ тілін емес, сонымен қатар ағылшын тілін қалай меңгергенін тексереміз.
1. Өзіңізді ағылшын тілінде таныстырыңыз. (аты- жөніңіз, қандай мектепте, нешінші сыныпта оқисыз, хобби, т.б.)
2. Ағылшынша айларды атап, қазір қандай ай екенін айтыңыз
3. Көңіл күйіңіз қандай екенін, апта күндерін, бүгін аптаның қай күні екенін айтыңыз
4. Жыл мезгілдерін атап беріңіз, қазір қандай жыл мезгілі және осы жыл мезгіліне кандай айлар жатады?
5. Ауа райындағы құбылыстарды ата ( күн шуақты, бұлтты, желді, жаңбырлы, қарлы). Бүгін ауа райы қандай?
1-жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Ұтыссыз лотерея» ойыны
Бұл ойынымыздың шарты ұлдар лоторея билеттерін алып жағдаяттан шығуы тиіс. Ал көрермендеріміз ұтысын қошеметтеп, шапалақтау керек.
Тапсырмалар:
1. бірге есіктен шығу ( ұл бала есікте ашып қыз баланы өткізуі тиіс)
2. биге шақыру ( Қыз балаға жақын барып, сал иіліп: « Сені биге шақыруға болама?» деп айту керек. Сосын қолынан ұстап тақта алдына шығуы тиіс)
3. сырт киімін киюге комектесу ( Сырт киімін жеңіне қолын кигізгенге дейін ұстап тұрып, сосын жағасын дұрыстауға көмектесу керек)
4. Әңгімелесіп отырған екі қыз баланың біреуінен ( ) уақыттың қанша болғанын сұрау. (Қыздарға жақын барып: «Әңгімелеріңді бөлгеніме кешіріңдер. , сағаттың неше болғанын айтып жіберші» деу керек)
5. телефон соғып ағылшыннан не бергенін сұрау. Егер уйде жоқ болса анасымен сөйлесу (Сәлеметсізбе шақырып жіберіңізші. Онда мен телефон соқты деп айтыңызшы, ағылшыннан не бергенін сұрайын деп едім.)
2-жүргізуші: Ал енді сайысымыздың соңғы кезеңі « Ең үздік шаштараз» атты байқауымызға берейік. Бұл байқауда жігіттеріміз қыздардың шашына шаш үлгісін жасайды. Жігіттеріміз шаш үлгісін жасағанша, келесі кезекті әнге берейік.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Өздеріңізбен бірге қызықтап,өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ, « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыз, нағыз қазақ жігіттері бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарына нұр жаусын дейміз! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын.
6 664 044 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Жакайкызы Сауле -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.