Главная / Начальные классы / Тәрбие сағаты "Сүйемін туған тілді-ана тілін!" 2-сынып

Тәрбие сағаты "Сүйемін туған тілді-ана тілін!" 2-сынып

Тақырыбы: Сүйемін туған тілім-ана тілін!

Мақсаты:

Білімділік:Ана тілінің қадыр-қасиетін ұрпақ бойына дарыту.Ана тіліміздің тұғырының

мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету.

Дамытушылық:Ана тілі туралы өлең,тақпақ,нақыл сөздерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын

молайтып, тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік:Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтауға,туған тілді құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі:  «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!», «Қазақ тілі- ұлт тілі»,нақыл сөздер,шар

Барысы:Ұйымдастыру кезеңі

Аяулым: Сәлем Аманжол !

Аманжол: Сәлем! Қалың қалай?

Аяулым : Жақсы! Аманжол бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе?

Аманжол: Ия, бүгін «Сүйемін туған тілім, ана тілін!»-атты ашық тәрбие сағаты болады.

Аяулым:- Осы тіл не үшін керек?

Аманжол:-Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой.Мұғалім

«Тіл-қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?»

Аяулым: Жарайды, тіл қарым қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп,

түсіне бермей ме?Ана тілі деп бөлгені несі?

Аманжол: Ой-ой,!Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі

халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар емес пе?

Аяулым: Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана

деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.

Аманжол:Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай

Жан дүниең жарқырап сала берер,

Ағарып келе жатқан атып таңдай-деп ақын жырлағандай 1-бөліміміз тіл туралы өлең-жырларға

құлақ асайық.

Диана: Мен сендерге С.Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін

Сол тіліммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.

Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.

Дана: Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдагы.

Өссе тілім-мен де бірге өсмін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Алинур:Пір тұтамын өзіңді ана тілім

Таққандайсың жүрекке ана гүлін

Отырғандай дүниеге қайта келіп

Еске түсті сағынған бала күнім

Аламан:Ана тілім-ардағым мәртебелім

Сен ғайып боп кеткенде қайтер едім?

Қадірінде халқымның біле алмай

Қалар ма еді айтылмай айтар әнім.

Әсем:Жанымды жадыратқан бала тілім

Жыр ертек жаттаттырған сана тілім

Жаралып жермен бірге ,күн көзімен

Жасасқан қазақ тілі ана тілім

Аяулым:Тілім менің өмірдегі бір бақыт

Жырла жүрек осындайда тіл қатып

Абай айтқан «Өнер алды-қызыл тіл»

Ардақты тіл Мағжан өткен жырлатып

Мадияр:Тілім менің қыран құстай самғаған

Құзар шыңды шарлап өтсе талмаған

Мен қазақпын өр кеудедей өренім

Өз өлеңін туған тілге арнаған

Арайлым:Өз тілімді дүниеге танытқан

Тәуелсіздік боларында нақ ұққан

Бабаларым Ахмет,Сәкен, Мағжандай

Тілім үшін жанын беріп алысқан

Ақторғын:Қадір тұт өз тіліңді намыс болса

Көзіңді сал көк аспан алыстарға

Тілім десе екпіндеп тоқтамайтын

Құрмет көрсет Мұхтардай арыстарға.

Кешегі анаң айтқан бабаң айтқан.

Дана:Тіл жоғалса жоғалар ұлтың бүгін

Тілің барда нұр шашып атар күнің

Сөзімнің ұғар болсаң түп-төркінін

2-жүргізуші:Жүрек жырын жазар ем таппай тыным....

Тіліне зер салыңдар бұрынығының-демекші 2-бөліміміз тіл туралы ой –толғаулар.

Ұлпан:Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс .

Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан - ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай,

бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі таңда ана тіліміз жан –жақты

зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық

игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар,

кемел тіл ретінде танылуда.

Абылай:Қазіргі таңда ана тіліміз жан-жақты зерттеліп,уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді.

Ақторғын: Қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар ,әлемдік тіл білімі

зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар,кемел тіл ретінде танылуда

Елдос: Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?

Тілім барда ғанамынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

Аяулым: Дұрыс-ақ, бірақ кейде  өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп

қалады.Олар туралы не айтар едіңдер?

Айбек: Әрине, адамның бәрі  бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбірмәңгүрт жандар

болатыны рас,ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас.

Алмат:Төл тілінде сөйлеуден  безу ақ сүтін беріп  асыраған  анаңды  ұмытуымен бірдей.

Ана тілі – ар өлшемі.Олай болса, тілді  шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл  тұнығын  лайлау.

Ақын ағамыз Қ.Мырзалиевтің:

Ана тілің– арың бұл,

Ұятың боп  тұр бетте .

Өзге тілдің  бәрін біл-деген тұжырымын мәңгі есімізде сақтауымыз қажет.

Анель: Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам

өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген,

сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

1-Жүргізуші: Ана тілі – бұл  туралы  қаншама  айтылып келеді. Ал ана тіліңнің  құдіретін 

қанша  айтсақта тауысу мүмкін емес .3-ші бөліміміз «Ұлылардың ұлағаты»- деп аталады. 

Яғни , ұлы адамдардың  тілге байланысты айтқан  нақыл сөздерінің  өз өмірімізде  пайдаланып,

үлгі тұтамыз.

Аяулым : Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге  пәндерді  түсінуі мүмкін емес. (Ж.Айтмаутов)

Абылай : Қазақ тілі аса  бай тіл , икемді тіл. Қалай исен, солай  иелі береді. Орамын , бұрамын 

тауып,қисынын, орайын  келтіріп пайдаланса, бұл тілмен  сурет салуға , тас қашап, ағаш , текемет 

оюға болады.Осындай  майда , сұлу тілді  қалай  өгейсіттуге болады. (Н.Оңдасынов)

Алмас : Әр кімнің  туған тілі – туған шеше,Оған  бала міндетті , сан мың есе.(С.Мұқанов)

Мирас: Қазақ тілі  түркі тілдерінің ішіндегі  ең таза , әрі бай  тілге  жатады. Әдебиеті  аса бай , әрі

жан-жақты. (Т.М.Меллиоранский)

Айбек : Ойласаң  мың бір пәле тілден  туған, Шешендер топ  ішінде  тілді буғанШал ақын

2-жүргізуші:
-Тәңірі ортақ жаратқан,
Аузына халқын қаратқан.
Қара қылды қақ жарған.
Алдынан топты таратқан,
Мөңке, Төле, Қазыбек
Әйтеке, Алшын, би Кебек.
-Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, тек бізге ұзын-ырғасы,

желі-жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып, бүкіл халық қазынасына

айналған.Олар халық даналығын , тіл байлығын көрсетеді.

Көрініс. «Үш би»
Төле би:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің;
Жаңбыр жауса жер жетім,
Басшысы болмаса жер жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім. . .
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы

Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер.
Баласы жаманның дәрмені кетер.
Әйтеке би; Биікке шықсаң, көзің ашылады
Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады
Төле би: Сөз танығыш жастарға айтар он түрлі жұмбағым бар,
Әйтеке би: Айтыңыз ұлы аға.
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау; бір, екі, үш, төрт, бес, алты,
Жеті, сегіз, тоғыз, он.
Дауыс: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбағыңызды мен шешейін, рұқсат етіңіз.

Төле би: Рұқсат , қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат»
Қазыбек би: Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз-үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман.
Төрт дегеніңіз-төсектен безген жас жаман
Бес дегеніңіз-белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніңіз-асқынып кеткен дерт жаман
Жеті дегеніңіз-жесір қалған жас жаман.
Сегіз дегеніңіз-серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніңіз-торқалы той, топырақты
Өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.
Он дегеніңіз-оңалмас кәрілікке дауа болмас-деген
сөзіңіз, ұлы аға!
Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің. . .
Әйтеке би: Суалмайтын суат жоқ.
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Құралмайтын құрақ жоқ. . .
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал, қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған халайыққа не

айтасың?
Қазыбек би: Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма-
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма-
Өшкеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба.
Төле би: Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек!
Уа, халайық!
Көсіре шабар жерің бар,
Тау көтерген ерің бар!
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар!

2-жүргізуші:
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
Туған тіл-ақыл ой дамуының негізгі және барша білімдердің қазынасы.
Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық.

Ана тілін ұлымұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап

іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап түбіндегі інжу – маржанын

ерінбей – жалықпай теребіліп өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.

Обратная связь • Контакты • Пользовательское соглашение

Тәрбие сағаты "Сүйемін туған тілді-ана тілін!" 2-сынып
  • Начальные классы
Описание:

Автор Жаныбекова Асел Турганбековна
Дата добавления 20.11.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Другое
Просмотров 2212
Номер материала 4217
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓