Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Рәміздерім мақтанышым"

Тәрбие сағаты "Рәміздерім мақтанышым"

Скачать материал

 

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Құттықожа ауылы

№164 орта мектебінің

 өзін - өз тану пәнінің мұғалімі

Шаметова Гүлнұр Дәуменқызы

 

 

Сабақтық тақырыбы:                   Рәміздерім мақтанышым

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру, авторларымен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу.

 

Тәрбиелік: Оқушыларға мемлекеттік белгілердің са маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіру, ой-өрісін кеңейту.Отанына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегібілімдерін естеріне қайта түсіру одан әрі дамыту бағыттарындағы түрлі сұрақтар беру арқылы ой-өрісін дамыту.

 

                                                                           Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Шекара бекеті

ІІІ. Әнұраным – айбаттым

ІV. Елтаңбам – егемендік айғағы!

V. Көк тудың желбірегені,

     Жүректің елжірегені.

VІ. Қорытынды

 

Әнұран орындалады:

 

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, қонақтар!

Рәміздерім – елдігімнің белгісі

Білу керек баладағы ең кіші

Рәміздерім - Әнұраным, Ту, Елтаңба.

Рәміздерді жатқа білген - жөн кісі,- деп бүгінгі «Рәміздерім мақтанышым » атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттауға арналған сынып сағатын рәміздер еліне саяхатқа шығумен бастаймыз. Біздің саяхатымыздың мақсаты- рәміздер елінен көп мағлұмат әкелу, авторлары, жасалу тарихы тағы басқада қызықты мәліметтер жинауымыз керек.

 

 «Шекара бекеті»

-          Балалар, біз Рәміздер мемлекетінің шекара бекетіне келдік, бұл жерде бізді тексеріп өткізеді.Ол үшін мына сұрақтарға жауап  беруіміз керек.

-           

Май қызметкері:

Нұрбол. 1-сұрақ «ҚР-ның Конституциясы»

 

-ҚР-ның Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды. 9-бөлім

 98-баптан  тұрады. 9-бабында: ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасыжәне ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен бекітіледі. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылған.

 

Май қызметкері: 2-сұрақ «Өз анттарыңды білесіңдер ме?»

 

-          Мен ҚР- ның азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын. Жоғарғы мәдениетті азамат боламын. Туған халқымның ата-дәстүрін жалғастырамын. Мемлекеттің президентін құрметтеймін. Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындаймын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлеймін деп ант етемін.

 

Май қызметкері: Дұрыс балалар өте берулеріңізге болады.

 

 

 

Жүргізуші:  Ал балалар,  біз Рәміздер еліне кірдік. Бұл елде-бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған –Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады. Рәміздер мемлекеті үш аймақтан тұрады: «Әнұран» «Елтаңба» «Ту». Осы үш ауылға сапарымызды жалғастырамыз.

 

Жүргізуші: Әнұраным – жанұраным,

Айтар әнім сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам- Әнұраным,- деп «Әнұран» ауылына келдік. Осы елдің әнші -композиторларымен танысайық.

 

Оқушы:ҚР –ның мемлеккеттік әнұранының әуені көңілді  толқытып, жаныңды шаттыққа бөлейді, жүрегіңді егеменді елімізге деген қуаныш сезімге толтырады.Әнұранның әсерлі үні салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде шалқиды. Еліміздің өмірінде аса маңызды орын алған ескерткіш орнатылғанда Әнұран орындалады. Шет елдердің мемлекет басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда оларға мемлекеттік Әнұран  әуенімен құрмет көрсетіледі.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны көпшілік алдында орындағанда міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды. Бұл – егемен елімізге зор құрмет.Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту- әрбір азаматтың міндеті.

 

Оқушы: Әнұран- тәуелсіз жас мемлекетімізді бүкіл дүние жүзіне паш еткен алтын да асыл  сөздермен жазылған. Қазақ халқының кеңпейілділігі мен бауырмалдығының арқасында республика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отыр.

Жаңа әнұран ресми түрде 2006 жылы 11-қаңтарда Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. ҚР әнұраны бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады. 

 

Жүргізуші: Жастарды қайсарлыққы, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақыратын Әнұранымыздың авторы кімдер екенін білеміз бе?

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, экономика ғылымының докторы, ҚР Ұлттық  Ғылым академиясының Халықаралық инженерлік академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің дүниежүзінің көптеген елдерінің жоғарғы мемлекеттік наградаларының, бірқатар халықаралық және отандық қоғамыдық ұйымдардың арнайы сыйлықтары мен атақтарының иегері.             1940 жылы Алматы облысының, Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағандаы металлургиялық зауыты жанындағы Жоғарғы техникалық оқу орнында оқып, инженер-металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс деңгейінде басшылық  жұмыстар істеді.  1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының президенті.

 

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935 - 1983)

            ҚР мемлекеттік әнұраны авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері. Атырау облысының Құрманғазы ауданыныдағы Қошалақ ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғарғы әдеби курстарда оқыған. «Жазушы» баспасында «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар Одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.

 

Шәмші (Жәмшит) Қалдаяқұлы (Әнәпияұлы) (1930-1992)

            ҚР мемлекеттік әнұранының музыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.

 

 

 

 

Ақерке:

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,                                                                                                    

Кім айта алар

Болмаған деп әнұран?

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап қалды ғұмырды.

Босағада қалып келген елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Барша халық таныған,

Шырқалғанда әнұран.

Шаттық кернер жүректі,

Біздің үміт, тілекті.

 

Айнұр:

Жеңіс туын көтерген,

Жарыстарда сан қилы.

Жетіп бізге шет елден,

Көкке әнұран шалқыиды.

Шәмші атаның сазда үні,

Жігер беріп қайратты,

Бәрімізді мәз қылып,

Жаңғыртады аймақты.

Күндер өтті кешегі,

Жігер құм боп жасыған.

Несіне оны жасырам,

Әнұраным бүгінгі

Баға жетпес асыл ән!

 

Жүргізуші: Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл- таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім.

Мұнда да бар жер күші

Қара шаңырақ- ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы- елдігім

Елдің тыныш тірлігі,-деп «Елтаңба» ауылына да келіп жеттік. Бұл елдің сәулетшілерімен  және елтаңбаның әр белгісімен танысайық.

 

Шыңғыс:

Елтаңбамыздың негізгі ойын білдіретін орталық элементі – шаңырақ. Отбасы ынтымағы мен тыныштығының нышаны. Асқан шеберлікпен, әсерлі де әсем бейнеленген түндік көгілдір, ашық аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді.Елтаңбаның көгілдір кеңістігінде ортасынан жан-жаққа тең таралған уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны- күн сәулелерін еске алады. Шаңырақтың үш қатардан айқасып тұратын күлдіреуіштері үш жүздің мызғымас бірлігін білдіреді.

Елтаңбаның компазициялық құрылымының келесі құрамды бөлігі аңыз әңгімелердегі алтын қанатты, ай күресте арыстанның айбарын, қыранның қырағылығын, орасан күш иесі бұқаның қуатын, еліктің шапшаңдығы мен жылдамдығын және қимыл көркемдігін, түлкінің айлакерлігі мен тапқырлығын білдіреді. Әсем де мықты мүйіздері жеті буыннан немесе бөліктен тұрады. Бұл жеті буынның байланысы, олардың мызғымас бірлігі жеті атасын білмеудің тексіздік екенін, есімізге салады. Тұлпардың  алтын қанаттары бидайдың алтын масақтары түрінде бейнеленген, яғни ол-еңбектің, молшылықтың,  байлықтың белгісі.Елтаңбаның орта тұсында бес бұрышты жұлдыз бар, бұл біздің ақ жүрегіміз бен кең құшағымыздың барлық бес континеттің өкілдеріне де айқара ашық екенін білдіреді.Елтаңбамыздың реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті. Алтын түс халықтарымыздың жарқын да, айқын болашағына сай келеді. Ал көгілдір аспан әлемнің барша халықтарына ортақ.                                                                                                                            

 

Гүлсезім:

Елтаңбалардың тарихи бастауында мөр таңбасы тұрғанын мойындау керек. Ол меншікті билікті ажыратқан. Мысалы: Шыңғыс ханның мөрі яшма асыл тасынан жасалған. Онда «Құдай билеушісінің мөрі » деген жазулар жазылған. Махмұт Қашқари өзінің сөздігінде «Таңба»сөзі « Ел билеушісінің ерекше белгілері » деген ұғым беретіндігін жазады.

Елтаңбаның мөрге бедерлеп түсірілген бейнесі мемлекет, үкімет атынан қабылданған немесе басқа да ресми құжатқа басылады.

 

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы кімдер?

 

Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлық иегері, белгілі қоғам қайраткері.1932 жылы Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірді. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары, Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды. Республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы.

Негізгі шығармашылық жұмыстары: Алматыдағы Ш. Уәлиханов (1969), Әлібй Жангелдин(1975), Тоқаш Бокин (1977) ескерткіштері, «Динамо» стадионы құрылысының (шығармашылық топ құрамынды) жобалары , Алматыдығы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі(1998)

 

Жандарбек Мәлібекұлы

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданындағы Екпінді ауылында дүниеге келді. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау жөніндегі бас сәулетші.  Әндіжан қаласындағы әуежай, Ташкенттегі Үкімет қонақ үйі , Ферғанадағы облыстық пошта, Самарқандтағы облыстық әкімшілік үйі, Драма театры мен орталық кітапхана ғимараттарын, Ангрен, Ферғана және Самарханд қалаларындағы бірқатар тұрғын үй аудандары құрылысын жобалауға қатысқан. 

 

Айзахан:

Елтаңбам, тау біткенмен таласасың,

Үйілген анау қойған ала тасың.

Үкілі қыз секілді ертедегі

Үйіріп бар халқыңды қаратасың.

Кейбіреу Елтаңбаны дөңес десін,

Көзіне басқа таулар елестесін.

Елтаңта, Елтаңбам-ай аты болса,

Білемін басқалардың теңеспесін.

 

Жүргізуші: Елтаңба бірнеше компазициялық құрылымнан түратынын білдік. Енді әр белгісіне жеке-жеке тоқталайық..

 

Гүлсезім: «Жұлдыз»

Мен жұлдызбын, ұдайы жарқырап жанып тұрамын. Көк жүзінде адамзат баласына үстемдік сыйлаймын. Менің мекенім көк жүзінде болғандықтан, қазақ даласының өкілінен де, болашағынан да хабардармын. Мені мейірімді көтерген күндерге мың мәртебе тілеймін, жарқырап жанамын мен.

Қасиетті сәуегей дана білген.

Ұрпақпен болашаққа бірге барам

Ақ сәулемді бойына ала білген.

Мен жұлдызбын, менің көк түрім де,

Мен куәмін қазақтың өткеніне.

Мың мәртебе тілеймін жүрегімнен

Мейірімді көтерген мектебіме!                                                                                                         

 

Нұрсұлтан: « Шаңырақ »

Шаттық қонған мен шалқақ шақырып,

Шаңырақтан нұр төгер жадырап күн.

Бақытқа қолын созған бар қазақтың

Сан ғасыр отын үрлеп, шамын жақтым.

Елтаңба еміреніп түрін берді,

Түрге өткізбес бұл қазақ ерінгенді.

Ой толғамақ мұратпен

Шаңырақ келді! Шаттық өмір келді!

 

Айзахан: «Уық»

Мен-уықпын. Шаңыраққа шашыламын,

Бойымда байсалдылық, бар шыдамым.

Ей, ұрпақ, сен де өмірдің уығы бол,

Өшпестен қолыңда шам-шырағың.

Шаңырақ-күн, ал уық-нұр-шуағым,

Ақ отауды жылытуға құлшынады.

Қаныменен боялған қызыл уық,

Ашылмаған әлемге шын сыры әлі.

 

Азия: «Кереге»

Мен-керегемін, керегемін,

Ілінген ақ сауыты, берені ердің.

Ірге ұрып қараса керегеден,

Кеңістігі көрінер кемел елдің.

Мен-керегемін, ақ үйдің іргесімін,

Шаңырақпен аталар бірге есімім.

Керегеден үйіліп өрген ойға,

Ұлы ақындар, тербеңдер жыр бесігін.

 

Шыңғыс. «Пырақ»

Мен-тұлпармын, дүлділмін, пырақ атпын,

Жаяу жүріп аттыны сынамақ кім?

Арасында адалдық орнатамын,

Жұптасқан ел-жұртпенен жұрағатың

Қажып болып, айыптан жаратылған,

Аспанға алып ұшар қанатым бар.

Ал мүйізі айбыны Алашымның,

Даңқы биік, даусы зор дара туған.

 

Досбол: «Қазақстан»

Мен – Қазақстанмын!

Болашаққа сәлемін жолдайтұғын,

Қырандай қос қанатын қомдайтұғын.

Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,

Тұғырын саф алтыннан сомдайтұғын.

Мен – Қазақстанмын! Бабалар намысымын,

Байтақ елмін игілік, табысы мың!

2030- мәресі әйгілейтін

Азияның айбарлы барысымын!

 

 

Бақытжан: Елтаңба- өжеттік, өрліктің белгісі.

Елтаңба – тәуекел, ерліктің белгісі.

Елтаңба- кемелдік кеңдіктің белгісі,

Елтаңба - өзге елмен теңдіктің белгісі

Елтаңба- егемен елдіктің белгісі.                                                                                               

 

Жүргізуші: Көк аспанда – қызыл күн

Көк аспанда – жас қыран.

Естілгендей біздің үн,

Сол ғарыштың астында.

Туымызға жас тұнған

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк Тудың астында,

Көгереміз көктейміз,- деп «Ту» ауылына да келіп қалыппыз. Мұнда тудың авторымен және ту туралы мағлұматтар аламыз.

 

Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келді. В.И.Мухин атындағы Ленинград жоғарғы көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі. Чехославакияда өткен халықаралық байқаудың алтын медалін (1961) және Санкт – Петерборда өткен плакаттар байқауының бірінші жүлдесін (1982) жеңіп алған.

 

Алтыншаш:

ҚР Мемлекетік Туы – тік төртбұрышты  көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақы өрнек ойылған. Күн, күн шапағы, қыран, ою – алтын түстес.

Тудың ені-1метр, ұзындығы – 2 метр. Зеңгір көк түс (түркілік наным – сенім тұрғысынан алғанда  – тәңірлік түс)-дегенді білдіреді. Жібек матаның ортасындағы 32 күн шапағы астындағы қыран бейнесінде өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді

 

Айнұр:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен –тек,

Елдің ашық қабағы

Көгілдір түс -  аспанды бейнелейді. Аспан бейбітшілік пен молшылықтың белігісі. Көгілдір аспан аясында мәңгілік алтын шуақ шашқан ұлы Күн бейнесі – бақыт пен байлық рәмізі. Күн бізге жылулық беріп қараңғылықты сейілтеді, барлық тірі жанға өмір береді. 

Қыран – құс патшасы. Қыран бейнесі  өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін ол, еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу, жер бетіндегі тіршілік көші ұмтылған алыс армандарға қиялап қанат қағуы.

Өрнек – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен ең ұлы табыстардың бірі. Ою-өрнек халықтың  сана сезімі мен мәдениетінің даму жолының куәсі, қоршаған ортаны көркем тануының құралы.

 

Азия:  Тудың қабылданған күні 1992 жылы 4-маусым. Ресми тұсауы кесілген күн – 1992 жылы 6-маусым.

            Ту ресми шараларда немесе шетелдік қонақтарды қарсы алғанда немесе шығарып салғанда ілінеді.

            Қазіргі кезде барлық жерде мемлекеттік белгі ұлттық ту болып табылады. Туға әскери құрмет көрсетіліп және тағзым етіледі. Туды құрметтемеу елді, жерді құрметтемеу болып табылады. Жоғарғы дәрежедегі қонақты қарсы алғанда оның елінің туы да тігіледі.

 

Нұрсұлтан: Бүгінгі күні мемлекеттік туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимараттарының алдында әртүрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер, ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал альпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және дене шынықтыру саласында көптеген спортшылар еліміздің туын көкке көтере желбіретіп, қуантып жатқаны да белгілі.

                                                                                                                            

Бақтияр:

Бәрі болған қазақ деген көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өнерде.

Жаһандағы ең жауынгер халық та,

Кім сенеді

Ту болмады дегенге – деп ақын Абзал Бекенов ағамыз айтқандай, 1992 жылы 4-маусымда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Туды сүйіп тұрып «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі сөнбесін» деген.

 

Ақерке:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім, шұбарланда, жарқыра.

Тарихымызда таланттар көбейсін,

Бас иемін, ата-баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт,

Татулық пен ынтымақ.

 

Гүлсезім:

 Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер, желбіретіп нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

 

«Шекара»  бекеті

Шекарашы: Нұрбол:

1-Сұрақ: Балалар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану рәсімі жөнінде ережені білесіңдер  ме?

 

  Айзахан: ҚР-ның Мемлекеттік туы; білім беру ұйымы басшысының кабинеттерінде басшы үстелінің оң жағында  орналасуы керек. Тарих, Алғашқы әскери дайындық кабинеттерінде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары Елтаңба, Ту, Әнұран мектеп тақтасының сол жағында орналасуы керек.

 

  Бақытжан: Білім беру ұйымдарының барлық оқу кабинеттерінде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарына арналған (лицензияланған баспа өнімі) арнайы бұрыш безендірілуі керек.

 

 Нұрсұлтан: Мемлекеттік мереке айрықша мәнді мереке күндері салтанатты іс-шаралардың басталуы мен аяқталуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны барлық қатысушылармен орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып орындалады. Оны орындау барысында артық қозғалыс-қимылға жол берілмейді.

 

 Шыңғыс: Салтанатты іс-шаралар барысында білім беру ұйымдарының үздік оқушылары үш адамнанбір ту ұстаушы және екі шығарып салушыдан құралған Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік туы енгізілгеннен кейін іс-шараға қатысушылардың барлығы Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.

 

Шекарашы:

Балалар, естеріңде болсын: Қазақстан Республикасының азаматтары, сонымен қатар Қазақстан  Республикасының аймағында жүрген адамдардың барлығы Қазақстан  Республикасының Туын,  Елтаңбасын, Әнұранын қадірлеуге міндетті. Бұлай болмаған жағдайда  Қазақстан  Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Сау болыңдар, келіп тұрыңдар!

 

Жүргізуші:

Балалар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар.Бүгінгі

« Рәміздерім мақтанышым» атты тәрбие сағатын Смат Азияның  «Бұлқынды жүрек» әнімен аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Рәміздерім мақтанышым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 177 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.12.2020 4007
    • DOCX 92.5 кбайт
    • 207 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гусакова Анастасия Андреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гусакова Анастасия Андреевна
    Гусакова Анастасия Андреевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 96985
    • Всего материалов: 227

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 146 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 906 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Обществознание» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 302 человека

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе