Главная / Классному руководителю / Тәрбие сағаты: Ана туралы

Тәрбие сағаты: Ана туралы

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы

















Тәрбие сағаты





Тақырыбы: Айналдым, «АНА» деген үш әріптен









Класы: 7 «Б»

Класс жетекшісі: Әли Г.Қ.









2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: Айналдым, «Ана» деген үш әріптен

Мақсаты: Оқушыларды ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Баланың жан-жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын ,ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі формадағы қима қағаздар, «өмір» ағашы,жүрекше.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар, қазақ елінің жарқын болашақтары! Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, сіздермен танысып алу мақсатында алдымен шеңбер ойынын ойнайық. Ол үшін бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрайық.

Шаттық шеңбер

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!

Қуанамын мен де,

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

-Балалар, біз неге шаттық шеңберін құрып бастадық?

Шеңбер –бұл әлемдегі ең жақсылықтың нышаны.Ендеше бір-бірімізге қарап,мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:



Психологиялық сәт: Жүректен-жүрекке « Маған ең қымбат жан»

Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн нұры тастай мұзды да жібітеді. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Айналдым, «ана» деген үш әріптен» деп аталады.

-Ана дегеніміз кім?

-Әр адамның өз анасына деген махабаты шексіз! Ана, ана, ана! дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ! Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды , оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңізші, шіркін! Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез-келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан-жылуымен аяулауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана болу-бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған. Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана-мәңгілік тақырып.

Анам менің – көктегі күнменен тең,

Анам менің – жауқазындай гүлмен тең,

Әлпештеген асыл анам болмаса,

Бұл өмірдің қадірін де білмес ем.

Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым,

Мен үшін қуанасың,нұрланасың.

Осы өмірге жеткізген өзің үшін,

Сен маған жыр анасың, нұр анасың, - дегендей, ана деген ұлы есімге ән мен жырын арнамаған пенде жоқ шығар сірә? Олай болса, анаға арналған өлең жолдарына кезек берейік. Біздің балаларымыз аналарын қалайша жырлар екен...

Ана деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-қуанышы өмірдің.

Ана деген-әр үйдің жылуы,

Ана деген-гүлі туған өмірдің.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз,

Біз сіздерсіз өмірде жүре алмаймыз,

Егер біздің қасымызда болмасаңыз,

Бұл өмірде ешқашан жүре алмаймыз.

Сіздер –күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер - ана, сіздер - жар, сіздер - қыздар,

Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Өмірде ана бұлақ, ана пана

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана,

Ана! Ол біздің елде ардақты адам.

Біздің күніміз анамен шуақты, анамен нұрлы, анамен жарық, анамен көркем. Анасыз өткен күн күзде қураған ағаштай суық, жарықсыз түндей қараңғы, шуақсыз күндей күңгірт. Ендеше алдымыздағы қағаздарға анамыздың бойындағы қасиеттерін жазып, мына постерлерде тұрған суретті ана махаббатымен нәрлендірейік.

1-топ: «Емен ағашы»

2-топ: «Ай мен жұлдыз»

3-топ: «Шуақты күн»

Әр топтан бір оқушы бейнеленген суреттегі өзгерістен алған әсерлерімен бөліссін.

Сергіту сәті: « Менің жүрегімнен рахмет!»

- Анамның қайырымдылығына рахмет!

- Анамның мейірімділігіне рахмет!

- Анамның жылылығына рахмет!

- Анамның жақсы көру сезіміне рахмет!

- Анамның жанашырлығына рахмет!

- Анамның кең пейілділігіне рахмет!

- Анамның адалдығына рахмет!

- Анамның сезімталдығына рахмет!

- Анамның қамқорлығына рахмет!

- Анамның кішіпейілділігіне рахмет!

- Анамның тазалығына рахмет!

- Анамның ізеттілігіне рахмет!

- Анамның мөлдірлігіне рахмет!

- Жүрегіміздің осындай жақсы қасиеттеріне ие болу кімнің арқасы?

- Ана !

Қорытынды:

Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Осымен сынып тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз.



Тәрбие сағаты: Ана туралы
  • Классному руководителю
Описание:

Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың күн  нұры тастай мұзды да жібітеді. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Айналдым, «ана» деген үш әріптен» деп аталады.

-Ана дегеніміз кім?

-Әр адамның өз анасына деген махабаты шексіз! Ана, ана, ана! дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ! Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамның аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Адамзат баласы ең алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды , оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау - сенің өмір бойыңдағы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңізші, шіркін! Бірақ соның бәрі ананың бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Кез-келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан-жылуымен аяулауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана болу-бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған. Анаға қаншама ақындар жыр арнаған. Қаншама жазушылар шығарма жазған. Ана-мәңгілік тақырып.

Автор Әли Гүлжанат Қалдыбайқызы
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 2911
Номер материала 33312
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓