Главная / Школьному психологу / Тәрбие басы - тал бесік

Тәрбие басы - тал бесік

Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен жақын таныстыру ; ата-аналардың

мектепке деген көзқарасын анықтау.

Сыныптағы парталар 4 топқа арнап бөлінген. Әр столда бір фигуралық белгі бар (шаршы, шеңбер,, үшбұрыш, ирек ), қағаз, қалам. Әр ата-ана сыныпқа кірерде өзіне фигура таңдап, сол фигура тұрған столға отырады. 

Мұғалім: Сәлематсыздар ма, ата-аналар! Бүгінгі алғашқы жиналысымызды коучинг түрінде өткізбекпіз. Коучинг – бұл ата-ана мен мұғалімнің бірігіп жұмыс істеу әдісі.

Ендеше бүгін бәріміз бірге жұмыла жұмыс жасайтын боламыз. Алдымен таңдаған фигураларың бойынша мінездемелерін оқиық:

Шаршы – өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді. Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді.
Үшбұрыш- өзіне мақсат қояды. Ол үнемі жоспармен жүреді және сол жоспарын орындаған сайын одан ләззат алып алға қарай ұмтылады. Ол ірі ұзақ мерзімді істерге көп көңіл бөледі де кішкентай бөлшектерге мән бермейді. Егер оған тапсырма берсе, ол алдымен өзіне мақсат қойып содан соң оны орындау жоспарын құрады.

Шеңбер – адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл. Ол басқалармен қарым-қатынас жасап, сөйлесе жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма берсе, ол басқа біреумен ақылдасады.

Ирек – шығармашыл, ерекшелігі көрініп тұрады. Оны күнделікті жағдай тез шаршатады, сондықтан да ол жаңа, өзгеше бір нәрсемен шұғылдану қажет. Егер де оның алдына қандай да бір міндет қойса, оның алдында жаңа идеялар, жаңа жобалар дайын тұрады.

ІІ. Жиналыстың мақсатымен таныстыру

Мұғалім: Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынандай бір әңгімеден бастағымыз келеді:

Ертеде жұрттың барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді. Ол алақанына бір көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы, менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?» . Ал өзі ішінен ойлайды: «Егер де тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын. Ал егер өлі десе -ұшырып жіберемін.» Данышпан ойланып тұрып : «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап беріпті.
Біздің балаларымыз мектепте өз үйіндей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып бірігіп жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі жиналымыздың мақсаты да сол - бір-бірімізбен жақын танысу. 

ІІІ. Амандасу

Сіздерді ортаға шеңбер құруға шақырамыз.

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді. Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгіміз келіп тұр. Шаршы белгілер қол алып амандасады, үшбұрыш дауыс арқылы, шеңбер мимика арқылы, ирек бас изеу арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.

Рахмет орындарыңызға жайғасып сауалнамаға жауап беріңіздер.
IV. Ассоциация жазу.

Әр топқа бір сөз беріледі, соған ассоциация жазылады. Бірінші топқа - «Мектеп», екінші топқа «Мұғалім», үшінші топқа «Оқушы», төртінші топқа «Ата - ана» деген сөздерге 10 ассоциация жазуларыңыз керек. Бұл топтық жұмыс, сондықтан да әр топ мүшелері бірлесе отырып жазасыздар.

Ү. Ой қозғау:

Ата-аналар 4-топқа бөлінеді. Бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар қойылады. Сол жағдаяттан шығу жолдарын тірек-сызба, сурет арқылы қорғап шығады.

  1. Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?

  2. Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?

  3. Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?

  4. Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?

ҮІ. «Суретшілер»

Қазір алдарыңыздағы ақ қағазға бір ортақ сурет саласыздар, тақырыпты өздерің таңдаңыздар. Ескерту: суретті барлық ата-ана салу қажет. Бұл сурет балаларыңызға сыйлық ретінде тарту етеміз.

Мұғалім: рахмет, сіздерге. Барлығыңыз бірлесе отырып ортақ жұмысты өте мұқият орындадыңыздар. Әрдайым да осы қалыпта жұмыс жасайық дегіміз келеді.

ҮІІ. Бейнетаспаға назар аударыңыздар

ҮІІІ.«Түлектер»
Бірнеше жылдан кейін сіздің балаңыз мектеп бітіреді. Сіз өз балаңызды қандай болғанын көргіңіз келеді? (ата-аналар сөйлейді)

Барлығыңыз да балаңыздың дені сау болғанын қалайсыздар екен. Сондықтан да қазірден бастап осы мақсатта жұмыстану қажет. Балаңыз сізге бере алмайтынын одан сұраудың қажеті жоқ. Барлық бала бірдей емес, бәрінің озат болуы мүмкін емес. Өмірде бағаның маңызы жоқ. Мен мектепте баланың ата-анасының күтетін бағасын ала алмағанда қатты күйзелетінін байқаймын. Ол ата-анасынан қорқып үйіне асықпайды. Әрине , бұл дұрыс емес. Баланың төмен баға алғанына қарап, оған ұрыспай, басқа жолдарын қарастыру қажет. Себебі баланың қабылдауы әртүрлі. Осы жөнінде қандай ойларыңыз бар? (ата-аналар пікірі)

Сауалнама қорытындысы

ІХ. «Менің ұсынысым»

Алдарыңызда қиылған алақанның суреттері бар. Соған сыныпта нені өзгерткіңіз келетінін жазыңыздар. Мұны сіздердің бізге қол ұшын бергендеріңіз деп есептейміз. Өз пікір-ұсынысыңызға атыңызды жазуға да жазбауға да болады.

Х.Қорытындылау
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Тәрбие басы - тал бесік
  • Школьному психологу
Описание:

«Тәрбие басы – тал бесік»

Автор Муханбетжанова Нургуль Рысбековна
Дата добавления 21.02.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другое
Просмотров 998
Номер материала 56867
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓