Главная / Начальные классы / Тәрбие сағаты "Өмірдегі барлық жылу- адамнан" (2-сынып)

Тәрбие сағаты "Өмірдегі барлық жылу- адамнан" (2-сынып)

1.Жақсылықтан үйреніп 6.Жақсы бала еңбекшіл

Боламыз біз жақсы адам Ер азамат болады.

Жамандықтан жиреніп Қиындықты жеңіп кіл

Үлгі аламыз жақсыдан. Құшағы гүлге толады.



2.Анаң- күнің жүрегің 7.Таза бала мұнтаздай

Әкең – өмір тірегің Сүйсінеді қараған

Сен бақытты ұлансың Ұқыпты деп бұл қандай

Бәрі саған қуансын. Жақсы көрер бар адам



3.Шындықты сақтаймыз 8.Қайырымды жандар айнала

Шыншылды жақтаймыз Шеңберге келсін жайлана

Шаршы топ алдына Жалықпастан қайта біз

Шығарып мақтаймыз. Махаббат сөзін айтамыз.



4.Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің



5.Әдептілік дегенің 9.Сүйеміз барлық ананы

Әрқашанда қорегің Жүрегім оттай жанады

Әсемпаздық дегенің Бақыттымыз осы біз

Әуре-сарсаң әлегің Қасымызда досымыз.



Ашық тәрбие сағаты: Өмірдегі барлық жылу –адамнан. /2-сынып/

Мақсаты:1.Мейірімділік туралы балаларға түсінік беру.

2.Күнделікті өмірде осы қасиеттерді қолдануға үйрету.

Көрнекілігі: 1.Мейірімділік- асыл қасиет. /Мақал/

2.Мейірімділікті анадан үйрен. /Халық даналығы/

3.Қайырымдылық- жылы жүректен. /Халық даналығы/

Ақботаның қоржынынан шыққан сөздерге арнап балалар тақпақтарын айтады. /Жақсылық, адалдық, шыншылдық, еңбекқорлық, ұқыптылық, қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік, әдептілік/.

1.Жақсылықтан үйреніп 6.Жақсы бала еңбекшіл

Боламыз біз жақсы адам Ер азамат болады.

Жамандықтан жиреніп Қиындықты жеңіп кіл

Үлгі аламыз жақсыдан. Құшағы гүлге толады.

2.Анаң- күнің жүрегің 7.Таза бала мұнтаздай

Әкең – өмір тірегің Сүйсінеді қараған

Сен бақытты ұлансың Ұқыпты деп бұл қандай

Бәрі саған қуансын. Жақсы көрер бар адам

3.Шындықты сақтаймыз 8.Қайырымды жандар айнала

Шыншылды жақтаймыз Шеңберге келсін жайлана

Шаршы топ алдына Жалықпастан қайта біз

Шығарып мақтаймыз. Махаббат сөзін айтамыз.

4.Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің



5.Әдептілік дегенің 9.Сүйеміз барлық ананы

Әрқашанда қорегің Жүрегім оттай жанады

Әсемпаздық дегенің Бақыттымыз осы біз Әуре-сарсаң әлегің Қасымызда досымыз.



Кіріспе:

Күй сазымен мейірімділік туралы әңгіме тыңдау:

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?- деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен кейін түсінесің»,-деді анасы. Бірақ балапан шыдамсыз еді.Ол жауапты тезірек білгісі келіп жолға шығады. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді. Ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек» - дейді де әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан қыз баланы кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан, балпан маған шарды алуға көмектесіп жіберші» ,- деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Ал мен білемін. Менің анам әрдайым қайырымды адамдар туралы әңгіме айтады». «Маған да айтшы»- деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер». Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінеки сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы». «Қандай оңай?» –деп таң қалды балапан. Негізгі бөлім Сұраққа жауап /әңгіме/ а/мейірімділік деген не? ә/неге мейірімді болу керек? б/қалай мейірімді болуға болады? Мейірімділік –ол басқалардың игілігіне қамқор болу. Қайырымды болу- жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Мейірімділік адамдармен, табиғат және жан-жануарлармен қарым-қатынаста байқалады, айқындалады. Мейірімді болу деген адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға, өзіңе жасағаннан артық болмаса, кем қамқорлық жасамау.

2. «Кім мейірімді болғысы келеді?» ойыны

/Әріптерден « Мейірімділік» сөзін кім тез құрастырса, сол мейірімді оқушы атанады./

3. «Құпиялы қасиет» ойыны

Барлық балалар бір шеңберге тұрады. Қолдарын алдарына қарай бір-біріне тигізіп, созады. Мұғалім қолында мейірімділік қасиетін білдіретін белгі ретінде тиын /монета/ ұстап тұрады. Мұғалім екі алақанының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салған сияқты тигізеді де былай дейді: «Айжан мейірімді», «Асқат мейірімді» т.б. Балалардың әрқайсысы өзінің алақанына тиынды салғандай алақанын жабады. Мұғалім шынында тиынды бір оқушының алақанына салады. Мұғалім барлық балаларды шеңбер бойымен аралап өтеді. Балалардың біреуі тиын кімде екенін шешуге тырысып, былай деп айтады: «Айжан өте мейірімді». Сонан кейін Айжан алақанын ашады да, тиын бар ма, жоқ па екенін көрсетеді. Балаларға тиын кімде екенін табуға үш мүмкіндік беріледі.

4.Жағдаяттарды шешу /топтарға тапсырма: балалардан әртүрлі жағдайда қандай әрекет жасайтынын сұрау/

1.Сенің шешең жұмыстан шаршап келді. Сен мейірімді болсаң не істер едің? 2.Даладан сен қанаты сынған құс көрдің. Сен мейірімді болсаң не істер едің? 3.Көшеде саған кәрі атай кездесіп, сенен дәріханаға дейін шығарып салуын сұрады. Егер сен мейірімді болсаң не істер едің?

Мұғалім: Мейірімді адам өзге адамға, туған-туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

Күй сазында мұғалім келесі сөздерді іштерінен қайталауды сұрайды: Мен мейірімдімін. Мен барлық адамдар мен жан-жануарларға қайырымдылық жасаймын. Мен өзімнің қолымнан келгенше басқаларға көмектесемін. Мен сөзбен ғана емес, шын мәнінде мейірімді болуға тырысамын.

5.Жетістікке жету қадамдары / «Мынадай адамды мейірімді деуге бола ма?» -балалар «иә» не «жоқ» деп жауап берулері керек/.

а/ қыста құстарға үйшік жасаса

ә/әрқашан кімге көмек керек екенін сезіп жүрсе

б/ құстарды таспен атса

в/шешесіне кішкентай інісін бағуға көмектессе

г/күнде кәрі әжесі үшін дүкенге барса

ғ/ағаштың бұтақтарын сындырады

д/өзге адам ауырғанда көңіл бөлмейді

6. «Тиінге жаңғақ жинауға көмектес» ойыны

7. Дәйексөзді жаттау:

«Сөз жүзінде ғана емес, шыныменен мейірімді болыңдар».

8. «Ата-анаға құрмет» атты бейнеролик көру.

9. Жүректен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық сезімдері кімдерге, нелерге арналатынын жүрекшелерге жазу арқылы сабақты қорытындылау.

10. Хор « Анашым» /Мейірімділікті анадан үйрен/



Өткізген: Есқалиева Рыс Қызылғұлқызы /бастауыш сынып мұғалімі/

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі

Түпқараған ауданы, Маңғыстау облысы

205-2016 оқу жылы, қаңтар.











Тәрбие сағаты "Өмірдегі барлық жылу- адамнан" (2-сынып)
  • Начальные классы
Описание:

Долысын-ай боранның Тұлыбыма орандым.

Кімге қамсау тұлыбың От жағалық құлыным.

Деді апам бара ғой. Бірер шөрке жара ғой.

Жеңіл- желпі киініп Белді буып түйіініп

Жұмысқа тез кірістім Мол жаруға тырыстым

Салдым күшті мен шындап Бірте-бірте шым- шымдап

Бойға жылу тарады, Апам маған қарады.

Деді сосын ерледің, От жақпай-ақ терледің.

Жылуы бұл жұмыстың Қызуы ғой бұл істің.

Автор Ескалиева Рыс Кызылгуловна
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 313
Номер материала MA-064892
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓